Войти на сайт Регистрация

Ана тілі 4 сынып. ҚМЖ. қысқа мерзім жоспарлары

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ер Тарғын (жырдан үзінді)
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1.      Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.

 

2.      Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.

3.      Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.

4.      Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Енді “Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э

 

Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.

Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.

—         Жыр кімнің атынан баяндалған?

—         Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.

Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.

Мағынаны тану
Ой толғаныс Топпен жұмыс:

 

І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?

Жырда қандай батырлар бар?

Оқиға қай заманда болған?

Тарғын кіммен кездесті?

Не үшін кездесті?

Оның сырт бейнесінен нені байқадың?

ІІ топтың сұрағы:  Домбауыл қай елдің батыры?

Ол қандай адам деп ойлайсың?

Саған үнады ма?

Жоқ әлде ұнамады ма?

Неге ұнамады?

ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.

Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?

Дұрыс па? Неге?

Келісесің бе?

Келіспейсің бе?

Үйге тапсырма Жырдан үзінді жаттау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Похожие статьи:
Ана тілі 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Атамұра 4 сағ/апта. Барлығы 136 сағ. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова

Ана тілі 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Атамұра 4 сағ/апта. Барлығы 136 сағ. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова

Ана тілі    4  класс  (Атамұра) С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова....
МАТЕМАТИКА 1-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан

МАТЕМАТИКА 1-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан

«Математика» білім саласы   МАТЕМАТИКА 1-сынып (Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан     Пәннің аты Уақыты:...
Қазақ әдебиеті 7-сынып ҚМЖ Қысқа мерзімдік жоспар орыс сыныптарына

Қазақ әдебиеті 7-сынып ҚМЖ Қысқа мерзімдік жоспар орыс сыныптарына

Оқу ісінің меңгерушісі: Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақтың атауы Батырлар жыры Мақсаты   Күтілетін нәтиже Тақырыптың ...
Математика 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан Атамұра

Математика 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан Атамұра

«Математика» білім саласы   МАТЕМАТИКА 1-сынып (Барлығы – 132 сағат, аптасына 4 сағаттан     Пәннің аты Уақыты:...
Сауат ашу 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан Атамұра

Сауат ашу 1-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан Атамұра

Сауат ашу (оқу, жазу) 1-сынып Барлығы - 231 сағат, аптасына 7 сағаттан   Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақтың атауы Білім...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
КРАТКОСРОЧНОЕ КТП ОМЖ ОРТА ПЛАНЫ ПОУРОЧНЫЕ СРЕДНЕСРОЧНОЕ ксп ссп ҚМЖ