Еңбекке баулу 2-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра
1-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу | |||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғи материалдардың алуан түрлілігі. Табиғи
материалдарды жинақтау. Құрал-саймандар, олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі |
||
Сабақтың жалпы мақсаты | 1.) Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру. 2.) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке деген ынтасын арттыру және олардың ой – қиялдарын дамыту. 3.) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу. |
||
Көрнекіліктер | Табиғаи материалдар | ||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Би «Қаражорға» |
||
Топқа бөлу |
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
||
Үй тапсырмасы | Тест сұрақтары | ||
Қызығушылықты ояту | 2. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар: Қол арамен ағаш кеседі. Түрпімен материал бетін тегістейді. Зімпара қағазбен материал бетін тазалайды. Пышақпен майда материалдың ұшын шығарады. Қарындашпен белгі салады. 3. Ағаш материалына қалай белгі саламыз. ü Шеті түзу, жарылмаған ағаш таңдаймыз ü Керекті ұзындық өлшеніп, тақтайдың бір шетінен бастап белгі саламыз. ü Ағашты белгі салынған жерден қоларамен кесеміз. ü Ағаш тайып кетпес үшін қосымша жабдық пайдаланамыз. III. Қызығушылықты ояту — Балалар, біз әр таңымызды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы аламыз. Сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Арайлап тағы бір таң атты. Айналамызға көз салаықшы. — Қазір жылдың қай м езгілі? Олай болса осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтамыз деп « Тоғай сәулеті» деп аталатын көрмеге аттанамыз. |
||
Жаңа сабақ
Мына заттар қалай аталады? Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын) Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және бейорганикалық табиғи материал бар. Сарамандық жұмыс o Қазақстанда құстардың 480 түрі бар |
|||
Ой толғаныс | Құс сұлуы……………………………3-4 жасқа дейін сұр қу болып өседі» ………………………….30-40 жыл өмір сүреді Қардан да аппақ, үш түс бойынан табылады. ……………………………Өте тату құс «Бесік баласы бес түлейді»…………………….. Көлде жүзіп келе деген мақалға сай ол да…………………………..жатқанда үйрек-қаз 3-4 жыл түлеп, шын………………………………шетке ысырылып жолды аққуға айналады…………………………………………береді екен |
||
Үйге тапсырма беру. | Табиғаи материалдардан бұйымдар жасау | ||
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | ||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер | ||
2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Орман патшалығын жандандыру | ||||||||||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Сабақтың мақсаты: Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену.
Міндеті: — Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену; — Ойлау қабілетін дамыту; — Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сілтеме: Оқулық, еңбекке баулу әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.
Қамтылған модульдер: 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауды үйрету (ассоциация, миға шабуыл); 3-модуль – бағалау, 4-модуль – АКТ пайдалану, 6-модуль -Жас ерекшелік,7-модуль – көшбасшылық ( топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру) |
||||||||||||
Көрнекіліктер | Орман туралы суреттер | ||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Би «Арива» |
||||||||||||
Топқа бөлу |
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
|
||||||||||||
Үй тапсырмасы | Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою. | ||||||||||||
Қызығушылықты ояту |
Психологиялық дайындық
Оқушыларды суретті парақшалар арқылы 2 топқа бөлу. І-топ «Орман», ІІ топ «Патшалық» (топ басшылары сайланады, олар тапсырмалар бойынша топ мүшелерін бағалап отырады) 1-тапсырма. Модуль АКТ Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты шығаып алу. 2-тапсырма. Модуль СТО әдісі: Ой қозғау Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс)
Орман патшалығы дегенде көз алдымызға нені елестетеміз? (әр топ постер қорғайды)
1. 1-3-суреттердегі бөлшектердің біріктіру тәсілін анықта. 2. Бөлшектерді біріктірудің қай тәсілі неғұрлым қарапайым, берік, үнемді.
Сергіту сәті 4-тапсырма. Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (2 топ жеке орындайды) · Өзің таңдап алған зат бөлшектерінің біріктіру схемасын құр. · Біріктіру тәсілін анықта. 5-тапсырма. Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (жұптық жұмыс) · Затты құрастыр және безендір. Жасаған жұмыстарын топ басшылар бағалайды. |
||||||||||||
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
|
|||||||||||||
Ой толғаныс |
6-тапсырма. Модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әдісі: сәйкестікті іздеу
Рефлексия. INSERT әдісі
|
||||||||||||
Үйге тапсырма беру. | Жұмысты аяқтау | ||||||||||||
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | ||||||||||||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер | ||||||||||||
3-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу | |||
Сабақтың тақырыбы | Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы | ||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Сабақтың мақсаты: Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену.
Міндеті: — Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену; — Ойлау қабілетін дамыту; — Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сілтеме: Оқулық, еңбекке баулу әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер. Оқытудың нәтижелері: 1. Бүршіктерден мүсіндеп үйренеді. 2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды. 3. Өз бетімен жұмыс жасай алады. |
||
Көрнекіліктер | Орман туралы суреттер | ||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Би «Қаражорға» |
||
Топқа бөлу |
Карта
|
||
Үй тапсырмасы | а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу ә) Күннің жадын белгілеу б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару |
||
Қызығушылықты ояту | Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру. Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді. Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады. Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі: Ғажайып түс көрдім. Таң ата мен бүгін, Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім. Нұрына шомылдым бүгін, Жұлдыз айы көркем, Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді, Бұлттары билейді… |
||
Жаңа сабақ
Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады. 2. Ертегілер еліне саяхат |
|||
Ой толғаныс | Саяхат жолнұсқасы: 1- аялдама «шебер суретшілер» елі. Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі. 2- аялдама «тапқырлар» елі. Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді. 3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі. Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс) Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі. 4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі. Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс) Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі. |
||
Үйге тапсырма беру. | Жұмысты аяқтау | ||
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | ||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер |