» » Ана тілі 2 сынып. Күнделік жоспарлар. Барлығы 136 сағат, аптасына-4 сағаттан.

Ана тілі 2 сынып. Күнделік жоспарлар. Барлығы 136 сағат, аптасына-4 сағаттан.

08 ноябрь 2016, Вторник
682
0

 Ана тілі

№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу

Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.

 

№3.   Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2.  Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі:  түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» — бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың  бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ  түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты
 

 

 

 

ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту.  Бағалау.

 

№  4. Тақырыбы: Мектеп — біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер

Мақсаты:Ө.Тұрманжановтың Мектеп біздің  анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға,Ж.Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық

қой,шіркін , туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру.Тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу. Туған жерін, елін ,жерін сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ж.Аймауытов, Ө.Тұрманжанов суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда»  өлеңін мәнерлеп оқу,сұрақтарға жауап алу.ІІІ. Өткенді қорыту:Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу

ІY. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық .

Ү Жаңа сабақ:а/Ж.Аймауытов өмірімен таныстыру.ә/ өлеңді  , тақырыпты мәнерлеп оқу.б/ сұрақтарға жауап  алу.в/ сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс.

тақырыпты оқу   1. іштей оқу  2. тізбектей оқу 3 .тауып оқу /қуаныш,сүйсініс,өкініш,мақтаныш/.  Дәптермен жұмыс ,  д/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Ж.Аймауытов кім?

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқып келу . 2.  Бағалау.

 

№5. А.Байтұрсынұлы .Мен қалай оқуға бардым?

 

Тақырыбы:А.Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты.

Мақсаты: А.Байтұрсуновтың Мен қалай оқуға бардым? әңгімесін оқи отырып, автордың оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы, ал Екі балық. Ата  насихаты. әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А.Байтұрсунов суреті,  өмірі жайлы қасқаша түсінк, мақал-мәтелдер.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Жиырма тиын. 1.әңгімені оқыту 2.сұрақтарға жауап алу.3.мазмұнын сұрау

ІІІ.Өткенді пысықтау:әңгімедегі ең басты кейіпкер кім? Алтайдың Қанатқа көмектескенін қалай қарайсыңдар?Алтайға қандай мінездеме берер едіңдңр?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі :А. Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата  насихаты

Ү. Жаңа сабақ:а/ А.Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын. Қостанай облысы, Торғай атырабында Сартүбек  жерінде дүниеге келген. Тұңғыш қазақ әліппесін жазды. ә/ «Мен қалай оқуға бардым» әңгімесін оқи отырып, автордың атынан берңлңп отырғандығы, оның  оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы түсінік беру.б/ «Екі балықшы» әңгімесін оқи отырып, кертартпалық жайлы түсіндіру.в/ «Ата насихаты» әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

ҮІІ.Білімдерін тексеру:а/әңгімелерді оқуіштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ә/ Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі

б/ Сұрақтарға жауап алу.в/ Тапсырмаларды орындау.г/ нақыл сөздерді оқып мағынасын ашу.Керіскеннің кесірі – келесінді кетірер.Тіршіліктің күші – бірлікте.д/ Дәптермен жұмыс.Осы сөздерді жазу.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.бағалау

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020