» » Қазақ тілі 3 сынып күнделік жоспары

Қазақ тілі 3 сынып күнделік жоспары

29 октябрь 2016, Суббота
958
0

Қазақ тілі     3-сынып              Мерзімі:

 

Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім. Сын есім

Сабақтың мақсаты:Тақырып  бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту.

Білімділік: Жаңа тақырып туралы білім беру.  Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.

Дамытушылық:Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем, сөз тіркестерін  құрастыру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім  дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру,  танымдық  көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс:Орыс тілі.

                    Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,                                 

                                                 білу.

  1. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

-Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

— Оларды атап шық?

-Бір аптада неше күн бар?

— Оларды ата.

— Қандай мамандықты білесің?

  1. “Менің көңіл-күйім” жаттығуын өткізу
  2. Өткен сабақты қайталау:
  3. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
  4. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты  меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 
  5. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.                       

 

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1) —Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта  « Менің киімдерім »  деген тақырыпты өтеміз.

2) Киімдер  туралы кіріспе сөз.  

Сын есім туралы түсіндіру, қысқаша дәптерге жазып алу.

 1-тапсырма. Үлгіні пайдалана отырып,  сурет бойынша өз киімдері туралы айту.

Үлгі: Мынау- менің тоным. Ол жылы тон.

2-тапсырма. Жолдасыңмен сөйлес.

4-тапсырма. Сөйлеп үйрен, ұқсас мысал  жаз.

1.Қалта

2.Қалтам бар.

3.Менің қалтам бар.

4.Менің екі қалтам бар.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту:Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
  2. Қандай сөздермен таныстық?
  3. Сын есім дегеніміз не?
  4. Мысал келтір.
  5. Өз киіміңді атап шық.
  6. Сабақты қорыту:

5-тапсырма: жұмбақ –өлеңді тыңдау, оқу, шешу.Аудармасын түсіну.

Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта.

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Және екі тыс қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте,

Кәне, ал,

Менің неше қалтам бар?

  1. Үй тапсырмасын беру: Тақырыпқа қатыстырып 5 сөйлем жазып келу.

 

 VII. Бағалау:Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту,  мүмкіндігін айту.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020