Қазақстан тарихы 10 сынып (гуманитарлық) күнделік сабақ жоспарлары
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы әлем көрінісі, еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы, ұлы державалардың экспанциясы,еуропалық мемлекеттердің үстемдігінің түп негізі, өркениеттер үндестігі тақырыптарында айта отырып, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
еру
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Дүние жүзінің саяси картасы».
- «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы
- «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
- «Тас дәуірінің хронологиясы», т.б. тірек-сызбалар.
- Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен жылғы материалдарды қайталау.
Сабақтың жоспары:
- Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
- Палеолит
- Мезолит
- Неолит
- Тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.
Сабақты бекіту:
Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Оқулықпен танысу. Картамен жұмыс.
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §1. Тас дәуірінің хронологиясы. Палеолит,мезолит,неолит дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
- Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Дүние жүзінің саяси картасы».
- «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы
- «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
- «Тас дәуірінің хронологиясы», т.б. тірек-сызбалар.
- Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен жылғы материалдарды қайталау.
Сабақтың жоспары:
- Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
- Палеолит
- Мезолит
- Неолит
- Тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.
Сабақты бекіту:
- Адам баласының алғашқы ата-тегі гомонидтер тұқымына жататын рамапитек қаңқасының қай жерлерден табылғанын картадан көрсетіңдер.
- Ғалымдар адам баласының біртіндеп дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай дәлелдеп отыр?
- Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлнеді, оларды атап шығыңдар.
- Ғалымдар Қазақстанның ежелгі тұрғындарын адамның қалыпты дамуының қай кезеңімен сәйкестендіреді, оны немен дәлелдейсіңдер?
- Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?
Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы. § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
- Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит дәуірінің басталуын, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
- Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында» картасы
- «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
- Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
- Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
- Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?
Сабақтың жоспары:
- Энеолит
- Ботай мәдениеті
Негізгі мазмұн
№ | Қай жерден табылды | Тұрақтар | Зерттеудегі жаңалықтар |
1 | Оңтүстік Қазақстан обылысы | Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық) |
Үңгір-екі бөлмелі.
Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар |
2 | Маңғыстау облысы | Ойықты, Төлес | Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар, сыртына геометриялық өрнектер салынған. |
3 | Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық) | Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар | |
4 | Ақмола облысы | Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай | 200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық |
5 | Торғай облысы | Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор | Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша |
Сабақты бекіту:
- Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?
- Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті