» » Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделік жоспар

Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделік жоспар

08 ноябрь 2016, Вторник
1 484
0

Сабақтың тақырыбыҚоңырауНӘлімқұлов.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

   Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.

   Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

   Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

а) Балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

Немесе:

ә) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

Мысалы:

а) Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

  1. Мағынаны тану.

Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды.

Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.

Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандырын байқатып, оны құрастырудағы оқушылардың жұмыстары талданады.

Сұрақтар:

— Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

— Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап (Білім күні …).

— Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің? Өз ойыңды айтып көр (болжау).

— Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? (Күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде…)

— Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).

   Қосымша мәлімет.

   Қоңырау  металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

   Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

— Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

  1. Ойтолғау.

а) Бүгінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байлапыстыра отырып эссе жазу. Немесе:

ә) Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату. Егер уақыт жетпесе, мысалды үйде аяқтауға да мүмкіншілік бар. Бұл жерде жез қоңырау мен электр қоңырауды салыстырып, мерекеде неліктен жез қоңырау құрметпен соғылатынын, оның дауысы өте жағымды екенін балалар байқамай қалуы мүмкін емес болатындай жағдай жасау.

Немесе: «… Жез қоңырау зейнеткерлікке шығып, мектеппен қоштасып, соңғы рет бізбен бірге болып еді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Міне, бүгін ол алғашқы қоңырау мерекесіне тағы келді. Оның сүйкімді даусын барлық бала тыңдады» — деп, ертегіні толықтырып жазу тапсырылады. Ертегіге ат қояды.

   Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

   Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

   Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

   Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

— Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

 

 

 

а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

  1. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

— «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

— «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

— «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

— «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

— «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де — өнер).

— «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

  1. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен — еңбек. Спорт — денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.

 

   Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстаз. Ғ. Жұмабаев.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: мәтін мазмұны арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

   Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

   Сабақтың әдісі: «Дұрыс — бұрыс тұжырымдар» кестесін толтыру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «Дұрыс — бұрыс тұжырымдар» кестесі, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, Ы. Алтынсарин, С. Көбеев портреттері.

   Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

Өтілетін тақырыптан оқушылардың өздері білмейтін жағдайлары бойынша сабақтағы жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

«Алғашқы ұстаз» мәтініне мынандай тұжырымдар алынады:

  1. 1. Өте ертеректе мектептерді:

— бай адамдар салып берген;

— халық өздері салған.

  1. Мектепте оқығысы келгендердің бәрі оқыған.
  2. Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген. Осы тұжырымдармен

№1  «Дұрыс — бұрыс тұжырымдар» кестесі арқылы жұмыс жасалады.

№1 кесте.

 

 

 

Тұжырымдар

 

 

Дейін Кейін
Мәтінді оқу
Өте ертеректе мектепті бай адамдар салдырған.

 

Өте ертеректе мектепті халың салдырған.

   
Мектептерде оқығысы келгендердің барлығы оқыған.    
Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.    

Осы тұжырымдардың дұрыстығын сұрау. Егер оқушы тұжырымды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды (оқушының алдында және тақтада дайын сызылған кесте болу керек).

  1. Мағынаны тану.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында мұғалім кестедегі тұжырымдарға мәтін мазмұны бойынша баға беруді (бұл жерде пікірін айту) және кестенің «Кейін» деген бөлігін толтыруды сұрайды. Қалай ойлайсыз, осы жұмыстан мұғалім не ұтты? Оқушы не ұтты?

Бұл тапсырманың орындалуы оқушылардың үзінділер оқып не мазмұнын айтып беруі арқылы дәлелдейді. Бала өз пікірінің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді.

  1. Ойтолғау.

Оқушылардан мұғалім рөлінде болып, олардан тағы да кестені тұжырымдармен толықтыру сұралады. Осы тапсырманы бере отырып, біз оқушыны мәтінмен жұмыс істеуге қайта әкелеміз де, өз бетімен ынталана оқуға жағдай туғызамыз.

Мысалы:

— балалар үлкендердің жұмысын жасаған;

— бала құқығы қорғалмаған;

— ұлы ұстаздарды халық сыйлаған, құрметтеген, т.б. сияқты тұжырымдар жазылуы мүмкін.

Сіз оқушыға: «Сен «Бала құқығы неге қорғалмаған?» деген тұжырымды не себептен айттың?» деген сұрақ қоясыз.

Сыныпта оқушылар бір-бірінің тұжырымдарын талдап шығады. Сіз өзіңіз де соншама көп тұжырым байқаған, жазған балаларға риза боласыз. Мәтіндегі сөздіктер мен оған арналған мақал-мәтелдер бойынша және сергіту сәті мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Бұл сабақта мұғалім бір ғана кестені тірек ретінде алып, сол кестені сабақтың үш кезеңіне де пайдалана отырып, балалардың мәтін мазмұнын толық игеруіне қол жеткізді және соңынан оқушылар Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ даласындағы алғашқы мектептердің ашылуы, оқуға қабылдау туралы мағлұматтар алады. Сабақты бүгінгі өмірмен байланыстыруға да мүмкіндік бар.

 

 

Комментарии: