» » Адам және қоғам 11-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

Адам және қоғам 11-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

29 октябрь 2016, Суббота
3 000
0

11-сынып. Адам және қоғам

Сабақтың тақырыбы: § Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды «Адам және қоғам» оқылығымен таныстырып, қазіргі Қазақстанда және дүниежүзілік адамзат қауымдастығында болып жатқан үдерістер мен жеке адам өмірінің мәні туралы түсіндіру;
  • Адамзат тарихы басынан өткерген өркениеттерге шолу жасалып, соңғы ғасырларда олардың кейбіреулерінің суырылып алға шығуының, енді біреулерінің ілгерілеушілік қарқынына ілесе алмай, артта қалып қоюының сырларын ашу.
  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілік:кітаптар, суреттер.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Адам және қоғам туралы төменгі сынып материалдарын қайталау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Мектеп» баспасынан 2007 жылы шыққан «Жаратылыстану-мамематикалық бағыттағы» Адам және қоғам оқулығының авторлары Ә.Нысанбаев, Қ.Жүкешев,  М.Изотов, К.қажымұрат, М.Сәбит, М.Тәтімов
  2. Оқулық ҮІІ тараудан тұрады.
  • Адам және дүние
  • Қоғам және оның дамуы
  • Өркениеттер
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы
  • Қоғам және экономика
  • Қоғамның саяси аясы
  • Қоғамның мәдени-рухани дамуы.

Сабақты бекіту:

  • «Қоғам» дегенде ойымызға не оралады?
  • Қандай қоғамдарды білесім?
  • Біз қандай қоғамды өмір сүріп жатырмыз?

Бағалау:

Үйге тапсырма: Кіріспе

 

 

 

 

 

11-сынып. Адам және қоғам

Сабақтың тақырыбы: § 1.  Адам мәселесі /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Адам мәселесі, адам мәселесінің мәні, шығу тегі, өміріні мәні туралы айту;
  • «Адам» сөзінің мағынасын ажырата отырып, Құран-Кәрімнен, орта ғасырлардағы ғалымдардың адамның жаратылысы туралы ой –толғамдарын, ғылыми зерттеулерін айту;
  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, баяндау

Көрнекілік:карта, кітаптар

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Қоғам» дегенде ойымызға не оралады?
  • Қандай қоғамдарды білесім?
  • Біз қандай қоғамды өмір сүріп жатырмыз?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам мәселесінің қойылуы.
  • Сократ
  • Ф.Бэкон
  • К.Маркс
  • И.Кант
  • Қасиетті Құран-Кәрімде
  1. Адамның мәні
  • Адам-жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің жасаушысы, тарихи үдерістің субъектісі, тілі мен ойы дамыған, саналы әрекет ете алатын қабілеті бар биопсихоәлеуметтік тірлік иесі
  1. Адамның шығу тегі
  • Ч.Дарвин
  • Ф.Энгельс
  1. Адам өмірінің мәні
  • Адам өмірінің мәні-сол өмірді бастан-аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам болып қала білу, қандай да бір шым-шытырық, қиын-қыстау жағдайларда да адамдық тұрғысынан таймай, өз кісілігіңді байыту, көркейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй кешу…

 

 

 

 

Сабақты бекіту:

  • Адамның жануарлардан мәнді айырмашылығы неде?
  • Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыстың себебі адамның табиғатқа қатысты менмендік көзқараспен өктемдік жүргізуге тырысуынан болып жатыр деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұған қалай қарайсыңдар?
  • Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?
  • Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер.
  • Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1-2

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020