» » Қазақстан тарихы 9 сынып күнделікті сабақ жоспарлары

Қазақстан тарихы 9 сынып күнделікті сабақ жоспарлары

29 октябрь 2016, Суббота
4 170
0

9-сынып.  Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1-2

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың 1916  жылғы  ұлт – азаттық  қозғалысының  тарихи  мәнін  түсінуге  көмектесу. Әбден  титығына  жеткен,  елдігінен  айырылуға  аз- ақ  қалған,  барар  жер  басар  тауы  жоқ  күн  туған  соң  амалсыздан  алысуға  бел  байлаған  халық тарихта  жиі  кездесе  бермейді.  Сондықтан  бұл  оқиға  бірегей  ерліктің ерекше  көрінісі  екендігін  оқушыларға    жете  түсіндіру  керек.  Көтерілістің  халықтық  мәнін  ашу;
  • Оқушыларды ерлікке, елін, жерін, туған  отанын  сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары І.   Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

III.  Жаңа сабақтың жоспары

  1. Сабақты бекіту:
  2. Бағалау:
  3. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 8-сынпта өтілген материалдарды қайталау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж).
  2. Көтерілістің себептері және басталуы
  3. Қазақ демократтарының  саяси  көзқарастары.
  4. Қозғалыстың сипаты,  қозғаушы  күштері.
  5. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
  6. Торғайдағы көтеріліс орталығы
  7. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы

Сабақты бекіту:

  • Қозғалыстың себептерін талдап түсіндіріңдер, қозғаушы күштерін дәлелді анықтаңдар.
  • Тарихта бұл қозғалыстың ұлт-азаттық қозғалыс ретінде сипатталуына қандай негіз бар?
  • 1916 жылғы қозғалыстың ХІХ ғасырдағы қазақтар көтірілістерінен айырмашылықтары қандай ?
  • Ұлт – азаттық қозғалысының Жетісу  және Торғай  орталықтарында  болған  оқиғаларын салыстыра  отырып  сипаттама  беріңдер.
  • Патша отаршылдарының көтерісшілерге  қарсы  күрес  тәсілдері мен  жазалау  шараларына  баға  беоіңдер.
  • 1916 жылғы қозғалыстың маңызы  туралы  өз  ойларыңды  ортаға  салыңдар.
  • Қазақ демократтарының ұстанымдарына  баға  беріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.  Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлт азаттық қозғалыстың барысы

Сабақтың мақсаты:

  • ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси  қатынастардың  дамуында  үлкен  өзгерістер  туғызған  саяси  оқиғалар  ахуалын  түсіндіру;
  • Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді  оята  отырып,  Қазақстанның ХХ  ғасыр  бойындағы  қоғамдық  өмірдегі орнын  көрсету;
  • Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір  дамуының кезеңдерімен,  тарихи  өзгерістердің  қоғамдық  қатынастардың  дамуына  тигізер  әсерімен  таныстыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары  І.   Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

III.  Жаңа сабақтың жоспары

  1. Сабақты бекіту:
  2. Бағалау:
  3.   Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қозғалыстың себептерін талдап түсіндіріңдер, қозғаушы күштерін дәлелді анықтаңдар.
  • Тарихта бұл қозғалыстың ұлт-азаттық қозғалыс ретінде сипатталуына қандай негіз бар?
  • 1916 жылғы қозғалыстың ХІХ ғасырдағы қазақтар көтірілістерінен айырмашылықтары қандай ? Ұлт – азаттық  қозғалысының  Жетісу  және Торғай  орталықтарында  болған  оқиғаларын салыстыра  отырып  сипаттама  беріңдер.
  • Патша отаршылдарының  көтерісшілерге  қарсы  күрес  тәсілдері мен  жазалау  шараларына  баға  беоіңдер.
  • 1916 жылғы қозғалыстың  маңызы  туралы  өз  ойларыңды  ортаға  салыңдар.
  • Қазақ демократтарының   ұстанымдарына  баға  беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ақпан ревалюциясының  Қазақстанға  әсері.
  2. Тыл жұмысындағылардың  қайтіп  келуі  және  олардың  революциялық  үрдіске  ықпалы.
  3. 1917 жылғы Ақпан  революциясынан  кейін  құрылған  саяси  партиялар  мен  ағымдар.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтары Революциялық ұйымдардың белсенділігі Ұлт зиялыларының көзқарастары Ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы
       

 

Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар

Саяси партиялар мен ұйымдар Ақпан революциясы тұсында ұстанған бағыттары мен идеялары Бағдарламалары мен жиналыс съездері Төрағалары

 

мен мүшелері

Алашорда      
Большевиктер      
Эсерлер      
Кадеттер      
Мұсылман фракциялары      

 

Сабақты бекіту:

  • Ақпан революциясының жеңісін  қазақ  зиялыларының  құптап  қарсы  алуының себебі  неде?
  • Ақпан революциясынан кейінгі  кезеңдегі  Қазақстандағы  саяси  оқиғаларға  сипаттама  беріңдер.
  • Революциядан кейінгі кезеңде  қоғамдық  ойдың  өрістеу  себептеріне  назар  аударыңдар.
  • Қазан төңкерісі қарсаңындағы  ревалюциялық  өрлеу  үрдісі  неден  көрініс  береді?
  • Түркістан және Қазақстан  халықтарының  ұлттық  өзін – өзі  билеуге  ұмтылысы немен  аяқталады?
  • Мұсылман үкіметтері алдарына  қандай  мақсат  қойды?
  • Алашордашылардың алдарына қойған  мақсаттары  мен  нақты  әрекеттеріне  сипаттама  беріңдер.

 

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020