» » Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

29 октябрь 2016, Суббота
4 443
0

Қазақстан тарихы 11-сынып                                                                             «Тексерілді»

                                                                                                                                                                                   

              4.09                                                                       «       »————————- ж.

Тақырыбы  Жоңғар хандығының құрылуы
Сілтеме Жоспар
Мақсаты Жоңғар хандығының құрылуы туралы  мағлұмат беру;

 

Тарихи оқиғаларды талдап түсінік беру;

Өз ойларын ашық, еркін айтуға үйрету.

Күтілетін нәтиже 1.Жоңғар хандығының құрылымы және басқыншылық саясатымен танысады;

 

2. Топпен жұмыс істеу арқылы ,өз ойларын ашық айтып үйренеді

Түйінді идея  Жоңғар хандығының құрылуы туралы тарихи тұрғыда өз ой-пікірлері қалыптасады.
Оқушының іс-әрекеттері Топта бірлесіп оқиды;

 

Берілген тапсырмаларды өз дәрежесінде орындайды.

Сабақтың типі  Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі Топпен жұмыс,сұрақ-жауап,ББҮ әдісі.
Көрнекілігі Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы
 

 

Сабақтың барысы

 

 

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ.Жаңа сабақты талқылау

ІV Қорытынды

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі(5 мин)  Кітап қиындыларын құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөлу.

ІІ.Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.(7мин)

            Білемін            Білгім келеді                 Үйрендім
Жоңғарлардың шапқыншылықтарын Қазіргі кезде жоңғарлардың ұрпақтары бар-жоғын  

 

Топтағы оқушылар жоңғарлар жайлы білетіндіктерін алғашқы екі бағанына жазады.»Үйрендім» бағанын сабақтың аяғында толтырады.

2.Мұғалім жаңа сабаққа интерактивті тақта көмегімен шолу жасап өтеді (5 мин)

1.Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы.

2.Жоңғар хандығының құрылуы.

3.Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.

 

3.Оқулықпен жұмыс.(10 мин)

 

1-топ Жоңғар хандығының құрылуы және басқыншылық саясаты.

 

2-топ Жоңғарлардың басқыншылық шабуылдары. » Ақтабан шұбырынды»

 

Топ жетекшілері топтағы оқушыларға берілген тақырып бойынша мәтін бөліп береді.Әр оқушы жеке оқып, одан соң,бірлесіп тірек сызба жасап, қорғайды

Соңында тірек сызбаларын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өзара бағалайды.

4.Деңгейлік тапсырмалар (10 мин)

Әр топқа деңгейлік сұрақтар беріледі.Әр оқушы жеке жауап береді.

1-топ : 1-деңгей  Жоңғар мемлекеті қалай құрылды ?

2-деңгей Қазақ-жоңғар қарым қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?

3-деңгей  Орбұлақ шайқасының маңызы неде ?

 

2-топ   1-деңгей  Қарақұмдағы құрылиайда қандай мәселелер қаралды ?

2-деңгей «Ақтабан шұбырынды» апаты халыққа қандай қасірет әкелді ?

3-деңгей Осы оқиғалардан қандай сабақ алуға болады ?

Топтар берген жауаптарына сәйкес бірін-бірі критерий қойып бағалайды

ІV.Қорытынды (7мин)

Екі топтың оқушылары бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жеке-жеке баяндайды.

 

V.Үйге тапсырма:§1 оқу,хронология жазу.

 

Қазақстан тарихы 11-сынып                                                                               «Тексерілді»

                                                                                                                                                                                   

              6.09                                                                       «       »————————- ж.

Тақырыбы  Жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкілхалықтық Отан соғысы
Сілтеме Жоспар
Мақсаты 1.Жоңғар шапқыншылығына қарсы қарсы күрестің негізгі оқиғалары туралы ақпарат беру;

 

2.Тапсырмаларды орындай отырып сол кездегі тарихи оқиғаларды фактілерді оқып,талдау;

3.Ашық пікір айту дағдылары қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже 1.Азаттық күрестің негізгі оқиғаларымен таныса отырып, оқиғаларға фактілерге талдау жасап үйренеді;

 

2. Тәуелсіздік деген ұғымның мәнін терең түсіне біледі.

Түйінді идея  Жоңғар хандығының құрылуы туралы тарихи тұрғыда өз ой-пікірлері қалыптасады.
Оқушының іс-әрекеттері Топтық тапсырмаларды ынтымақтастықпен бірігіп орындайды;

 

Бір-біріне өзара көмек көрсетеді.

Сабақтың типі  Аралас сабақ
Әдісі Топпен жұмыс,сұрақ-жауап,тарихи сынақхат
Көрнекілігі Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы,суреттер,кестелер
 

 

Сабақтың барысы

 

 

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ.Жаңа сабақты талқылау кезеңі

ІV Қорытынды кезең

 

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды 4- топқа бөлу.(3 мин)

ІІ.Үй тапсырмасы (15 мин)

1-топ Мына тарихи даталарға сәйкес келетін оқиғаларды атап түсіндіріңдер:

1) 1635 ж—————————————————————————————-

2) 1643ж——————————————————————————————

3) 1610 ж—————————————————————————————-

4) 1723ж——————————————————————————————

2-топ Орбұлақ шайқасына сипаттама беру

3-топ «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» оқиғасының хронологиясын жасау

4-топ Картамен жұмыс:Жоңғарлардың басқыншылық жолдары

Үй тапсырмасын қалай меңгергендігін оқушылар бағдаршам арқылы көрсетіп,өздерін бағалайды.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020