» » Қазақ тілі 5-сынып күнделік жоспары

Қазақ тілі 5-сынып күнделік жоспары

29 октябрь 2016, Суббота
733
0

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                             Ана тілінің қызметі

 

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Жаңа  сабағы

Сабақтың әдісі :                               түсіндіру,іздендіру т.б

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,семантикалық карта т.б

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                   ә)  үй тапсырмасын пысықтау:

  Өткен сабақтарға шолу жасаймын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді.Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып,халық болудан қалады.Тіл ана тілі аталуы үшін,ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.

Тілдің ең негізігі,яғғни бірінші қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайлы пікір алмасуы үшін қызмет етуі.Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі.Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру,жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70-орынға ие болып отыр.

 

Кітаппен жұмыс: 3-жаттығу. Рөлге бөліп оқыңдар.Мәтіндегі ойдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген?.Бала әке өсиетін бірден түсінбеуі қай сөздің ауыспалы мағынада қолданылғанынан деп есептейсіңдер?

 

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 4-жаттығу.Өлеңді түсініп оқыңдар.Өлеңнің соңғы жолын қалай түсінгендеріңді баяндаңдар.Өлеңнің мазмұны бойынша тілдің қызметі туралы айтыңдар.

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                   Әдеби тіл туралы түсінік

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баул ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі :                   суреттер т.б.

Халықтық педагогика                    сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

1.Тілдің ең негізгі қызметі не?

2.Дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар? т.б.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020