Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан күнделік жоспар

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 134
0

2-токсан

 

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі аткаратын рөлін, жалпы ойға косатын әртүрлі мағыналык реңктерін байкату; сойлем ішінен кыстырма сөздерді таба білуге, кыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.

  1. Қыстырма сөздерді орынды колдана білуге дағдыландыру.
  2. Дүрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сүрак-жауап, кайталау, түсіндіру, жаттыгу.

 

Сабактың барысы:

  1. Өтілген материалдарды қайталау.

Үйге берілген тапсырма тексеріліп, сөйлем мүшелері, сөйлемнің дара, күрделі мүшелері, бірыңғай мүшелері төңірегінде алған білімдері тексеріледі.

Сызба арқылы сөйлеу

 
 
Б. М.

 

 

  1. Жеке сөздермен
  2.             Сөз тіркестерімен
  3. Шылаулар арқылы жасалады
           
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

Жүптық жұмыс

Оқушыларды жаппай тексеру барысында орындалады. Бірыңғай мүшесі бар бірнеше сөйлем айту. Оқушылар тек бірыңғай мүшені теріп жазады. Соңында бір-бірін бағалау.

 

  1. Жаңа сабақ бойынша істелетін жүмыс.

Окушылар кыстырма сөзбен алғашкы рет танысады. Бірак осы кезге дейін кыстырма сөздермен мәтінді оқу барысында, күнделікті тәжірибеде жиі кездесіп жүр. Сондықтан кыстырма сөздің сөйлемде атқаратын рөлімен карапайым түрде ғана танысады. Оның сөйлемдегі айтылған ойға білдіретін көзкарасы мысалдар аркылы түсіндіріледі

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    •  

 

  • Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Жаңа сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде берілген. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра оқып, оның магынасындагы ерекшеліктеріне талдау жасалынады.

 

Бірінші сөйлемдегі қарамен жазылған меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінін сенімін білдіріп тұр.

 

Екінші сөйлемдегі әрине сөзі сөйлеушінің қолдауын білдіріп түр.

 

Үшінші сөйлемдегі бәлкім сөзі сөйлеушінің жорамалын білдіріп түр.

 

Төртінші сөйлемдегі әйтеуір сөзі сөйлеушінің пікірін білдіріп түр.

 

Екі бағанда берілген сойлемдерді салыстыра отырып, қарамен жазылған сөздің сойлемге қаншалықты үстеме беріп түрғанын анықтағаннан кейін, қыстырма сөз туралы алғашқы түсінік беріледі. Қыстырма сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын, бірақ сөйлемдегі ойды нақтылай түсуде, сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан көзқарас (сенім, күдік, жорамал т.б.) білдіруде ерекше рөл атқаратыны айтылады.

Ереже:

Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың. Жаңылмасам, сені бір жерден көрдім.

  • Дәптермен жұмыс

2-жаттығу

Мақсаты: сөйлемдердің ішінен қыстырма созді табу  арқылы окушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін анықтау. Қыстырма сөздің үтір арқылы ерекшеленіп түратынына көңілдерін аударған дүрыс.

  • Терме диктант
  • Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөздерді теріп жаз.

Кішкене күшік, шынын айтсам, маған қатты ұнады. Мәссаған, мұндай да керемет болады екен-ау! Ұмытып барады екем, бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады. Неге екенін кім білсін, қасындағы достарымен де араласпайтын болды. Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар, бәлкім?

  • Өзіндік жұмыс

Сірә, сіздіңше, оның пікірінше, шындығында, амал қанша.

Қыстырма сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.

ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау

Оқушыларға бірнеше сөйлемдер ұсынып, қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырту.

  1. Әншілік, ақындық өнермен қатар Мұхит домбырашы да болған.
  2. Күн суып, аяз болады деп хабарлады.
  3. Айым сабақтан кешігіп келді.

Бағалау

 

  1. Үйге тапсырма

5-жаттығу,  Қыстырма сездерді сейлем ішінен алып тастап немесе сөйлемге қыстырма сездерді косып айтқызып, сөйлем мағынасында өзгеріс болган-болмағаны байқалады.

 

Комментарии:
Прокомментировать
  • bowtie smile laughing blush smiley relaxed smirk
    heart_eyes kissing_heart kissing_closed_eyes flushed relieved satisfied grin
    wink stuck_out_tongue_winking_eye stuck_out_tongue_closed_eyes grinning kissing stuck_out_tongue sleeping
    worried frowning anguished open_mouth grimacing confused hushed
    expressionless unamused sweat_smile sweat disappointed_relieved weary pensive
    disappointed confounded fearful cold_sweat persevere cry sob
    joy astonished scream tired_face angry rage triumph
    sleepy yum mask sunglasses dizzy_face imp smiling_imp
    neutral_face no_mouth innocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив