» » Ана тілі 3-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. 4 сағ/апта. 136 сағ.

Ана тілі 3-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. 4 сағ/апта. 136 сағ.

08 ноябрь 2016, Вторник
862
0

Ана тілі,     3 сынып

     І бөлім.  Талаптан да, білім мен өнер үйрен.

 

№1. Сабақтың  тақырыбы:Әліппенің атасы. (А. Байтұрсынов жинағынан)

Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайлы түсінік бере отырып,  сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау. Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау;  Зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып, білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.

 Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

 Көрнекілігі : Кітап, Ахмет Байтұрсынұлы суреті, суреттер, сызба

 Әдісі:  іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

 Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.     Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыра кету. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

  1. Кітаппен жұмыс:  суретке зер  салып «Білімді», «Білімсіз» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы тақырыпты ашу.
  2. « Кім жылдам?» ойыны арқылы шарларды ұстау арқылы мақал құрастыру.

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» (шардың түсіне мән бер, неліктен солай екенін түсіндір.)

Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: 1. Білім көзі – «Әліппеде», осы пікірмен келісесің бе? Өз көзқарасыңды білдір. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) 2. Берілген сурет топтамасымен  жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) — ақын, ағартушы, ғалым. Қостанай облысында туған. «Әліппе» оқулығын жазған.

  1. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

( Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)

Сөздік жұмыс жүргізу: «жер аудару, сөз мұрасы».

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығырақ  әңгімеле. Он жастадеген сөз неге қарамен жазылған деп ойлайсың? Білім алу не үшін керек екен?

Ү. Қорыту: Білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

 

         №2.   Тақырыбы:  Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы

     Мақсаты:  А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

    Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

    Әдісі:  түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

—  Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

—  Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ .Жаңа сабақ:  1. КіріспеАхмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр.   2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған  сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)  4.сөздік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық— бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық.    2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б.сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?

ҮІ.Үйге тапсырма:  Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр.  Бағалау.

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020