» » Көркем еңбек (қыздар) пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

Көркем еңбек (қыздар) пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

29 август 2019, Четверг
272
0

1
«Көркем еңбек» (қыздар) пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр- Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында
мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық
жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар
қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды
құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері
байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен
мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер
енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және
т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға
арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және
аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
3
Мазмұны
1-Тоқсан ...................................................................................................................................... 4
бөлім «Үй мәдениеті» ................................................................................................................ 4
бөлім «Дизайн және технология» ........................................................................................... 6
бөлім «Сәндік қолданбалы өнер» ......................................................................................... 21
4
1-Тоқсан
бөлім «Үй мәдениеті»
Тақырып Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде
Оқу мақсаты 9.2.5.1-Ландшафты дизайнның элементтерін, заманауи
бағыттары мен стильдерін анықтау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ландшафт дизайны элементтерінің бағыттары мен
стильдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
1. Тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 Ландшафты дизайнын қалай түсінесіз?
 Ландшафты дизайнның заманауи бағыттары мен стильдеріне қандай?
 Экстерьердегі ландшафты дизайнның қоршаған ортаға берері қаншалықты деп
ойлайсың?
2. Астана қаласының ландшафты дизайнын бейнелейтін суреттерге талдау жасаңыз.
- ұлттық құндылық
- заманауи бағыт
- элементтері
- стильдері
Дескриптор Білім алушы
- ландшафты дизайн туралы анықтаманы жазады
- ландшафты дизайнның заманауи бағыттары мен стильдеріне
сипаттама береді;
- экстерьердегі ландшафты дизайнның қоршаған ортаға әсерін
жазады;
- Астана қаласының ландшафты дизайнын бейнелейтін
суреттерге талдау жасайды.
5
Тақырып Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде
Оқу мақсаты 9.1.5.1 Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың
дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді
жалпылау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пішіндер мен образдардың дизайнын жасау үшін
білімдерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Үлгіні негізге ала отырып, этно стильді заманауи стилмен кіріктіре байланыстырып, жаңаша
бір шатырдың үлгісін ойлап табыңыз? (дизайн)
Үлгіге қойылатын талаптар:
- ресурстарды шолу жасау
- креативтілік, ерекшелігі
- түстерді сауатты таңдау
2. Өз нобайыңыздың ерекшелігін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- өз зерттеуінде ресурстарды тиімді қолданады;
- нобай креативті, ерекше етіп жасалынады;
- түстік шешімде сауатты жұмыс жасайды;
- өз нобайының ерекшелігін көрсетеді.
6
бөлім «Дизайн және технология»
Тақырып Бұйымды жасау .
Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу.
Бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты 9.2.6.1 Материалдар мен құрал жабдықтарды
қолданудағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың
маңыздылығы мен сақтық шараларын айтып отырып,
жұмыс орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйым жасауда қауіпсіздік ережесін
құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Суреттегі пончоны жасау барысында қандай құрал-жабдықтар қажет болатынын
көрсетіңіз.
2. Құрал жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерінің тізімін құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 қажетті құрал жабдықтарды атайды;
 қауіпсіздік ережесін ұсынады.
7
Тақырып Сәнді киім дизайны «Fast cloth» қарапайым
геометриялық формалар (пончо, кейп, туника) (сән
журналдары). Киім және аксессуарлардың заманауи
өндірісі
Оқу мақсаты 9.1.3.1-Шығармашылық идеяларды (оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды) дамыту
мен іске асыруда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін
толыққанды және нәтижелі қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық идеяларды іске асыруда АКТ –
ны тиімді қолданады
 Шығармашылық идеяны креативті іске асырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Сәнді киім дизайнын жасауда «пончо», «кейп», «туника» сынды бұйымдардың
өзіндік ұқсастықтары және айырмашылығын талдап, сипаттама беріңіз.
2. Арнайы АКТ бағдарламасының көмегімен геометриялық формада болатын пончо,
кейп немесе туниканың формасын есепке сай конструкциясын сызыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- бұйымдардың өзіндік ұқсастықтары және
айырмашылықтарын атайды;
- бұйымның конструкциясын жасауда АКТ бағдарламасын
қолданады;
- шығармашылық жұмыстың формасын. креативті етіп
жасайды.
8
Тақырып Бұйымды жасау .
Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу.
Бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты 9.2.2.3-Тігін машиналарында күрделі
операцияларды (аппликация, кестелеу)
орындау және зерделеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тігін машинасында күрделі
операцияларды орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Аппликациялық жұмысты тігін машинада орындап шығыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 тігін машинасында жұмыс жасауды біледі;
 тігін машинасында аппликация орындай алады.
9
Тақырып Бұйымды жасау .
Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу.
Бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты 9.2.3.2-Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі
техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи
материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі
бұйым жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Сенімділіге мен дербестігін көрсете отырып,
ерекше бұйым жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төменде берілген бұйымдарды үлгі ретінде негізге ала отырып, өз шығармашылық
бұйымыңызды жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- үлгіге қарай бұйымға материалды дұрыс
таңдайды;
- бұйым түрлеріне пішім жасай алады;
- тігіссіз бұйым жасап шығады.
10
Тақырып Киім топтамасын жасау эксперименті/
Жеке даралық имидж үшін аксессуарлар
Оқу мақсаты 9.2.3.1-Бұйым дайындау барысында материалдарды
өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау,
таңдау мен қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі тәсілдерді қолданып, материалды өңдеу
және безендіру жұмысын жүргізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төменде берілген үлгілерді негізге ала отырып, өз қалауыңызша аксессуарларды
жасап шығыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- материалды дұрыс өңдейді және қолдана алады;
- безендірудің түрлі әдістерін қолданады.
11
Тақырып Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен
ізденіс зерттеулері)
Оқу мақсаты 9.1.3.1-Шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және
қазіргі ақпарат көздерін мақсатты, өнімді пайдалану. (оның
ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмыста алғашқы және қазіргі
ақпарат көздерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Заманауи сән әлемі мен бағыттары жайлы өздігіңізбен зерттеген нәтижелеріңізбен бөлісіңіз.
2. Төменде берілген әйел образына өз қалауыңыз бойынша сән әлеміндегі кез-келген бір
сарындық (стильді) бағытты бейнелеңіз: классикалық бағыт, спорттық, фальклорлық және
авангардтық т.б.
Дескриптор Білім алушы
- заманауи сән әлемі туралы айтады;
- әйел образын таңдауы бойынша бір стильде бейнелейді.
12
бөлім «Сәндік қолданбалы өнер»
Тақырып Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша.
Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері
Оқу мақсаты 9.1.2.1-Өнер туындыларының тарихи және мәдени
шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда
көпшілік назарының әсерін қарастыра отырып, салыстырмалы
талдауды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өнер туындыларындағы материалдар мен стильдері
жариялауда, салыстырмалы талдау жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Дәстүрлі тоқыма өнері дегенміз не?
2.Әлем халықтарының дәстүрлі тоқыма өнеріне жататын кілемшелерді қазақтың ұлттық нақышта
орындалған кілемшесімен салыстырып, түсіндірме жазбасын жазыңыз:
- тоқылу тәртібі
- түстік шешімі
- қолданылған материалдар
- салынған ою-өрнектердің мән-мағынасы
Дескриптор Білім алушы
- дәстүрлі тоқыма өнері жайлы айтады;
- дәстүрлі тоқыма өнерінің түрлерінің тоқылу тәртібін/ түстік
шешімін/қолданылған материалдарын/ою өрнектің мағынасы
бойынша салыстырады.
13
14
бөлім «Үй мәдениеті»
Тақырып Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде
Оқу мақсаты 9.2.5.1-Ландшафты дизайнның элементтерін, заманауи
бағыттары мен стильдерін анықтау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ландшафт дизайны элементтерінің бағыттары мен
стильдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
1.Тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Инерьердегі ландшафты дизайнын түсіндіріңіз.
2) Интерьердегі ландшафты дизайнның заманауи бағыттары мен стильдеріне сипаттама
беріңіз.
3) Ландшафты дизайнның итерьердегі және экстерьердегі негізгі ерекшелі, ұқсастығы мен
айырмашылығына анықтаңыз.
2. Ландшафт дизайнның интерьердегі көріністерін қай елге тән екендігін анықтаңыз.
Қазақтың ұлттық элементтермен салыстырыңыз, сипаттама беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді;
- ландшафты дизайндағы ұлттық нақышты айқындап, мән-мағынасына сипаттама береді;
- интерьер көріністері тән елді анықтайды;
- қазақтың ұлттық элементтермен салыстырады.
15
16
Бөлім «Дизайн және технология»
Тақырып Бұйымды жасау .
Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді
жинау мен бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты 9.2.6.2-Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника
қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
1. Төменде берілген суретке қарап, қолданылатын материалдар мен жасалыну үдерісін
кезеңдермен жазып шығыңыз.
2. Жасалынатын пончо түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құрыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- пончоның жасалау үдерісін кезеңдермен жазады;
- бұйымды жасау бойынша қауіпсіздік нұсқаулығын құрады.
17
Бөлім Дизайн және технология
Тақырып Бұйымды жасау
Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді
жинау мен бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты 9.2.2.1-Заманауи тігін құрал-жабдықтарын білу және торлау
тігін машинасын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйым жасауда құрал-жабдықтар мен тігін
машинасын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төменде берілген суретті үлгі ретінде негізге алып, өз пончаңызды пішіп, қажет деп тапқан
бөлшектеріңізді торлау машинасын пайдалана отырып, өңдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- пончоны пішеді;
- құрал жабдықтарды қолданады;
- торлау машинасын пайдаланады;
- пончоны өңдейді.
18
Бөлім Үй мәдениеті
Тақырып Интерьерді мерекеге орай безендіру
Оқу мақсаты 9.2.5.4-Интерьерді (тұрғын үй, қоғамдық) безендіру,
жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік
жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін
жалпылау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Интерьерді жоспарлау мен безендіру жұмыстарын
жүргізуде білімін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. «Интерьер» сөзінің мән – мағынасын айтыңыз.
2. Балалар бөлмесін безендіру үшін интерьер заңдылығына сәйкес өз дизайныңызды
ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Интерьер» сөзінің мән – мағынасын айтады;
- балалар бөлмесін безендіруде өз дизайнын ұсынады.
19
Бөлім Үй мәдениеті
Тақырып Шығармашылық идеяны визуалдау(нобай)
Оқу мақсаты 9.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың
өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің және өзгелердің жұмыстарына өзіндік бағасын
береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңіздің және өзгенің жұмыстарын бағалаңыз.
Бұйым Өзіңіздің
бұйымыңыз
(белгі қойыңыз)
Өзгенің бұйымы
(белгі қойыңыз)
Ұсыныс
Бұйым сапалы
орындалған
Бұйымға
кемшіліктер бар
Бұйым негізгі
идеияны көрсетеді
Дескриптор Білім алушы
- өзінің және өзгенің жұмыстарына тиімді бағалау жүргізеді;
- жақсарту жолдарына ұсыныс береді.
20
Бөлім Үй мәдениеті
Тақырып Интерьерді мерекеге орай безендіру
Оқу мақсаты 9.3.3.1-Бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін
анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын
қызметі, экономика) талдау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін
бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Балалар бөлмесін безендіру үшін, қандай элементтердің көмегімен бөлменің атқаратын
қызметін көрсетуге болатынын айтыңыз.
2. Бөлмені эстетикалық тартымды етіп жасау жолдарын сипаттаңыз.
3. Өз жұмысыңызға талдау жүргізіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- балалар бөлмесін атақаратын қызметін анықтайды;
- бөлменің эстетикалық тартымды ету жолдарын сипаттайды;
- өз жұмысын талдайды.
21
Бөлім Дизайн және технологи
Тақырып Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар
(өздігінен ізденіс зерттеулері)
Оқу мақсаты 9.1.3.1-Шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы
және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты, өнімді пайдалану.
(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолдану)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмыста алғашқы және қазіргі
ақпарат көздерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Заманауи сән әлемінің сарындық бағыттарының бірін анықтаңыз.
2. Анықталған стильді салыстыруда, алғашқы және қазіргі зерттеулерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- заманауи сән әлемінің сарындық бағытын анықтайды;
- стильді салыстыруда, алғашқы және қазіргі зерттеулерді
қолданады.
22
Бөлім Дизайн және технологи
Тақырып Аксессуарлар, шаш үлгісі, визаж құралдары негізінде жеке
даралық образды жасау
Оқу мақсаты 9.1.6.2-Бұйымды дайындау мен безендіру барысында
заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың
өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымды дайындау мен безендіруде заманауи және
дәстүрлі емес материалдарды қолдану жолын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төмендегі берілген суретті негізге ала отырып, дәстүрлі емес материалдардан әйелдерге
арналған аксессуарларды жасаудың жолын көрсетіңіз.
2.Аксессуардың сән әлеміндегі маңызын айтыңыз.
3.Аксессуар дайындау үшін қандай дәстүрлі емес материалдарды қолданғаныңызды айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- аксессуарларды жасаудың жолын көрсетеді;
- аксессуардың сән әлеміндегі маңызын айтады;
- қолданылған дәстүрлі емес материалдарды атайды.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021