» » Математика 10 сынып сабақ жоспарлары

Математика 10 сынып сабақ жоспарлары

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 725
0

Сабақ жоспары

Сабақ: №1

Пән: математика

Тобы:_________

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Функция ұғымы, оның анықталу облысы, мәндерінің жиыны, графигі, берілу тәсілдері бойынша білім, білік, дағдыларды дамыту.
  2. Дамытушылық: Өткен сыныптарда алған білімдерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

 

Сабақ барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Сәлемдесу

ә)  Оқушылар тізімін тексеру

б)  Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ  Жаңа тақырып:

Шамалар:    Тұрақ ты: Абсолют (кез келген жағдайда), Параметр(берілген жағдайда).  Айнымалы: Тәуелді, Тәуелсіз

Анықтама: Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір у мәнін сәйкес қоятын заңдылық функция д.а.

М: y=f(x), х-тәуелсіз айнымалы н/е аргументі, у-тәуелді айнымалы н/е функция, f-заңдылық.

  • Функцияның анықталу облысы (D)
  • Мәндер жиыны (Е)
  • Функцияның анықталу облысын табу жолдары
  • Функцияның берілу тәсілдері: кестемен, графиктік, аналитикалық

 

ІІІ  Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада  орындалатын тапсырмалар: №2(ә,б),  №3, №4(а,ә), №11(ә,б),  №12(а,ә), №13(а,ә)

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №6,  №7№11(а,в),  №12(б,г), №13(б,г)

Сабақты бекіту кезеңі:

  • Функция
  • Функцияның анықталу облысын табу жолдары
  • Функцияның берілу тәсілдері: кестемен, графиктік, аналитикалық

 

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үйге тапсырма:  №9,  №10

 

 

Сабақ жоспары

Сабақ: №2

Пән: Математика

Тобы: ________

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Функцияның графиктерін қарапайым түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Функцияның гафигін координаталар осі бойымен параллель көшіру, созу, сығу және осы аталған түрлендірулердің барлығын бір функцияға қолданудыүйруту.
  2. Дамытушылық:  Есептер шығару дағдыларын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақ барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Сәлемдесу

ә)  Оқушылар тізімін тексеру

б)  Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ  Жаңа тақырып:

Презентация арқылы түсіндіру.

  1. y=f(x)+d фукциясының графигі y=f(x) функциясының графигін ординаталар осі бойымен (0; d) векторына параллель көшіру
  2. y=kf(x) функциясының графигін Оу осі бойымен k бірлікке созу( сығу) арқылы салу.
  3. y=f(x+в) функциясының графигін y=f(x) функциямының графигін абсциссалар осінің бойымен (в;0) векторына параллель көшіру.
  4. y=f(аx) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигін Ох осі бойымен созу (қысу) түрлендіруі
  5. y=kf(аx+в)+d функциясының графигін 1-4 түрлендірулерін қолданып түрлендіру

ІІІ  Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

 Тақтада  орындалатын тапсырмалар: №19,  №20, №24,  №25

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №21, №26

Сабақты бекіту кезеңі:

  • Қандай кезде функцияның графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы аламаыз?
  • y=х функциясының графигін пайдаланып y=3х, y=-2х, y=х+2 функцияларының графиктерін салыңдар
  • Функциялардың графиктерін түрлендірулердің қандай түрлерін білесіңдер?

 

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үйге тапсырма:  №22,  №23

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020