» » Дүниетану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы

Дүниетану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы

20 октябрь 2016, Четверг
1 737
0

Дүниетану Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Бізді  қоршаған орта
Сабақтың жалпы мақсаты  Қыс мезгілі туралы түсініктерін ашу, қыс мезгілінің сұлулығын, әсемдігін сезіну, талғамын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ — жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер Қыс туралы  нақыл  сөздер  мен  суреттер  салынған  плакаттар .
  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  

 

Би «Қаражорға»

Топқа бөлу Оқушыларды  карточка  мен  сурет  салу  арқылы  топқа  бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау Ауа туралы жұмбақ айтады
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)
— Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?
Балалар ауа туралы такпақ айтады.
Балаларға сұрақтар беремін.
-Ауа арқылы не болады?
-Грипп
-Ауаны не ластайды?
-Машина түтіні т.б
Қызығушылықты ояту Ал енді сергіту жаттығуын жасайық
Топта қоңыз ұшады
Ж ж ж әнге салады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады
Алақанды жаямыз,
Алақанға қоңызды қондырамыз
Қоңызды уф-уф деп ұшырамыз.
Жаңа материалмен жұмыс. Әңгімелесу: Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Айналамызға қарайықшы біз қайдамыз, бізде не қоршаған? Біз табиғатқа саяхатқа шығайық. Қане, көзімізді жұмайық. Сыртқа шығайық бір, екі үш. Ал, енді көзімізді ашайық айналамызға көз тастайық. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалардың жауабы:
Айналада қар, ағаштар, аспан бұлтты.
Балалар біз табиғатты, бізді қоршаған табиғатты тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз. Тірі табиғатқа адамдар жануарлар, жәндіктер жатады, ал өлі табиғатқа тау, тас, су, өсімдік жатады.
Біздің айналамыздағы табиғат ол бізді қоршаған орта..
Ой толғаныс 1. Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар қызық табиғаттан таралыпты
2. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі. Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға жан-жануарға береді.
Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-
діктер туралы тақпақтар айтады.
Үйге тапсырма беру. Дәптерге  табиғат  туралы   қандай  тақпақ ,  тыйым  сөздерді  жазып  келу .
   Бағалау Сабаққа    қатысқан  оқушыларды  бағалап , баға  қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге  жазып, мәуе ағашына жапсырады.  Плакат стикер .
         

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Дүниетану Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Табиғаттың  жансыз  денелері
Сабақтың жалпы мақсаты оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдер түсіндіру, әңгіме,

 

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер Суреттер , кесте .
  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  

 

Би «Қаражорға»

Топқа бөлу Оқушыларға ақ  қағаз  таратылып  табиғат  құбылыстарының  суретін  салу .
Үй тапсырмасын сұрау «Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )
Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)
2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?
3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?
4. Ауа райын білу не үшін керек?
5. Ауа — райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?
(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)
Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.
Қызығушылықты ояту « Бақытты баламыз» әнімен
Елді сүйген баламыз, —————— Біз талапты баламыз,
Білімнен нұр шашамыз. ————— Оқып — білім аламыз.
Әлкей, Қаныш атадай, —————- Заттар сырын ұғынып
Көп жаңалық ашамыз. —————- Ажырата аламыз
Жаңа материалмен жұмыс. Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?
Оқулықпен жұмыс.
1 топ: 30 беттегі 1 — абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату..
4 — топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.
Ой толғаныс Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл
Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.
Ал сендер  дене дегенді қалай түсінесіңдер?
Үйге тапсырма беру. Оқушылар    дәптерге  жансыз  денелердің  суретін  салу .
   Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер
         

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Дүниетану Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Табиғаттың  жанды  денелері
Сабақтың жалпы мақсаты 1. оқушыларға адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларын ажырата білуді үйрету; адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру. 2. қорытынды шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.3.Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер әңгіме , сұрақ-жауап,
Көрнекіліктер «Адамның дене мүшелері. Ішкі ағзалары» және «Жануарлар» суреттері.
  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  

 

Би «Қаражорға»

Топқа бөлу І топ «Табиғи күш» тобы

 

— Сендер қандай қажеттілік туралы сыр шертесіндер, олар қандай күштер?

— Күн, таза ауа, судың денсаулыққа тигізетін пайдасы қандай?

— Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіндер?

— Ата-бабамыз табиғи күш куаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол аталы асыл сөздерден мысал келтіріндер.

ІІ топ    «Ептілер мен күштілер» тобы.

-Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырудың түрлерін ата.

— Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері? (оқушы

өзінің күнделікті айналысатын жаттығуларын көрсетеді)

-Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Неге? Ұлттық ойындар оның пайдасы?

-Соңғы кезде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақстаы қандай?

Үй тапсырмасын сұрау Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 — топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 — топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу
Қызығушылықты ояту Денсаулық пирамидасын құру.

 

Көнілді толқытып бір, шалқытатын,
Қайғыны ұшытыр бір балқытатын.
Ән айтып, би билеуге не жетеді
Көнілдін қарлығашын қалқытатын.

Жаңа материалмен жұмыс. Адам денесі қандай бөліктерден тұрады? Адамның қандай ішкі ағзаларын білесің? (Оқушы жауаптары тыңдалады, толықтырылады). «Венн диаграммасын» толтыру.

 

«Венн диаграммасы»

 

Мұғалімнің басшылығымен оқулықпен жұмыс.

а) Оқушылар өздерінің денесінен дене мүшелерін көрсетеді.

ә) Мұғалім суреттен адамның ішкі ағзаларын көрсетеді, ал оқушылар сол ағзалардың орналасқан орнын өздерінің денелерінің сыртынан көрсетеді.

Мұғалім әрбір ішкі ағзаның қызметін түсіндіреді.

Өкпе — тыныс алу органы.

Ойлау бастағы мимен байланысты.

Жүрек — бойға қан жүргізуші басты ағза. Басқа ағзалардың жұмысы жүрекпен байланысты.

Ең бастысы, сабақта дені сау адамның ағзалары белгілі тәртіппен жұмыс істейтінін атап кеткен дұрыс. Сондықтан адам организмін дұрыс сақтап, салауатты өмір сүру керектігі айтылады.

б). Кез келген жануар мен адамның денесіне салыстыру жұмысы жүргізіледі

Ой толғаныс Біз бүгін қандай тақырыпта ой қозғадық ?

 

—   Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

—    Сендер қандай азамат болып өсулерің керек? (оқушылар жауаптары тындалады және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды).

 

Үйге тапсырма беру. Құстар мен жануарлардың ағзаларынын жұмысы туралы оқып келу.

 

 

Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін қағазға жазып  бір – біріне  ұсынады .

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020