Қазақ тілі 6 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары
Тексерілді
Пән мұғалімімі | |||
Пәні | Қазақ тілі | ||
Сыныбы | 6 «А» | 6 «Ә» | 6 «Е» |
Өтетін күні |
Сабақтың тақырыбы | Етістік туралы түсінік |
Сабақтың мақсаты | Етістіктің қызметі, негізгі және туындыетістіктер, жасалу жолдары мен есім сөздерден және етістіктен етістік тудыратынжұрнақтармен таныстыру . |
Күтілетін нәтиже | Берілген түбір сөздерді өз бетінше түрлендіріп етістік жасай алады, етістіктің білдіретін мағынасын анықтай біледі, тұлғасына қарай ажыратады, сұрақты дұрыс қоя біледі. |
Сөз таптары, есім сөздер мен есімдіктер, сөздердің тұлғасы мен құрамына қарай бөліну түрлері, сөздердің жасалу жолдарын біледі. | |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті |
Сабақтың ресурстары | Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары |
Кезең | Уақыты | Сабақтың барысы | |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының әрекеті | ||
Кіріспе | 10 минут | 207-жаттығуды орындату. |
Берілген зат есімдерден жұрнақтар арқылы туынды етістіктер жасайды.
Мысалы: иек – иекте, білек – білекте, аяқ – аяқта, бас – баста… |
Сұрақтар қою:
1. Берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? 2. Олар қолданыста қандай қызмет атқарады? 3. Жаңадан жасалған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? 4. Олар қолданыста қандай қызмет атқарады? 5. Алғашқы сөздер мен туынды сөздердің қандай айырмашылықтары бар? 6. Бұл сөздердің қайсысы етістік болуы мүмкін? |
Өздері жасаған сөздерге қарап отырып жауап береді:
1. Берілген сөздер не? деген сұраққа жауап береді. 2. Олар заттардың атын білдіреді. 3. Туынды сөздер не істеді? деген сұраққа жауап берді. 4. Олар іс-әрекет, қимылды білдіреді. 5. Біреуі заттық, екіншілері қимылдық ұғымды білдіреді. 6. Іс-әрекетті білдіретін сөздер — етістіктер.
|
||
Негізгі | 30 минут |
«Эстафета» ойынын ойнату.
|
1-топ 2-топқа түбір зат есімдерді, 3-топ 4-топқа түбір етістіктерді атайды, ал 2 және 4-топтар солардан етістіктер жасайды. Мысалы: ойын – ойна, бер – бергіз, жаман – жаманда, айт – айтқыз… |
Сұрақтар қою:
1. Негізгі етістіктер деген не? 2. Туынды етістіктер деген не? 3. Етістіктер қандай сөздерден жасалады екен? |
1. Жеке түбір тұлғасындағы етістіктер – негізгі етістіктер.
2. Басқа сөз таптарынан жұранқтар арқылы жасалған етістіктер – туынды етістіктер. |
||
204-жаттығуды орындату.
|
Етістіктерді теріп көшіріп, түбір мен қосымшаларға ажырату.Мысалы: айтп-пай, бол-мас, қой-ғанын, ал-атын… | ||
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындату. | Жұмысты өзара тексеріп бағалайды. | ||
Қорытынды |
5 минут
|
Етістіктің анықтамасын құрастырып айтқызу.
|
Өздері орындаған тапсырмалар негізінде анықтама құрастырады.
«Етістік — заттың іс-әрекет, қимыл, жай-күйін білдіретін сөз табы.» |
Үйге тапсырма:
1. Етістіктің тұлғасына қарай түрлері мен жасалу жолдары жайлы оқу. 2. 203-жаттығуды орындау. |
Мәтіндегі негізгі және туынды етістіктерді теріп жазады. Мысалы: жиналды, құйып берді, қарап жымыңдасып күлді… | ||
Рефлексия |