Әдебиеттік оқу 3 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы Тұрғынбаева Б.А., Муфтибекова З., Алтаева К. 136- сағат
Әдебиеттік оқу 136- сағат
Оқу ісінің меңгерушісі:
1-сабақ
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Н.Әлімқұлов Қоңырау | ||
Мақсаты | Білімділік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру. Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу. Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, маркер, әдемі қоңыраулар. |
||
Күтілетін нәтиже | |||
+Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | а) Балалардан коңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау. Немесе: е) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркесторін жазу. Мысалы:А)Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады. 2.Мағынаны тану. Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандығын байқатып, оны құрастырудағыоқушылардың жұмыстары талданады. |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану |
Оқулықпен жұмыс:
Сұрақтар: -Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады? |
||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? |
Ой сергітеді,шашағандары
басылады |
|
Ой толғаныс | Бугінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байланыстыра отырып эссе жазу | ||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Оқу ісінің меңгерушісі:
2-сабақ
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ы.Алтынсарин Өнер-білім бар жұрттар | ||
Мақсаты |
Білімділік: Білім алушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;
Дамытушылық: Білім алушыларды бір — бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру; Тәрбиелік: Білім алушыларды Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әдіс — тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру |
||
Күтілетін нәтиже | |||
+Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын баяндау. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, оқу — өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс — қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болған. Ыбырай сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы “өте жақсы” деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы сыйлатын Григорьев Ыбырайға аса жақсы ќарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға рұқсат берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. 1860 қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Торғай мектебіне мұғалім болуға сұранып рұқсат алады. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды, сол себептен Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп, оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады.Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
||
Мағынаны тану |
Оқулықпен жұмыс
Өнер-білім бар жұрттар |
||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? |
Ой сергітеді,шашағандары
басылады |
|
Ой толғаныс | Шығармашылық жұмыс. Ой толғау. 1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» «Оренбурский листок» газетінен 2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған? 3. Ыбырай атама хат. |
||
Үйге тапсырма | Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсарин әңгімелерін талдау. І топ «Асыл шөп» ІІ топ «Дүние қалай етсең табылады?» ІІІ топ «Бай баласы мен жарлы баласы» |
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |