» » Көркем еңбек (ұлдар) пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

Көркем еңбек (ұлдар) пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

29 август 2019, Четверг
543
0

1
«Көркем еңбек» (ұлдар) пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр- Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек
құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау
критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге,
сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына
жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік
береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік
және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес
мақсатта құрастырылған.
3
1-ТОҚСАН ...................................................................................................................................................... 4
4
1-ТОҚСАН
бөлім сәндік қолданбалы өнер
Тақырып Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн
салалары шығармаларының материалдарын, бағытын,
салыстырмалы талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәдени және тарихи жәдігерлер түрлерінің
ерекшеліктерін таниды, материалдары мен бағытын
салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Суреттеге интерьердегі сәндік бұйымдардың салыстырмалы талдауын жасаңыз.
А) Б)
А Б
Орындалу тәсілдеріндегі
ұқсастығы мен айырмашылығы
/түстік ерекшелігі, материал
құрылымы/
Композиция түріне тән негізгі
ерекшелігі
/пішіні, әсемделу түрі,
бөлшектерінің атауы/
Сәндік бұйымның қолдану аясы
Бұйымның жасалған материалы
бойынша
/ағаш, мыс, сынап, қашалған тас/
Дескриптор Білім алушы
-ұлттық өнер туындысына сараптама жасайды;
- қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтайды;
- интерьердегі сәндік бұйымдарды салыстырады.
5
Тақырып Интерьердің сәнді заттарының (шырағдан, сәнді сағаттар)
дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Шығармашылық идеяларды (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны) дамыту мен іске асыруда
бірінші және екінші ақпарат көздерін толыққанды және
нәтижелі қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық идеяларды іске асыруда АКТ – ны
тиімді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Өз бөлме интерьеріңізде қолданылатын бір сәнді заттың нобайын АКТ-қолданып, жасаңыз
-шырағдан
-сәнді сағат
-киім ілгіші
-бөлме айнасы.
2.Таңдаған сәндік бұйымға талдау жүргізе отырып, ізденіс коллажын орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- бір сәнді заттың нобайын АКТ-қолданып жасайды;
- таңдаған сәндік бұйымға талдау жүргізеді;
- ізденіс коллажын жасайды.
6
Тақырып Идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау. Жұмысты
жоспарлау
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Жұмысты орындаудың тиімді (оптималды) әдістері мен
реттілігін анықтай отырып, шығармашылық қызметін
жоспарлау
9.1.5.1 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың
дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді
жалпылау
Бағалау критерийі  Өз идеясында композицияның негізгі заңдылықтарын
сақтай отырып, түрлі дизайн нысанының орындалу
реттілігін анықтайды
 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың
дизайнын дайындау үшін білімдерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Таңдап алынған идея бойынша интерьер сәндік бұйымының нобайын жасаңыз.
Бұйым дизайнын жасалу реттілігін графикалық бейне ретінде сурет дәптерге енгізіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- таңдалған бұйым дизайнының нобайын жасайды;
- бұйым дизайнын жасалу реттілігін графикалық бейне ретінде
көрсетеді.
7
Тақырып Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше
және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану
9.1.6.2 Бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи
және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік
(оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну
9.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау
барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Туындыны орындау үшін өнердің көркем құралдарын
қолданады
 Бұйымды дайындау мен безендіруде заманауи және
дәстүрлі емес материалдарды қолдану жолын көрсетеді
 Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет
элементтерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Таңдап алынған идея бойынша интерьер сәндік бұйымының техникалық эскизін өнердің көркем
құралдарын қолдана отырып, жасаңыз.
2. Техникалық сызба бойынша геометриялық пішіндер көмегімен бұйымның 3D нұсқасын, қазақ
ұлттық мәдениет элементтерін қолданып жасаңыз (түрлі-түсті қағаз, картон т.б.)
Дескриптор Білім алушы
- интерьер сәндік бұйымының техникалық эскизін жасайды;
- эскизді өнердің көркем құралдарын қолданып жасайды;
- геометриялық пішіндер көмегімен бұйымның 3D нұсқасын жасайды;
- пішінді жасауда, қазақ ұлттық мәдениет элементтерін қолданады.
8
Тақырып Жұмысты қорғау
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Медиа құралдары мен онлайн платформаларды
қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын
жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа,
онлайн форумдар, әлеуметтік желілер)
9.3.4.1Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың
өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Аудитория алдында шығармашылық туындысын
қорғайды
 Өзінің және өзгелердің жұмыстарына өзіндік бағасын
береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Орындаған сәнді бұйымның таныстырылымын жасаңыз.
(Бейне баян, видео түсірілім, презентация)
2. Өзіңіздің және өзгенің жұмыстарын бағалаңыз.
Бұйым Өзіңіздің
бұйымыңыз
(белгі қойыңыз)
Өзгенің бұйымы
(белгі қойыңыз)
Ұсыныс
Бұйым сапалы
орындалған
Бұйымға
кемшіліктер бар
Бұйым негізгі
идеияны көрсетеді
Дескриптор Білім алушы
-дайын дизайнерлік туындысына таныстырылым жасайды;
- өзінің және өзгенің бұйымына баға береді.
9
10
Тақырып Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері.
Қазақстан сәулет өнері. (заманауи және тарихи)
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн
салалары шығармаларының материалдарын, бағытын,
салыстырмалы талдау
9.3.3.1 Бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін
анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын
қызметі, экономика) талдау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәдени және тарихи жәдігерлер түрлерінің
материалдары мен бағытын салыстырады
 Бұйымның эстетикалық, қолданыс аясы мен
факторларын талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төменде берілген суреттерге салыстырмалы талдау жасаңыз.
А) В)
/Жалпы мағлұмат/ /Жалпы мағлұмат/
/Ғимарат пішіні/ /Ғимарат пішіні/
/Салыну ерекшелігі/ /Салыну ерекшелігі/
/Материалы/ /Материалы/
С)
Д)
/Жалпы мағлұмат/ /Жалпы мағлұмат/
/Ғимарат пішіні/ /Ғимарат пішіні/
/Салыну ерекшелігі/ /Салыну ерекшелігі/
/Материалы/ /Материалы/
F)
G)
/Жалпы мағлұмат/ /Жалпы мағлұмат/
11
/Ғимарат пішіні/ /Ғимарат пішіні/
/Салыну ерекшелігі/ /Салыну ерекшелігі/
/Материалы/ /Материалы/
2.Үлгіні қолданып, өз ғимаратыңыздың нобайын жасаңыз. Нобайда ғимарат бөліктерін анық
бейнелеңіз.
1) Нобайды жасау үшін қандай элементтерді қолдандыңыз.
2) Нобайдың эстетикалық тартымды етіп жасау жолдарын сипаттаңыз.
3) Өз жұмысыңызға талдау жүргізіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- ұлттық сәулет өнеріне сараптама жасайды;
- заманауи сәулет өнерінің сараптама жасайды;
-ұлттық және заманауи сәулет өнерлерін салыстырады;
- ғимараттың нобайын жасайды;
- нобайда ғимарат бөліктерін анық бейнелейді;
- нобайды жасау бойынша талдау жүргізеді.
12
2-ТОҚСАН
бөлім Дизайн және технология
Тақырып Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе
өз идеялары) нобайы, сызбасы
Оқу мақсаты 9.1.5.1 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың
дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша
білімдерді жалпылау
9.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның
ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны
қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық
құжатты құру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пішіндер мен образдардың дизайнын жасау үшін
білімдерін көрсетеді
 Графикалық және технологиялық құжатты құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Өз таңдауыңыз бойынша алынған ғимараттың 2 нүктелі перспектива заңдылығын қолданып,
кеңістіктегі нобайын орындаңыз.
2. Қажет болған жағдайда өзгертулер енгізіп, техникалық сызбасын орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ғимарат көрінісінің кеңістіктегі нобайын орындайды;
-ғимараттың техникалық суреті мен сызбасын жасайды.
13
Тақырып Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті
материалдарды анықтау және таңдау
Оқу мақсаты 9.1.6.2 Бұйымды дайындау мен безендіру барысында
заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың
өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну
9.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі
технологиялар мен өнер материалдарын қолдану
бойынша өзіндік (оригиналды) шешімдерді ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымды дайындау мен безендіруде заманауи және
дәстүрлі емес материалдарды қолдану жолын
көрсетеді
 Шығармашылық жұмыстар жасауда, өзіндік
шешімдерді ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Өз таңдауыңыз бойынша алынған ғимараттың техникалық сызба бойынша екінші қолданыстағы
материалдар көмегімен, бұйымның 3D нұсқасын жасаңыз.
Қажет құралдар: түрлі-түсті қағаз, картон, сым, тығыздығы түрлі қағаз, пластик орама мен
бөтелке, ағаш және т.б.
2. Жасалған бұйымның қолдану аясын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- бұйымның 3D нұсқасын жасайды;
- заманауи, дәстүрлі емес материалдарды қолданады;
-3D нұсқада бұйымның қолдану аясын атайды.
14
Тақырып Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті
Оқу мақсаты 9.2.3.1 Бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу
мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау мен
қолдану
9.2.3.2 Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі
техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи
материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым
жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Идеясын іске асыру барысында ұтымды тәсілдерді
қолданады
 Өз бетінше әртүрлі техникаларды қолдана отырып,
күрделі бұйым жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өз бетіңізше дайындаған ғимарат макетіне ландшафттық безендіру жасап, конструкциясын негізгі
тұғырға (основа) бекітіп сәулеттік композициясын аяқтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ландшафттық безендіру тәсілдерін өз бетінше қолданды;
- сәулеттік композициясын аяқтайды;
15
Тақырып Жұмысты қорғау.
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Медиа құралдары мен онлайн платформаларды
қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын
жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру
(бейнетаспа, онлайн форумдар, әлеуметтік желілер)
9.3.2.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы тарихи,
әлеуметтік және мәдениеттік мәнмәтіндерді талдау мен
бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Аудитория алдында шығармашылық туындысын
қорғайды
 Өзгелердің жұмыстарындағы идеялар мен
тақырыптарды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Бастапқы жасаған сәулеттік композициядағы ғимарат ізденіс нобайларын альбом түрінде
жинақтап және 3D нұсқасын (авторы, орындалу техникасы, қолданылған материалдары)
көрмеге дайындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- жасаған жұмысының ұтымды сипаттарын анықтайды;
- ақпаратты дұрыс қолданады, пікірін негіздейді;
- арнайы терминологияны қолданып, білімін көрсетеді;
- көркемдеу тәсілдерін шебер қолданады;
- өзіндік идеясын жеткізеді.
16
3-ТОҚСАН
бөлім Дизайн және технология
Тақырып Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі
Оқу мақсаты 9.2.2.2-Әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өндірістік
үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өнеркәсіптік және өндірістік үдерістердің
ерекшеліктері мен бағыттарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Ақпарат көздері арқылы интерьер дизайнының әр туындысына сараптама жасаңыз.
a b c d e
a b c d e
Бұйым атауы
Материал
Жалпы
құрылысы
Қолдану аясы
Қосымша талдау
2.Берілген суреттерге қарап, интерьер дизайнының қай стиліне жататынын анықтаңыз:
1. ___________________ 2._____________________
17
3.______________________ 4._______________________
Дескриптор Білім алушы
- интерьер бұйымдарының дизайындық ерекшеліктерінt
сараптама жасайды;
- интерьер дизайны стильдерін анықтайды.
18
Тақырып Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы:
көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын
балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ). Идеяны дамыту
және талқылау. Материалдарды таңдау
Оқу мақсаты 9.1.5.1 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын
дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау
9.1.6.1 Жобаланатын нысанның техникалық, эксплатуациялық
және экологиялық сипаттамаларын ескере отырып, өз бетінше
конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды, өңдеу
тәсілдерін негіздеп, анықтау және таңдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пішіндер мен образдардың дизайнын жасау үшін
білімдерін көрсетеді
 Конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың
өңдеу тәсілдерін анықтап, талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген тізім ішінен (белгілеу қажет) өз идеяңызбен жиһаз нобайын жасаңыз.
a) Ұлттық
b) Модульді
c) Балаларға арналған
d) Өз таңдауыңыздағы стиль
2. Жиһаз дизайнына сипаттама беріңіз:
- техникалық
- эксплатуациялық
- экологиялық
Дескриптор Білім алушы
- жиһаз дизайнының нобайын орындайды;
- жиһаз дизайнының әртүрлі сипаттамаларын береді.
19
Тақырып Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация
Оқу мақсаты 9.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның
ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны
қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық
құжатты құру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Нобайдың графикалық және технологиялық құжатты
құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Берілген бұйымдардың ішінен біреуіне технологиялық және жасау барысындағы
қолданылатын құралдардың құрылымдық картасын (құжаты) жасаңыз.
a b c d
Дескриптор Білім алушы
- нобайда бұйымның идеясын анықтайды;
-бұйымның техникалық құжатын жасайды;
20
Тақырып Бұйымды әзірлеу. Әрлеу
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Материалдарды өңдеуге арналған заманауи технологиялық
машиналарды өз бетінше таңдап, анықтау және қолдану
9.2.3.2 Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды,
конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып
ерекше күрделі бұйым жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Материалдарды өңдеуге арналған заманауи технологиялық
машиналарды қолданады
 Өз бетінше әртүрлі техникаларды қолдана отырып, күрделі
бұйым жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Техникалық сызба бойынша екінші қолданыстағы материалдар көмегімен жиһаз
конструкциясының 3D нұсқасын жасаңыз. Қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіңіз.
Қажетті құралдар: сым, тығыздығы түрлі қағаз, пластик орама мен бөтелке, ағаш және т.б.
Дескриптор Білім алушы
- жиһаз конструкциясының 3D нұсқасын жасайды;
- материалдар мен құралдарды орынды қолданады.
21
Тақырып Бұйымды әзірлеу. Әрлеу
Оқу мақсаты 9.2.6.2 Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника
қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру
9.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын
сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен
құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника
қауіпсіздігі нұсқаулығын құрады
 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдар мен
құралдарды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Жиһаз конструкциясын құрастыру үшін қауіпсіздік техникасының нұсқаулығын жасаңыз.
2. Жиһаз конструкциясын қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- қауіпсіздік техникасының нұсқаулығын жасайды;
-қауіпсіздік техникасын сақтайды;
- жиһазды құрады.
22
Тақырып Жұмысты қорғау.
Оқу мақсаты 9.3.1.1-Медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана
отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды
өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа, онлайн форумдар,
әлеуметтік желілер)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Аудитория алдында шығармашылық туындысын
қорғайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Жиһаз конструкциясын құрастыруда жасаған ізденіс нобайларын альбом түрінде жинақтап
және 3D нұсқасын көрмеге дайындаңыз.
2. Шығармашылық жұмыстың авторын, орындалу техникасын, қолданылған материалдарын
атаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- жиһаз конструкциясын 3D нұсқада дайындайды;
- дайын жұмыстың авторын, орындалу техникасын,
қолданылған құрал жабдықтарды атайды.
23
4-ТОҚСАН
бөлім Үй мәдениеті
Тақырып Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері
Оқу мақсаты 9.1.5.1- Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын
дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау
9.2.5.1-Ландшафты дизайнның элементтерін, заманауи бағыттары
мен стильдерін анықтау және сипаттау
9.1.3.1-Шығармашылық идеяларды (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып) дамыту мен іске
асыруда бірінші және екінші ақпарат көздерін толыққанды және
нәтижелі қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын
дайындау үшін білімдерін қолданады
 Ландшафт дизайнының бағыттары мен стильдерін
сипаттайды
 Шығармашылық идеяларды іске асыруда АКТ – ны тиімді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Сурет дәптер ішіне өз таңдауыңыз бойынша перспектива заңдылығын қолданып, берілген
тізімінің ішінен бір стиль таңдап (белгілеу керек), өз ландшафт дизайныныңыздың кеңістіктегі
нобайын АКТ қолданып орындаңыз.
a) Классикалық
b) Экодизайн
c) Кантри
d) Шығыс
e) Хайтек
2. Ақпарат көздері арқылы ландшафттық дизайнының ерекшеліктерін көрсетіңіз, қай стиліне
жататынын анықтаңыз.
24
1___________________ 2._____________________
3.______________________ 4._______________________
Дескриптор Білім алушы
- ландшафт дизайнының нобайын орындайды;
- ландшафт дизайнынын дайындауда АКТ-ны қолданады;
- ландшафт дизайнының стильдерін анықтайды.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021