Математика 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы
Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | ||
Сабақтың атауы | Заттардың асиеттері. Заттарды санау | ||||
Сілтеме | Математика әдістемесі | ||||
Сабақтың жабдығы | Тиін мен қоянның суреті, оқулық, дәптер, үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала суреті. | ||||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
1.Білімділік: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту. 3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. |
||||
Топқа бөлу | Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін | ||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
— Балалар, бүгін бізге қонаққа қол ұстасып Тиін мен Қоян келді.
Олар бізіді шаттық шеңбер құруға шақырып тұр. |
Әрбір адам — досым, сыныптасым,
Әрбір ісің — тіршілік, адамдық Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену, Әрбір сөзін -шындық, бірлік, адалдық.
|
|||
Қызығушылықты ояту |
Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін анықтау.
Ауызша жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен заттардың топтарын (пішіні, түсі,мөлшері бойынша бірдей және әртүрлі ) таңдап алу. Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі әртүрлі бірнеше доп және текше, т.б. Заттың түсі, оның неден жасалғандығы, көлемінің қандай екендігі, балалардың олардың пішінін ажырата алатыныдығы анықталады. Ары қарай заттар аталған белгілері бойынша салыстырылады. (Мұғалім оқушылардың неше? деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін анықтайды). |
||||
Мағынаны тану
Жаңа сабақ |
Оқулықпен жұмыс
Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру. №1 суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі. — Суретте кім бейнеленген? (мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала). №2 тапсырма екі суретті салыстыруға арналған. №3 тапсырма мұғалімге оқушылардың санауды меңгеру деңгейін, зейінін, топтай білу дағдыларын анықтай алуына көмектеседі. Барлық тапсырманы орындағаннан кейін оқулықты жапқызып , оқу құралдарының партада дұрыс орналасуын көрсету керек. |
||||
Сергіту сәті |
Бір,екі, үш
Демаламыз , жинап күш. Үлгілі оқушы боламыз, Ылғи бестік аламыз. |
||||
Ой толғаныс |
Дәптермен жұмыс.
Дәптермен жұмыс алдында сергіту сәті өткізіледі. Содан кейін мұғалім оқушыларға дәптердің партада қалай орналасуын және жай қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетеді. Дәптердегі тапсырма бойынша жұмыс. — Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын табындар. — Неше пирамида (сайқымазақ, доп) бейнеленген? -Әр ойыншықтың бейнесінің жанына сол ойыншық нешеу болса, сонша таяқша сыз. №2 тапсырма суретте бейнеленген заттарды санауға, салыстыруға арналған. Балалардың санау, түс, мөлшер туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы бойынша әр түрлі қарындашты аяқтап салуын сұрайды. №3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек. Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады. №4 тапсырма балалардың фигуралар — дөңгелек, үшбұрыш, шаршы туралы білімдерін анықтау мақсатын көздейді. Сондай-ақ оларды бояу жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді. Санап үйрену. |
||||
Үй тапсырмасы | Санап үйрену | Күнделіктеріне жазады | |||
Кері байланыс | Мадақтау | Смайликтерді жабыстырады | |||
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Өлшем,пішін туралы түсінік | |||
Сілтеме | Әдістеме | |||
Сабақтың жабдығы | Жол белгілері, әр түрлі заттар | |||
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі |
1. Білімділік: Заттардың пішіні мен өлшемі туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алуға үйрету ( түсі,пішіні, өлшемі бойынша); заттарды санауға жаттықтыру. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. |
|||
Топқа бөлу | Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін | |||
Ынтымақтастық атмосферасы |
«Армысың досым,
Кел, маған қосыл. Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды) Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық (айналады). |
Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық (құшақтасады)». Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
|
||
Үй тапсырмасын сұрау |
Ауызша жұмыс жүргізу үшін түрлі -түрлі суреттер дайындау. Мысалы: 3 түсті доп (үлкен, кіші ), 3 түрлі сызғыш (ұзын, қысқа), 3 түрлі текше т.б.
Әр затты сипаттап беру. |
|||
Қызығушылықты ояту |
Мұғалім бірдей пішіндегі 2-3 затты көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды қоршаған ортадан табуды ұсынады.
Геометриялық фигуралармен жұмыс. Мұғалім әртүрлі геометриялық фигуралардың ішінен дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы пішіндегі фигураларды көрсетуге сұрайды. — Егер оқушылар тапсырманы жеңіл орындаса, ары қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы: «Фигуралардың арасынан кішкентай жасыл емес фигураны тауып көрсет», т. б. Әр оқушы өз нұсқасын ұсынады,өз пікірін дәлелдейді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады, ойлау процестерінің, тілдерінің дамуына көмектеседі. |
|||
Мағынаны тану
Жаңа сабақ |
Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма заттың пішіні туралы түсініктерін нақтылау мақсатын көздейді. Алдымен көшеде жүру ережесі туралы әңгіме жүргізіледі, содан соң жол белгілеріне, олардың пішіндеріне көңіл аударылады.
Сұрақтар: -Қандай машиналар бейнеленген? -Олардың қайсысын үлкен деп айтуға болады? -Жолдан кім өтіп барады? -Жолдан қалай өту керек? -Кішкентай баланы жолдан кім өткізу керек? №2 заттардың пішіні туралы білімдерін анықтау. Белгінің өзі, оның бекітілген тұғыры қандай екенін қарау керек. Барлық үшбұрыштарды (шаршыларды, дөңгелектерді) санаудыц ұсынып, тапсырманы орындау. №3 тапсырма заттардың пішіні, өлшемі туралы білімдерін бекітуге арналған. Мұғалім алдымен көліктердің дөңгелегі нешеу екенін, содан соң жеке тұрған дөңгелектерді санайды. Оқушылар жауаптарын дәлелдей тырып, машиналарға , велосипедке дөңгелектер таңдайды. №4 тапсырма бақылағыштықтарын дамытуға, заттардың пішінін айыра білу дағдыларын бекітуге берілген. -Шаршы пішінді зат нешеу? -Дөңгелек пішінді нешеу? -Шам мен матрешканы алмұрт пішінді деп айтуға болады. мұндай заттардан нешеу бейнеленген? Фигуралардың екі тобын салыстыру. «Өрнек құр», «Артық фигураны тап» т.б. ойын түрлерін жүргізуге болады. |