Қазақ тілі 2 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспары. Атамұра баспасы 2013 жыл Т.Қ. Оспанова, М.В. Маркина, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә. Ерекешова.
| Пәні | Қазақ тілі | |
| Сабақтың атауы | Сөз құрамы. Түбір мен қосымша | |
| Сілтеме | Қазақ тілі  2 – сынып    Атамұра баспасы   2013 жыл 
 Т.Қ. Оспанова, М.В. Маркина, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә. Ерекешова. | |
| Жалпы мақсаттар | Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мәлімет беру, іс-жүзілік тұрғыда сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын айту | |
| Оқыту нәтижесі | Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру | |
| Негізгі идеялар | ·         Өз бетінше ойлауға, ізденуге ұйрету 
 · Өзара араласу, қызығушылықтарын арттыру | |
| Тапсырмалар 
 
 | ·         Кір жаятын жіп 
 · Сурет бойынша әңгіме · Миға шабуыл · «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы · «Не өзгерді?» ойыны | |
| Бағалау критерийі 
 
 | Жинаған балықтарын санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау 
 6 – 9 ұпай – «5» 5 – 7 ұпай – «4» 3 – 5 ұпай – «3» | |
| Жүргізетін жұмысым 
 
 | ||
| Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті 
 
 | Оқушылардың іс-әрекеті | 
| 3        минут 
 
 
 
 | І. Ұйымдастыру | Мұғаліммен сәлемдесу. 
 Оқушыларды геометриялық пішін бойынша 4-топта бөлініп, отырғызу. Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы бағалануға ұмтылады | 
| 6 минут | ІІ.  Үй тапсырмасы 
 Кір жаятын жіп 1. Сөз –заттың, сапаның, қимылдың атауы 2. Мағынасы қарама- қарсы сөздер 3. Мәндес сөздер 4. Мағынасы әр түрлі сөздер 5. Сөйлем, оның түрлері | Өткен тоқсандағы тақырыптарды әр түрлі тапсырмалар бойынша есуке түсіру. 
 Сөйлем, оның түрлеріне тоқталып, түсініктерін бекіту Әр түрлі тапсырмалар орындату | 
| 5 минут 
 
 | ІІІ. Мағынаны тану 
 Қызығушылықты ояту Сынып оқушыларына сурет салынған қима қағаз көрсетіліп, сурет бойынша сөйлем құрасытыруды тапсыру — Орманда нелер бар? — Түлкі, арыстан, аю туралы не айтар едің? — Қасқыр – аң. Ол орменда жүреді. — Орман сөзіне –шы қосымшасын жалғаңдар. Не өзгерді? — Ормен + шы. Сөздің мағынасы өзгерді. Орманшы –адам. — Орман сөзіне дар қосымшасын жалғаңдар — Ормандар. Орманның көп екенін білдіреді. — Оқушылар, осы қосымшаларды жалғау арқылы сөздегі қандай өзгерісті байқадыңдар? — Сөздің мағынасы (тұлғасы) өзгерді | —          Оқушыларды сурет бойынша әңгіме құратып, тіл байлықтарын дамыту. 
 
 — Жабай аңдар туралы түсініктерін бекіту. 
 — Түбір мен қосымша туралы мағлұмат қалыптастыру | 
| 5 минут 
 
 
 
 | ІҮ. «Миға шабуыл» 
 Баяғы өткен заманда Ортасында бұл бақтың Бақ болыпты ғажайып Зәулім ағаш өсіпті Суретіне сол бақтың «Түбір» атты бұл ағаш Кәне, бірге қарайық! «Қосымшасын» жалғасаң Жемісін көп беріпті | Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын тудыру мақсатында | 
| 6 минут | Ү. Оқулықпен жұмыс 
 257-жаттығу-жазбаша орындату, сөйлемдерді көшіріп жазады. — Оқушылар мына сөздерді салыстырайық: күй-күйші, балық- балықшы, құрылыс-құрылысшы, жылқы-жылқышы — Күй – бұл домсбырамен орындалатын музыка, ал күйші күйді домбырамен ойнайтын адам — | —          Әр сөзге жалғанған қосымшалар арқылы сөздің мағыналары өзгереді. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз. Мысалы:күріш, көк, өрік, қобыз. Олай болса түбір сөзге мысал келтірейік 
 — Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. | 
| 4 минут | ҮІ. «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы 
 258- жаттығу- көшіріп жазу 259 – жаттығу –өзбетімен орындау 260 жаттығу – ауызша орындату | Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің қосымшалардан сызықшамен бөліп, көшіріп жазу | 
| 7 минут 
 
 | ҮІІ. «Не өзгерді» ойыны 
 Гүл Би Алма Кеме Қой Тәртіп ГҮЛ ден дер ге дің | Осы сөздерге оқушылар қосымша жалғап, сөйлем құрап жазады. Мысалы: гүл не? сұраққа жауап береді. Бұл сөздің түбірі. Осы түбір сөзге ге қосымшасын жалғасақ, неге деген сұраққа жауап береді. Ара гүлге қонды- деп сөйлем құрғанда, ге қосымшасы сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Түбірге жалғанатын қосымшаны көп тапқан оқушы жеңімпаз атанады. | 
| 7 минут | ҮІІІ. Сабақты бекіту 
 Топпен жұмыс І топ- өлеңді оқып тиісті қосымшасын жалғайды. ІІ топ- түбір сөзге тиісті өосымшалар жалғайды. ІІІ топ – сөздерге тиісті қосымшалар жалғау арқылы сөйлем сөйлем құрап жазу | Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша түсініктерін бекіту. 
 Жаңа сабақты бекіту | 
| 2 минут 
 
 | ІХ. Бағалау критерийі 
 Жинаған балықтарын санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау | 6 – 9  ұпай – «5» 
 5 – 7 ұпай – «4» 3 – 5 ұпай – «3» | 
| Үйге тапсырма | Ереже жаттау 
 261- жаттығу | |
| Пән мұғалімі | А. Кабиева | |

