» » Әдебиеттік оқу 4 – сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспары

Әдебиеттік оқу 4 – сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспары

07 ноябрь 2016, Понедельник
1 713
0

1-сабақ                     Оқу ісінің меңгерушісі:

Әдебиет      
Сабақтың атауы Қ. Ахметова. Қазағым менің.
Сілтеме Әдебиет  оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар 1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.
2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушыныңшығармашылық қиялын дамыту.
3. Еңбек етуге, ұлттық сана- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқы сұйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос
 

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Қызығушылықты ояту

 

 

« Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бала білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.
« Туған өлкен- тұнған шежіре» деген тарау тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.
-Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.
-Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?
-Қазақ халқы.
-Қазақ қандай халық?
Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.
-батыр-қонақжай-өнерлі
Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы,1 -топ батырлықты дәріптейді.
2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.
3-топ өнерлерін көрсетеді.
Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.
-Балалар, сендердің де осындай нағыз қазақ болатындарыңа мен сенің тұрмын.
Мағынаны тану

 

Мәтінді тізбектеп оқу

— Ақын Күләш Ахметова « Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.
Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып беру.
— . Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?
— Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
— Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?
Осы сұрақтар талданған кезде сабақ басындағы топтауға қайта оралып, ақынның көркемдеуіш сөздері қызыл маркермен жалғастырылып жазылады. Топтауға үңіле түсіп, балалардың сөздерімен синоимдес болған ақынның ойларын табу. Мысалы, оқушы: « батыр» десе, ақын: «жауынгер» деген екен… Бұл арқылы балалардың сезімдері ақынның ойына жақын екенін сездіру, байқату. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.
III. Қорытынды.
Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің « Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.
Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру
…Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған
Сүйетұғын қазақ осы,
Қараңдар!
Қазақ осы
Күй шығарып, Ән салып, Көкпар тартып,
Қыз қууға жаралған.
…Қазақ осы:
Дала дейтін, Күн дейтін.
Қазақ осы:
«Өнер алды-тіл» дейтін.
Қазақ осы:
Қарасың ба Ақсың ба, Қоңырсың ба,
Жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы:
Ашық, жарқын қабағы,
Қонақ келсе,
Шабылып бір қалады.
Байқа да тұр
Саған да ол кетерде
Ат мінгізіп,
Жібек шапан жабады…
Қадыр Мырза Әли
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

 

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру.
ә) сабақ басындағы топтарға қайта оралып, Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны жасыл маркермен толықтыру. Мысалы , тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші…
Енді топтаудың төбесіне « Қазағым менің» деген сөз жазылады.
— Егерде қазақ туралы тағы басқа ақындардың жазғандарын оқи берсеңдер, халқымыздың басқа да көптеген қасиеттері жазылатыны сөзсіз.
— Бүгін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?
— Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей?
— Біз өзімі үшін не жаналық ашқандай болдық?
Үй тапсырмасы «Бақыттымын» атты эссе жазу Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
         

 

2-сабақ                     Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Әдебиет      
Сабақтың атауы Х. Ерғалиев. Біздің заң.
Сілтеме Әдебиет  оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы «Қазақстан Республиуасының Конституциясы» (кітапша), мерекелік, салтанатты ілінген рәміздер.
Жалпы мақсаттар 1.      Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау. Адам күнделікті өмірде, қоғамда заңнан тыс бола алмайтынын байқату.

 

2.      Оқушының ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту.

3.      Заңды білу- өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқара білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос
 

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 Оқу жылының беташар сабақтарының бірі болғандықтан,  сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.

 

Балалар,Білім күні мерекелерің құтты болсын! 30тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?

Оқушылырды тақтада жазылған: Заңды құрметтейміз, Заңды мойындаймыз, Заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз топтарына бөліп отырғызу.

1-жұмыс:

Заң дегеніміз не?

Адам заңды қалай үйренеді?

Заң не үшін керек?

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

 

v  Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.

 

Мағынаны тану

 

Мәтінді тізбектеп оқу

Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.

 

Тапсырма:

1-топ. Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?

2-топ.Адамның заңсыз өмір сүре алмайтыны қалай түсіндіред?

3-топ. Халықтың ізгі арманы не?

4-топ. Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен үзінділер келтіру арқылы пікірлерін дәлелдеу керек.

Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының балалар ұғымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынады, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болады. Мысалы:

34-бап. «Әркім  Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті»

38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

 

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс 1-топ. Өз елдеріңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

 

2-топ. Заңның орындауын күнделікті өмірден қалай көруге болады? (Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қаралуға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге т.б. құқықтары бар екенін айтады.)

3-топ.Заңды білмеуден  адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

4-топ.Мемлекеттік  рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесін?

Сабақ соңында кестенің үшінші бөлігіне қайтарып ораламыз.

v  Бүгін біз не үйрендік? (кестенің үшінші бөлігін толтырады)

v  Өзің үшін қандай жаңалық аштың?

v  Мектеп ережелері заң бола ала ма?

Үй тапсырмасы Мәнерлеп оқу Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс
 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020