Әдебиеттік оқу 2-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ы. Алтынсарин. Кел балалар оқылық! | ||
Мақсаты |
. 1.Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. |
||
Күтілетін нәтиже | |||
+Психологиялық ахуал | Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған. |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | Ы.Алтынсарин туралы түсінік. Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады? 2.Білім не үшін керек? 3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты? Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: 1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны) 2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың |
||
Сергіту сәті | Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір торып, Біз бір дем алайық. |
||
Ой толғаныс | Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? |
||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ы. Алтынсарин. Малды пайдаға жарату | ||
Мақсаты |
— төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді; |
||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады). |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | тері – кожа көлік — транспорт киіз — кошма жүн — шерсть алаша — дорожка қазы жасайды – делают казы серік — спутник маңызды – важный Сөздік жұмысы: сөздер оқылады, аударылады, қайталанады. 2. Тақтадан «перде» нүктесін басу арқылы сөзді жабамыз да аудармасы арқылы табамыз. 3. Сөздік дәптерлеріне жазады. 4. «Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз. Мына бейнекөрсетілімге назар аударып, тыңдайық». Тақтадан төрт түлік мал мен олардың пайдасы жайлы хабар беретін бейнекөрсетілімді қараймыз, мәтін оқылып тұрады. 5. Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды. «Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған. Қой — төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады. Сиыр — ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады. Жылқы — ер қанаты. Ол — сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. Төрт түліктің төресі — түйе. Оның еті — тамақ, шұбаты — сусын, жүні — киім. Түйе — таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді». 6. Сұрақтарға жауап береді. — Қой бізге не береді? — Ет, жүн, тері. — Сиырдан адамдар не алады? — Сүт, ет. — Сиырдың сүтінен не жасайды? — Сүттен айран, май, құрт жасайды. — Жылқының қандай пайдасы бар? — Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар. — Адамдар түйені қалай пайдаланады? — Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б. IV. Бекіту.1. Оқулық, дәптермен жұмыс. 80-беттегі 2-тапсырманы жазбаша орындайды. Мысалы: «Жүннен не жасайды? Жүннен киіз басады. т.б.» 2. Жұмыстар оқылып, тексеріледі, қателері түзетіледі. 3.Тестілеуші құралды пайдаланып оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді. |
||
Сергіту сәті | Ұшты-ұшты құлын ұшты. Ұшты-ұшты мұрын ұшты. Ұшты-ұшты кептер ұшты. Ұшты-ұшты дәптер ұшты. Ұшты-ұшты қарға ұшты. Ұшты-ұшты арба ұшты. |
||
Ой толғаныс | «Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар» — Бұл не? — Бұл қой. — Қойдың төлі не? — Қойдың төлі — қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады). «Екі айнасы бар, Екі найзасы бар» — Ол не? — Ол сиыр. — Сиырдың төлі не? — Сиырдың төлі — бұзау. |
||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ө. Тұрманжанов. Мектеп біздің анамыз | ||
Мақсаты |
Жүйелі іс әрекет нәтижесі: мектеп , 1 қыркүйек күнін мерекелік көңіл күймен, айнала табиғатпен ұштастыру арқылы шығармашылық қиялының дамуына мүмкіндік беру. Тұлғалық нәтиже: кең байтақ Отанымыздың күзгі әдемілігін адам өмірімен , қуанышы мен қымбаттылығын,әсемдігін сезінуге жағдай туғызу.
|
||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. 16. Бір, екі, үш Қолға қалам аламыз Әдемі етіп жазамыз |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
Өз мекткптерін жайында не ойлайсыңдар?
Мектеп біздің екінші үйіміз? |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану |
Салдыр-сұлдыр, сылдыр-сылдыр, дыңғыр-дыңғыр, гүрс-гүрс, шақыр-шұқыр, даңғыр-дұңғыр, сыңғыр-сыңғыр, күмбір-күмбір, тапыр-тұпыр.
-Басқа дыбыстар ненін дыбысы болуы мүмкін ? — Мына сөз тіркестерін оқып, таңдаған қоңырау дыбыстарына ұйқастыра тіркестіріңдер: ————————- сазды қоңырау (сыңғырлаған) ; ————————- сағынышты қоңырау (сылдыр қаққан немесе сылдырлаған) ; ————————- күміс қоңырау ( күмбірлеген). Оқушылардың қоңырау үнін сипаттап шыққандарын атап өту . Сағындырған алғашқы қоңырау мерекесімен оқушыларды құттықтау.Бүгін екі-үш мереке қатар келгендей.Бірінші мереке – Алтын күздің келуі.Екінші мереке –Алғашқы қоңырау мерекесі.Үшінші мереке- Оқушылардың Тілашар мерекесі.Осы үш мереке иесі ретінде үш топқа бөлініп отыру.Әр топ өз атына мерекелік көңіл күйде жұмыс жасайды. Мысалы , 1-топ күзді, табиғаттағы өзгерістерді бейнелеп, немесе күз туралы тақпақ айтуы мүмкін. Немесе құстар әнін шырқауы мүмкін…. (Топтың шығармашылық белсендігіне байланысты). Екінші топ та өз таңдауына байланысты тапсырманы орындайды. Ал үшінші топ 1- сыныптағы Тілашар күнін еске алып,әңгімелеп береді .Жұмыс нітижесі қорытындыланып, жаңа сабаққа байланысты дайындықтар жүргізіледі. Оқушылардың сурет немесе сызба жазулары тақтаға көрнекті түрде ілінеді.«Әдебиеттік оқу» пәніне берілген оқу құралдар кешенімен оқушыларды таныстыру. Қызығушылықты ояту( 2-түрі). Тарауға берілген суретпен өздерінің жазғандарын байланыстыра әңгімелету.Өздерің жаңа ғана күз келді дедіңдер.Олай болса, мына қимылды білдіретін сөздерді күзбен байланыстырып, сөзбен тіркестіріп, толықтырыңдар. ——————— пісті, —————— сағыныпты, ——————- түсті, —————- ағылыпты, —————- ел тасыпты, —————- қуаныпты, —————- есік ашыпты, —————- келеді. Ескерту: Қызығушылығын оятуға берілген екі жұмыстың біреуін таңдап алу өзіміздің шешімімізге байланысты.
|
||
Сергіту сәті | Ақ қоян-ау, ақ қоян, Бетіңді жушы, Қолыңды сүртші, Айнаға қарашы, Шашынды тарашы, Киіміңді киші, Мектепке қарай жүрші, Орныңа отыршы, Сабағыңды оқышы |
||
Ой толғаныс |
Мектеп жайлы қалай ойлайсыңдар .
мектеп біздің екінші үйіміз жайында шығарма жазамыз. |
||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | А.Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым? | ||
Мақсаты |
1. Білімділік: А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстыру. Әр мәтінің мазмұның түсіндіре отырып, оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру. Мәтіндердің негізгі идиясы, тақырыбын ашу; |
||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Желкілдеген желменен, Жел егінді тербеген. Өсірді оны дихандар, Тамшылаған терменен. 31.Жаздық, жаздық өзіміз, Талды әбден көзіміз. Әуенімен әндердің Әдемі қимыл жасаймыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |