ТЖБ ҚЖБ Физика 9 сынып

29 август 2019, Четверг
367
0

ЖОБА
«Физика» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9 -сынып
Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан .......................................................................................................................................... 4
«Кинематика негіздері» бөлімі ................................................................................................. 4
«Астрономия негіздері» бөлімі .............................................................................................. 11
2-тоқсан ........................................................................................................................................ 12
«Динамика негіздері» бөлімі .................................................................................................. 12
3-тоқсан ........................................................................................................................................ 17
«Сақталу заңдары» бөлімі....................................................................................................... 17
«Тербелістер және толқындар» бөлімі .................................................................................. 20
4-тоқсан ........................................................................................................................................ 26
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» бөлімі ................................................................ 26
«Атом ядросы» бөлімі ............................................................................................................. 29
4
1-тоқсан
«Кинематика негіздері» бөлімі
Тақырып «Векторлаға амалдар қолдану»
Оқу мақсаттары: 9.2.1.2 - векторларды қосу, азайту, векторды скалярға
көбейту
Бағалау критерийі Білім алушы
 Векторларды қосу, азайту және векторды скалярға
көбейту амалдарын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Н күштің әсерінен математикалық маятник қозғалысқа келеді. Осы кездегі жіптің Т
керілу күшін анықтаңыз.
Математикалық маятникке ілінген жүктің массаы 500 г.
Дескриптор Білім алушы
- күш векторларының проекциясын анықтайды
- жіптің Т керілу күшін векторларға амалдар қолдана отырып
анықтайды
Тапсырма 2
Суретте берілген векторларды пайдалана отырып, W+F+P векторларын қосқан кезде
пайда болатын қорытқы векторды анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- берілген суретті пайдалана отырып, қорытқы векторды
анықтайды
5
Тақырып «Экспериментті жақсарту»
Оқу мақсаттары: 9.1.3.2 - эксперименттің нәтижесіне әсер ететін
факторларды талдау және экспериментті жүргізуді
жақсарту жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көрсетілген эксперимент нәтижесін өңдеу арқылы,
әсер ететін факторларды талдайды және жақсарту
жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Суретте металл шардың әр түрлі биіктіктен құлау уақытын тіркеуге арналған құрылғы
көрсетілген.
Эксперимент жүргізу барысында оқушы еркін түсу үдеуінің шамасын 8,4 м/с
2
екендігін
анықтады.
(а) Эксперименттің нәтижесіне қандай факторлар әсер ететіндігін сипаттап жазыңыз.
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
(в) Экспериментті жақсарту жолын ұсыныңыз.
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- оқушының алған нәтижесі мен еркін түсу үдеуінің
кестелік мәні арасындағы айырмашылықты ескере
отырып, эксперименттің нәтижесіне қандай факторлар
әсер ететіндігін сипаттайды
- экспериментті жақсарту жолын ұсынады
6
Тақырып «Теңүдемелі қозғалыс»
Оқу мақсаттары: 9.2.1.8 - теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың
және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін
тұрғызу және оларды түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және
жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызады
және оларды түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Дененің қозғалыс теңдеуі берілген
х(????) = 5????
2
(і) теңдеуді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңыз.
????/ 0 1 2 3 4 5 6
х/
(іі) берілген кестені пайдалана отырып, х(????) тәуелді графигін сызыңыз
Дескриптор Білім алушы
- теңдеуді қолдана отырып, кестені дұрыс толтырады
- кестені пайдалана отырып, графикті дұрыс тұрғызады
Тапсырма 2
Дененің қозғалыс жылдамдығының теңдеуі берілген
????(????) = 5 + 1.5????
(і) теңдеуді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңыз.
????/ 0 2 4 6 8 10 12
????/
(іі) берілген кестені пайдалана отырып, х(????) тәуелді графигін сызыңыз.
7
(iii) графиктегі қозғалыстың түрін анықтаңыз.
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
 теңдеуді қолдана отырып, кестені толтырады
 кестені пайдалана отырып, графикті тұрғызады
 графиктегі қозғалыстың түрін анықтайды
8
Тақырып «Еркін түсу»
Оқу мақсаттары: 9.2.1.9 - еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы
қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Еркін түсу кезіндегі физикалық шамаларды анықтау
барысында, теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық
теңдеулерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Бала тасты тік жоғары қарай 20 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырды.
(і) Тастың көтерілу биіктігін анықтаңыз.
(іі) Тастың ұшу уақытын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін
қолдана отырып, тастың көтерілу биіктігі мен ұшу уақытын
анықтайды.
9
Тақырып «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы»
Оқу мақсаттары: 9.2.1.10 - теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың
кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь
лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау
9.2.1.11 - горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс
жылдамдығын анықтау
9.2.1.12 - горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс
траекториясын сызу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың
кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, көкжиекке
бұрыш жасай лақтырылған дененің көтерілу биіктігін, ұшу
уақытын және түсу қашықтығын анықтайды
 Горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс
жылдамдығын анықтайды
 Горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс
траекториясын салады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдысы
Тапсырма 1
Суретте жартаста тұрған зеңбіректен снарядтың атылғаны бейнеленген. Зеңбіректен
атылған снарядтың бастапқы жылдамдығы ????
0
= 25 м/с. Жартастың биіктігі 60 м.
Зеңбіректен атылған снарядтың:
(а) көтерілу биіктігін анықтаңыз.
(b) ұшу уақытын анықтаңыз.
(c) ұшу ұзақтығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
 зеңбіректен атылған снарядтың көтерілу биіктігін анықтайды
 ұшу уақытын анықтайды
 ұшу ұзақтығын анықтайды
Тапсырма 2
Биік жартастан бала 10 м/с жылдамдықпен тасты горизонталь бағытта лақтырды.
10
Егер тас 5 с Жерге түсер болса, анықтаңыз:
(і) жартастың биіктігін;
(іі) тастың Жерге түсу мезеттегі жылдамдығын.
Дескриптор Білім алушы
 жартастың биіктігін анықтайды
 тастың Жерге түсу мезетіндегі жылдамдығын анықтайды
Тапсырма 3
Ұшақ жерге қатысты горизонталь бағытта 80 м/с жылдамдықпен ұшып барады.
Авариялық жағдай әсерінен тік төмен қарай 20 м/с жылдамдықпен жәшік тасталды.
(і) Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?
(іі) Жүктің жерге түсу уақытын анықтаңыз
(ііі) Ұшақтан құлаған жәшіктің қозғалыс траекториясын сыза отырып, оның қай нүктеде
құлайтындығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
 ұшақтың жерге қатысты биіктігін анықтайды
 жүктің жерге түсу уақытын анықтайды
 жәшіктің құлау траекториясын сызады
 ұшаққа қатысты жәшіктің құлау нүктесін анықтайды
11
«Астрономия негіздері» бөлімі
Тақырып «Жұлдызды аспан»
Оқу мақсаттары: 9.7.2.5 - әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау
айырмашылығын түсіндіру
9.7.2.6 - жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік
уақытты сәйкестендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау
айырмашылығын түсіндіреді
 Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты
сәйкестендіре алады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(а) Бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігін анықтауға мүмкіндік беретін
формуланы жазыңыз.
(b) Альтаир жұлдызының жоғарғы шарықтауы 13° биіктікте болып өтеді. Егер бұл
жұлдыздың еңістік координатасы +9
о
болса, онда бақылаушы тұрған орынның
географиялық ендігі қандай болады?
(c) Әртүрлі ендікте жұлдыздың шарықтау айырмашылығын түсіндіріңіз
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
 бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігін
анықтауға мүмкіндік беретін формуланы жазады
 бақылаушы тұрған орынының географиялық ендігін
анықтайды
 әртүрлі ендікте жұлдыздың шарықтау айырмашылығын
түсіндіреді
Тапсырма 2
Белдеулік уақытын анықтау формуласын жазыңыз
Шығыс бойлықтағы 30°-та күн сәрсенбі, 1-қаңтар, ал жергілікті уақыт 18 сағат.
Берілген мәліметтерді қолдана отырып, 180° меридиандағы жергілікті уақытты, күнді және
аптаның қай күніне сәйкес келетіндігін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
 белдеулік уақытты анықтау формуласын жазады
 180° меридиандағы жергілікті уақытты, күнді және
аптаның қай күніне сәйкес келетіндігін анықтайды
12
2-тоқсан
«Динамика негіздері» бөлімі
Тақырып «Ньютонның І заңы»
Оқу мақсаттары: 9.2.2.2 - Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны
есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ньютонның І заңының мағынасын түсінеді
 Ньютонның І заңын әр түрлі жағдайларда қолдана алады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(а) Ньтонның бірінші заңы қандай санақ жүйесінде орындалатынын сипаттап жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(b) Ньютонның І заңы қай ғалымның тұжырымдамасымен сәйкес келеді?
А) Аристотель
В) Галилей
С) Коперник
D) Гук
Дескриптор Білім алушы
 Ньтонның бірінші заңы қандай санақ жүйесінде орындалатынын
дұрыс жазады және Ньютонның 1-ші заңы қандай заңмен сәйкес
келетінін біледі
Тапсырма 2
(а) Жазық жол арқылы жеңіл автокөлік двигателін сөндіріп бірқалыпты түзусызықты
қозғалыс жасай ала ма? Жауабыңызды толық түсіндіріп жазыңыз.
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(b) (і) Темір жол рельсінде тыныш тұрған вагонды тепловоз келіп итеріп жіберді.
Вагонды итеріп қозғалысқа келтіргеннен кейін оған қандай күштер әсер етеді.
...............................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
(іі) Осы күштердің әсерінен вагон қалай қозғалады?
...............................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- жеңіл автокөліктің қозғалысын сипаттайды
- вагонды итеріп қозғалысқа келтіргеннен кейін оған қандай
күштер әсер ететіндігін жазады
- күштердің әсерінен вагонның қалай қозғалатындығын
сипаттайды
13
Тақырып «Күш және Ньютонның ІІ заңы»
Оқу мақсаттары: 9.2.2.3 - ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші
табиғатын түсіндіру
9.2.2.2 - Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны
есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ауырлық күшінің формуласын қолданады
 Серпімділік күшінің формуласын қолданады
 Үйкеліс күшінің формуласын қолданады
 Ньютонның екінші заңын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
қолдану
Тапсырма 1
Кестеде массасы 10 кг дененің төрт ғаламшардағы ауырлық күші берілген.
Ғаламшар Массасы 10 кг дененің ауырлық күші / Н
Жер 100
Юпитер 250
Меркурий 40
Шолпан 90
Суретте жүктің салмағын өлшеп жатқан динамометр көрсетілген.
Динамометрмен қай ғаламшарда өлшеу жүргізген?
А) Жер
В) Юпитер
С) Меркурий
D) Шолпан
Дескриптор Білім алушы
- тәжірибе жүргізілгін ғаламшарды анықтайды
Тапсырма 2
Суретте материалдары және бастапқы ұзындықтары бірдей, бірақ радиустары әртүрлі
екі сымға түсірілген күштің олардың ұзаруларына тәуелділік графиктері келтірілген.
14
График бойынша серіппелердің қатаңдықтарын анықтаңыз:
k1 = ............................
k2 = ............................
Дескриптор Білім алушы
- графикті пайдалана отырып, әр серіппенің қатаңдық
коэффициентін анықтайды
Тапсырма 3
Массасы 1 т болатын жеңіл автокөлік 72 км/сағ жылдамдықпен жазық жолда қозғалып
келеді. Егер үйкеліс коэффицентінің максимал шамасы 0.7 болса, жеңіл автокөліктің
минимал тежелу жолын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- автомобильдің тежелу жолын Ньютонның екінші заңын
қолдана отырып анықтайды
15
Тақырып «Ньютонның ІІІ заңы»
Оқу мақсаттары: 9.2.2.5 - Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және
оны есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ньютонның ІІІ заңының мағынасын түсінеді
 Ньютонның ІІІ заңын әр түрлі жағдайларда
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Төмендегі суретте екі арбаның бірінде ер адам екіншісінде жүк бейнеленген.
Арбалардың массалары бірдей. Ер адамның массасы m1, ал жүктің массасы m2.
(і) Арбашаларға түсірілген күштердің бағытын салып көрсетіңіз және түсіндіріңіз.
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(іі) Егер ер адамның массасы 60 кг, ал оның алатын үдеуі сәйкесінше 0.5 м/с
2
болса, онда
массасы 100 кг жүктің алатын үдеуі неге тең болады.
Дескриптор Білім алушы
- күштердің бағытын салып көрсетеді және түсіндіреді
- жүгі бар арбашаның үдеуін анықтайды
16
Тақырып «Ғарыш апараттары»
Оқу мақсаттары: 9.2.2.9 - бірінші ғарыштық жылдамдықтың
формуласын есептер шығаруда қолдану
9.2.2.7 - ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын
есептер шығаруда қолданады
 Ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
(а) Жер центрінен Айға дейінгі орташа арқашықтық 384000 км.
Айдың Жерді айнала қозғалысының орбиталдық жылдамдығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- Айдың Жерді айнала қозғалысының орбиталдық
жылдамдығын анықтайды
Тапсырма 2
Планетаның диаметрі 6800 км және оның массасы 4.9×10
23
кг. Осы планетаның бірінші
ғарыштық жылдамдығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- белгісіз планетаның бірінші ғарыштық жылдамдығын
анықтайды
Тапсырма 3
Геостационар орбитадағы жасанды серіктің қозғалысын сипаттаңыз
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
Геостационар орбитадағы жасанды серіктердің атқаратын қызметіне екі мысал келтіріңіз
..........................................................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
....................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- геостоционар орбитадағы жасанды серіктің қозғалысын
сипаттайды
- геостационар орбитадағы жасанды серіктердің
атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді
17
3-тоқсан
«Сақталу заңдары» бөлімі
Тақырып «Реактивті қозғалыс»
Оқу мақсаттары: 9.2.3.3 - табиғаттағы және техникадағы реактивті
қозғалысқа мысалдар келтіру;
9.2.3.4 - Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және
халықаралық маңыздылығына баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа
сипаттама береді және мысалдар келтіреді
 Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және
халықаралық маңыздылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Жоғарғы деңгей дағдылары
Тапсырма 1
(а) Техникадағы реактивті қозғалыстың бір мысалы – зымыраның қозғалысы.
Зымыранның қозғалысын сипаттап жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(b) табиғаттағы реактивті қозғалысқа үш мысал келтіріңіз.
1 .....................................................................................................................................................
2 .....................................................................................................................................................
3 .....................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- реактивті қозғалысты сипаттайды
- табиғаттағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіреді
Тапсырма 2
Төменде Байқоңыр ғарыш айлағының суреті берілген.
18
Неліктен ғарыш айлағы ретінде Байқоңырды таңдап алғанын сипаттап жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Байқоңыр ғарыш айлағының халықаралық маңыздылығы қандай?
...............................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- неліктен ғарыш айлағы ретінде Байқоңыр таңдап алынғанын нақты
фактлар арқылы сипаттайды
- Байқоңыр ғарыш айлағының халықаралық маңыздылығын сипаттайды
19
Тақырып «Жұмыс және энергия»
Оқу мақсаттары: 9.2.3.6 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жұмыстқа анықтама береді
 Энергия мен жұмыстың байланысын түсіндіреді
 Энергия мен жұмыстың байланысын есеп шығаруда
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(a) Механикалық жұмыс дегеніміз не?
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(b) Суретте ер адамның 200 Н күш түсіре отырып, жәшікті 5 м қашықтыққа сүйрегені
бейнеленген.
Арқан мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрыш 30
о
болса, ер адамның атқаратын
жұмысын анықтаңыз
Дескриптор Білім алушы
- механикалық жұмысқа анықтама береді
- берілген суретті пайдалана отырып ер адамның атқаратын
жұмысын анықтайды
Тапсырма 2
Ауыр атлетші зілтемірді 1.5 м биіктікке көтергені суретте бейнеленген.
(a) Зілтемірдің массасы 200 кг болса, ауыр атлетшінің атқарған жұмысын анықтаңыз.
(b) Ауыратлетшінің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
(с) Ауыратлетшінің атқарған жұмысы мен потенциалдық энергиясын салыстырып,
қорытынды жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ауыратлетшінің атқарған жұмысын анықтайды
- ауыратлетшінің зілтемірді көтеру барысындағы потенциалдық
энергиясын анықтайды
Ауыр атлетшінің атқарған жұмысы мен потенциалдық энергиясын
салыстыра отырып, арасындағы байланысты түсіндіреді
20
«Тербелістер және толқындар» бөлімі
Тақырып «Тербелістің пайда болу шарттары»
Оқу мақсаттары: 9.2.5.6 - әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің
пайда болу себептерін түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің
пайда болу себептерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
Тербелмелі жүйелер дегеніміз не?
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
Механикалық тербелістер дегеніміз не?
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
Тербеліс пайда болу үшін қандай шарттар қажет?
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- тербелмелі қозғалыстың анықтамасын береді
- тербелмелі жүйелерді түсіндіреді
- механикалық тербеліске анықтама береді
- тербеліс пайда болу үшін қажетті шарттарды
жазады
21
Тақырып «Математикалық маятник»
Оқу мақсаттары: 9.2.5.7 - маятниктер тербелісі периодының әртүрлі
параметрлерге тәуелділігін зерттеу
9.2.5.8 - математикалық маятник периодының
формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
9.2.5.9 - период квадратының маятник ұзындығына
тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
9.1.3.1 - алған нәтижені түсіндіру және қорытынды
жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Маятниктер тербелісі периодының әртүрлі
параметрлерге тәуелділігін біледі
 Математикалық маятник периодының формуласынан
еркін түсу үдеуін анықтайды
 Период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік
графигін тұрғызады
 Алған нәтижені түсіндіреді және қорытынды
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Төменде математикалық маятник бейнеленген
(і) математикалық маятниктің формуласын жазыңыз
(іі) математикалық маятниктің қозғалыс периоды қандай шамаларға тәуелді екенін
жазыңыз
1 ........................................................................................................................................
2
................................................................................................................................................
(ііі) математикалық маятниктің периоды амплитудаға тәуелді ме? Жауабыңызды
түсіндіріңіз.
................................................................................................................................................
................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- математикалық маятниктің формуласын жазады
- математикалық маятниктің қозғалыс периоды қандай
шамаларға тәуелді екенін жазады
- математикалық маятниктің периоды амплитудаға
тәуелді немесе тәуелсіз екендігін сипаттайды
22
Тапсырма 2
(а) Белгісіз ғаламшар бетінде ұзындығы 1 м болатын математикалық маятникпен зерттеу
жұмысын жасау арқылы 10 тербеліске 33.1 с кеткенін бақылаған
(і) Математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтаңыз
(іі) Берілген мәліметтерді қолдана отырып, белгісіз ғаламшардағы еркін түсу үдеуін
анықтаңыз
(ііі) Бұл қандай ғаламшар екендігін (іі) мәліметті пайдалана отырып анықтаңыз
Дескриптор Білім алушы
- тербеліс периодын анықтайды
- белгісіз ғаламшардағы еркін түсу үдеуін анықтау үшін
математикалық маятниктің формуласын қолданады
- бұл қандай ғаламшар екендігін (іі) мәліметті пайдалана
отырып анықтайды
Тапсырма 3
Оқушы математикалық маятниктің ұзындығын өзгерте отырып, 10 тербеліске кеткен
уақытты анықтағандығы төменгі кестеде берілген
l/м t/с T/с T
2

2
0.300 11.1
0.400 12.8
0.500 14.2
0.600 15.8
0.700 16.9
0.800 18.1
Кестені толықтырыңыз
Ұзындықтың l(см) периодтың квадратына T
2

2
) қатысты графигін тұрғызыңыз.
Берілген графикті пайдалана отырып, градиентін анықтаңыз
градиент = ……………………………….
Градиенттің физикалық мағынасын анықтаңыз және өлшем бірлігін жазыңыз
...............................................................
Дескриптор Білім алушы
- берілген мәліметтерді қолдана отырып, кестені
толтырады
- период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік
графигін тұрғызады
- графиктен градиентті анықтайды
- градиенттің фиикалық мағынасын анықтайды және
оның өлшем бірлігін жазады
23
Тақырып «Тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергияның сақталу заңы»
Оқу мақсаттары: 9.2.5.4 - тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын
сипаттау;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Серіппелі маятниктің тербелісі кезіндегі энргияның
сақталу заңын сипаттайды
 Математикалық маятниктің тербелісі кезіндегі
энргияның сақталу заңын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Төменде математикалық маятниктің тербелісінің суреті бейнеленген
Әрбір бөліктегі энергияны сипаттап жазыңыз
1 ............................................................
2 ............................................................
3 ............................................................
4 ............................................................
5 ............................................................
Дескриптор Білім алушы
- әрбір бөліктегі энергияны сипаттайды
Тапсырма 2
Төменде серіппелі маятниктің тербеліс суреті бейнеленген
Әрбір бөліктегі энергияны сипаттап жазыңыз
1 ............................................................
2 ............................................................
3 ............................................................
4 ............................................................
5 ............................................................
Дескриптор Білім алушы
- әрбір бөліктегі энергияны дұрыс сипаттап жазса
24
Тақырып «Электромагниттік тербелістер»
Оқу мақсаттары: 9.4.4.1 - тербелмелі контурдағы еркін
электромагниттік тербелістерді сапалық түрде
сипаттау
9.4.4.2 - механикалық толқындар мен электромагниттік
толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын
салыстыру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тербелмелі контурды біледі
 Еркін электромагниттік тербелістерді түсінеді
 Тербелмелі контурдағы еркін электромагнитік
тербелістерді сапалы түрде сипаттайды
 Механикалық толқындар мен электромагниттік
толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(а) Тербелмелі контур дегеніміз ................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(b) Еркін электромагнитті тербеліс дегеніміз
...............................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
(с) Суретте тербелмелі контурдағы процесс көрсетілген
Әрбір суретті сапалы сипаттап жазыңыз
1 .....................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
2 .....................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
3 .....................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
4 .....................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
5 .....................................................................................................................................................
.
Дескриптор Білім алушы
- тербелмелі контурға анықтама береді
- еркін электромагниттік тербелістерге анықтама
береді
25
- суретте берілген тербелмелі контурдағы еркін
электромагнитік тербелістерге сапалы түрде
сипаттайды
Тапсырма 2
Берілген Венн диаграммасына механикалық толқын мен электромагниттік толқынның
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңыз
Дескриптор Білім алушы
- механикалық толқындар мен электромагниттік
толқындардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын салыстыра отырып жазады
Тақырып «Жаңғырық»
Оқу мақсаттары: 9.2.5.18 - жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны
қолдану әдістерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жаңғырықтың пайда болу табиғатын сипаттайды
 Жаңғырықты қолдану әдістерін біледі
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(і)Жаңғырық дегеніміз ................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(іі) Жаңғырықтың қолдану аясын келесі терминдерді қолдана отырып, сипаттаңыз
электромагниттік толқын ультрадыбыс
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- жаңғырыққа анықтама береді
- жаңғырықтың қолдану аясын келесі терминдерді қолдана
отырып, сипаттайды
Тапсырма 2
(і) музыкалық аспаптың тербеліс жиілігі 1000 Гц, ал ауада дыбыстың таралу жылдамдығы
340 м/с екендігін ескере отырып, толқын ұзындығын анықтаңыз.
26
(і) су ішінде дыбыстың таралу жылдамдығы 1300 м/с екенін ескере отырып, 1000 Гц
жиілікте жіберілген дыбыстың толқын ұзындығын анықтаңыз.
(ііі) суретте кеменің эхолокаторының көмегімен балықтардың шоғырланған жерін
анықтауы көрсетілген.
Эхолокатор арқылы жіберілген дыбыс сигналы 0,2 с ішінде нысанаға барып, қайтып келіп
кеме құрылғысында тіркелген. Балықтардың максимал шоғырланған жерлерін тіркеу
үшін, балық аулау торларын қаншалықты терең түсіруі қажет екендігін есептеңіз.
(iv) инфрадыбыстың эхолоттан басқа жерде қолданылуына мысал келтіріңіз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- ауадағы және судағы дыбыс жылдамдығын біле отырып,
толқын ұзындықтарын анықтайды
- эхолокаторды қолдана отырып балық аулау торын қандай
тереңдікке дейін салуға болатындығын анықтайды.
- инфрадыбысты қолдану аясына мысал келтіреді
4-тоқсан
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» бөлімі
Тақырып «Жылулық сәуле шығару»
Оқу мақсаттары: 9.6.1.1 - жылулық сәуле шығару энергиясының
температураға тәуелділігін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жылулық сәуле шығару энергиясының температураға
тәуелділігін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(і) өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын жұтып алатын денені қалай
атайды?
А) кванттық дене
В) абсолют қара дене
С) абсолют қатты дене
D) ультракүлгін сәуле шығаратын дене
(іі) жылулық сәулеленуді тек қызған денелер ғана шығара ма? жауабыңызды дәлелді
түрде сипаттап жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
27
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- түскен жарықтың энергиясын жұтып алатын денені анықтайды;
- жылулық сәулені қандай денелер шығаратындығын дәлелді түрде
сипаттайды.
Тапсырма 2
«Жылулық сәулелену табиғаттағы бірден-бір тепе-тең сәулелену болып табылады» деген
тұжырымды қалай түсінесіз? Сипаттап жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- берілген тұжырымды толық сипаттайды.
28
Тақырып «Рентген сәулесі»
Оқу мақсаттары: 9.6.1.5 - рентген сәулесін электромагниттік
сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;
9.6.1.6 - рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің
басқа түрлерімен салыстырады
 Рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Төменде электромагниттік толқындардың шкаласы бейнеленген
Радио
толқындар
Микро
толқындар
Инфрақызыл
сәулелер
Көрінетін
жарық
толқындары
Ультракүлгін
сәулелер
Х
сәулелері
γ-сәулелері
(і) рентген сәулесін басқа электромагниттік толқындармен салыстыра отырып жазыңыз
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(іі) рентген сәулелері қалай пайда болады?
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
(ііі) рентген сәулелерінің қолдану аясына екі мысал келтіріңіз

- рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа
түрлерімен салыстыра отырып, жазады
- рентген сәулелерінің пайда болуын түсіндіреді
- рентген сәулесін қолдануға нақты түрде мысалдар
келтіреді
29
«Атом ядросы» бөлімі
Тақырып «Ядролық күш»
Оқу мақсаттары: 9.6.1.8 - ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ядролық күштердің қасиеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Берілген физикалық терминдердің анықтамасын жазыңыз
Нуклондар дегеніміз ...................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Ядролық күш дегеніміз ...............................................................................................................
........................................................................................................................................................
Сәйкестендіріңіз
Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер Әрбір нуклон тек өз көршілерімен қана
әрекеттеседі
Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз Ядролық күштердің әрекет ету аймағы
нуклонның радиус мөлшерімен шамалас
Ядролық күштер қаныққыш күштер Ядролық күштер зарядтардың бар немесе
жоқ екендігін елемейді
Дескриптор Білім алушы
- нуклондарға анықтама береді
- ядролық күшке анықтама береді
- ядролық күштерді қасиеттеріне қарай сәйкестендіреді
Тапсырма 2
Ядро протондар мен нейтрондардан тұратыны мәлім. Олардың арасында гравитациялық
тартылыс күші мен кулондық тебілу күші әсер етеді.
Неліктен кулондық тебу күшінің әрекетінен ядро ыдырап кетпейді?
........................................................................................................................................................
...............................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- кулондық тебу күшінің әрекетінен ядрода жүретін процесті
сипаттап жазады
30
Тақырып «Радиоактивті ыдырау»
Оқу мақсаттары: 9.6.2.2 - радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Радиоактивті ыдырауға анықтама береді
 Радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Радиоактивті ыдырау дегеніміз .................................................................................................
........................................................................................................................................................
Радиоактивті ядроның кездейсоқ және өздігінен (ерікті) ыдырауын сипаттап жазыңыз
.......................................................................................................................................................

- радиоактивті ыдырауға анықтама береді
- кездейсоқ және өздігінен ыдырау терминдерін бір-бірінен
ажыратып жазады
Тақырып «Радиоактивті изотоп»
Оқу мақсаттары: 9.6.2.7 - радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын
келтіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Радиоактивті изотопты біледі
 Радиоактивті изотоптарды қолдануын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Диаграммада X, Y және Z үш түрлі атом бейнеленген
Қай екі атом бір элемен болып табылатынын анықтаңыз және себебін түсіндіріңіз
........................................................................................................................................................
31
..........................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- берілген диаграммадан бірдей элемент атомдарын
анықтайды және себебін түсіндіреді
Тапсырма 2
Диаграммада A - G дейін 7 түрлі атомның ядросының пратоны мен нейтроны бейнеленген.
Қай атом бір ғана элементтің изотобы болып табылады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- берілген диаграммадан бірдей элемент атомдарын
анықтайды және себебін түсіндіреді.
32
Тақырып «Элементар бөлшек»
Оқу мақсаттары: 9. 6.3.1- элементар бөлшектерді жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Элементар бөлшектерді бір-бірінен ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
(а) Лептон дегеніміз қандай бөлшектер екендігін сипаттап жазыңыз.
(b) Кварктің қасиеттерін және басқа элементар бөлшектерден ерекшелігін атаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- лептондарға анықтама береді
- кварктің негізгі қасиеттерін сипаттайды және басқа элементар
бөлшектерден ерекшелігін атайды.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021