Химия 8 сынып ҚМЖ сабақ жоспарлары
Пән: химия
Сынып: 8
Сабақ тақырыбы: Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық формула, химиялық элементтердің атомдарының валенттілігін, зат құрамының тұрақтылық заңын түсіндіру.
Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу. Заттардың химиялық формуласын құруды үйрену.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі : баяндау, сұрақ – жауап
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру
- Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары
Өткен тақырыптарға пысықтау тапсырмалары (есептер):
- Зат мөлшерін анықтау
- Зат мөлшері арқылы заттың массасын табу.
- Мольдік массаны анықтау.
Сабақтың барысы:
- Заттың химиялық формуласын құру:
- Валенттіліктерін үстіне қойыңдар (кестеден қараңдар): Н О
- Элементтердің үстіндегі сандарды көбейтіңдер. Шыққан санды Н –тің үстіндегі санға бөліп, Н-тың төменгі индекске (Нх) жазыңдар.
- Шыққан санды (көбейтіндіні) О валенттілік санына бөліп, шыққан санды О-тің төменгі индекске (Ох) жазыңдар.
- Заттың химиялық формуласын жазыңдар: НхОх.
- Есеп№1.
СаО құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын (СаО құрамындағы кальций мен оттек қандай массалық қатынаста әрекеттескен) анықтаңдар.
Үлгі: m(Са) : m(О)=40 : 16=2.5:1 немесе Аr(Са): Ar(О)= 40 : 16=2.5:1
Есеп №2 (өздерің шығарыңдар).
NaCl құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңдар.
Есеп №3.
СаО түзілу үшін Са 6г және О 5 г алынды. Түзілген заттың құрамындағы қай зат артық алынды? Жауаптарыңды есептеп дәлелдеңдер.
- «Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті» деген анықтаманы келесі мысал негізінде түсіндіріңдер:
СаСl2
Қосымша материал.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Ақырғы деңгей электрон саны = топ нөмеріне сәйкес (валенттілікке сәйкес).
|
Жаңа тақырыпты бекіту:
жаттығулар беріледі.
Үйге тапсырма: § 9,11,13. 10 тапсырма, 36б., есеп №9, 40б..
Бағалау
Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі.
Зат құрамының тұрақтылық заңы.
8 сынып
химия
Келесі тапсырмаларды дәптерлеріңе орындаңдар (қосымша материалмен танысыңдар):
- Заттың химиялық формуласын құру:
- Валенттіліктерін үстіне қойыңдар (кестеден қараңдар): Н О
- Элементтердің үстіндегі сандарды көбейтіңдер. Шыққан санды Н –тің үстіндегі санға бөліп, Н-тың төменгі индекске (Нх) жазыңдар.
- Шыққан санды (көбейтіндіні) О валенттілік санына бөліп, шыққан санды О-тің төменгі индекске (Ох) жазыңдар.
- Заттың химиялық формуласын жазыңдар: НхОх.
- Есептерді (№2,3) шығарыңдар:
Есеп№1. Есептің шығарылу жолымен танысыңдар (ауызша).
СаО құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын (СаО құрамындағы кальций мен оттек қандай массалық қатынаста әрекеттескен) анықтаңдар.
Үлгі: m(Са) : m(О)=40 : 16=2.5:1 немесе Аr(Са): Ar(О)= 40 : 16=2.5:1
Есеп №2 (өздерің шығарыңдар).
NaCl құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңдар.
Есеп №3.
СаО түзілу үшін Са 6г және О 5 г алынды. Түзілген заттың құрамындағы қай зат артық алынды? Жауаптарыңды есептеп дәлелдеңдер.
- «Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті» деген анықтаманы келесі мысал негізінде түсіндіріңдер (ауызша):
СаСl2
Қосымша материал.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Ақырғы деңгей электрон саны = топ нөмеріне сәйкес (валенттілікке сәйкес).
Ескерту* Дәптерге 1.деп жазып, бірден тапсырманы орындай бересіңдер. |
Химиядан сабақ жоспары
Сыныбы 8
Тақырыбы |
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер.
Көрсетілім №2 (2.1) «Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі». |
уақыт |
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
|
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау;
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу, химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару,есеп шығару білім-білік дағдыларын жетілдіру; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру |
|
Сабақ типі: | Жаңа сабақ. | |
Сабақ өткізілу түрі: | Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу,дәптермен жұмыс, алгоритммен жұмыс | |
Құралдар мен реактивтер: | интерактивті тақта, 10-ЕТЖ-1, ХЭПЖ, кітап, дәптер. | |
Ұйымдастыру
кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: |
Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. Периодтық кесте бойынша элементтердің жіктелуі туралы түсіндіріп беру. |
5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: |
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация ) Білімділік міндеттері: . -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; — оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Химияның бастапқы ұғымдары 1.Білімді жаңғырту: 1. Фронталды әңгімелесу: ü Атом ,молекула, химиялық элемент деген не?Анықтама беріңдер; ü Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: калий, магний, алюминий. |
3-4 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; — оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; — оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 2.Мұғалімнің түсіндіруі: Жаңа сабақты түсіндіру: 2. Алгоритммен жұмыс 3.Нашарүлгеретін оқушыларға көңіл аудару. |
|
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі: |
Білімділік мақсаты:
— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; — кеткен кемшілікті жою жұмыстары; — 1. Периодтық кестемен танысып, өз білетіндерін айту. Бұрыннан таныс емес мәліметтерді табу (периодтық кестедегі сандар, химиялық элементтер топтары, оттекті және сутектік қосылыстары). Алгоритммен жұмыс
|
20-22
|
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
|
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; · Атом – күрделі өте кішкентай бөлшек · Молекула –бұл жай немесе күрделі заттың құрамы мен химиялық қасиетін сақтайтын, кішкентай бөлшектер · Химиялық элемент –ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі. · 1 мольдің массасы — бұл молярлық масса · Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар, алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады: құрам тұрақтылық заңы · Әрбір молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы болады. 23 · Кез-келген заттың 1 молінде 6.02*10 бөлшек болады · Бұл Авогадро саны · Бірдей жағдайда әртүрлі газдың бірдей көлеміндегі молекула саны да бірдей. Бұл Авогадро заңы. |
2-3
|
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: |
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау. -оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу. |
3-4 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі: |
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын беру. |
1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. | — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. | 1-2 |