Әліппе 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Менің Отаным — Қазақстан | |||
Сілтеме | Әліппе оқулығының әдістемесі | |||
Сабақтың жабдығы | Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту; Сабақтың әдістері: Сұрақ — жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау |
|||
Топқа бөлу | Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | «Қызықты ұйқастар» 1. Өрмекші құрды тұзақ Менің ұлтым… /қазақ/ 2. Аман болсын қарттар Суықты болар…/қаңтар/ 3. Құт — береке жауғыз, Келе жатқан…/наурыз/ 4. Ашытылған қамыр Мерекелі… /мамыр/ 5. Суда жүзер сазан Айдың бірі… /қазан/ 6. Биіктеуде жас қала, Бас қаламыз… /Астана/ 7. Менің досым салмақты Бұрынғы астанамыз…/Алматы/ 8. Партаның бетін жырма Күзде басталады…/қырман/ 9. Тынықтырар түн Қуаныш сыйлар…/күн/ |
— Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі. |
||
Үй тапсырмасын сұрау | Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі) |
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/ Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым — қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар. |
||
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу |
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық — орындаушылық кезең. 1. Суретпен жұмыс. 2. Оқулықтан тыс жұмыс. Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі: Мұнай Ілеспе газ Хром рудасы Ферро қорытпа Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар: Никель Мыс Мұнай Конденсат Хромит рудасы Алтын Асбест Фосфорит 3. Оқулықпен жұмыс. «Менің Отаным — Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады. 4. Дәптермен жұмыс. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей Түрікменстан Өзбекстан Қырғызстан Қытай |
|||
Ой толғаныс | ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық — бағалау кезеңі. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ) Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады.) |
1. Қазақстан жері кең байтақ 2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен 3. Астанасы – Алматы 4. Ұлты қазақ 5. Пайдалы қазбаларға өте бай 6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі 7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық — өзендер 8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері 9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі 10. Менің Отаным – Қазақстан |
||
Үй тапсырмасы | «Менің Отаным — Қазақстан» мазмұнын айту | Күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Мадақтау | Смайликтерді жабыстырады | ||
Кері байланыс | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Отбасы (Сөз) | |||
Сілтеме | Ғаламтор | |||
Сабақтың жабдығы | отбасы мүшелерінің суреті. | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
а\Білімділігі.Оқушыларға отбасы жайында,бір — бірімен қарым – қатынасы, көмегі, үлгі-өнегесі туралы мағлұмат беру,сөз туралы түсінік қалыптастыру.
ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,өз кінасын мойындап,қатесін түзете білуге , жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.Ұсақ моторикаларын дамыту.
|
|||
Топқа бөлу | Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу | |||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достар, Қайырлы таң болсын. Бүгінгі күнің сәтті Сәттілікке толсын |
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
||
Үй тапсырмасын сұрау |
Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
Сергіту сәті .Фонетикалық жаттығу «Түтікше» |
— Түтікше қалай дыбыстайды? (Ду-ду-ду) | ||
Мағынаны тану
|
1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың–өз отбасы туралы сұрау. 2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. — Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау. Отбасы Анаң-үнің, жүрегің, Әкең-өмір тірегің. Сен –бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Әке,ана, әже,ата,әпке т.б сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.- |
|||
Сергіту сәті | Сергіту сәті .Саусақ гимнастикасы «Достар» | Оқушылар саусақтарын жаттықтырады. | ||
Ой толғаныс |
«Мынау кім?» Дидактикалық ойын арқылы толықтыру.
Сурет бойынша сөз, сөйлем құрату. Менің әжем ою ойды. ___ ___ ___ ___. Атам кітап оқыды._____ ____ ____. |
5.Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу |
||
Бағалау | Мадақтау | Смайликтерді жабыстыру | ||
Кері байланыс | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері (Сөйлем) | |||
Сілтеме | Ғаламтор,әдістеме құралы | |||
Сабақтың жабдығы | Суреттер,сызбалар | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
Білімділік:Оқушыларға үй мүліктері және олардың қолданылуы жайлы түсінік беріп, таныстыру; Дамытушылық: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, үй мүлкі жайлы түсініктеріндамыту; Тәрбиелік: Оқушыларға сыныптастарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Әдіс — тәсілі: түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелеу, көрнекілік |
|||
Топқа бөлу | Пазл арқылы топтарға бөлінеді | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару Сабаққа қажетті оқу — құралдарын дайындау Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау |
Көжегім тұршы, Бетіңді жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Киіміңді киші, Мектепке қарай жүрші. Орныңа отыршы, Сабағыңды оқышы. |
||
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Отбасы жайлы әңгімелету. |
Оқушылар білгендерін айтады |
||
Қызығушылықты ояту
|
— Балалар үйлеріңде қандай үй мүліктерін білесіңдер? Атап көрейікші. — Үстел, сөре, шкаф, теледидар т. б. Жұмбақ жасырамын: Төрт аяғы, арқасы бар, Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (Орындық) Сырты жаз, іші қыс, Бұл не? (Тоңазытқыш) Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды. (Сандық) |
|||
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу |
Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы суреттерді таныстырамын. Диван, сөре. Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратамын. Оқулықтағы мазмұнды суретке тоқталамын. Сөйлемдер құратамын. Оларды не үшін пайдаланатыны туралы әңгімелетемін. Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын. Әр сөзде неше дыбыс, неше буын барына көңіл аудартамын. Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген суреттерді боятамын. Дәптердің 5 — бетіндегі тапсырмаларды орындатамын. Жазу жұмысы кезінде оқушылардың саусақтарын шынықтыру. |
|||
Ой толғаныс | Әр оқушы өзі тұтынып жүрген үй мүліктері туралы әңгімелеп береді. | Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздері құраған сөйлемдердің сызбасын жасайды. | ||
Үй тапсырмасы | Суреттермен жұмыс жасау. | Күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Бағалау — мадақтау | Фигураларды алады | ||
Кері байланыс | ||||