» » Қазақстан тарихы 8 сынып. Күнделік жоспар

Қазақстан тарихы 8 сынып. Күнделік жоспар

29 октябрь 2016, Суббота
2 778
0

8-сынып. Қазақстан тарихы

 

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

  • 7-сыныпта өтілген материалдарды қайталата отырып, 8-сыныпта өтілетін яғни,   ХҮІІІ ғасыр мен
  • ХХ ғасырдың бас кезіндегі Отанымыздың тарихының маңызды оқиғаларын таныстыру, бұл сыныпта өтілетін тақырыптарға қысқаша тоқталу;
  • Оқулықтың авторларымен таныстыра отырып, жаңа басылып шыққан бұл кітап пен ескі кітаптың айырмашылығын айту;
  • Оқушылардың дүниетанымы мен тарихи санасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне  қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: оқулық, карта

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау «Хабар»
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

  • 7-сынып материалдарына шолу жасау

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
  3. Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
  4. Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
  5. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
  6. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
  7. Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі

IV.Сабақты бекіту:

  • Бетпе-бет

Бағалау:

Үй тапсырмасы:  Оқулықпен танысу.

 

  

 

 

8-сынып. Қазақстан тарихы

 

Сабақтың тақырыбы:  §1.  Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
  • Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
  • Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік

Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)

Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау «Хабар»
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 7-сыныпта өткен материалдарға шолу

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың  жоспары:

Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.

XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері

Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен  Қазақ хандығындағы әлеуметтік  құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның   орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін

№1 тапсырма:  Картамен жұмыс.

Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.

А) Ұлы жүз:

Ә)Орта жүз:

Б)Кіші жүз:

  1. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:

А) Ұлы жүз-

Ә)Орта жүз-

Б)Кіші жүз-

3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)

№2 тапсырма:

-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.

Берілетін жауаптар үлгісі:

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:

Феодалдар класы (тобы):

Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)

Рулық және тайпалық ақсүйектер;

Қожалар, имамдар, қожалар;

Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).

 

Шаруалар класы (тобы)  :

Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;

Егінші малшылар.

№3 тапсырма.  Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:

Құрама

Қожа

Құрылтай

Ханталапай

Төлеңгіт

Құн

Адат

Тархан

№ 4 тапсырма:

-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.

Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.

  • Хан сайлау дәстүрі
  • Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
  • Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
  • Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
  • Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.
  • Төлеңгіт деген кімдер?
  • Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.

IV.Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
  • XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?
  • Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
  • Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)

 

Бағалау:

 

Үй тапсырмасы:

XVIII  ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).

Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша 

Комментарии: