Әліппе 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Менің Отаным — Қазақстан | |||
Сілтеме | Әліппе оқулығының әдістемесі | |||
Сабақтың жабдығы | Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту; Сабақтың әдістері: Сұрақ — жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау |
|||
Топқа бөлу | Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | «Қызықты ұйқастар» 1. Өрмекші құрды тұзақ Менің ұлтым… /қазақ/ 2. Аман болсын қарттар Суықты болар…/қаңтар/ 3. Құт — береке жауғыз, Келе жатқан…/наурыз/ 4. Ашытылған қамыр Мерекелі… /мамыр/ 5. Суда жүзер сазан Айдың бірі… /қазан/ 6. Биіктеуде жас қала, Бас қаламыз… /Астана/ 7. Менің досым салмақты Бұрынғы астанамыз…/Алматы/ 8. Партаның бетін жырма Күзде басталады…/қырман/ 9. Тынықтырар түн Қуаныш сыйлар…/күн/ |
— Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі. |
||
Үй тапсырмасын сұрау | Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі) |
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/ Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым — қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар. |
||
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу |
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық — орындаушылық кезең. 1. Суретпен жұмыс. 2. Оқулықтан тыс жұмыс. Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі: Мұнай Ілеспе газ Хром рудасы Ферро қорытпа Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар: Никель Мыс Мұнай Конденсат Хромит рудасы Алтын Асбест Фосфорит 3. Оқулықпен жұмыс. «Менің Отаным — Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады. 4. Дәптермен жұмыс. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей Түрікменстан Өзбекстан Қырғызстан Қытай |
|||
Ой толғаныс | ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық — бағалау кезеңі. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ) Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады.) |
1. Қазақстан жері кең байтақ 2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен 3. Астанасы – Алматы 4. Ұлты қазақ 5. Пайдалы қазбаларға өте бай 6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі 7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық — өзендер 8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері 9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі 10. Менің Отаным – Қазақстан |
||
Үй тапсырмасы | «Менің Отаным — Қазақстан» мазмұнын айту | Күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Мадақтау | Смайликтерді жабыстырады | ||
Кері байланыс | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Отбасы (Сөз) | |||
Сілтеме | Ғаламтор | |||
Сабақтың жабдығы | отбасы мүшелерінің суреті. | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
а\Білімділігі.Оқушыларға отбасы жайында,бір — бірімен қарым – қатынасы, көмегі, үлгі-өнегесі туралы мағлұмат беру,сөз туралы түсінік қалыптастыру.
ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,өз кінасын мойындап,қатесін түзете білуге , жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.Ұсақ моторикаларын дамыту.
|
|||
Топқа бөлу | Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу | |||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достар, Қайырлы таң болсын. Бүгінгі күнің сәтті Сәттілікке толсын |
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
||
Үй тапсырмасын сұрау |
Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
Сергіту сәті .Фонетикалық жаттығу «Түтікше» |
— Түтікше қалай дыбыстайды? (Ду-ду-ду) | ||
Мағынаны тану
|
1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың–өз отбасы туралы сұрау. 2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. — Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау. Отбасы Анаң-үнің, жүрегің, Әкең-өмір тірегің. Сен –бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Әке,ана, әже,ата,әпке т.б сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.- |
|||
Сергіту сәті | Сергіту сәті .Саусақ гимнастикасы «Достар» | Оқушылар саусақтарын жаттықтырады. | ||
Ой толғаныс |
«Мынау кім?» Дидактикалық ойын арқылы толықтыру.
Сурет бойынша сөз, сөйлем құрату. Менің әжем ою ойды. ___ ___ ___ ___. Атам кітап оқыды._____ ____ ____. |
5.Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу |
||
Бағалау | Мадақтау | Смайликтерді жабыстыру | ||
Кері байланыс | ||||
Оқу ісінің меңгерушісі: