» » Еңбекке баулу 3-сынып. Күнделік сабақ жоспарлар. 2 сағ/апта. 68 сағ.

Еңбекке баулу 3-сынып. Күнделік сабақ жоспарлар. 2 сағ/апта. 68 сағ.

08 ноябрь 2016, Вторник
1 681
0

3 –сынып. Еңбекке баулу.

№ 1. Сабақ   тақырыбы: Кіріспе (оқулықпен таныстыру)

 

№ 2. Тақырыбы: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Мақсаты: Жұмыс  орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:  жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі:  суреттер.  Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:  Жұмыс  орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру.   —  сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/;  — құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; — тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану;  — техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда  дереу мұғалімге хабарлау.

Сергіту сәті. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей; 2. Сұрақтарға жауап алу . 3. Тапсырмаларды орындау.

Бекіту кезеңі:Қорытындылау.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5бет түсініп оқу.2. Бағалау

 

№ 3  Тақырыбы:  Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты:   А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау;  ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп   айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға  ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім?  Ол  туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы  суреттер сыры неде?

ІІІ. Жаңа сабақ:  1. Кіріспе:  Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті  бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу.   3. Дәптермен жұмыс  ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір)  4. Сөзік жұмыс жүргізу  «Іздеп тауып алалық – бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

  1. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу.  а) оқуға шақыру. ә)  еңбек іс —  әрекеті. б) даналық . 2. Даналық  сөзін басқаша қалай айтуға болады?  Алмастырып көр.   (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе?  Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады?  Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
  2. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір.

1.Даналық, оқу, білім, т.б сөздер неліктен құмырсқа  түрінде көрсетілген деп ойлайсың?

2.«Даналық  — өшпес жарық, кетпес байлық»  қалай түсінесң?   Сызба арқылы көрсете аласың ба? VІ   Үйге тапсырма: жаттап ал,  «Ахмет»  сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.

 

№ 5. Тақырыбы:  Өздік жұмыс. Схема бойынша көжек құрастыру.

Мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  аралас. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

  1. Мақсатын қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
  2. Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 – сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал – мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс. 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

 VІI Бекіту кезеңі:Қорытындылау . VIII  Үйге тапсырма:  1. 12 – 13 бет оқу. 2. Бағалау.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021