» » Қазақ тілі 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова (барлығы 136 сағат)

Қазақ тілі 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова (барлығы 136 сағат)

20 октябрь 2016, Четверг
3 738
0

1-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы 1-сыныпта өткенді қайталау
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-
 

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

1-сыныпта өткен ережелерді сұрау.
Қызығушылықты ояту «Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы сендердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
— Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу)
1 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір — бірімен қалай жазылады?
2 — оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3 — оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?
4 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады?
5 — оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
6 — оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?
Енді бәріміз «Ұшты — ұшты» ойынын ойнаймыз
Мағынаны тану

 

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп тастау.

 

Шығармашылыққа тапсырма

1 — парақша «Балалар» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2 — парақша «Ойыншықтар» сөзімен сөйлем құрау.

Фонетикалық жаттығу.
— Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш

Дарынды оқушымен жұмыс

Бес жолды өлең құрастырыңдар

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

 

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс Жұмбақтарды шешіңдер.

 

Жылт — жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
Өнерде бар, Талапта жоқ.
Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)
Мейізде бар, өрікте жоқ.
Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Смайликтер арқылы
         

 

 

2-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сөйлем және сөз
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер.
Жалпы мақсаттар 1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру.

 

2. Сөз  белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату.

3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті қағаздар үлестіріледі. Қағаздың түсіне сай 3 топқа бөлініп отырады.
Ынтымақтастық атмосферасы Ұзын құлақ сұр қоян,

 

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып  жүгірді.

 

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

Үй жұмысы дәптерлерін тексеру
Қызығушылықты ояту Әлемдегі бар  дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын  айтылған ұғымдарды еске түсіреді.

 

-Қазір мен сендерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңдар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз.

Теңіз де тартылады,                     Жер болып тау шөгеді,

Мұхит да сарқылады.                  Жайқалған бау семеді.

Құлайды орман- тоғай,                Көз жастан қақ қалады…

Қирайды орда- сарай.                   Сонда не сақталады?

Мәңгілік …(сөз) қалады.

 

Дыбыстар Сөздер Сөйлем
Т,ү,й,е,м,а,л,д,ы,ң,ү,л,к,е,н,і Түйе

 

Мал

үлкен

Түйе- малдың үлкені.
Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады. Әрқайсысы  белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді. Белгілі бір ойды бейнелейді.Сөздердің саны әр түрлі болады.

Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.

Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.

 

 

Мағынаны тану

 

Мәтінді тізбектеп оқу

Тапсырмалар орындау
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындатуКарточкамен жұмысСабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:

 

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

                                     №1

 

 

Еңбексүйгіш…….

Ерте шығып…..,                    (құмырсқа, жұмысқа)

Жазда астық…,

Толтырады ас…..                  (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш….,

Рақатқа…..                              (жатады, батады)

(Н.Жанаев)

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020