Қазақстан тарихы 10-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспар
Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
6.09 « »————————- ж.
| Тақырыбы | Адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы |
| Сілтеме | Жоспар |
| Мақсаты |
1Адамның қалай пайда болғандығы жөнінде біілімдерін кеңейту;
2.Адамның даму эволюциясының мәнін жан-жақты түсіндіру; 3.Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. |
| Күтілетін нәтиже |
1.Топтық,жұптық жұмыстар арқылы адамның қалай пайда болғандығын пайымдайды;
2.Қосымша мәліметтерді қолдана отырып,адамның даму эволюциясының мәнін оқып түсінеді. |
| Түйінді идея | Адамның пайда болуының негізгі деректері |
| Оқушының іс-әрекеттері |
Берілген тақырып бойынша жұптық,топтық жұмыстар жасайды;
Сұрақтарға барынша толық жауап береді. |
| Сабақтың типі | Жаңа білімді меңгерту сабағы |
| Әдісі | Топтық ,жұптық,жұмыстар,сұрақ-жауап |
| Көрнекілігі | Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы |
|
Сабақтың барысы |
І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Жаңа сабаққа кіріспе ІІІ Жаңа сабақты талқылау ІV Рефлексия |
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.(3 мин.)
ІІ Жаңа сабаққа кіріспе
Интерактивті тақтадан слайдтар арқылы жаңа сабаққа қысқаша шолу жасау ( 7 мин).
Гоминидтер дамуының төрт кезеңі
рамапитек\
австралопитек презинжантроп тік жүруші адам
ІІІ Жаңа сабақты талқылау. 1.Топтық тапсырма (15 мин.)
І топ . Бірінші кезеңнің ерекшеліктері.
ІІ топ .Екінші кезеңнің ерекшеліктері
ІІІ топ Үшінші кезеңнің ерекшеліктері
ІV топ Төртінші кезеңнің ерекшеліктері.
Әр топ өз жобаларын плакатка жазып, қорғайды. Топтар бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
- Жұптық тапсырма.Мәтінмен жұмыс. (15 мин.)
1.Адамдардың алғаш өмір сүрген жерлері
2.Нәсілдердің қалыптасуы жайлы пікірлер
3.Алғашқы құрал- жабдықтар
Әрқайсысы жеке оқиды,жұптар бір-біріне сұрақтар қояды.
Жаңа сабақты оқушылар қалай түсінгендерін бағдаршам арқылы бағалап,көрсетеді.
ІV Рефлексия (10 мин.)
Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады ?
Күндетікті сабақтардан айырмашылығы бар ма?
Топтағы оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз пікірлерін айтады.
Үйге тапсырма:§1 оқу,қосымша материалдармен жұмыс.
Қазақстан тарихы 10-сынып «Тексерілді»
11.09 « »————————- ж.
| Тақырыбы | Қазақстан палеолит дәуірінде |
| Сілтеме | Жоспар |
| Мақсаты |
Палеолит, мезолит кезеңдерінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тарихи кезеңдердің маңыздылығы туралы түсініктері қалыптастыру; Өзара ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру. |
| Күтілетін нәтиже |
1. Палеолит,мезолит кезеңдерінің ерекшеліктерін толық аша біледі;
2 Тарихи кезеңдер туралы ақпарат алады. |
| Түйінді идея | Палеолит, мезолит кезеңдерінің басты ерекшеліктері. |
| Оқушының іс-әрекеттері |
Берілген тапсырмалар бойынша бірігіп жұмыстар жасайды;
Өз ойларын ашық жеткізе алады. |
| Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
| Әдісі | Топтық ,жұптық,жұмыстар,сұрақ-жауап,үш жақты күнделік әдісі |
| Көрнекілігі | Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы |
|
Сабақтың барысы |
І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасын талқылау кезеңі ІІІ Жаңа сабақ ІV Қорытынды |

