» » Қазақ тілі: 5-сынып күнделік жоспар

Қазақ тілі: 5-сынып күнделік жоспар

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 132
0

Мерзімі: __.09.2014;

 

Қазақ тілі: 5-сынып

 

Тақырыбы: Ана тілінің қызметі (кіріспе)

 

Мақсат:

 

білімділік: Оқушылардың алдыңғы оқу жылында алған білімдерін тексеруді және олардың ана тілі қызметі туралы білімді игеруін жүзеге асыру;

дамытушылық: салыстыру, билингвал, сұрақ-жауап сықылды әдістердің көмегімен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізу;

тәрбиелік: Қазақ тілі туралы даналардың пікірін айту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу;

 

Көрнекіліктер мен әдебиеттер:

 

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру

 

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, салыстыру, билингвал, сұрақ-жауап және т.б.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, өзбек тілі

 

Сабақ барысы:

 

І. Үй тапсырмасы: оқушылардан қандай кітаптар оқығанын сұрау.

 

ІІ. Жаңа сабақ (жаңа тақырыпты түсіндіру):

 

  • Ана тілі туралы айтылған ғұламалардың, ақындардың, жазушылардың пікірін оқушыларға жеткіземін;
  • Оқулықтағы «Ана тілінің қызметі» мәтінін оқушылармен бірге оқып-талқылап, түсінбеген сөздерін түсіндіремін, қажетті мәліметтерді тақтаға жазып беремін;
  • «Тіл туралы» заңын пайдалану арқылы мемлекеттік тілдің дәрежесін оқушыларға баян етемін;
  • Түркі тілдері туралы да айта кетемін.

 

IІІ. Дамыту (пысықтау):

Оқушылардың жазбаша сауатын тексеру үшін диктант жаздырамын;

Уақыт қала жатса, 3-жаттығуды орындаймыз.

 

ІV. Қорытынды: Жаңа тақырып қай деңгейде меңгерілгенін білу және тексеру үшін оқушыларға сұрақ қою, кеткен кемшіліктерді жөндеу; бағалау

 

  1. Үйге тапсырма: 4-жаттығудағы өлеңді оқып, әлі келгенше жаттап келу.

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020