» » Ана тілі 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Атамұра 4 сағ/апта. Барлығы 136 сағ. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова

Ана тілі 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Атамұра 4 сағ/апта. Барлығы 136 сағ. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова

08 ноябрь 2016, Вторник
746
0

Ана тілі    4  класс  (Атамұра)

С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.

                         І бөлім.  Халық ауыз әдебиеті үлгілері

№1. Сабақтың  тақырыбы:  Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан.

Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне,  өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Әдісі:  сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

 Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ  Кіріспе:  1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

  1. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.

Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?

 

  1. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с

сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.

Тобасы – бұл  жерде: тілегі.

Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

  1. сұрақ – жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?
  2. талдау:  Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?

(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе – жек.)

Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

  1. Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.

Толықсып келген   қалмақты, Толғап Тарғын  салады.

Домбауыл барып  құлады,  Туы қолдан  сұлады.

Ү. Қорыту: 1. Ер Тарғынды және  Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.                                                             

  1. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?

ҮІ. Үйге тапсырма:  3-6 бет, жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

 

         № 2.   Тақырыбы:  Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)

     Мақсаты:  Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

    Сабақтың түрі: аралас.    Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау  сезімін дамыту.

  Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

  Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа  толтырады.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,  Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,  Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.   Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?  Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІІІ. Өткенді пысықтау:  Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Жаңа сабақ:  1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?

  1. Оқулықпен жұмыс: Жырды  түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?
  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар – зират, мола.

Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.

Шері – жолбарыс

Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.

Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?

  1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып,        Құлағын жымып жапырды.

 Көріктей ашып ауызын,        Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп,             Нар маядай бақырды.

Бүркіттей жазып тырнағын,   Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)

ҮІ. Қорыту:  1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат әсірелеу
мойны алтын табақтай
құлағы қамыстай
Төрт аяғы қазықтай
тұяғы төңкерген кеседей
сұлулығы сүмбідей

2.

 

 

ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020