» » ТЖБ ҚЖБ«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

ТЖБ ҚЖБ«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

26 август 2019, Понедельник
692
0

1
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар…..............................4
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі ............................................................................................ 4
2-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар…............................11
«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі ................................................................ 11
3-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар…............................16
«Адам жанының құпиясы» бөлімі ........................................................................................ 16
4-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар…............................23
«Мәңгілік Ел – мәңгілік мұратым» бөлімі ........................................................................... 23
4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі
Оқылатын шығарма тақырыбы Ж.Баласағұн «Құтты білік»
Оқу мақсаты 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыста
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Автордың адам бойындағы құндылықтарды не жоятыны туралы берген түсініктемесін оқи
отырып, өз нұсқаңызды жазып көріңіз.
Жүсіп Баласағұнның ойы Сенің ойың
- біріншісі – ақыл, оны ашулану,
өшігу күңгірттендіреді;
- екіншісі – достық, оны күншілдік
бұзады;
- үшіншісі – ұят, оны тойымсыздық,
ашкөздік жояды;
- төртіншісі – жақсы тәрбие; оған
нашар орта әсер етуі мүмкін;
- бесіншісі – бақыт, ал оны
қызғаншақтық бүлдіреді.
- біріншісі- ақыл, ...
- екіншісі- достық, ...
- үшіншісі- ұят, ...
- төртіншісі- жақсы тәрбие, ...
- бесіншісі- бақыт, ...
Дескриптор Білім алушы
- үзінді бойынша өз нұсқасын жазады;
- шығармашылықпен орындайды.
5
Оқылатын шығарма тақырыбы Майқы би мен Мөңке би
Оқу мақсаты 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін
анықтау;
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін
анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Майқы би шығармасындағы кейіпкерлер жүйесін анақтап, сипаттаңыз.
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады. ”
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкерлерді анықтайды;
- кейіпкерлер бейнесін сипаттайды.
6
Оқылатын шығарма
тақырыбы Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»
Оқу мақсаты 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық
жұмыс жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Күлтөбеге жиналған ел:
- Баба, дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не
жаман? – деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда баба жеті сауалға үш-үштен жұптап былай деп
жауап береді:
- Үш арсыз бар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш ғайып бар: ажал ғайып,
қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш
қадірсізге жігіттік, денсаулық, әйел жатады, – дейді данагөй.
Әнет бабаның 3 арсызы мен 3 даусызын қолдана отырып, қазіргі өмірмен
байланыстырып, әдеби эссе жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- әдеби эссе жазады;
- нақыл сөзді қолданады;
- өз көзқарасын білдіреді;
- қазіргі өмірмен байланыстырады.
7
Оқылатын шығарма Төле би «Ердің бақыты - әйел»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
жүйесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін
анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Кейіпкерлерді қазіргі замандағы өз кейіпкеріңізбен салыстырыңыз.
Төле би Қазіргі замандағы
кейіпкер
Данагүл Қазіргі замандағы
кейіпкер
ұқсастық ұқсастық
айырмашылық айырмашылық
Дескриптор Білім алушы
- кейіпкерлер бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктерді
анықтайды;
- кейіпкерлер жүйесін салыстыра талдайды.
8
Оқылатын шығарма Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік
құндылығын бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарманы мазмұндас өнер туындыларымен
салыстырып, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қазыбек бидің «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» деген шешендік сөзіндегі берілген
үзіндіні Мамадияр Тәукеевтің орындауындағы «Көңіл қымбат» әнімен салыстыра талдаңыз.
Қазыбек бидің шешендік сөзінің тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
-Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Қазыбек би
Мамадияр Тәукеевтің орындауындағы «Көңіл қымбат» әні:
https://www.youtube.com/watch?v=xsiq6IIJgns
Дескриптор Білім алушы
- екі туындыны салыстырады;
- тарихи тұрғыдан пікір білдіреді;
- құндылықтар тұрғысынан пікірі білдіреді.
9
Оқылатын шығарма Сырым Датұлы «Бала би мен Сырым»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға
беру;
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін
салыстырып, жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Бала бидің Сырымға қойған сұрақтары мен Сырымның жауаптарынан не аңғардыңыз? Аға
буын мен кейінгі ұрпақтың ойларын тоғыстырған шешендік сөз арқылы ұрпақтар
сабақтастығын талдаңыз. Сырымның шешендік сөзін қалай бағалар едіңіз?
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- ұрпақтар сабақтастығының көрінісін салыстырады;
- өзіндік көзқарасын білдіреді;
- бүгінгі күннен ұқсас мысалар келтіреді.
10
Оқылатын тақырыбы
Оқу мақсаты
«Біржан мен Сара» айтысы
9.3.4.1. әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті
үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарманы қазақ және әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстырып, сыни мақала жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Қазақ және әлем әдебиетіндегі әйелдер образы» тақырыбында сыни мақала жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- қазақ және әлем әдебиеті үлгілеріндегі әйелдер бейнесін іріктейді;
- өзара салыстырады;
- ұқсастықтар мен айырмашылықтарына дәлелдер келтіреді.
11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі
Оқылатын шығарма Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыста
қолданады
Қолдану
Тапсырма
Дастан үзіндісіндегі ойды сақтай отырып, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әңгімеде асты сызылған
жолдарды қолданыңыз.
Әй, Бұғыбай, Бұғыбай,
Қорлық болды бұ қалай?
Жол таба алмай қамалдық,
Амал тапшы бұған-ай!
Былтыр өзің келгеннен
Ханның алдың жарлығын.
Тар жол, тайғақ кешуде
Қолдың алдың жабдығын.
Бір ізіңнен жүргіздің
Үш алаштың барлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Тастың тарттым зарлығын.
Бұл сапар алдым ашылмас,
Дүниенің шектім тарлығын.
Сасқан жерде жол тауып,
Білінуші еді нарлығың.
Осы бүгін, Бұғыбай,
Қырғыздың көрдім қорлығын,
Алатаудан аса алмай,
Қазақ жолы байланды,
Бес күн удай атысып,
Түгесіп келдім айламды.
Осындайда болмаса,
Көремін қашан пайдаңды?
Осы бүгін күн батпай,
Көрсетші қанат жайғанды.
Тау басында қырғызға
Бір тигізші найзамды.
12
Айналайын Бұғыбай,
Аралатшы майданды!
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- сюжетті әңгіме жазады;
- ұсынылған жолдарды әңгімеде қолданады;
- үзіндідегі ойды сақтайды;
- әңгімеде шығармашылық қырын танытады.
13
Оқылатын шығарма Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
жүйесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарма идеясына сай кейіпкерлер жүйесін
анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Үзінді Қай кейіпкерге тән Кейіпкерді сипаттап
жазыңыз
...Тар жол, тайғақ кешуде
Қолдың алдың жабдығын.
Бір ізіңмен жүргіздің,
Үш алаштың барлығын...
...Бөгежектеп жүрген ер
Еркінше шауып көсілді.
Жазыла алмай жүр еді,
Түйіні жіптің шешілді.
Қойға кірген бөрідей
Қырғызға салды кесірді...
...Ақылменен алдады.
«Қызыл тұмсық болсын»,-деп,
Олжамен аузын қандады...
Ерегескен дұшпанның
Жылқысын алып,зарлатты...
Дескриптор Білім алушы
- үзіндінің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;
- кейіпкерлерді сипаттап жазады
14
Оқылатын шығарма М.Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға
тақырыбы айтқаны»
Оқу мақсаты 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып,
автор стиліне баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Құбылту мен айшықтау түрлерін анықтап, автор стиліне
баға береді
жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарманың көркемдік тіліне талдау жүргізіңіз.
Өлеңнен мысал Көркемдік сипаты Идеяны ашудағы
орны
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік,
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Мен ақ сұңқар құстың сойы
едім,
Шамырқансам тағы
кетермін,
Кетпей де нешік етермін?
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Дескриптор Білім алушы
- көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- идеяны ашудағы орнын талдайды;
- автор стиліне пікір білдіреді.
15
Оқылатын шығарма Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық
жұмыс жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Автор стилін сақтап, шығармашылық жұмыс
жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жазғы демалысыңызда Ыстықкөлге барып демалдым деп елестетіңіз. Демалысыңыздың 3
күнін күнделік бетіне түсіріңіз. Жазбаңызда сол елдің мәдениетін, географиялық
ерекшелігін, табиғатын суреттеп жазыңыз.
1-күн.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2-күн.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3-күн.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- 3 күнге күнделігін жазады;
- автор стилін сақтайды;
- ел мәдениеті, географиялық ерекшелігін сипаттайды;
- табиғатын суреттейді.
16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
«Адам жанының құпиясы» бөлімі
Оқылатын шығарма І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік
құндылығын бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарманы басқа мазмұндас өнер туындыларымен
туындылармен, тарихи-көркемдік құндылығын
бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Құлагер ескерткішінің авторы Сәдібек Түгелдің туындысы мен І.Жансүгіровтің «Құлагер»
поэмасындағы Құлагер бейнесін сипаттаған үзіндіні салыстырып, көркемдік құндылығын
бағалаңыз.
Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ,
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.
Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік,
Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік,
Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық;
Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп?
Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,
Не қою, не болмаса емес сұйық!
Бұтының арасынан ел көшкендей,
Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.
17
Шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі,
Серке сан, желмаядай тілерсегі;
Тау желін тартса жұтқан талыс танау,
Тынысты кеңде жатыр кеңірдегі.
Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ,
Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.
Қақпан бел, қалбаңайлы, үңгір сағақ,
Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ.
Дескриптор Білім алушы
- туындыларды салыстырады;
- екі туындының ерекшелігін, ұқсастығын анықтайды;
- шығарманың көркемдік құндылығына пікір білдіреді;
- тарихи тұрғыдан салыстырады.
18
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Оқу мақсаты
Б.Майлин «Шұғаның белгісі»
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін
салыстырып, жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстырып, жаңашылдығына өз
көзқарасыңызды білдіріңіз.
Әлеуметтік мәселе Бүгінгі қоғамдағы
көрінісі
Жаңашылдығына өз
ойыңыз
Дескриптор Білім алушы
- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені
анықтайды;
- мәселенің бүгінгі күнмен байланыстырады;
- жаңашылдығына көзқарасын білдіреді.
19
Оқылатын шығарма Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
жүйесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін
анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Кейіпкер бейнесіне жан-жақты талдау жасаңыз.
Талдау Әке жанындағы
Ұлпан
Ұлпан-жар Ұлпан-ана Ұлпан-ел
анасы
Сипаты
Іс-әрекеті
Дескриптор Білім алушы
- кейіпкерді түрлі қырынан сипаттайды;
- кейіпкер іс-әрекетінен дәлелдер келтіреді.
20
Оқылатын шығарма Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыста
қолданады
Қолдану
Тапсырма
1-үзінді
«Есенейдің құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш біздің аз ғана ауыл кірме
Күрлеуітте жоқ. Құдай салды – біз көндік. Бірақ, ағаңның есінде болсын – Ұлпан арзанға
түспейтін қыз». Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан берілген үзіндідегі асты сызылған
тіркестерді қолданып, қазақ қыздарының тағдыры туралы өз ойыңызды жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- шығарма үзіндісіндегі ұсынылған тіркестерді қолданады;
- үзіндіге қатысты өз ойын жазады;
- шығармашылығын қосады.
21
Оқылатын шығарма Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан
талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,
әдеби эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы негізгі идеяны баршаға ортақ мәселе тұрғысынан
қарастырып, әдеби эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- шығарма идеясын баршаға ортақ мәселелермен
байланыстырады;
- шығармадан мысалдар келтіреді;
- ойын дәлелді жеткізеді.
22
Оқылатын шығарма Т.Айбергенов «Сағыныш»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы психологизм көрінісін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңінен авторға тән көңіл-күйді анықтаңыз. Сағыныш сөзінің
мағынасын ашып талдаңыз.
Автордың көңіл-күйін
білдіретін сөздер, сөз
тіркестері
Автор пайымдауындағы
сағыныш сөзінің мағынасы
Сенің түсінігіңдегі сағыныш
сөзінің мағынасы
Дескриптор Білім алушы
- автордың көңіл-күйін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін
жазады;
- автордың көңіл-күйін анықтайды;
- тірек сөзге талдау жасайды.
23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР
«Мәңгілік Ел – мәңгілік мұратым» бөлімі
Оқылатын шығарма Н.Айтұлы «Бәйтерек»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып,
автор стиліне баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Құбылту мен айшықтау түрлерін (троп пен фигура)
анықтап, автор стиліне баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Ақынның Абылай ханды суреттеудегі тілдік қолданысына талдау жасаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Автор Елбасы образын беруде қандай көркемдік құралдарды пайдаланды?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасының көркемдік ерекшелігіне баға беріңіз?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- троп пен фигура түрлерін анықтайды;
- автор стилін талдайды;
- автор стиліне баға береді.
24
Оқылатын шығарма Н.Айтұлы «Бәйтерек»
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін
салыстырып, жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Бәйтерек» тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар
арасындағы байланысқа, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпты ашады;
- ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан көзқарасын білдіреді;
- шығарманың жаңашылдығына баға береді.
25
Оқылатын шығарма Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы
тақырыбы
Оқу мақсаты 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан
талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби
эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Романдағы Сырым Датұлының отаршылдық саясатқа қарсы күресі қалай көрініс тапты?
Шығарманың басты идеясы мен басты кейіпкер әрекетін негізге ала отырып, әдеби эссе
жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- Сырым Датұлының отаршылдыққа қарсы күресіне пікір
білдіреді;
- романының идеясын ғаламдық мәселелермен
байланыстырады;
- жанр мен стильге сай жазады.

Комментарии: