» » Алаштану курсының күнделік сабақ жоспарлары

Алаштану курсының күнделік сабақ жоспарлары

29 октябрь 2016, Суббота
2 673
0

№ 1 – сабақ

Сабақтың тақырыбы :  Кіріспе

Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу

Сабақтың түрі : лекция

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау

Сабақтың барысы :

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап «Алаштану» факультативтік курсы орта мектептерден бастап оқытылатын болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Айгүл Айтбаева айтты. Алаштанушылар бұл мәселемен 1988 жылдан бастап тұ-рақты түрде айналысты. Міне осы 20 жылдан астам уақытта сан-салалы зерттеулер жүргізіліп, том-том деректер жинағы шығарылды. Ғылыми-теориялық және практикалық санаттағы конференциялар өткізіліп, жекелеген тұлғаларға және Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихына байланысты елімізден өзге Түркия, Жа-пония, Ресей елінде монографиялар мен ғылыми еңбектер және диссертациялар қорғалды. Әйтсе де бұл жұмыстар Алаш құндылығын толық танып — білуде аздық етті. Себебі әлі күнге дейін әртүрлі деңгейде әкімшіліктердің ішкі саясат бөлімдері, тіпті зиялы қауым өкілдерінің өздері Алаш десе кірпідей жиырылатыны жасырын емес. Бұлай қара аспанды төндіре берген де дұрыс емес. Өйткені бұған дейін екі мәрте, яғни, 2008 және 2012 жылдары ҚР Үкіметінің қаулысы шығып, Алашты кең көлемде насихаттайтын іс-шаралар еліміздің әр түкпірінде атқарылды. Міне осыдан кейін барып еліміздегі ресми және бейресми ұйымдар Алаш дегенде үрке қарамайтын жағдайға жетті. Оқу пәнінің базалық мазмұнына қыс-қаша тоқталып өтсек. «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алар орны қандай болмақ? Бұл сұрақ әрбір азаматты толғандыратыны анық. «Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы» атты бөлімде ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы сөз болады. Яғни Столыпин реформасынан кейін Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі және қазақ зиялылары мен ресейлік саяси қозғалыстар туралы оқушылар мағлұмат алады. Ал «Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі» деген бөлімде Әлихан Бөкейханның аграрлық экономика саласындағы бастамашыл істері және баспасөз бетінде саяси жүйе мен отаршылдыққа қарсы сынның күшеюі баяндалады. Сондай-ақ «Алаштану» факультативтік курсында «Қазақ қоғамы және Алаш партиясы», «Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы», «Алашорда және кеңес өкіметі», «Алашорда үкіметі және оның қызметі», «Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері», «Алаш қайраткерлерінің мәдени-ағартушылық қызметтері және ғылыми ізденістері», «Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы» деген тақырыптарға аса мән берілмек.
Жалпы алғанда «Алаштану» курсы мектеп оқушыларының Алаш тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің тарихи жадының қалыптасып, өзіндік ой қорыта алуына бұл пәннің қосар үлесі айрықша. Бұған дейін мектеп оқулықтарында алашқа қатысты деректің там-тұмдап берілгені белгілі. Осы олқылықтардың орнын «Алаштану» курсы толтырып, тыңнан түрен салмақ. Ұзын сөздің қысқасы, өз тарихын танып-білмеген ұлттың болашағы жарқын болмақ емес. Мұны өз заманында Әлихан Бөкейхан «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп айтып кеткен.

Сабақты бекіту үшін оқушылардың «Алаштану» курсы жайлы жеке пікірлерін тыңдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : ХХ ғ басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы.Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. 1905 ж Қарқаралы құзырхаты.

Сабақтың мақсаты : Алаш қозғалысының қалыптасуы жайлы, Столыпин реформасынан кейін ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі жайлы айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі :  лекция сабақ

Сабақтың әдісі :  түсіндіру, лекция, баяндау

Сабақтың барысы : Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы.  1905–1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды. Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды. П. А. Столыпин 1906–1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды. 1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді. 1910–1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты. 1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.

Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.[1] Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

  • А.Байтұрсынов М.Дулатов           Ә.Бөкейханов

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.БөкейхановА.БайтұрсыновМ.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.

Сабақты бекіту.

  1. Столыпин реформасының қазақ халқына тигізген әсері ?
  2. Қазақ жері қанша млн гектарға кеміді ?
  3. Қарқаралы хұзырхатының тарихи мәні мен негізі ?

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020