Әдебиеттік оқу 2 токсан күнделік жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Ата айтады. К. Құмарұлы
Сабақтын мақсаты:
1.Өлең мазмүны мен идеясы арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын өмірмен байланыстыра білуге мүмкіндік беру.
2.Өлеңді талдау арқылы оқулықпен өз бетімен жүмыс жасау кабілетін арттыру. Іздену, талпыну арқылы шығармашылык дағдысының дамуына жағдай жасау.
3.Өлеңнің негізгі ойын өмірмен салыстыра талдау арқылы үлттық салт-сана, дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, плакат, маркер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын нақтылау.
- Қызығушылықты ояту.
— Балалар, сендерді үлкендер қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
Сыйластыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, адамгершілікке
Осы топ атауларына сай бөлініп отыру.
Осы топ аттары болған сөздер туралы білетінін жазу.
Тақтадагы плакатқа кесте сызылады:
Біз білеміз | |
Қазіргі жаңа заман баласы | Бұрынғы заман баласы |
Кестеге окушылар өз түсінігі бойынша казіргі замандағы бала бейнесі — ерекшеліктерін жазады.
- Мағынаны тану.
- Өленді мәнерлеп окып беру.
- Оқушылар іштей бір рет оқиды.
Сұрақтар:
— Акын кай заман адамдары (балалары, жастары) туралы жазған? Ауылдың ең үлкені кім еді?
— Ауыл ақсақалы туралы не айтылған?
_ Бұрынғы дәстүрлер туралы ақын не жазған?
Өлең бойынша мәтінмен жүмыс жасау арқылы тақтадағы кестенін «Бұрынғы заман баласы» бөлігін толтыру.
— Бүрынғы заман жастары қандай болган?
— «Жастар ойнап, күлмеген» дегенді қалай түсінесіңдер?
— Жасы кішілер қандай болып еді?
— Ағайынды адамдар ше?
— Әке-шешені сыйлау туралы не айтылған?
Әр заман адамын салыстыру арқылы ұмыт болып бара жатқан тәрбие мен салт-дәстүр туралы корытынды жасау.
III. Ой толғау.
Әр топ өз атына сай макал-мәтелдер жазу. Мысалы, Кешірімді болсаң, кішіреймейсің. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Ата сөзі — акылдың көзі, т.б.
- «Менің атам айтады» немесе «Менің апам айтады» деген такырыптың біріне эссе жазу
- Үйге тапсырма.
Өлеңді түсініп оқу, өлеңде айтылған ойларға сай мақал-мәтелдер жинау