» » Дүниетану 3 сынып күнделік сабақ жоспарлары

Дүниетану 3 сынып күнделік сабақ жоспарлары

08 ноябрь 2016, Вторник
734
0

1 — САБАҚ

 

   Сабақтың тақырыбы: Адам организмі.

   Сабақтың мақсаты: балалардың адам ағзасының құрылымы, салауатты өмір салты, дене шынықтыру туралы білімдерін шыңдау.

   Сабақтың көрнекілігі: «Дені саудың — жаны сау» деп аталатын плакат, карточкалар.

   Сабақтың барысы:

  1. IҚызығушылықты ояту.

Плакаттағы жазуды оқы:

  • Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесің?
  • Денсаулық туралы тағы қандай мақалдар білесің?
  1. Тақырыпқа кіріспе.

— Дені сау адам дегенді қалай түсінесің?

— Дені сау адамды сипаттап бер.

— Дені сау адам — бұл …

Мұғалім: «мығым, күшті, семіз, ебедейсіз, көңілді, шапшаң, әдемі, бүкір, қызылшырайлы, сымбатты …», т.б. тірек сөздер жазылған карточкаларды көрсетеді.

Балалар «Дені сау адам» деген тақырыпта сурет салса да болады.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

Жақсы       Жаман

  • 1
  • 2
  • 3

Топпен жұмыс.

Денсаулықты сақтау ережелерін қайталау. Табиғат дәрігерлерінің кеңестері:

1-топ — «Су» дәрігердің кеңесі.

2-топ — «Таза ауа» дәрігердің кеңесі.

3-топ — «Жаттығу» дәрігердің кеңесі.

4-топ — «Дене сұлулығы» дәрігердің кеңесі.

5-топ — «Дұрыс тамақтану» дәрігердің кеңесі.

6-топ — «Демалыс» дәрігердің кеңесі.

Әр топ осы кеңестердің адам денсаулығын сақтауда қандай рөл атқаратынын айтып береді.

   III. Оқулық бойынша жұмыс.

«Адам организмі» мәтінін оқу.

  1. IV. Сабақты қорыту.
  2. Сабақ соңында «Спорт — денсаулың кепілі» деген тақырыпта көңілді тапқырлар жарысын, викторина немесе тест, «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруге болады.

Негештің сұрағы:

— Адам неге өз денсаулығын сақтауы тиіс?

2-САБАҚ

 

   Сабақтың тақырыбы: Қаңқа — дененің тірегі.

   Сабақтың мақсаты: Балаларға адам организмінің тірегі болып табылатын қаңқа жөнінде жалпы түсінік беріп, оның құрылымымен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету, тазалық дағдыларын, байқампаздың қабілетін дамыту.

   Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты.

   Сабақтың барысы:

  1. I. Қызығушылықты ояту.

   Өзекті сұрақ.

Біз адам — табиғаттың бір бөлшегі екенін білеміз. Ол еңбек етеді, ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді («Адамның дене құрылымы» атты кестені ілеміз).

Адамның барлық дене мүшелерінің бір-бірімен мықты байланыста екенін дәлелде. Адам организмі біртұтас дүние деуге бола ма?

  1. IIЖүзеге асыру.
  2. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Балалар басын, маңдайын, желкесін, шынтағын, тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.

  • Сендер нені ұстап көрдіңдер? (Сүйектерді)
  • Олар қандай екен? (Қатты, мығым)

Қорытынды. Сүйектер бір-бірімен мықты байланысып тұр, солардан қаңқа құралады.

  1. «Қаңқа» плакаты бойынша жұмыс істеу.

— Қаңқаның бөліктерін ажырата білу керек.
Оқулықтағы тапсырма бойынша тәжірибе жұмысы.

  1. Мәтінді оқу, адам қаңқасы және дұрыс отыру туралы негізгі ойларды анықтау.

— Мәтін бойынша әңгімелесу.

— Адам қаңңасы қандай рөл атқарады?

  1. Негештің сұрағы:

— Адам неге құлаудан, бір жерін соғып алудан сақтануы қажет?

Балалар сабақта өздері жасаған бақылау нәтижесі бойынша қорытынды шығарады, сызба құрастырады.

Қаңқа дене тұлғасын құрайды, қозғалысты қамтамасыз етіп, маңызды ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды. Қаңқа қол мен аяқ, бас, кеуде мен барлық дене мүшелері үшін тірек рөлін атқарады. Адам денесінің сымбаттылығы да қаңқаға байланысты.

Адам дұрыс отыруға, дұрыс жүріп-тұруға дағдылануы үшін не істеуі қажет?

Дұрыс жүріп-тұрмау салдарынан жүрек, өкпе мен ішкі ағзалар қызметі бұзыла ма?

 

   Үй тапсырмасы. Дене сымбатын сақтау ережелерін қалыптастыру. «Қаңқа — дененің тірегі» мәтінін оқу.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020