Еңбекке баулу 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы 66 сағат, аптасына 2 сағаттан. Атамұра
Барлығы 66 сағат, аптасына 2 сағаттан.
1 тоқсан
Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу | Кабинет: | Уақыты: | Мұғалім: | ||
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат | ||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Табиғат жайлы түсініктерін молайту. Буын және оның түрлерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік. Табиғаттың ұқыптылққа және шынайылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Табиғаттың кереметтілігін ұғынады және оны қорғауды біледі. , |
||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ- жауап, түсіндіру. | ||||
Көрнекіліктер |
|||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Допты лақтыру арқылы бір - біріне жақсы тілектерді айту. |
||||
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу. | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өткен сабақтан алған білімдерін пысықтайды. | ||||
Қызығушылықты ояту | |||||
Жаңа материалмен жұмыс. | Балалар міне менің қолымда «Үлкен жүрек» бар. Әр баланың өзінің жүрегі бар. Үлкен жүрек «Адам - анада» және «Табиғат анада» бар.Әркім өзінің қолындағы жүрекшесін анасына деген тілегін айта отырып , үлкен жүрекке әкеліп саламыз. Енді балалар қазір барлығымыз орнымызға отырайық, сабағымызды бастаймыз. Бүгін біз «Табиғат еліне» саяхатқа шығамыз. Әртүрлі аралдарды аралаймыз. 1. Табиғат аралына шығу үшін, сұрақтарға жауап береміз: - табиғат деген не? - Табиғат нешеге бөлінеді? Балаларға суреттер үлестіріп, суреттерді өлі табиғат пен тірі табиғатқа орналастыру. - Өлі табиғат деген не? (өспейді, өнбейді) - Тірі табиғат деген не? (өседі, өнеді, қоректенеді) -. Табиғат қасиеттері туралы түсініктер беру . Халық өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атаған Қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, оларды өлтіруге мүлде рұқсат етпеген. Төле бидің «Қарлығаш әулие» , «Қарлығаш би» атаулының мағынасын түсіндіру. Сергіту жаттығуы: «Орманға саяхат» 2. «Қызыл кітап» аралы - Қызыл кітап деген не екенін суреттер көрсету арқылы түсінік беру . - Қызыл кітап 1974 жылы Қазақстанда сирек кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғаумақсатныда шықты . Оның парақтары алуан түрлі болады.Қызыл парақтарға - жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парақтарда саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді.Жасыл парақатарда қайтадан аялап күтсе, қалпына келетіндер енеді. Мысалы: далада, тауларда топ - тобымен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды оңайлықпен табу қиын. 3 «Құстар» аралы Сұрақ- жауап - Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек) - Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды) - Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері) - Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш) - Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ) - Өз атын шақыратын құс? (Көкек) - Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін) - Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу) Құстар туралы тақпақтар айту. 4. «Ойшылдар» аралы Тиым сөздер Айту Гүлді жұлма, Ағашты сындырма, Құсты атуға болмайды, малдың сүйегін отқа салма, басынан ұрма малдың Т.Б. Суретпен жұмыс ( «Жақсы - жаман») Суға қағаз лақтырған (жаман) Ағаш егу (жақсы) Құстарды ату (жаман) Малды қуып, тебу (жаман) Үлкен кісіге орын ұсыну (жақсы) Табиғатты қорғау үшін не істейміз? Балалардың пікірін тыңдау. Жұмбақтар «Ауа, су, жер, күн» жөнінде Көзге көрінбейді, Ұстасаң білінбейді. (ауа) Түсі жоқ, Иісі жоқ Шөл қандырады. (су) 5. «Экологиялық тұжырым» Қорытынды. Балаларға жағдаяттар беріліп, өз ойларын дәлелдеп, қорытындылау. |
||||
ой толғаныс |
Мәтінді оқушылар тізбекпен оқып шығады.
Жұмбақтарды шеш Дәмі аузыңнан кетпейді, Қызыл алша шырын бал Көктей тісің өтпейді, Піскен кезде үзіп ал. (Алма) Ағайынды бәрі, Шықса жасыл Түссе сары. (Жапырақ) Тәтті, Тәттінің іші қатты, Қаттының іші тәтті. (Өрік) Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қауын |
||||
Үйге тапсырма беру. | Әр топ «Табиғат» жайлы сурет салады және оны қорғайды | ||||
Бағалау | Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | ||||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер. | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу | Кабинет: | Уақыты: | Мұғалім: | ||
Сабақтың тақырыбы | Табиғи материалдардың түрлері мен оны сақтау жағдайы | ||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру. Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, құрастыруды композиция түрлі меңгерту Тәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, |
||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ- жауап, түсіндіру. | ||||
Көрнекіліктер |
Табиғи материалдар түрлері, дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б. |
||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Еңбек туралы мақал - мәтелдер: «Еңбек - ер атандырады» «Еңбек етсең - емерсің» «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» |
||||
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу. | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, «Табиғат» жайында салған суреттерін текеру. | ||||
Қызығушылықты ояту |
Қағазбен жұмыс. |
||||
Жаңа материалмен жұмыс. |
Мұғалімнің түсіндірмесі:
(Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)
Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады. |
||||
ой толғаныс | Біз бүгін немен жұмыс жасадық? Табиғи материал деген не? Оны қайдан аламыз? Аққу туралы ән білеміз бе? |
||||
Үйге тапсырма беру. | Аққудың суретін салып, аяқтау. | ||||
Бағалау | Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. | ||||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер. | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу | Кабинет: | Уақыты: | Мұғалім: | ||
Сабақтың тақырыбы | Өсімдіктерден аппликациялар жасау «Көжек». | ||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
1. Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Күз мезгіліндегі өзгерістер, қоян туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу. 3. Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды үнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру. Көрнекілігі: жапырақ суреті, қоян бейнесі |
||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрқ- жауап, түсіндіру. | ||||
Көрнекіліктер |
Құрал - жабдық: теледидар, видео, қатты картон, желім, қарындаштар |
||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Жұмбақ шешу. Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы қырлы жерлермен Ытқып, жүгірді ытқып Қарап еді артына Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап ...... екен өзінің - Жақсы. Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады. |
||||
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу. | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, «табиғат» жайында салған суреттерін текеру. | ||||
Қызығушылықты ояту |
Қағазбен жұмыс |
||||
Жаңа материалмен жұмыс. |
Мұғалімнің түсіндірмесі:
. Еңбек туралы мақал - Айту мәтел
Топтық жұмыс: ІІ. І топтың жұмысын тексеру .: Ұзын құлақ сұр қоян. |
||||
ой толғаныс | Енді өздерің іштей бір оқып шығыңдар. - Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген ? - Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады ? - Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық. |
||||
Үйге тапсырма беру. | Туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу. |