» » Сауат ашу 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан Атамұра

Сауат ашу 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан Атамұра

18 октябрь 2016, Вторник
1 560
0

Сауат ашу (оқу, жазу)

1-сынып

Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы
Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері:

 

Құттықтау, білім қажеттілігін айту,

Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық, достық деген ұғымдарды өмір мен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы бейбіт өмір сүруіміздің негізгі тірегі болып табылатын дығын түсіндіру. Сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге ынталандыру.

Күтілетін нәтиже
+ Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Блалар сендер бейбітшілік дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Әңгіме жүргізу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Сол бойынша сұрақтар қою.Сөйлету.

 

1. Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару.2. ҚР-ның президентінің сөзімен таныстыруАйналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» -аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын! Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

Қазақстан Республикасының президенті: Н. Назарбаев.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді, шашағандары

 

басылады

ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:

 

Бейбітшілік құсын бояңдар.

Оқушылар бояған суреттерін тақтаға іліп, сезімдерімен бөліседі.

 

Үйге тапсырма Тағы қандай құстарды білесіңдер?Суретін салу. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Мектеп. Сынып. Оқу құралдары. Сөйлем
Мақсаты Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, балаларды сөйлетуге машықтандыру.Ауызша алған білімдерін нақтылай түсу.

 

1. Айналамен таныстыру. Мектеп, мұғалім, оқушы ұғымдарымен таныстыру. Оқу құралдарымен таныстыру.Сөйлем туралы түсінік беру.

2. Ой-өрісін, тілін дамыту. Танымдылық қабілетін арттыру.Сөздік қорларын молайту. Сөйлем құрауға үйрету.

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

 

 

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сабаққа қажетті құралдардың атаңдар. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

 

а) Сұрақ-жауап әдісімен білімін тексеру.

- Балалар, біз қайда келдік?

-Біз Мектепке келдік.

- Мектепке не үшін келдік?

-Оқып, Білім алу үшін.

- Біз қазір қайда оқимыз?

-Сыныпта.

- Сыныпта нелер бар?

- Сынып іші қандай?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру.

Дәптер, қалам, сызғыш, өшіргіш, пенал, портфель, бояу т.б.

-Оқу Құралдарды қалай пайдаланамыз?

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру: дыбыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс,

сөз, сөздің буынға бөлінуі, сөйлем

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді, шашағандары

 

басылады

ой толғаныс -Балалар, Кәне, кім оқу құралдарын атап береді?

 

-Дәптер Не үшін керек?

-Қандай Дәптердің түрлерімен таныстық?

-Пенал Деген не?

-Оқу Құралдарын неге салып тасимыз?

-Бояумен Не істейміз?

В. Бекіту кезеңі.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Қорытынды -Оқушы Мектепте не істейді?

 

-Оқу Құралдары - сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Мектептің спорт алаңы. Сөйлем
Мақсаты Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.

 

Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.Мектеп ішінде жүріп -тұру ережесін үйренуге баулу.

Күтілетін нәтиже
+ Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Оқушылардан дененің сау болуы үшін не істеу керектігін сұрау. а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

 

ә) Серуенге алып шығу. (мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)

Сергіту сәті: б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.

Мағынаны тану Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

 

Қосымша тапсырма.

Біз қандай спорт түрлерін білеміз?

Олар қандай жерлерде өтеді? Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді, шашағандары

 

басылады

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2021-2022