» » Еңбекке баулу 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы С. А. Жолдасбекова, П. А. Абашева, Д. П. Мадиева, Б. Қалназаров (68 сағат)

Еңбекке баулу 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы С. А. Жолдасбекова, П. А. Абашева, Д. П. Мадиева, Б. Қалназаров (68 сағат)

20 октябрь 2016, Четверг
895
0

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Еңбекке баулу Кабинет: Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Ермексазбен  туралы  түсінік. Ермексаздан тегене  мүсінін жасау .
 

 

Сабақтың жалпы мақсаты

Ермексаздан ыдыс-аяқтар жасауды үйрену; бұйымдардың өзара көлемдік қатыныстарын ажырата білуге үйрету; Тазалық ережелерін сақтау дағдырлпаын арттыру; Ұқыптылыққа икемділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ- жауап , түсіндіру .
 

 

Көрнекіліктер

Ермексаз (сазбалшық), қалақша, су құятын ыдыс, шүберек, тақтайша, жіп, үлгілер.

  Мұғалімнің іс-әрекеті         Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару.

 

а) Психологиялық дайындық

Бүгін қай күн?  Сәрсенбі                       Қайырлы күн, балалар

Ертең қай күн ? Бейсенбі                       Қайырлы күн, достарым

Оят онда Сәрсенді                                 Тыныш болып түніміз

Оят онда Бейсенді                                  Ашық  болып күніміз

Сабағынан қалмасын                             Сәттілікке толсын- ай

Топқа бөлу Оқушыларды  карточка  мен  сурет  салу  арқылы  топқа  бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау Ермексазбен  мүсіндеу .
Қызығушылықты ояту Оң қолымда бес саусақ,

 

Сол қолымда бес саусақ.

Он саусағым әйбәт,

Былай-былай ойнат

Жаңа материалмен жұмыс. Ермексаз  — жұмсақ   материал . Әр   түрлі   ермексазды   зауытта     химиялық   жолмен  дайындайды . Ермексаз    суда    ерімейді . ермексазды     арнаулы   қорапта   сақтайды . Жұмысқа      керекті     ермексазды      қалақшамен     немесе    жіппен     бөліп     алады Қалақшалардың  әр түрі  болады . Ондай   қалақшаларды    арнайы    жасайды .  Тиімді  жұмыс   атқару   үшін    қалақшаның    көмегі    зор.   Ермексазбен   жұмыс   жасағанда  партаның  үсті  былғанбас  үшін   тақтайшаны  пайдаланған  дұрыс . Сондай  — ақ  жұмысты  тақтайшамен  айналдыра  отырып  істеген  оңай болады.

 

Ұлттық  ыдыстар:  қазақ   халқы   күнделікті   тұрмысқа  қажетті   ыдыстарды  ағаштан  дайындаған . Ағаштан  түрлі  бұйымдарды  жасайтын  кісілерді  «шебер»  немесе «ағаш  ұстасы»  деп  атаған . Шеберлер  тегене  ( табақ ) , тостаған , ожау , қасық ,күбі ,келі тағы басқа  үй  тұрмысына  қажетті  заттарды  жасаған . Тегене – ет салынып  тартылатын  ағаш  ыдыс . Оны  табақ деп  те  атайды .Тегенені  емен , қайың , тал  («екпе  тал» , «боз тал»  деп  те  атайды) сияқты  кепкен  ағаштардан жасайды. Шебер  әуелі  ағаштысуға ұзақ  қайнатып  алады . Сонда  ағаш  бойындағы   талшықтар   жібиді ,  ағаш  майының дәмі  шығады . Ағаш   жұмсарып ,  шапқан    кезде    жарылмайды . Ағаштан    жасалған  тегененің іші  шұңғылдау , жалпақ  ернеулі  болады . Сондай – ақ ,  жиекті ,  дөңгелек , ағашы  қалыңдау  болып  келеді. Ол  әр  түрлі  көлемде жасалады . Үлкен  тегенемен  сыйлы  адамдарға бас табақ  тартылады . Тегенені шара , тостаған  сияқты  безендірейді , тек   ағаштың   өзінен   ғана   жасайды .  Көбінесе   ет    тағадары   салынатындықтан ,  тазартуға  , жууға оңай  болуы үшін  бетіне  көп өрнектер де ойылмайды .

Ермексаздан тегенені жасау: Жұыстың  орындалу  реті :

1.      Ересаздан  дөңгелек  шар  жаса .

2.      Шарды  бас  бармағыңмен басып  отырып , жиегін  шығар .

3.      Тегененің  ернеуін шығару  үшін  жасыл түсті ермексаздан  ширатпа  дайында

4.      Осы  ширатпаны тегененің  жиегіне  жапсырмала . тегененіңортасын  тауып , белгіле .

5.      Жіңішке  ширатпалар  дайындап , оны  ие  отырып , ою жаса .

6.      Оюды  тегененің  ортасына  орналастырып , айналасына  жолақ  жүргіз .

Ой толғаныс Мәтінді оқушылар тізбекпен оқып шығады.

 

Жұмбақтарды шеш

Дәмі  аузыңнан  кетпейді,

Қызыл  алша  шырын  бал

Көктей  тісің   өтпейді,

Піскен  кезде  үзіп  ал. (Алма)

Ағайынды  бәрі,

Шықса  жасыл

Түссе  сары.  (  Жапырақ  )

Тәтті,

Тәттінің  іші  қатты,

Қаттының  іші  тәтті.  (  Өрік  )

Көк  лағым  көгенде  жатып  семіреді.   (  Қауын

Үйге тапсырма беру. Ас  ішуге  арналған  ыдыстарды  мүсіндеу .
   Бағалау Сабаққа    қатысқан  оқушыларды  бағалап , баға  қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге  жазып, мәуе ағашына жапсырады.  Плакат стикер .
           

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Еңбекке баулу         Кабинет: Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Ермексаздан  ожау  жасау
 

 

Сабақтың жалпы мақсаты

Қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету,
Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ- жауап , түсіндіру .
 

 

Көрнекіліктер

Ермексаз  , су құятын ыдыс, шүберек, тақтайша, жіп .

  Мұғалімнің іс-әрекеті         Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару.

 

а) Психологиялық дайындық

Бүгін қай күн?  Сәрсенбі                       Қайырлы күн, балалар

Ертең қай күн ? Бейсенбі                       Қайырлы күн, достарым

Оят онда Сәрсенді                                 Тыныш болып түніміз

Оят онда Бейсенді                                  Ашық  болып күніміз

Сабағынан қалмасын                             Сәттілікке толсын- ай

Топқа бөлу Оқушыларды  карточка  мен  сурет  салу  арқылы  топқа  бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау Өткен  сабақты пысықтау  мақсатында  басқа  да ыдыста  жасаан  оқушыларды  бағалау .
Қызығушылықты ояту  
Жаңа материалмен жұмыс. Ожау  туралы  түсінік: шарадағы  қымызды , шұбатты сапыру  және  аяққа  құю  үшін  ожау  керек . Ожауды ұзын  сапты  етіп  ағаштан  шауып жасайды . кей  өңірлердесабын  қысқа, тіке етіп жасайтын үлгілері де бер. Оның  сабын  көркемдеп  әшекейлейді . Ожау  мен шара  бірге жасалады  және  бірге  қолданылады . Ағаштан   көркемдеп  ойылған  мұндай   ожауды  «үкікөз»   ожау»   деп атайды .   Ондай   ожаудың  кішірек    екі   басы болады Ермексаздан  «үкікөз» жасау  үшін   бізге  ермексаз , жұмсақ  ез сым темір  қажет . Жұмыстың орындалу реті:

 

1.      Алдымен , жұмсақ  жезден  ожаудың  пішінін  дайындапал .

2.      Жез сым  темірен  дайындаан  ожау  пішінін  ермексазбен  жапсырмала .

3.      Жапсырмалаған  емексазды  ожауға  келтіріп , тегісте .

4.      Ожаудың  шетін  айалдыра  , жасыл  түсті  ермексаздан  жасалған  ширатпамен  безендір.

5.      Ожаудысабын  кішкен  түймелер  мен  жолақтар  жапсырып , сәне . Ожау дайын  болды.

Ой толғаныс Ермексаз – жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексазбен түрлі көлемдегі заттарды жасауға болады.Ертеде ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, ағаш және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы – тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар
Үйге тапсырма беру. Қымыз құюға  арналған  ожауды жасап , аяқтау. мүсіндеу .
   Бағалау Сабаққа    қатысқан  оқушыларды  бағалап , баға  қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге  жазып, мәуе ағашына жапсырады.  Плакат стикер .
           

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020