» » Дүниетану 3-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

Дүниетану 3-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

18 октябрь 2016, Вторник
4 834
0

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Кіріспе. Адам – табиғат перзенті.
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Мақсаты       мен міндеттері: табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері.

 

1.Білімділік: өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту

Сабақ түрі    жаңа тақырыпты таныстыру сабағы                 

Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

 

1.      Суреттен не тірі және өлі табиғатқа жататын ажырат .

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

Оқулық бойынша жұмыс 7-9 бет Мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу . Қорытынды жасау: Адам-табиғат перзенті.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс Сұрақтар бойынша жұмыс:

 

1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.

2. Адам табиғаттан нені үйрене

3. Бір күндегі істейтін іс-әрекерін әңгімеле.  Табиғатқа қатысы бар ма?

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ағза мүшелері.
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Түрі. Ауызша сабақ — 2
Технология «БжС»
Ауызша – 2 сабақ картасы
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
Тірек сөздерді іздеу
Жады
ҚҚС
Тесттік жұмыс
ТСҚ
Көшбасшыға сөз
Жылдамдық жаттықтыруы
V -. бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, ми, ағза.
Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.
2 кезең
Оқушылардың субъектті іс — тәжірибесін өзектендіру
Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір — ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін дайындап қояды.
3 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, ми, ағза.
4 кезең
Ұғынуды ұйымдасыру
Қарама — қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Қарама – қарсы сұрақтар:
1. Адамның дене мүшесі неше бөліктен тұрады?
2. Адамның ішкі мүшелеріне нелер жатады?
3. Ми қандай қызмет атқарады?
4. Адамның дене мүшесінің ішіндегі негізгісі не?
5. Ағза қалай жұмыс істейді?
6. Өкпе қай жерде орналасқан?
7. Ми адам дене мүшесінің қай жерінде орналасқан?
8. Бүйрек қандай қызмет атқарады?
9. ішек — қарын қандай қызмет атқарады?
10. Жүрек қай жерде орналасқан?
11. Жүрек қандай қызмет атқарады?
12. Қол — аяқ қандай қызмет атқарады?
13. Ағзаның қандай пайдасы бар?
14. Сымбатты, әдемі болып өсу үшін не қажет?
15. Көз қандай қызмет атқарады?
16. Адамда неше өкпе болады?
17. Адамда неше бүйрек болады?
18. Ішек — қарын таза болу үшін не істеу керек?
19. Денің сау болу үшін не істеу керек?
20. Тірі табиғатқа не жатады?
21. Өлі табиғатқа не жатады?
22. Жылдың неше мезгілі бар?
23. Табиғат нешеге бөлінеді?
24. Бір жылда неше ай бар?
25. Адам мен жануарлардың арасында қандай байланыс бар?
26. Спорттың қандай түрлерін білесің?
27. Спорттық ойындардың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
28. «Табиғат — ана» дегенді қалай түсінесің?
29. Адам табиғаттан не үйренеді?
30. Қандай спорттық ойындарды білесің?

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс 5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін — бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі:
1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады.
2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады.
3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса.
4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.
6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ — ның пайызы есептеледі.
Түйсіну
4 — 5 белгі — 5 ұпай
3 белгі — 4 ұпай
2 белгі — 3 ұпай
1 белгі — 2 ұпай
Қорытынды
Сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Денім сау болсын десең.

 

Кездейсоқ жағдай- ол не? (ӨҚН)

Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. 2. Тазалық және жеке бас гигиенасының мәдени дағдыларын қалыптастыру. 3. Балаларымыз сұлу да сымбатты, денсаулығы зор күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен шұғылданудың маңызын түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Денесін шыңдау, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз, қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың формасы: жеке, топпен

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: әдебиет,валеология, дене шынықтыру.

Психологиялық ахуал Армысың, асыл күн!

 

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

Сабақты бастамас бұрын «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.

Дәрігер:-Қандай себеппен келдің?

Бала:-Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.

Дәрігер:-Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?

Бала:-Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.

Дәрігер:-Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?

Бала:-Қолыма не түседі, соны жей саламын.

Дәрігер:-Нені ұнатасың?

Бала:-Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.

Дәрігер:-Оған қанша уақыт бөлесің?

Бала:-Ұйқым келгенше ойнай беремін.

Дәрігер:-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

Оқушылар: Кеш жатып, кеш тұрғандықтан, ұйқысы қанбайды.

Таза ауада аз жүреді. Компьютерде көп ойнағандықтан көзі ауырады. Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл бала күн тәртібін сақтамайды. Денсаулықты сақтау керек.

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денім сау болсын десең…»

Сабағымыздың мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Халық даналығында «Денсаулық-зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден-ақ білген. Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі сабақ береді, қабілетін анықтап, қай спортқа талабы барын қадағалап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, дойбы, хоккей, бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу,дзюдо, айкидо,таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Үлек пен тайлақ», «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

Мағынаны тану

 

І топ Спорт түрлерін және пайдасы жайлы айтып беріңдер.

ІІ топ Ұлттық ойындардың пайдасы жайлы айтыңыздар

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті Суда да біз жүземіз,

 

Тауға да біз шығамыз.

Шынығамыз жүгіріп,

Шынығамыз секіріп,

Шынығамыз адымдап,

Бір мезгіл демаламыз, дамылдап.

Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс Менің ойыным

 

Спорт Қысқы ойын түрлерін ата Қазақтың ұлттық ойындарын ата Қазақстанның бокс чемпиондарын ата
Денсаулық Денсаулық дегенді қалай түсінесің? Денсаулықтың, аяғыңның, тісіңнің қадірін қашан білесің? Тіс дәрігерін кім деп атайды?
Тамақтану «Ас атасы-нан» мақалының мазмұнын ата Шипалы тағамдарды ата Үш арсызды ата
Тазалық Жеке бас гигиенасын ата «Тазалық-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесің?

 

 

Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіз?
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі.

 

Жарақат алғандағы алғашқы көмек. Тесттік тапсырмалар

Сарамандық жұмыс

Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Мақсаты   мен міндеттері:ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

 

1.Білімділік:өзбетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық:әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік:деңсаулыққа көңіл бөлуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақ түрі         :жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер:макет адам денесі, суреттер, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

 

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

Адам денесіннің сыртында не бар?  Не үшін керек?

Осы сұрақтарға бүгін бірігіп жауап беруге тырысамыз.

Дәптермене жұмыс:

Тері

              жарақаттан               үсуден     күюден          соққыдан 

Тері

  сыртқы жағы          тері            сыңаулары

Оқулық бойынша жұмыс: 13-14 бет оқу, талдау. Дәптерге ережелерді жазу.

Үнемі теріні, денені (бас, қол-аяқ, тіс) таза ұстауға дағдылан.

Жарақат алу, күю, үсіп қалу өте ауыр болған жағдайда жедел жәрдем 103 шақыртуды ұмытпа!

«Кім жылдам?»  ойын ішкі мүшелерді атау, оқушылар суреттен көрсетеді.

Сергіту сәті Көжектерімтұршы,  беттеріңді жушы,

 

Айнаға қарашы,  шашынды тарашы.

Киімінді киші,  мектепке қарай жүрші

Орнына отыршы,  сабағынды оқышы

Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс -Тері қандай қызмет атқарады?

 

-Май мен  тердің тері арқылы шығуың ағза үшін қандай маңызы бар?

-Теріні таза ұстау жөнінде өз тәжірибеңн сүйеніп әңгімеле.

14-15 бет бойынша Жарақат алғандағы алғашқы көмекпен танысу.

Тест тапсырмалары:

1.Тері үсіген кезде

А) сылаймын   б) тілімен жалаймын   ә) жылы суға саламын   в) ақ дәкемен ораймын

2. Соғып жарақаттанғанда:

А) жылы суға малынған дәкемен ораймын

б) қыздыратын зат басамын   ә) медециналық жапсырманы басамын   в) суық суға малынған дәкемен ораймын.

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021