» » Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып Күнделікті сабақ жоспарлары

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып Күнделікті сабақ жоспарлары

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 875
0

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып    Сабақ № 1  Мерзімі

 

Сабақтың  тақырыбы: Туынды тақырыбын қайталау

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

Білімділік: Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру.Туынды ұғымы бойынша оқушылардың ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;

Дамытушылық: Оқушылардың  логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін,өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

 

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, слайд, семантикалық карта, үлестірме қағаздар т.б

 

Пәнаралық байланыс: Физика, тарих

 

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин.
  2. Қайталау (флипчартпен жұмыс) 5 мин.
  3. Оқулықпен жұмыс. 15мин.
  4. Тарихи мәлімет 3мин.
  5. Кестемен жұмыс 5мин.
  6. Электронды оқулықпен жұмыс (тест) 6 мин.
  7. Сабақты қорытындылау 3 мин.
  8. Бағалау 3мин.
  9. Үй тапсырмасын беру 2мин.

«Халық пен халықты,  адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім»

М.Әуезов

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:    Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.

  1. II. Қайталау сұрақтары:

а) Туынды дегеніміз не?                          ә) Туындының белгіленуі

б) у'(х) белгілеулерін енгізген кім?         в) с;х; (хп)’ – неге тең?

г) Туындының қолданылуы?                    д) Дифференциалдау ережелері

Функциялардың  туындыларының  формулаларын   интерактивті тақтада сәйкестендіру (флипчартпен жұмыс)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

№144, №147, №154, №155

 

  1. Тарихи мәлімет.

Дифференциалдық есептеудің негізгі ұғымы – туынды ұғымы – физика, механика және математика есептерін, атап айтсақ,түзусызықты бірқалыпсыз қозғалыстың жылдамдығы мен кез келген қисыққа жанама жүргізуге байланысты есептерді шешу кезінде XVII ғасырда пайда болды.  XV-XVII ғасырларда математиктердің алдында кез келген нүктеге жанама жүргізудің жалпы әдісін табу мәселесі тұрды. Есептерді шешудің кейбір дербес жағдайлары ежелден-ақ белгілі болатын. Мысалы, Евлид бастамаларында шеңберге жанама жүргізу әдісі берілген, Архимед өз атымен аталатын шиыршыққа (спиралға) жанма жүргізсе, ал Аполоний – эллипс,гипербола және параболаға жүргізген. Алайда ежелгі грек ғалымдары есепті аяғына дейін шешкен жоқ, яғни қандай да бір қисықтың кез келген нүктесіне жанама жүргізудің тиімді жалпы әдісін таппады.

  1. Кестемен жұмыс.

 

№ Функция Туындысы
1    
2    
3    
4    
5    
6

 

 

   

 

 

  1. VI. Электронды оқулықпен жұмыс. (тест)

 

ҮII. Сабақты қорытындылау

 

ҮIII. Оқушылар білімін бағалау.

Жеке оқушыларды бағалау.

 

ҮІ.Үй  тапсырмасы: №142, №145, №1150, №156 (А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков «Алгебра және анализ бастамалары-10», Мектеп,2006ж )

 

Комментарии: