Қазақ тілі 3 сынып 4 тоқсан күнделік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың максаты:
- Барыс септігі жайлы мағлұмат беру, етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын ұғындыру.
- Сөйлем ішінен ілік, барыс септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
- 3. Оқушыға сабақ барысында адамгершілік, әкологиялык тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
- Сабақтың тақырыбы, мақсат – міндетімен таныстыру.
Оқушылар бұл сабақтарда барыс септігінің сұрақтары (кімге? неге? кайда?) және жалғауларымен (-ға, -ге, -қа, -ке) танысады.
- Оқулықпен жұмыс
1 -жаттығуда қарамен жазылған сөздері сұрақ қойғызу, олардың түбірі мен қосымшасы тапқызу. Бұл барыс септігінің сұрақтары мен жалғаулары екендігі айтылады.
Аспанға сөзінін түбірі — аспан, -ға — қосымшасы болып табылады. Бұл сөздердің кай сөзбен байланысып тұрғаны анықталады. Мысалы Аспанға құмарсың. Бауга апарады. Асқарға ұшқалы тұрган шығарсың Көктемге ұқсайсың. Яғни барыс септігіндегі сөздер етістіктен болға мүшемен тікелей байланысатыны көрсетіледі. Және де барыс септігіндегі сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері болатындығы айтылады.
Ереже: Барыс септіктің сұрақтары: кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда?
Барыс септіктің жалғаулары: ға, ге, қа, ке.
Сонымен қатар барыс септігінің жалғаулары сөздің мағынасын өзгертпейтіндігі, тек сөз бен сөздің арасындағы қарым-қатынасты жасайтыны баса айтылады.
Жаттығуларды орындауда мынадай тапсырмалар орындалады:
- Барыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ кою.
- Мәтіннен барыс септіктегі сөздерді өздері байланысатын сөздермен бірге теріп жазу.
Барыс септіктегі сөздердің түбірі мен қосымшасын белгілеу. Барыс септіктегі сөздерге сұрақ қою.
- Дәптермен жұмыс
2-жаттығу
Жұмбақтарды көшіріп жазып, барыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қою. Жұмбақтарды
жаттап алу.
- Шығармашылық диктант
Асқардың күшігі
Бір күні көкесі… қара ала күшікті алып келді. Айбектің қуанышында шек болмады. … ат қойғанша асықты. Ол күшігін «Ақтөс» атағанды жөн көрді…. сүт құйып береді. Күшігі… тойып алып,… басады.
Керекті сөздер: Асқарға, ыдысқа, сүтке, ұйқыға, күшігіне.
Мәтін тақтаға жазылады.
Kөп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
Мәтіннен барыс септіктегі сөздердің астын сызғызу.
Мәтіндегі соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы барыс септігіндегі сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі болатындыгы пысықталады.
Сабақтың тақырыбы: Табыс септік
Сабақтың мақсаты:
- Табыс септігінің өзіндік белгілері және анықтамасымен таныстыру.
- Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс септіктегі сөздерді сөз құрамына талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазғызу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
- Сабақ барысында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, отансүйгіштік сияқты қасиеттерін тәрбиелеп, жетілдіру.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға атау, ілік, барыс септіктерін саналы білдіргеннен кейін, табыс септігінің өзіндік белгілері мен анықтамасы меңгертіледі.
Жаңа материалды мынадай кестені оқушылардың өздеріне толтырту арқылы түсіндірудің көмегі мол.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар:
- Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сұрағын кестенің екінші бағанына жазу.
- Қарамен жазылған сөзге жалғанған қосымшаны кестенің үшінші бағанына жазу.
- Осы сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
Мысалдар | Сұрақтары | Жалғаулары |
1. Аңшы дүрбісімен орман шетінен арқарды көрді. 2. Әйкен аялдамадан Ескенді көрді. 3. Айша, ағашты сындыруға болмайды. 4. Анасы сүт толы шелекті жерге қойды. 5. Айжан бесіктегі баланы қолына алды.
6. Айғаным он шақты кесені жуды. 7. Ол алыстан доп ойнап жүрген балаларды көрді. 8. Кітапханашы бірнеше кітаптарды түптеуге берді. |
Кімді? … | -ды, -ді, |
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, барыс септіктің төмендегідей өзіндік белгілерімен таныстырады:
Барыс септіктің сұрақтары: кімді? кімдерді? нені? нелерді? Барыс септігінің жалғаулары: -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, Барыс септіктегі сөздер үнемі етістікпен байланысады. Барыс септіктегі сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүше болады.
Осы тақырыпқа берілген оқулықтағы жаттығулар да табыс септігінің өзіндік белгілерін, анықтамасын танытуға, меңгертуге арналған.
Сабақтың тақырыбы: Жатыс септік
Сабақтың мақсаты:
- Жатыс септігі жайлы мағлұмат бере отырып, жатыс септігін жалғаулары дыбыс үндестігі, буын үндестігіне қарай әркелкі жалғанатынын түсіндіру.
- Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс септіктегі сөздерді сөз құрамына талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру
- Сабақ барысында мейірімділік, инабаттылық туралы түсінік бере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Жатыс септігін оқушыларға саналы да берік ұғындыру үшін, мұғалім тақтаға мынадай көрнекі құралды іліп, сыныппен сол кесте бойынша жұмыс жасауға болады.
Меңгерілетін тақырып | Мысалдар | Сұрактары | Жалғаулары |
Жатыс септік |
I. Ертеде орманда бір қоян өмір сүріпті. 2. Демалыс күні үйде болдым.
3. Жалғаста ала доп бар. 4. Есікте қара құлып ілініп тұр, 5. Теңгеде ұлттық өрнек салынған, … |
Қайда? кімде?
_ |
-да, -де, -…, |
Мұғалім осындай алдын ала жұмыстар жүргізіп алған соң, жатыс септіктің өзіндік белгілері бар екенін, оны есте сақтау керектігін түсіндіреді:
Жатыс септіктің сұрақтары: кімде? неде? қайда? Жатыс септіктің жалғаулары: -да, -де, -та, -те. -да, -де, -та, -те жалғаулары буын, дыбыс үндестігіне байланысты жалғанатыны түсіндіріледі.
Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады. Етістікпен болған мүшеге қызмет етеді.
Оқушылардың жатыс септіктің өзіндік белгілерін меңгерген берік дағдысы болу үшін, оларға оқулықтағы жаттығуларды орыңдатудың пайдасы мол. Берілген мәтіндердің әр сөйлеміндегі қандай сөздерді жатыс септіктегі сөздермен байланысып тұрғанын анықтау мақсатында сұрақтар қойғызу. Жатыс септіктегі сөздердің етістікпен байланысын (қалада болды. қалада көрді, суда дірілдеп, орманда кезіктіргенмен қарда көрінеді) қиналмай-ақ айтып береді.