» » Физика 7 сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Физика 7 сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

02 май 2018, Среда
1 338
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Физика
7 сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан .......................................................................................................................................... 4
«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі. ............................................................................ 4
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі ....................................................................... 6
«Механикалық қозғалыс» бөлімі .......................................................................................... 11
2- тоқсан ....................................................................................................................................... 19
«Тығыздық» бөлімі ...... ........................................................................................................... 19
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі ................................................................................. 23
3-тоқсан ........................................................................................................................................ 31
«Қысым» бөлімі ...................................................................................................................... 31
«Жұмыс және қуат» бөлімі ...... .............................................................................................. 47
4-тоқсан ........................................................................................................................................ 50
«Энергия» бөлімі ..... .............................................................................................................. 50
«Күш моменті» бөлімі .... ....................................................................................................... 55
«Жер және Ғарыш» тбөлімі ... ................................................................................................ 61
3
1-тоқсан
«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі
Тақырып «Физика – табиғат туралы ғылым»
Оқу мақсаттары 7.1.1.1 Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық құбылыстарға мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Мектепке келе жатқан жолда қандай физикалық құбылыстарды көресіз? Физикалық
құбылыстарға мысалдар келтіріңіз және кестедегі сәйкес жолға жазыңыз.
Физикалық құбылыс түрлері Мысалдар
Механикалық
Жарық
Жылу
Электрлік
Дыбыстық
Дескриптор Білім алушы
- физикалық құбылыстарға мысалдар келтіреді
Тапсырма 2
Төмендегі суреттерде қандай физикалық құбылыстар бейнеленген?
Жауаптарыңызды әр нұсқаның тұсына жазыңыз.
a)_________________ b)_______________ c)______ d)____________
Дескриптор Білім алушы
- дыбыс құбылысын анықтайды
- жылу құбылысын анықтайды
- механикалық құбылысты анықтайды
- жарық құбылысын анықтайды
4
Тақырып «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері»
Оқу мақсаттары 7.1.1.2 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
Деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Айнұр мен Марат Галилейдің түрлі денелердің құлауы туралы тұжырымдарын тексеруге
ұйғарды. Айнұр төбеден мұз сүңгілерінің қашан құлайтынын күтті, ал Марат биік
көпірден ұсақ тастарды лақтырды. Балалардың қайсысы эксперимент, қайсысы бақылау
жүргізді? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- бақылауды көрсетеді
- экспериментті көрсетеді
-жауабын түсіндіреді
5
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі
Тақырып «Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)»
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.1.2.1 Физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі
өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
Білім алушы
• Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Келесі физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз:
Физикалық шамалар Өлшем бірліктер
Уақыт м
Ұзындық м2
Көлем м3
Аудан с
Дескриптор: Білім алушы
- уақыттың өлшем бірлігін анықтайды
- ұзындықтың өлшем бірлігін анықтайды
- көлемнің өлшем бірлігін анықтайды
- ауданның өлшем бірлігін анықтайды
6
Тақырып «Скаляр және векторлық физикалық шамалар»
Оқу мақсаттары 7.1.2.2 Скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату
және мысалдар келтіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білім алушы
• Скаляр және векторлық шамаларды ажыратады
Тапсырма 1
Мына шамалардың скаляр немесе векторлық болатынын анықтап, сәйкес бағанға белгі
қойыңыз.
Физикалық шама Векторлық шама Скаляр шама
Жылдамдық
Жол
Көлем
Масса
Күш
Дескриптор Білім алушы
- скаляр шамаларды анықтайды
- векторлық шамаларды анықтайды
7
Білу және түсіну
Тақырып «Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу»
Оқу мақсаттары 7.1.2.3 Үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және
үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли
(m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үлкен және кіші сандарды жазу кезінде еселік және
үлестік қосымшалардың мәнін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Берілген өлшем бірліктерді түрлендіріңіз:
10 мкc= _________с
100 км= _________ м
1 см= _________ м
2 мг= _________ кг
1 дм= _________ м
10 кг= _________ г
1 нс= _________ с
Дескриптор Білім алушы
- еселік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді
- үлестік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді
Тапсырма 2
Дәптердің L ұзындығын сызғышпен өлшеп, нәтижесін берілген өлшем бірліктерде жазыңыз.
L= ________________ см =__________________ мм =______________ м.
Дескриптор: Білім алушы
- дәптер ұзындығын өлшейді
- нәтижені см-мен жазады
- нәтижені мм-мен жазады
- нәтижені м-мен жазады
8
Тақырып «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»
Оқу мақсаттары 7.1.3.2 Кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қатарлау әдісін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте шарлардың диаметрін анықтау әдісі көрсетілген.
a) Көрсетілген әдісті сипаттап, жазыңыз.
b) Бір шардың диаметрін анықтаңыз және нәтижені қателікті ескеріп жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- қатарлау әдісін сипаттайды;
- берілген өлшеу құралының бөлік құнын анықтайды;
- өлшенетін шаманың мәнін анықтайды;
- алынған нәтижені қателікті ескеріп жазады.
Тапсырма 2
Белгілі бір бактерияның ұзындығы 0,5 мкм. Осы бактерияның нешеуін 1 мм-ге тізуге
болады? Шамалар мәндерін стандарт түрде жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- қатарлау әдісін қолданады;
- шамаларды стандартты түрге келтіреді;
- бактерия санын анықтайды.
9
Тақырып «Физикалық шамаларды өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.1.3.1 Дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және
уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін
есепке ала отырып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық шамаларды өлшейді
• Өлшеу аспаптарының қателіктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Төмендегі суреттерде түрлі аспаптармен физикалық шамалардың өлшенгені туралы
ақпарат берілген. Аспаптар шкалаларының бөлік құндарын және көрсетулерін анықтап,
кестені толтырыңыз.
Аспап аты
Өлшенетін
физикалық
шама
Аспап
шкаласының
бөлік құны
Аспап
қателігі
Нәтиже
Мензурка
Секундомер
Сызғыш
Дескриптор Білім алушы
- аспаптардың бөлік құнын анықтайды;
- өлшенетін шамалардың мәнін анықтайды;
- алынған нәтижелерді қателікті ескеріп жазады.
10
«Механикалық қозғалыс» бөлімі
Тақырып «Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.
Санақ жүйесі»
Оқу мақсаттары 7.2.1.1 Келесі терминдердің физикалық мағынасын
түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі,
қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол,
орын ауыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Траекторияның мағынасын түсіндіреді
• Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай
траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің
қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?
Дескриптор Білім алушы
- Айдың Жерге қатысты қозғалыс траекториясын
анықтайды;
- араның қозғалыс траекториясын анықтайды;
- лифттің қозғалыс траекториясын анықтайды;
- газ бөлшектерінің қозғалыс траекториясын анықтайды.
11
Тапсырма 2
Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Содан кейін В гүлінде
аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.
Тапсырмалар:
a) ара траекториясына сипаттама беріңіз.
b) араның орын ауыстыруын суретте сызып көрсетіңіз.
c) араның жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулдері тең бе? Өз жауабыңызды
дәлелдеңіз.
d) араны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- ара траекториясын сипаттайды;
- араның орын ауыстыруын сызады;
- араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады;
- материялық нүктені сипаттайды.
Тапсырма 3
Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға
тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м
батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын
сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты
өзіңіз таңдап алыңыз.
12
Дескриптор Білім алушы
- қозғалыс траекториясын сызады;
- жүрілген жолды анықтайды;
- орын ауыстыруды анықтайды.
Тақырып «Қозғалыстың салыстырмалылығы»
Оқу мақсаттары 7.2.1.2 Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына
мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыстың салыстырмалылық принципі негізінде
денелер қозғалысы туралы қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте берілген денелердің қозғалыста не тыныштықта екенін берілген санақ денелеріне
қатысты анықтап, жауап беріңіз.
Қозғалыс басталған кезде
Қозғалыс аяқталған кезде
a) 1-бала ағашқа қатысты ________________________
b) 1-бала шыршаға қатысты ________________________
c) 2-бала 1-балаға қатысты ________________________
d) 2-бала арбаға қатысты ________________________
e) 2-бала шыршаға қатысты ________________________
f) 1-бала 2-балаға қатысты ________________________
Дескриптор Білім алушы
- берілген санақ денесіне қатысты қозғалыстағы денелерді анықтайды
- берілген санақ денесіне қатысты тыныштықтағы денелерді анықтайды
13
Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»
Оқу мақсаттары 7.2.1.3 Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен
Бағалау критерийі
бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Білім алушы
• Денелер қозғалысының түрлерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы
бірқалыпсыз екенін анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- бірқалыпты қозғалатын автомобилді анықтайды;
- бірқалыпсыз қозғалатын автомобилді анықтайды.
14
Тақырып «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»
Оқу мақсаттары 7.2.1.4 Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа
Бағалау критерийі
жылдамдығын есептеу
Білім алушы
• Дененің жылдамдығын есептейді
• Орташа жылдамдықты анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
ТУ-104 реактивті жолаушылар ұшағы бірқалыпты қозғалып 30 с-та 8250 м
арақашықтықты ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын м/с және км/сағ-пен анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- жылдамдық формуласын қолданады
- жылдамдықтың мәнін анықтайды
- жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіреді
Тапсырма 2
Жаяу адам барлық жолдың алғашқы 30 м бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін 1,45м/с
жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті.
Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- барлық жүрілген жолды есептейді
- барлық қозғалыс уақытын анықтайды
- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады
- орташа жылдамдық мәнін анықтайды
15
Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.5 s-тің t -ға тәуелділік графигін тұрғызуда
координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем
бірліктерін дұрыс белгілеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бірқалыпты қозғалыстың графигін тұрғызады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Дененің бірқалыпты қозғалысының теңдеуі х = 1 + 2

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020