» » Қазақ тілі 2 сынып күнделік сабақ жоспарлары

Қазақ тілі 2 сынып күнделік сабақ жоспарлары

30 октябрь 2016, Воскресенье
830
0

Пәні: қазақ тілі                                                  Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем жене сөзді қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем және сөз тақырыбы бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; 2. Байланыстырып сөйлеуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.3. Таза,ұқыпты,жылдам жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, қайталау, жаттығу,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға кажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

ІІ. Жаңа сабақ 

Алғашқы сабак мектеп, білім, сыныптас окушылар, жазғы демалыс тақырыбына арналады. Оқулықта берілген жаттығулар да осы тақырыптың мазмұнын ашуға жұмыс істейді. Осы тақырып төңірегінде әңгіме жүргізе отырып, сөздің, заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын ұғындыру.

1-жаттығу бойынша  алдымен суретте бейнеленген заттардың атауын сұраудан бастау (мұғалім, гүл, оқулық, оқушы, мектеп, т.б.). Содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алу. Сұрақтарға жауап беру үшін сөздерден сөйлем құрастырғандарына назарларын аударамын. Балалармен сұрақ-жауап түрінде әңгіме жүргізілгеннен кейін мәтін құрастырылады. Осылайша кезеңдермен жұмыс істеу аркылы окушылар 1-сыныпта өткен сейлем және сөз туралы білімдерін еске түсіреміз.

2-жаттығуды орындамас бұрын балалармен жазғы демалысты қалай өткізгендері туралы әңгіме жүргізіледі. Сөйлемдердегі сөз санын анықтайды. Өлеңді іштей бірнеше рет кайталап оқығаннан кейін жатқа жазамыз.

3-жаттығуда берілген сөздерді оқиды. Алдымен осы сөздерді катыстырып жеке сөйлемдер құрастырады. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.

4-жаттығу сөйлемдердің ара жігін ажырата білуге арналған. Бұл жаттығу арқылы балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатынын еске түсіреді.

5-жаттығуда мақалдың жалғасын іздеп табады. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған. Осы макалдардың мазмұны аркылы білімнің кажеттілігі туралы ой-пікірлерін қорытындылайды.

ІІІ.Бекіту.

-Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар? Сөйлем неден құралады? Сөз дегеніміз не?

ІҮ. Үйге тапсырма. 6 – жаттығу, ережелерді қайталау

Ү. Бағалау.

 

Пәні: қазақ тілі                                                  Сыныбы: 2 « Ә»  4.09.ж.

                                                                                                

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.

Сабақтың мақсаты: буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алган білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету; буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер.,инт. тақта. Сабақтың әдіс-тәсілі: еске түсіру,өздік жұмыс,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Каникулдан кейін оқушылардың зейіні шашыраңқы болады, сондықтан оларды сабаққа ұйымдастыру жұмысына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ 1-сыныпта өтілген материалдардың көпшілігін ұмытып қалуларына байланысты, бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғырту үшін сұрақ,жауап арқылы өткен материалдарды еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығуды ауызша тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бұл күнгі сабақтың жаттығулары оқу кұралдары, оны күтіп ұстау тақырыбына арналады. Жаттығу жұмыстары аркылы 1-сыныпта өткен материалдарды кайталаумен бірге  окушылардың оқу құралдарын күтіп ұстауы, оның білім берудегі маңызы туралы әңгіме жүргізе отырып, сабақтың тәрбиелік мәнін ашамын.

Буын карточкаларымен жұмыс. Балалар буындардан сөздер кұрап жаттығады. Суреттер бойынша заттардың атауын атап, ол сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтайды, буын санының дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне түсіреді. Екі, үш, төрт буынды сөздер құрайды.

Сөздерді дұрыс тасымалдауды еске түсіру. Ол үшін оқушылар бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсетеді. Мысалы: оқу-шылардың, оқушы-лардың, оқушылар-дың. Жалғыз әріптен тұратын сөздердің тасымалданбайтынына назарларын аудару.

Ой толғаныс.

Оқулықта берілген 1-жаттығу буын, буындардың дыбыстардан кұралатыны туралы окушылардың 1-сыныпта алған білімдерін кайталауға арналған. Әр буынның неше дыбыстан тұратынын санайды.

2-жаттығуда берілген өлеңді іштей оқып, мазмұнымен танысқаннан кейін, бірнеше оқушы өлеңді дауыстап, буынға бөліп оқиды. Буын құрамымен жұмыс жүргізіледі. Бір дауысты дыбыстан ғана тұратын буындарды тауып, оның дауысты дыбыс екенін өздері анықтап айтқызу.

3-жаттығу бойынша алдымен буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстырады. Берілген буындардан сөз кұрауға, берілген сөздерден сөйлем кұрастыруға болатынын айтады. Буындардан сөз құрауды жарыс түрінде ұйымдастыру.

4-жаттығу үш, төрт буынды сөздерді әртүрлі тәсілмен тасымалдап үйренуге дағдыландырады. Тасымалдауға болмайтын сөздердің неге тасымалданбайтын дәлелдейді.

ІҮ. Сабақты қорыту.

Сабакты корытындылау кезінде оқушылардың білімінде олқылықтар бар тақырыптар бойынша бекіту сұрақтары қойылады.

Ү. Үйге тапсырма. 5-жаттығу

ҮІ. Мақтау,мадақтау,бағалау.

 

Комментарии: