» » Дүниетану 3-сынып. Күнделік жоспарлар. 2сағ/апта. 68 сағ.

Дүниетану 3-сынып. Күнделік жоспарлар. 2сағ/апта. 68 сағ.

08 ноябрь 2016, Вторник
708
0

Дүниетану- 3 класс

 

№1.Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері.

Мақсаты:  Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: (Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың  барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін не қажет? Адам тіршілік ету үшін қандай жағдай қажет? Неліктен адам табиғат перзенті дейміз?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу

-Адам мен басқа тіршілік иелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  1. Қорытындылау
  2. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Адамның денесі 4 бөліктен тұрады: бас,мойын, кеуде, қол және аяқ.Адамның ішкі мүшелеріне:ми, өкпе,жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық  жатады.

1.Оқушыларға оқыту.   а) іштей  ә) дауыстап  б) теріп оқу

  1. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?

-Адам денесінің негізгі мүшелерін ата? -Адам қаңқасының бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінің аттарын ата?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 7-10 бет оқу. Бағалау.

 

№2 Тақырыбы:Денім сау болсын десең…

Максаты:  Мектептегі спорттық үйірмелер,оларға қатысудың пайдасы  жайында

оқушылар ұғымын кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге, денені шынықтыруға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

 Барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық  жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде. 2.Адамның ішкі бөлігін ата.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Адам табиғаттан нені үйренеді?

-Адамдар мен жануарлар арасындағы қамқорлықты салыстыр.

  1. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денім сау болсын десең не істеу керек?

  1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
  2. Мұғалімнің түсіндірмесі. -дене шынықтыру -денсаулық кепілі-спортпен айналысу-спорттың түрлері -спорттық және ұлттық ойындар 2.«Денім сау болсын десең»-түсіндіру

3.Сурет бойынша жұмыс. Сергіту сәті

  1. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс 11-12 бет.Оқушыларға оқыту:іштей, дауыстап-тізбектей 2.Сұрақтарға жауап алу

-Мектепте қандай спорттық үйірмелер бар? Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Қимыл-қозғалыстың қандай пайдасы бар? -Қазіргі кезде спорттың қандай жаңа түрлерін бісесің? VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 11-12 бет оқу. Әңгімелеу. Бағалау

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020