» » Дүние жүзі тарихы 8-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

Дүние жүзі тарихы 8-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

24 октябрь 2016, Понедельник
2 444
0

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқулығымен, оның авторларымен таныстыра отырып, жаңа заман тарихында  не оқытылатына тоқталу, кезең кезеңдерге қысқаша мәлімет беру.
  • Белсенділігін арттыру, білімін тереңдету.

Сабақтың түрі:кіріспе

Әдісі:сұрақ жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі:карта, оқулық кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 7-сыныпта өткен «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» оқулығымен айырмашылығын айта отырып, өткен жылғы материалдарды еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Оқулық екі бөлімнен тұрады.

  1. Жаңа заманның алғашқы жаотысы деп аталады, яғни ХҮІІ ғасыр мен ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі уақыттағы дүние жүзі тарихының негізгі оқиғалары.
  2. Жаңа заманның соңғы дәуірі, яғни ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар.

Жаңа заман қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан  айырмашылығы өте айқын білінеді.

«Жаңа тарих» немесе «жаңа заман» ұғымы ХҮ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ол шартты түрде  екі бөлімге бөлінеді.

Аграрлы өркениет-

Индустриялы өркениет-

Жаңғырту-

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Кенттену, яғни урбанизация-қалалардың бұрын-соңды болмаған өсуі, қала тарихта тұңғыш рет ауылды екінші кезекке ығыстыра отырып, эконмикалық басымдылыққа ие болды;
  • Индустрияландыру-өндірісте машиналарды ұдайы үдемелі түрде пайдалану, оның басы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі болып табылады;
  • Секуляризация-сана-сезімнің тоқырап, атеизмнің дамуы, рухани және әлеуметтік өмірдің діни ықпалдан азат етілуі.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:Кіріспе бөлімді оқып, терминдерді түсініп, жаттап келу.

 

 

 

8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы./2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімеле отырып, аграрлық сала негізінде реформалар жасалғанын, шаруалардың екі жақты қыспаққа ұшрағандығын түсіндеру.
  • Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын буржуазиялық революциясына жол ашып, халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігін, Англиядаға революция халықтық қозғалысқа айналып, феодалдық корольдік тәуелділікті жоюға ұмтылғандығын әңгімелеу.
  • Бүкіл Англия парламентті жақтаушылар және феодалдық абсолюттік құрылысты жақтаушыларға бөлінгендігін, республиканың ішкі саяси жағдайының дағдарысы, елде жаңа заңдар мен реформаларды жүргізуді қажет еткендігін айту. Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, касте, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Дүниежүзі тарихы нені оқытады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Революция қарсаңындағы Англия
  2. Ағылшын революциясының себептері
  3. Англиядағы азамат соғысы.

Маңызды оқиғалар:

1628 ж. — «Құқық жөніндегі петиция» құжаты

1639 ж. — Шотландиямен соғыс

1640 ж.- Ағылшын революциясының басталуы

1640 жыл, 13 сәуір-5 мамыр- «Қысқа парламент»

1640 жыл, 3 қараша- «Ұзақ парламент»

1640 жыл, желтоқсан – «Түп және тармақтар жөніндегі петиция»

1641 жыл, желтоқсан – «Ұлы ремонстрация»

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер
  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.
  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?
  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §1

 

8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық дәуірі

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан соңына дейін үстемдік еткен идеялар дәуірі-ағартушылық ғасыр Еуропа халықтарының өміріндегі ірі құбылыс болғандығын әңгімелеу. Ағартушы элита мен қарапайым халық арасындағы айырмашылықты ашу. Алдыңғы қатарлы ағартушылардың еңбектерін оқып, оларды құрметтеп, өнегелі ісін үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың түрі:Пресс-конференция

Әдісі: Сұрақ –жауап, оқушылардың ауызша хабарлама әдісі.

Көрнекілігі:ХҮІІІ ғасырдағы дүниежүзі картасы, кесте, сызба, тақтаны пайдалану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер
  • Пресвитерліктер мен интепенденттер деген кімдер, олардың көзқарастары неліктен қарама-қайшылықта болды?
  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.
  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?
  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ағартушылықтың бастауы және оның негізін салушылар
  2. Халық мәдениеті
  3. Ағартушылардың діни көзқарастары
  4. Ағартушылардың қоғам туралы пікірлері
  • «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі: Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

Ағартушылық ғасырында ғылымға деген ынта күшті болды. Ғалым, ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтеді. Ғалымдар арнаулы орындарға шақырылып, зор ықыласпен тыңдалды.

  • «Ақ жол» газетінің тілшісі: Католик, лютерандық және православиелік елдерде Ағартушылық ғасыры адамды қандай сапаларына қарап екіге бөлді?
  • «Білім шуағы» газетінің тілшісі: ХҮІІІ ғасырда кейбір елдерде, мысалы Герман княздіктерінде бастауыш білім беру енгізілсе, Пруссия королі ІІ Фридрих неге білім алуға қарсы шықты?
  • «Ар-Ай» газетінің тілшісі: Ағартушылар арасында халыққа жақын мәдениеттің дамуын қуаттаушы Германияның ұлы ойшылрады кімдер және олар нені жақтады? Ағартушылық ғасырдың қандай ұлы қайраткерлерін білесіңдер? Ол кезеңде ғылымның қай салаларына баса көңіл бөлінді?

Құдайды жоққа шығарушы  атеистер-дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санаған. Материалистердің пікірі қандай болды? Олардан кімдерді айта аласыңдар? Ағартушылық ғасырында Еуропада «өркениеттілікпен», білім мен ғылым дамуымен байланысты қоғамдық прогресс идеясы қалыптасты.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?
  2. ХҮІІІ ғ. ағартушы элита мен қарапайым халық арасында қандай айырмаш. болды?
  3. Ағартушылық ғасырының қандай ұлы қайраткерлері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. ХҮІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Еуропалықтар Солтүстік Американы отарлай бастауының мақсаттарын аша отырып, солтүстік және оңтүстік отарлар шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктер туралы айту.
  • Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары, пісіп-жетілгендігін түсіндіру, бостандық пен құқыққа қысым жасаушыларға төзгісіз көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Дәріс-сабақ

Әдісі: Баяндау.

Көрнекілігі:Карта, сызба, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?
  • ХҮІІІ ғасырдағы ағартушы элита мен қарапайым халық арасында қандай айырмашылық болды?
  • Ағартушылық ғасырының қандай ұлы қайраткерлері болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырда Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы.
  2. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  3. Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.
  4. Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы
Отарлар Қай ерлер жатты? Қандай қатынаста болды?
1.      Корольдік

 

 

Виргиния Жоғары меншік иелеріне-корольге немесе лордқа салық төлеп тұрды.
2.      Жеке Солтүстік және Оңтүстік Каролина Англияның ірі феодалдары отар жеріне толық қоныстануға және үндістермен бейбіт қатынаста болуға мүдделі болды.
3.      Қауымдық (корпоративті) Олар жаңа Англиядағы  меншік иелеріне берілмеген жерлер Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері жатты.

Американың құрылуы:

  1. 1776 жылы шілдеде қабылданған «Тәуелсіздік декларациясы» жөнінде декларацияның мақсаттары, принципі айтылады.
  2. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданды
  3. 1789 ж. тұңғыш президен ДЖ.Вашингтон

ІҮ. Сабақтың бекіту: «Иә-жоқ» ойыны

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§3

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Француз буржуазиялық революциясы /2сағат/

Сабақтың мақсаты:   Француз буржуазиялық революциясының басқа революциялардан айырмашылығын , оның бүкіләлемдік тарихи маңызын түсіндіру

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ ғасырда Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы.
  • Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  • Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.
  • Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе.
  2. Революцияның бастауы және ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі Францияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы.
  3. Француз буржуазиялық революциясы:
    • Революцияның басталуы, барысы.
    • Құрылтай жиналысы, конституция.
  4. Монархияны құлату және революцияны жариялау.
  5. Якобиншілдер диктатурасының құрылуы.
  6. Революцияның мәні.
Француз революциясының нәтижесі
Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті.    Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

ІҮ. Сабақтың бекіту:  Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?

  1. Революция қалай басталды? Революция барысында  ел билігіне кімдер келді?   Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.
  2. Революцияның маңызы қандай

Ү. Бағалау:   ҮІ. Үйге тапсырма:§4

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдің жағдайына сипаттама беру.
  • ХҮІІ ғасырда Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамуы болғандығын атап көрсету. Сондай –ақ Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа Еуропа елдерінен артта қалу себептерін ашып беру.
  • І Петр тұсіндағы мемлекеттің өнеркәсібінде маңызды өзгерістер болғандығы және Солтүстік соғыстың салдары шаруаларға ауыр міндеткерлік тудырғаны жайлы баяндау. Әсіресе І Петр енгізген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен реформалардың мәнін түсндіру

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, І Петрдік суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?
  • Революция қалай басталды?
  • Монархия қандай әрекеттер жасады?
  • Революция барысында ел билігіне кімдер келді?
  • Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.
  • Революцияның маңызы қандай

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресей.
  2. ХҮІІІ ғасырда ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  3. ХҮІІІ ғасырда Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты
  4. І Петр және оның өкіметі
  5. І петр реформалары
  6. Солтүстік соғыс және оның нәтижелері.
  7. Феодалдық басыбайлы шаруаш. ыдырауы және халықты қанаудың күшеюі

Маңызды оқиғалар:

  • 1715 ж. – өкіметтің жарлығы бойынша зығыр, сора себу ұлғайтылды.
  • 1714 ж.- жеке мұралық туралы жарлығымен барлық дворяндар меншік жеріне шаруалар жері кіріп, помещиктік жеке меншікке айналды.
  • ХҮІІІғ. басында – І Петр әлеуметтік-экономикалық өзгертулер, реформалар енгізді.

 

 

 

 

І Петр реформалары
Әскери реформалар Салық реформасы Басқару мен өкімет органдары реформасы Шіркеу реформасы Мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформалар

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. ХҮІІІ ғ. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін сипаттаңдар.
  2. ХҮІІІ ғ. Ресейдің ішкі және сыртқы саясатында қандай әрекеттерді атар едіңдер?
  3. І Петр реформаларын атап көрсетіңдер.
  4. Солтүстік соғыстың себептері қандай болды?
  5. ІІ Екатерина билік жүргізген кезде қандай реформалық өзгерістер болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§5

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020