» » Химия 9-сынып ҚМЖ Қысқа мерзімдік жоспар

Химия 9-сынып ҚМЖ Қысқа мерзімдік жоспар

08 ноябрь 2016, Вторник
1 599
0

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Электролиттер мен бейэлектролиттер
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың  мазмұнын ашу арқылы  түсінеді,  есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйренеді.оқушы ойлау қабілеттерін дамытадыу, сөйлеу тілдерін байытады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Топқа тапсырма

 

Сөзжұмбақ құрастыру

Постер қорғау

Ребус

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.

 

  • Ертіндіде тоқ өткізетін заттар – электролиттер деп аталады.
  • Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп аталады.

Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді.

Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды.

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Практикалық жұмыс.

Ой толғаныс БББ кестесі

 

 

Білем Білдім Білгім келеді
     
Үйге тапсырма Берілген тапсырманы түсіндіру Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Күшті және әлсіз электролиттер.

 

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі

Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырып жайлы түсінік алады, тақырыптың мазмұнын игеру арқылы  топпен талқылау арқылы  ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Топқа тапсырма

 

Сөзжұмбақ құрастыру

Постер қорғау

Ребус

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

 

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Күшті және әлсіз электролиттер Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама -иссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттіңдиссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі.

  1. Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дөрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы: HN03 91%, NaCl 84%, HC1 92%, КОН жәнө NaOH 84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сүйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды.
  2. Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% аралығында болады. Мысалы: Н3Р04 26%, HN02 6,5%, т.с.с.
  3. Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке кышкылы) 1,3%, NH4OH (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2С03 (көмір қышқылы) 0,171’/о, H2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.

Айта кететін жағдай, тамаққа қосылатын қышқылдар — сірке қышқылылимон қышқылыалма қышқылы, сол сияқты дәрі ретінде қолданылатын бор қышқылы, ацетилсалицил қышқылы (аспирин) әлсіз электролиттерге жатады. Судың диссоциациялану дөрежесі (бөлме температурасында) =10~9, яғни бір миллиард молекуладан біреуі ғана диссоциацияланады. Сондықтан оның диссоциациялану теңдеуін жазбай молекула түрінде бейнелейді.

Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты, олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрациялы сірке кышқылының ерітіндісіне электр өткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне косамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке кышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланысты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоцияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.

Электролиттердің иондарға ыдырауының сандық мәні диссоциациялану дәрежесі арқылы өрнектеледі. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — иондарға ыдыраған молекула санының жалпы молекула санына қатынасы. Электролиттерді диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай 3-ке бөледі: күшті, орташа, әлсіз электролиттер.

Ой толғаныс БББ кестесі

 

 

Білем Білдім Білгім келеді
     
Үйге тапсырма Берілген тапсырманы түсіндіру Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020