ТЖБ ҚЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып
1
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл – мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне/аудиоматериалдар,
т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта
құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ............. 4
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі ........................................................................................... 4
«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі ............................................................................................. 11
«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі ................................................................................................. 16
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 22
«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі ..................................................................................................... 22
«Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі ............................................................. 36
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 43
«ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі» бөлімі .......................................................................... 43
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі ....................................................................................... 48
«Болашақ энергия көздері» бөлімі ............................................................................................... 52
«Алаш идеясы мен қайраткерлері» бөлімі ................................................................................. 57
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 62
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі .................................................................................... 62
«Роботтар мен киборгтар әлемі» бөлімі ...................................................................................... 69
«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі ..................................................................... 74
4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді
талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені
болжау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіндегі фразалар мен дәйексөздер негізінде
тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұпта талқылаңыз.
Фразалар Мағынасы
қазақ фонетикасының ерекшеліктері
«төте жазуды» пайдалану
латын графикасына негізделген
қазақ тілінің әліпбиін өзгерту
2. Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжап көріңіз.
Мәтін тақырыбы Мәтіндегі көтерілген мәселе
3. Мәтінді тыңдаңыз.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік
қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың
басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері
сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен
ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі
таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу
жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында,
көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ
жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ
диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің
әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға
Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол
елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін
қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі
кезге дейін қолданып келеді.
5
4. Сұраққа жауап беріңіз.
- Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?
Дескриптор Білім алушы:
- берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді;
- мәтіннің тақырыбын болжайды;
- мәтінде көтерілген мәселеге болжам жасайды;
- сұраққа жауап береді.
6
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана
отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Cөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты
аудиторияға сәйкес ауызша мәтіндер құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тілдер мерекесі қарсаңында мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамында «Латын
графикасы – ел болашағының кепілі» деген тақырыпта ауызша үндеу жариялаңыз.
Үндеуіңізде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: жаһандық әлемге жол, мемлекеттік тілдің позициясын
нығайту, ұлттың сақталуы, әліпби реформасы, қоғамның қолдауы, «Көш жүре түзеледі»,
қанатын кеңге жайған ағылшын тілі, елу жылда ел жаңа, қолданыс аясын кеңейту, т.б.
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- сөздерді қолданады;
- мақсатты аудиторияны анықтайды;
- үндеудің жанрлық ерекшелігін сақтайды;
- тақырыпты ашады.
7
Оқу мақсаты 9.3.2.1 Ғылыми стильде (мақала) жазылған еңбектердің
тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Ғылыми стильдегі (мақала) мәтіннің тілдік және жанрлық
ерекшелігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз.
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек
және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу
оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты
әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды,
алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы
екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта
өркендеу дәуіріне жатады.
Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия
халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты.
Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа
айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап.
Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг
(қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты
дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы
негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса)
болып бөлінеді.
Дереккөзі:
1. Дирингер Д., Алфавит, М., 1963.
2. Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963.
Мәтіннің жанры
Жанрлық ерекшелігі 1. …
2. ...
3. ...
Тілдік ерекшеліктері
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді;
- тілдік ерекшеліктерін талдайды.
8
Оқу мақсаты 9.3.6.1. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық
мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға
беру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен
байланыстырып, сыни көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Жоғары деңгей дағдылары
1. Мәтінді оқып, негізгі мәселені анықтаңыз.
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА:
– Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі
орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет.
Себебі латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен
шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек, біріншіден, латын
графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап,
мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Екіншіден, кейбіреулер
компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын
айтады. Менің ойымша, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен
әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет, өйткені кезінде араб
әрпінде жазылған небір әдебиеттер әлі күнге дейін шаң басып жатыр. Себебі біз оларды
оқи алмай, қиналдық. Ал латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани
дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі буын трагедияға
ұшырамайды. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса
мән берген жөн. Яғни бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Өйткені латын графикасында
жазғанның жөні осы деп әркім өз білгенімен әртүрлі таңбаны қоя берсе, мұның соңы
сауатсыздыққа әкеліп соғады. Осының алдын алу қажет. Төртіншіден, балабақшаларда,
мектептерде, жалпы оқу процесінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия
(жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Мұны тез арада қолға алған жөн. Сондай-ақ
латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы
жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.
2. Басты мәселемен байланысты ғаламдық проблемаларды жазып, көзқарасыңызды
білдіріңіз.
Негізгі мәселе
Негізгі мәселе
9
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіндегі негізгі мәселені анықтайды;
- мәселені ғаламдық тұрғыда қарастырады;
- сыни тұрғыда көзқарасын білдіреді.
10
Оқу мақсаты 9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе
бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілігін салыстырып, эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Бүгінгі таңда қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыға түсуде. Қабылданған
шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын талқылай отырып, «Латын әліпбиіне
көшу керек пе, жоқ па?» тақырыбында эссе жазыңыз.
___________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- өз позициясын білдіреді;
- ұстанымының артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді;
- пікіріне аргумент келтіреді;
- мәтін құрылымын сақтайды;
- мәселенің шешімін ұсынады.
11
«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Мәтіннің негізгі ойын түсініп, ақпараттардың
шынайылығы мен нақтылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Стюардесса қызметіне әуе команиялары қандай талаптар қояды? Кем дегенде 5
талапты көрсетіңіз.
2) Стюардесса мамандығының қандай мүмкіндіктері бар? Кем дегенде 2 мысал
келтіріңіз.
3) Стюардесса мамадығы бойынша мансапта өсу үшін қызметкер қандай сынақтардан
өтеді? 1-2 мысал келтіріңіз.
«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі.
Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік
пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға
жетелейді.
Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне
бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады.
Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге
дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар
аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс.
Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен
шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен
қыздар жұмысқа қабылданбайды.
2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады,
ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен
жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп,
ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал
селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін.
Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет
көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді
басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты
талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға
әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.
2. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай ақпараттарды анықтаңыз.
Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.
ақпараттар «+»/«-»
Стюардессалардың өзіне және жанұясына түрлі әлеуметтік
жеңілдіктер қарастырылған.
12
Стюардесса қызметіне қабылдауда жас ерекшелігі маңызды емес.
3000 сағат әуеде болған стюардессаға екінші дәрежелі куәлік
табысталады.
Стюардессаның міндеті – ұшақтағы жолаушыларға қызмет ету.
Стюардессаның біліктілігі өскен сайын еңбекақысы да
жоғарылайды.
Төзім мен шыдамдылық, өз-өзіңді басқара алу, қарым-қатынас
орнату стюардесса мамандығы үшін маңызды емес қасиеттер.
Көздің көруі -2,5-тен төмен болған жағдайда стюардесса
мамандығына жұмысқа қабылдану туралы ойламай-ақ қоюға
болады.
Дескриптор Білім алушы:
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтайды.
13
Оқу мақсаты 9.2.4.1. Шығарманың идеясы мен мазмұнына
байланысты «автордың ойын» бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Шығарманың идеясы мен мазмұнына қарай автор
ойына баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өлеңді оқып, идеясын анықтаңыз.
М.Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз»
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
2. Өлең шумақтары негізінде қарапайым жоспар құрыңыз.
1)
2)
3)
3. Идея мен жоспар бойынша автор ойына қатысты өз пікіріңізді «ПТМС формуласы»
негізінде түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді;
- - жоспар құрады;
- ақпараттарды негізге ала отырып, өз пікірін білдіреді.
Идеясы
14
Оқу мақсаты 9.2.2.1. Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты
сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жағдаятқа байланысты жұбыңызбен диалог құрыңыз. Берілген сөздер мен сөз
тіркестерін қолданыңыз, сөйлеу этикетін ескеріңіз.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: қош келдіңіз, өтінемін, жолыңыз болсын,
көмектесіп жіберіңіз, көмегіңізге рақмет, алғысым шексіз, оқасы жоқ, т.б.
Жағдаят: Сіз отбасыңызбен Түркияға жолға аттандыңыз. Ұшақта жаныңызда отырған
шетелдік жолаушының өзге тілде айтқан сөзін түсінбедіңіз. Сіз стюардессаны шақырып,
көмек сұрадыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- жағдаят негізінде диалог құрастырады;
- сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- сөйлеу этикеті формаларын ескереді.
15
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, нұсқаулық жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай
нұсқаулық жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жанрлық ерекшелігін сақтап, стюардессаның лауазымдық қызметі туралы нұсқаулық
жазыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.
Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне
бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады.
Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге
дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар
аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс.
Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен
шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен
қыздар жұмысқа қабылданбайды.
2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады,
ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен
жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп,
ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал
селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін.
Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет
көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді
басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты
талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға
әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- стильдік ерекшелікті сақтайды;
- нұсқаулық жазу талабын ескереді;
- мәтіндегі ақпараттарды қолданады.
16
«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптардағы сөздер мен
термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білу және түсіну
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған.
Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс
қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі –
кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының
ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен,
шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс
теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның
төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп
санағанынан пайда болған.
Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы
конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен,
маржанмен әшекейленеді.
Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі.
Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік
өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның
сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.
Сөз
Сәйкестендіру
бағаны
Мағынасы
Камзол – ұзатылатын қыздарға арнап тігілетін биіктеу
бас киім
Тақия – балалы болған әйел киетін бас киім
Үкі – егде жастағы әйелдердің киетін аяқ киімі
Сәукеле – гауһар тастармен көмкерілген, түрлі-түсті
маталардан тігілетін бас киім
Кимешек – сәндік үшін қыздардың бас киімінің төбесіне
қадайтын қауырсын
Кебіс – көйлектің сыртынан киюге арналған жеңі жоқ
киім
2. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді мағынасы жақын балама сөздермен аусытырып
жазыңыз.
Үлгі: Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
Әйелдердің көнеден келе жатқан сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
17
1) Қыздардың бас киімі кестемен тігілген.
__________________________________________________________________________
2) Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі.
__________________________________________________________________________
3) Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл
тастармен безендірілген.
__________________________________________________________________________
4) Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі
киген.
__________________________________________________________________________
Қажетті сөздер: бағалы, айрықша, өрнектермен,ересек
Дескриптор Білім алушы:
- сөздерді анықтамасымен сәйкестендіреді;
- асты сызылған сөздерді мағыналас, балама сөздермен
ауыстырып жазады.
18
Оқу мақсаты 9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың
негізгі ойы мен көзқарасын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі
ойы мен көзқарасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді екі рет тыңдап, көзделген аудиториясын анықтаңыз.
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған.
Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс
қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі –
кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының
ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен,
шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс
теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның
төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп
санағанынан пайда болған.
Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы
конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен,
маржанмен әшекейленеді.
Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі.
Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік
өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның
сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.
Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық
талғамының жемісі. Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың жыл басы Наурыз
мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес. Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс
мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды. Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық
құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді. Мұның
басқа жолын іздестірген абзал. Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру. Еліктегіш
жастардың бір-екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе, бұл үрдіс сәнге айналып
кетуі әбден мүмкін. Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде
тігу, кеңсе киімдерін қазақы ою өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі
мақсатымыз.
Мәтіннің көзделген аудиториясы
2. Автордың ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
19
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннің көзделген аудиторияларын (кем дегенде 3) анықтайды;
- автордың ойын 1 сөйлеммен түсіндіреді.
20
Оқу мақсаты 9.2.6.1. Кесте мен сызбаларда берілген ақпараттарды
өзара салыстырып бағалау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Кесте мен сызбалардағы ақпараттарды салыстырып,
пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдыларыу
Тапсырма
Кеста-сызбадағы ақпараттармен танысыңыз. Ондағы ақпраттарды бір-бірімен салыстыра
отырып, жағдайға баға беріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- сызбадағы ақпараттарды бір-бірімен салыстырады;
- ақпараттарға пікір білдіреді.
21
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, шағын мақала жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын
мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Еліміздің киноиндустрия саласында көшпелілер тарихы туралы сапалы фильмдер аз екені
белгілі. Осы мәселеге қатысты ойыңызды жергілікті газет бетіне шағын мақала түрінде
жариялаңыз. Мақалада берілген тіркестерді қолданыңыз.
Көрерменнің жүрегіне жол табу, ерекше әсер, сынға ұшырау, «көш жүре түзеледі»,
мәдени мұра, рухани жаңғыру,көрерменге жол тарту, жауһар эпостарымыз
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- стильдік ерекшеліктерді сақтайды;
- мақала талаптарын сақтайды;
- тақырыпты ашады;
- ұсынылған сөз тіркестерін қолданады;
- құрылымды сақтайды.
22
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.6.1. Тыңдалым материалының мазмұны негізінде
көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?
Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі
дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай
болды.
– Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын
десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда,
сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және
техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы
керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір.
Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты.
Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып
кетуге болатынын айтты.
– Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты.
Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді
Мөлдір.
Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының
маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған.
Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен
бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған.
– Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен
кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға
болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік
шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас
тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы
менеджер тағайындайтын болды, – дейді Мөлдір, – Мені алаңдататыны шаңсорғыш
және оның құны емес, өз құқымның бұзылуы.
Мәселелер тізбегі:
2. Мәселелердің пайда болу себептері мен салдарын түсіндіріңіз.
Мәселе Себебі Салдары
23
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіндегі 3 мәселені анықтайды;
- анықталған мәселелердің себебін түсіндіреді;
- анықталған мәселелердің салдарын түсіндіреді.
24
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу
этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөйлеу этикеті формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог
мазмұнында амандасу, қызмет көрсету, наразылық білдіру, құқықтың бұзылуына
қатысты сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.
1. Қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы диалог;
2. Сатушы мен сатып алушы арасындағы диалог;
3. МАИ қызметкері мен жүргізуші арасындағы диалог;
4. Жолсерік пен жолаушы арасындағы диалог.
Дескриптор Білім алушы:
- жағдаятқа сай диалог құрастырады;
- сөйлеу этикеті формаларын таңдайды.
25
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Жоғары деңгей дағдылары
Мәтіндерді оқыңыз. Стилін, жанрын, ерекшеліктерін анықтап, «Венн диаграммасына»
түсіріңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға
құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық
сақтауға құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды
қамтамасыз ету үшiн ананың
денсаулығын сақтау жөнiнде
жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға
құқығы:
баланың денсаулығын сақтау
саласында ҚР-ның заңдарын
қабылдау;
4. Мемлекет ҚР-ның заңдарына
сәйкес балаларға тегiн
медициналық көмектiң көлемiне
кепілдiк бередi.
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына
және дене бітімі мен
психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез
келген ғылыми тәжiрибелер немесе
өзге де эксперименттерге тыйым
салынады.
Қазақ халқының байырғы құқықтық
нормалары
XV ғасырдың орта шенінде қазақ
мемлекетінің негізі қаланды. Қасым ханның
тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке
айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық
нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым
ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес
бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының
құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес
қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті
атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін
бұзушыларға қолданылатын жазаны күшейтті.
Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі
жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және
соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан
болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде
сақталып, оны жүздеген жылдардан кейін де
мінсіз күйде қағазға түсіру мүмкін болған. Бұл
кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп
атаған.
Сондай-ақ қазақ даласында Сот қызметін
билер атқарған. Бір заманда өмір сүрген және
өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп,
тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би секілді қазақ билері ел арасындағы
дау-дамайларды әділ шешкен.
Венн диаграммасы
26
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіндердің стилін анықтайды;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;
- жанрлық ерекшеліктеріне дәлел келтіреді;
- ұқсастықтарын табады;
- айырмашылықтарын ажыратады.
27
Оқу мақсаты 9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз
ойын жеткізу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып,
өз ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топта «Заңды білу – заман талабы» деген тақырыпта телебағдарлама дайындаңыздар.
Өз рөлдеріңізді ойнап шығыңыздар. Сөйлеуде интонация мен кідіріс, логикалық екпінді
сақтаңыздар.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- тақырыпқа қатысты телебағдарлама жобасын әзірлейді;
- қатысушылар сөзін дайындайды;
- өз ойын жеткізуде интонация, кідіріс пен логикалық
екпіндіқолданады.
28
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, аннотация жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай
аннотация жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Зерттеу жұмысыңыздың мақсат-міндеттері мен өзектілігін талдап, аннотациясын
жазыңыз.
Жағдаят: Сіз оқушылардың қалалық ғылыми жобалар байқауына қатыспақшысыз.
Ғылыми жұмысыңызда еліміздің Ата Заңы мен өзге мемлекеттердің Конституциясын
салыстырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдадыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- стильдік ерекшелігін сақтайды;
- аннотация жазу талаптарын сақтайды;
- тапсырма шартын орындайды.
29
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның
айбынды мейрамы» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
М. Ыбыраев. «Кие»
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің.
Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.
(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді.
Қызғанады-ау кейбіреулер бағыңды,
Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Ел билеудің қияметін сезем мен,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен,
Алып өттің, ел басына күн туып,
Етікпенен су кешетін кезеңнен.
Бардың қанша нар тәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Судың өзі жол береді екен ғой,
Жүрегінде от лаулаған адамға.
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,
Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
Шартарапқа байлығымен байқалған,
Қазағымды бақытсыз деп айта алман.
Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
«Ер қадірін ел біледі» деуші еді,
Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
Сөздер мен сөз тіркестері Сәйкестендіру бағаны Мағынасы
Ел басына күн туып елі үшін
Шартарап өмір сүру
Елтұтқа бар әлем, төрткүл дүние
Жаным құрбан қиын заман
Ғұмыр кешу халықтың тірегі, көшбасшысы
2. Берілген өлең жолдарын перифраз тәсілімен сөйлемге айналдырып жазыңыз. Сөйлемге
айналдыруда сөз таптарының сөйлемде орналасу тәртібін ескеріңіз.
Үлгі: Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Перифраздалған сөйлем: Не болса да пешенемнен көрем деп, оттан сақтар, оқтан қорғар
берен болдың.
Өлең жолдары Перифраздалған сөйлемдер
Елің үшін түстің талай додаға, «Күн астынан орын тауып берем!» – деп, ...
30
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Бұл жаныңды...
Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Төрт аяғы тайпалған...
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
Елім Құдайдың...
Бардың қанша нар тәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Наданға түсініксіз...
Дескриптор Білім алушы:
- сөздер мен сөз тіркестерін мағынасымен сәйкестендіреді;
- өлең жолдарын сөйлемге айналдырып жазады.
31
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді
талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені
болжау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен
көтерілетін мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, төменде берілген фразалардың мағынасын өз сөзіңізбен
түсіндіріңіз.
М. Ыбыраев. «Кие»
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің.
Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.
(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді.
Қызғанады-ау кейбіреулер бағыңды,
Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Ел билеудің қияметін сезем мен,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен,
Алып өттің, ел басына күн туып,
Етікпенен су кешетін кезеңнен.
Бардың қанша нар тәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Судың өзі жол береді екен ғой,
Жүрегінде от лаулаған адамға.
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,
Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
Шартарапқа байлығымен байқалған,
Қазағымды бақытсыз деп айта алман.
Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
«Ер қадірін ел біледі» деуші еді,
Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
Фраза мен дәйексөздер Мағынасы
«Күн астынан орын тауып берем!»
«Халқым үшін жаным құрбан!»
«Ер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі»
2. Мәтіннің тақырыбы не туралы екенін анықтаңыз.
____________________________________________________________
3. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.
___________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- дәйексөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді;
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.
32
Оқу мақсаты 9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана
отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тақырыпқа сай сөздерді қолданып, мақсатты
аудиторияға ауызша мәтіндер құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен Тұңғыш Елбасы күнін атап өтудің маңыздылығы
туралы сыныптастарыңыздың алдында сөз сөйлеңіз.
Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының
қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта,
мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс,мемлекет шекарасы,
халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- мақсатты аудиторияны ескереді;
- тапсырма шартын орындайды.
33
Оқу мақсаты 9.3.2.1. Ғылыми стильде (пікір, мақала, презентация)
жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін
анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Ғылыми стильдегі (пікір, мақала, презентация)
мәтіндердің тілдік және жанрлық ерекшелігін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, стилі мен жанрын анықтаңыз.
Тамыры терең тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел
болуды армандап, мақсат тұтқанын байқаймыз. Тіпті осы мұрат жолында ұлтымыздың
талай арыстары өз өмірлерін сарп етті емес пе? Сонымен қатар өз мемлекеттерін
дамытуда қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың да рөлін жақсы білеміз. Айталық,
АҚШ-тың атағын шығарған Джордж Вашингтон, Ресей империясының өсіп-өркендеуіне
атсалысқан Ұлы Петр, қазіргі Түркия мемлекетінің негізін қалаған Кемаль Ататүрік
елінің еңсесін көтеруде ерен еңбек етті.
Осындай тұлғалардың қатарына Қазақстанды нұрлы жолға бастаған
Н.Ә.Назарбаевты да жатқызуға болады. Н.Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз
уақыттың ішінде ҚР-ның егемендігін жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді.
Нәтижесінде ҚР өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды.
Спорттағы, өнердегі жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың
арқасында сыртқы саясатымыз беки түсті. Былайша айтқанда, аса күрделі жағдайда ел
тізгінін ұстаған Н.Ә.Назарбаев өзінің керемет саясаткер, елін елдікке бастаған аса
дарынды реформатор, халқын шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді.
Иә, біздің Елбасы қалың қазақтың мақтанышына айналған, ел игілігіне қызмет етіп
жүрген біртуар дара тұлға десем артық айытқаным болмас. Бұл пікірмен тек біз секілді
қарапайым қазақстандықтар ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық Қазақстан
көшбасшысының саясаттағы сарабдал жолын жоғары бағалап, оның есімін стартегиялық
ойлау қабілетін иеленген мемлекет қайраткері деп даңқты тарихи тұлғалармен қатар
қоюда.
Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны
Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында да, аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденген
жас мемлекетіміздің тарих үшін көзді ашып-жұмғанмен тең кезеңде Н.Назарбаев ірі
экономикалық және саяси реформаларды өткізді, ата-баба арманын жүзеге асырды.
Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас тартты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз
елдерімен тығыз байланыс жүргізіліп, әлем картасында «қазақ» елі пайда болды. Өз
шекарасында, Конституциясымен, Мемлекеттік рәміздері – Әнұраны, Туы және
Елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ халқы ел басшының жемісті жұмысына шын
риза. Бұл – тарихи ақиқат. Ал әлем басшылары Н.Назарбаев туралы не дейді?
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш Н.Назарбаевты ТМД елдері
басшыларының арасынан ерекше бөліп: «Ол болашақты болжай алады»,– деп айтса,
«темір» ханым атанған Маргарет Тэтчер Н.Әбішұлын қазіргі заманның бес аса көрнекті
саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға», – деген.
Стиль
Жанр
34
2. Стильге тән аспектілерді анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіріңіз.
Стильге тән аспектілер Қолданылу мақсаты
3. Жанрға тән аспектілерді анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіріңіз.
Жанрға тән аспектілер Қолданылу мақсаты
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннің стилін анықтайды;
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннен стильге тән 2 аспектіні тауып, қолданылу мақсатын
түсіндіреді;
- мәтіннен жанрға тән 2 аспектіні тауып, қолданылу мақсатын
түсіндіреді.
35
Оқу мақсаты 9.4.5.1. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Елбасы еңбегі – ертеңгі бағыт» деген тақырыпта жанрлық ерекшелігін сақтап мақала
жазыңыз. Мақала мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Сөйлем
ішінде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қойылуын ескеріңіз.
Жағдаят: Тұңғыш Елбасы күні мерекесіне орай жергілікті газет бетіне Елбасының ел
болашағы үшін атқарған еңбектерін насихаттап мақала жазғыңыз келді.
Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының
қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта,
мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс,мемлекет шекарасы,
халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- мақаланың жанрлық ерекшеліктерін сақтайды;
- құрылымды сақтайды;
- берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- - сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады.
36
«Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.2.1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтін мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы
мен нақтылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма.
1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Бұқаралық ақпарат құралдарының адам өміріне тигізетін теріс ықпалдарына 2-3
мысал келтіріңіз.
2) Ойынқұмарлыққа әкеліп соғатын себептер қандай?
3) Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің шырмауына түспес үшін
қандай әрекеттер жасауға болады?
Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды
жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар,
радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және
күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының
жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қаті гез бағдарламалар,
ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың
бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай
ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.
Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді.
Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас
құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің
қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын
өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино,
телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан
дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі
бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер
адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана
мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға
тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына
әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды.
Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл
бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра
алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден
бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай
іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей
алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.
37
2. Перифраздалған сөйлемдердің мәтін мазмұнымен сәйкестігін анықтап, «+»/«–» белгісін
қойыңыз.
Ақпараттар «+»/«–»
БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал
етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсері жоқ.
Адами құндылықтарының жойылуына қатігез бағдарламалар, ойындар
мен кинолар себепші емес.
Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарым-қатынасының қалыптасуына әсер етеді.
Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге
асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады.
Ойынға тәуелділікті болдырмаудың бір жолы – баланы бақылау.
3. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді;
- мазмұнға сәйкес ақпаратты анықтайды;
- мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтайды.
38
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу
этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жағдаятқа сай сөйлеу этикеті формаларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
БАҚ өкілдері, жастар, ата-ана, қоғамның өзге де өкілдерінің (таңдау бойынша)
қатысуымен «БАҚ жастарға тәрбие көзі бола ала ма?» деген тақырыпта ток-шоу
ұйымдастырыңыздар. Берілген сөйлеу этикетінің формаларын диалог мазмұнында
қолданыңыздар.
Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; дегенмен келісесіз бе;
мен сіздің ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рақмет; сау
болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге
қарсылық танытуға мәжбүрмін; ..... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- тақырып бойынша бағдарлама әзірлейді;
- қатысушылар сөзінде БАҚ-тың жастарға ықпалы туралы айтады;
- сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
39
Оқу мақсаты 9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген
тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды
қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тақырып бойынша аргументтерді қолданып, диалог,
полилогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінмен танысыңыз. Көтерілген мәселеге қатысты 3 ашық сұрақ әзірлеңіз.
Сыныптасыңыздың сұрағына жауап беруде мәтін ақпараттарын аргумент ретінде
қолданыңыз.
Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ
отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары
арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас
құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді.
Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды,
«геройлары» қуанса – қуанып, мұңайса – мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде
анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен
«сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да, мойындағысы келмейді.
«Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы –
осының нышаны.
Медиабілім ХХ ғасырдың 60 жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ,
Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды.
Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ
тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім
– бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы.
Жоғарыда аталған елдердің бірқатарында медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде
оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта білім
беретін мектептеріндегі 7-12-сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде оқытыла бастады. Ал
Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап міндетті пән ретінде
енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап медиабілім
бойынша сабақтар факультативтер, үйірмелер түрінде немесе оның элементтері
жекелеген пәндерді оқыту барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.
БАҚ-тың тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше, зиянды саналатын
бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Ондай мысалдарды дамыған елдердің
тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты
мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың
дамуына кері әсерін тигізетін хабарларға қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар
жеткіншектерді тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен
тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру
мемлекеттік деңгейде жүргізіледі.
Дескриптор Білім алушы:
- аргументтік ақпараттарды белгілейді;
- мәтін бойынша 3 ашық сұрақ құрастырады;
- сыныптасына сұрақ қояды;
- сұраққа аргументтермен жауап береді.
40
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, cтилі мен жанрын, олардың ерекшелігін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен
айырмашылығын ажыратып, «Венн диаграммасын» толтырыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
Жастардың отбасылық өміріне
бұқаралық ақпарат құралдарының
жағымсыз, кері әсері қоғамда
алаңдаушылық туғызуда. Теледидар,
радио, кинотеатр және интернет сияқты
БАҚ әлеуметтік жүйелерді
қалыптастыру және күшейтуде зор
ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда
бұқаралық ақпарат құралдарының жеке
өмірге тигізетін әсерін жоққа шығаруға
болмайды. Қатігез бағдарламалар,
ойындар мен кинолар, жарнамалар
адамның рухы мен жанына кері әсер
етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы
адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне
әкеп соғады. Әрине, дәл осындай
ақпараттар адамның адами
құндылықтарының жойылуына себепші
болады.
Отбасы ең маңызды әлеуметтік
мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп
зардап шегеді. Теледидар жастардың
отбасын құру туралы пайымына,
отбасында қарым-қатынас құруына, жас
ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді.
Бала санының азаюы, әйелдердің
қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы
басқа әлеуметтік факторлар отбасы
құрылымын өзгерткен. Түрлі
телебағдарламалар, әлеуметтік желілер
мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая
және жарнама түрінде ұсынады. Осы
үлгілер бала кезден адамның ішкі жан
дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар
мен перзенттерінің қарым-қатынасында
белгілі бір бейне қалыптастырады.
Мәселен, осы қалыптар әйелдердің
еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге
үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар
арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ, Л.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры, педагогика
ғылымының докторы
– Перизат Байтешқызы, БАҚ
арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің
маңызы мен мәнін айтып өтсеңіз.
– Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды
бір бөлігіне айналды. Орташа есеппен қазіргі
оқушылар күніне алты сағат уақытын
медиамен байланысқа арнайды. Жалпы, ХХІ
ғасырда кез келген ұлттың барлық салада,
әрине, білім саласын есепке алғанда,
медиасыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан
қарқынды дамуы да мүмкін емес.
Жаһандану заманында ізденіске және
шығармашылыққа қабілетті, ақпараттық
заманда өзін еркін сезінетін болашақ
мамандарды даярлау мәселесі өте маңызды.
Медиабілім – бұқаралық коммуникация
құралдарын меңгеруге үйретуді көздейтін
педагогикадағы жаңа бағыт.
– Қазір жеткіншектерді теледидар алдынан
ажырату қиын. Тіпті теледидар балаларды
тәрбиелеуге көшкен тәрізді…
– Ол рас. Америкалық психолог А.Моридің
зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында
ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете
түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз
жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен.
Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас
құрбыларына деген назары төмендеуінің бір
себебі осыған да байланысты көрінеді.
Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол
белгілі бір дәрежеде шынайы деп
қабылдайды, «геройлары» қуанса – қуанып,
мұңайса – мұңайып жүреді. «Сиқырлы
жәшіктің» арбауына түскен балалардың
депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының
нышаны.
41
бала арасындағы жағымсыз байланыс
түрінде көрініс табады.
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіндердің стилін анықтайды;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- стильдік және жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді;
- ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.
42
Оқу мақсаты 9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе
бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп
жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілігін
салыстырып, эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сіздің ойыңызша, жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін мектеп
бағдарламасына «Медиабілім негіздері» пәнін енгізу дұрыс па? Ойыңызды жинақтап,
эссе жазаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- мәселеге қатысты өз позициясын білдіреді;
- пікіріне аргумент келтіреді;
- аргументтерді дәлелдейді;
- мәселенің шешімін ұсынады;
- эссе құрылымын сақтайды.
43
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Пайда болды ...
Дүниежүзілік ...
Талпынды ...
Сияқты ...
Даму ...
Таңқаларлық ...
Заманға сай ...
Бірінші ...
Керемет ...
Талантты ...
1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы
барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып
табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір
ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны –
көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын
берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл
әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты:
Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель
мұнарасы…
«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар
ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге
Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен
лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары,
сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш
қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.
Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер,
Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі
суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет
галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін
салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы
Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.
2. Ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта өңдеп жазыңыз. Сөйлемге
44
айналдыруда сөз таптарының сөйлемде орналасу тәртібін ескеріңіз.
1) 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық
экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді.
Қаланың орталығындағы_____________________________________________________
2) «ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар
ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті.
«Әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті_____________________________________
3) Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар әр жылдары
Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.
Бүкіләлемдік көрмелерде_____________________________________________________
4) 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған
«Герниканы» ұсынды.
ХХ ғасырдың______________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- сөздердің сәйкес мағыналарын мәтіннен тауып жазады;
- ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен өңдеп қайта жазады.
45
Оқу мақсаты 9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып
бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте,
полилогте сенімді сөйлеу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
• Тақырыпқа сай аргументтерді қолданып, диалог,
полилогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тілші, ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақ, халықаралық сарапшы, қазақстандық
азамат – төрт қатысушыдан тұратын топ арасында «ЭКСПО көрмесі және Қазақстан»
деген тақырыпта сұхбат дайындаңыздар. Сұхбаттарыңызда тақырыпқа қатысты өз
пікірлеріңізді білдіріп, пікірлеріңізге аргумент келтіріңіздер.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- рөлдерге таңдау жасайды;
- тақырып төңірегінде 3-4 сұрақ әзірлейді;
- қатысушылар арасында сұхбат жүргізеді;
- рөлдеріне сай пікір білдіреді;
- пікіріне дәледеме аргумент келтіреді.
46
Оқу мақсаты 9.3.1.1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау,
қорытынды жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Маңызды ақапараттарды анықтап, қорытынды
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, тақырыптың маңыздылығы туралы туралы ойыңызды «ПТМС формуласы»
бойынша білдіріңіз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз
Бірінші сөйлем:«Менің ойымша,...»;
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».
Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы – «Болашақтың
энергиясы» деп аталды. Бұл тақырыпты ұсынудың себебі: бұл көрме энергетикадағы
сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталды.
Халықаралық көрмеге арқау болып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы
қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып
отырғаны белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеуге, күн, желден баламалы энергия
көздерін алуға көше бастады. Қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия
көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар.
Астанада өткен көрме Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында
өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болғалы отыр. Біз бұл биікке де бүкіл ТМД
кеңістігінің, бүкіл түркі дүниесінің, бүкіл мұсылман әлемінің арасынан бірінші болып қол
жеткіздік.
Дескриптор Білім алушы:
- тақырыптың өзектілігі туралы пікір білдіреді;
- пікіріне аргумент келтіреді;
- қорытынды жасайды.
47
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің стильдік және жанрлық
ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын
мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мектепішілік «Жас қалам» журналына «ЭКСПО көрмесі – қазақстандықтардың жеңісі»
деген тақырыпта мақала жазыңыз. Ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: төрткүл дүние, тарихи күн, инновациялық даму,
бедел, «Болашақтың энергиясы», техникалық жетістіктер, мәдениетаралық байланыс,
баламалы энергия, энергия тапшылығы, т.б.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- кіріспе бөлімде көрме тарихы туралы жазады;
- негізгі бөлімде көрменің тақырыбы мен көрмеге қатысушы елдер
туралы жазады;
- қорытындыда көрменің Қазақстан үшін маңызы туралы жазады;
- мақала талаптарын сақтайды.
48
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі
ойы мен көзқарасын анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мақсатты аудиториясы мен автордың негізгі ойын,
көзқарасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, көзделген аудиториясын шеңберлерге орналастырыңыз.
Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды
тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске
асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін
биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің
дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз
күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология
орталығының жұмысы да қарқынды.
Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады.
Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу
процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы
қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.
Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа
дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін
ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы
зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне
жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және
астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен
түсіп қалады.
Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар
«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны
талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы
болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.
2. Мәтіндегі автор көзқарасын өз сөзіңізбен жазып, оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
Автор көзқарасын білдіретін сөйлем Менің пікірім
49
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің көзделген аудиториясын анықтайды;
- мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды;
- автор көзқарасына қатысты өз пікірін білдіреді.
50
Оқу мақсаты 9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз
ойын жеткізу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді
қолданып, ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттердің ішінен 2 суретті таңдаңыз. Суреттерді қатыстырып, жұппен диалог
құрастырыңыз. Ойыңызды жеткізуде логикалық екпінді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- сурет бойынша диалогке қатысады;
- қажетті сөздер мен сөз тіркестеріне логикалық екпін
түсіреді.
51
Оқу мақсаты 9.4.2.1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе
бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп
жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Адамдарды клондау адамзаттың болашағы үшін қауіпті ме? Мәселенің артықшылығы
мен кемшілігін салыстырып, эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- өз позициясын білдіреді;
- пікіріне аргумент келтіреді;
- мәселенің шешімін ұсынады;
-.эссе құрылымын сақтайды.
52
«Болашақ энергия көздері» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз
тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан
туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының
1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің
биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған.
Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел
диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған.
Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып
түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін,
апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық
таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат
баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде,
толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын
дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы
болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн
көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы
болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы
жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел
күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының
қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады
Жерді ............................ бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда
болады.
Ғаламшардағы су қорларының ................................ жел энергиясының қоры бірнеше есе
көп.
Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз ............................ бұзбайды.
.............. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты.
2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.
1) Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты
қыздырмауынан туындайды.
Жер бетін...
2) Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде
пайдаланған.
Желді...
53
3) Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе
асып түседі.
Бүкіл...
4) Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды
теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.
Бәрімізге...
5) Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне
байланысты өзгеріп отырады.
Ауа райының...
Дескриптор Білім алушы:
- көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды;
- сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.
54
Оқу мақсаты 9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды
қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған
ауызша мәтіндер құрау
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып,
мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма. Қазақстандықтарға арнап қазба байлықтарының қорын үнемдеу
мақсатында жел энергиясын қолдануды қолға алуға шақыратын ауызша үндеу хат
жариялаңыз. Үндеу хат мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: энергия мөлшері, күшті толқын, табиғи апаттар, дәстүрлі
емес энергия көзі, табиғат тепе-теңдігі, тиімділік, жел электр станциялары, табиғи
ресурстар, т.б.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- сөздер және сөз тіркестерімен танысады;
- үндеу хат мазмұнын мақсатты аудиторияға арнайды ;
- үндеу хат мазмұнында сөздер және сөз тіркестерін орынды
қолданады;
- үндеу хаттың жанрлық ерекшелігін сақтайды.
55
Оқу мақсаты 9.3.6.1. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық
мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға
беру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен
байланыстырып, сыни пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. Анықталған мәселені жаһандық
мәселелермен байланыстырып, ментальді картаға түсіріңіз.
Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мәселен, көмірді, мұнай мен табиғи газды
және уранды пайдалану арқылы өндіру – бұл бұрыннан қалыптасқан әдіс. Сонымен бірге
сарқырама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қалдықты, ескі резеңке дөңгелекті жағу
арқылы да электр энергиясын алуға болады.
Бүгінде Еуропа елдеріндегі электр энергиясы өндірісінде атом энергиясының үлесі
25 пайызды, көмір 25 пайызды, табиғи газ 25 пайызды, су энергиясы 15 пайызды құрайды.
Келесі 4 және 3 пайыздық көрсеткіштер жел энергиясы мен мұнайдан алынатын электр
қуатына тиесілі. Жапонияда өндірілген электр энергиясының 28 пайызын көмір, 26
пайызын табиғи газ берсе, мұнай мен су көздерінен алынатын энергия 8 пайызға тең.
Ресейде табиғи газ энергия өндірісінің 50 пайызын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайызын,
су энергиясы 15 пайызын қамтамасыз етеді. Ал АҚШ-та электр энергиясының жиынтық
өндірісінде көмірдің үлесі 36 пайыз,табиғи газ 29 пайыз, атом 21 пайыз болса, су электр
станцияларынан алынатын көлем 7 пайызды, желдің үлесі 4 пайызды, күн энергиясының
үлесі 0,04 пайызды құрайды. Рас, электр энергетикасы өндірісінде энергия көздерінің
құрылымы өңірдегі түрлі шектеулер және ресурстар көлемі, сондай-ақ географиялық
ерекшелігіне де байланысты. Мысалы, Бразилияда электр энергиясы өндірісінің 80
пайыздан астамын су электр станциялары береді.
Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыздан артығы орталық және
солтүстік аймақтардағы көмір кен орындарынан өндіріліп, оның 66 пайызға жуығы дәл сол
индустриалды өңірлердің өзіндегі қажеттілікке жұмсалады. Ал оңтүстік өңірлерде энергия
тұтыну оны өндіруден екі есеге дейін артып, қуат көзінің белгілі бір мөлшерін Өзбекстан
мен Ресейден сатып алуға, Қырғызстанмен айырбас жасау арқылы импорттауға тура келіп
отыр.
2. Негізгі мәселенің жаһандық мәселелермен байланысын «ПТМС формуласы» арқылы
түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Дескриптор Білім алушы:
Жаһандық
мәселе
Жаһандық
мәселе
Жаһандық
мәселе
Негізгі мәселе
56
- мәтіндегі басты мәселені анықтайды;
- анықталған проблеманы жаһандық мәселемен байланыстырады;
- көзқарасын «ПОПС формуласы» арқылы білдіреді;
- өз пікірін дәлелдеуде мәтін ақпараттарын қолданады.
57
«Алаш идеясы мен қайраткерлері» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ақпараттың
шынайылығы мен нақтылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Қазақ зиялылары көшбасшыларының мақсат-мұраты қандай болды? (2-3 мысал)
2) А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары балалардың білім алуында неге басымдық
берді? (2-3 мысал)
Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы
күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына,
құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі
үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет
жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.
«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек
білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі
деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын
атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті, «яғни
әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен
бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті. XX ғасырдың басында қазақ
зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары
көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік
жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың
көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін
кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді.
2. Берілген сөйлемдердің мәтін мазмұнына сәйкестігін анықтап, «+»/ «-» таңбасын қойыңыз.
Перифраздалған сөйлемдер «+»/«-»
Қазақ зиялылары елді саяси сауатты болуға, ғылымға деген сүйіспеншілікке
шақырды.
Олар сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарына білімнің дамуға жол
ашатындығын айтып, халыққа үндеу тастады.
А.Байтұрсынов арнайы білім беру ұйымдарында оқудың маңыздылығына мән
бермеді.
А. Байтұрсынов қазақ балалары алдымен өз ана тілінде білім алуы қажет деп
санады.
А. Байтұрсынов орыс тілінде де білім алуды құптады.
Қазақ зиялыларының көбісі саяси сауаттылық пен заңгерлік білімнен хабарсыз
болды.
58
Дескриптор Білім алушы:
- сұрақтарға жауап береді;
- мазмұнға сәйкес дұрыс сөйлемдерді көрсетеді.
59
Оқу мақсаты 9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз
ойын жеткізу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық
екпінді қолданып, ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген рөлдердің бірін таңдап, «Алаш қайраткерлері» тақырыбында жұптық диалогке
қатысыңыз. Сөйлеу барысында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Тарих пәнінің мұғалімі мен оқушы;
2. Алаш қайраткері мен тілші;
3. Алаш зиялысы мен бүгінгі ұрпақ.
Дескриптор Білім алушы:
- рөлдер бойынша диалогке қатысады;
- тақырып аясында сөйлейді;
- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін қатыстырады;
- сөйлемдердің айтылуындағы интонациялық ерекшеліктерді
сақтайды.
60
Оқу мақсаты 9.3.5.1. Қосымша ақпарат көздерінен алынған
мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге
көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы жолындағы еңбектері
туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПТМС формуласы» негізінде ұсыныңыз.
ПТМС формуласы
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы
күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз
бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына
еркін қол жеткізуі үшін күресті.
Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс
жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.
«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар
тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына
көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын
атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті.
«Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады.
Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті.
XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі
орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша
өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық
мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді.
Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен
терендетуіне мүмкіндік берді.
Дескриптор Білім алушы:
- қазақ зиялыларының еңбегіне қатысты пікір білдіреді;
- пікірінің себебін түсіндіреді;
- пікіріне мәтіннен дәлел келтіреді;
- - ойын қорытындылайды.
61
Оқу мақсаты 9.4.5.1. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, тиісті орындарға тыныс белгілерді (сызықша, үтір, тырнақша) қойыңыз.
Тыныс белгілерінің қойылу себебін ауызша түсіндіріңіз.
Ахмет Байтұрсынов ақын әдебиет зерттеуші ғалым түркітанушы публицист педагог
аудармашы қоғам қайраткері. Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жангелдин
ауданындағы Ақкөл ауылы. 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды. 1909 ж. патша
үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып 1910 ж. жер
аударылды. 1913 ж. Орынборда Қазақ газетін ұйымдастырып 1917 жылдың аяғына дейін
оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс
күшейеді. 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында болады. 1925-1929 жылдары Қазақ
халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж.
маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған ал жұбайы мен
қызы Томскіге жіберілген. 1934 жылы Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен
Е.Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) көмегімен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған.
Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 жылы қазан айында Ахмет
Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған. Екі айдан соң 8 желтоқсан күні «халық жауы»
деген жаламен ату жазасына кесілді.
Дескриптор Білім алушы:
- бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны
қояды;
- бірыңғай сөйлем мүшесі мен құрмалас сөйлемге қатысты үтірді
қояды;
- жалқы есімге қатысты тырнақшаны қояды;
- тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
62
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі
63
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік–қоғамдық тақырыптар аясында айтылған
сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздердің мәтіннен синонимін, антонимін тауып жазыңыз.
Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар
проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді. Жер үшін ең
үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам артуын
демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген әрекеттер
іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық
жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының
бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда
кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок),
Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.
Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық
тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты.
Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін
бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының
шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге
болады.
ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың
жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны
бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары
өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы
демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.
Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи
өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды
сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық
өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім
көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына
тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси мәселелер,
экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық
санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.
Синоним Антоним
жетіспеушілік, ... төмендеу –
өмір сүру, ... баяу –
жағдай, ... жасанды –
санайды, ... арттыру –
2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.
1) Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.
Демографиялық...
2) XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз
өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Азық-түліктің...
3) Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін
64
абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Салыстырмалы және...
4) Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің
демографиялық саясатына тікелей байланысты. Мемлекеттің...
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннен берілген 4 сөздің синонимін тауып жазады;
- мәтіннен берілген 4 сөздің антонимін тауып жазады;
- берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.
65
Оқу мақсаты 9.3.3.1. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы
автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға
әсерін бағалау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Прозалық, поэзиялық шығармалардағы автор ойы мен
көтерілген мәселені анықтайды, пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Өлеңді оқып, көтерілген бір мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ
құрастырыңыз.
Абай «Адамның кейбір кездері»
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс-жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Ашық сұрақ
2. Автордың осы мәселені көтеруінің себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
3. Мәселе оқырмандарға қандай ой салады? 2 болжамыңызды жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- өлеңде көрініс тапқан 1 мәселені анықтайды;
- мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ құрастырады;
- автордың мәселені қозғау себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді;
- мәселенің оқырманға әсеріне 2 болжам жасайды.
66
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, шағын мақала жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын
мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Осы айдағы мектеп журналының тақырыбы – әлемдегі демографиялық жағдай. Газет
тілшісі ретінде «Демографияның өсуі ғаламшар үшін апат па?» деген тақырыпта шағын
мақала жазыңыз. Мақалаңызда мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.
Жер бетіндегі халық санының өсу қарқыны кезеңдерге байланысты әр мемлекетте
әртүрлі сипат алған. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс
ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген нәтижелер адам баласының өсімін тұрақтандыруға
мүмкіндік берді. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы
түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп шоғырланған.
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны ғаламдық игеруді
бастады. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік технологиялардың жылдам таралуы
барлық континенттегі халықтың тұрақты орналасуына негіз болды.
XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға
көтеріліп отырған. Ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер
бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемологиялық
жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы
бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының
аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.
Ұдайы өсу үздіксіз ұрпақ ауысымын жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. Бұл
үдеріске әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жоғары деңгейде ықпал етеді. XVIII
ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың орта шеніне дейін экономикасы жылдам
қарқынмен дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі
халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада
өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы – «демографиялық жарылыстың»
туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдайдың жоғарылауы
этникалық және діни себептермен, ерте бастан некеге тұрумен, білім деңгейінің
төмендігімен, өндіріске әйелдерді араластырмаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар
кейбір мемлекеттерді отарлық тәуелділіктен босату, медициналық қызмет көрсетуді
жақсарту, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада
қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам
қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни
дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- мақаланың құрылымын сақтайды;
- мақала жанрының талаптарын сақтайды;
- мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп, өңдеп қолданады.
67
Оқу мақсаты 9.2.6.1. Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда
берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбалардағы
ақпараттарды салыстырады, баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
2018 жылдың басындағы еліміздің демографиялық көрінісін қалай бағалайсыз?
Диаграммадағы ақпараттарды салыстыра отырып, пікіріңізді ауызша жеткізіңіз.
Дескриптор Білім алушы:
- ақпараттарды өзара салыстырады;
- сұраққа пікірін білдіреді.
68
Оқу мақсаты 9.4.4.1. Тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер
құрастыруда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме
көрсетіп жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәліметтерді жинақтап мәтін құрастырады,
дереккөздерге сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстандағы статистика орталығының қызметкері мен тілші арасындағы сұхбаттың
мәтінін жазыңыз. Сұхбат мазмұнында мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасап қолданыңыз.
Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу,
босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді.
Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам
артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген
әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде
«демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың
өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан
болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп
есептейді.
Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық
тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа
бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын
зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық
санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен
түсіндіруге болады.
ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың
жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны
бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары
өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының
тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.
Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде
табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық
жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер
пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің
арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы
айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға,
мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен
иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық
санын кемітеді.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- рөлдерге сай сұхбат дайындайды;
- сұхбат жазу талаптарын сақтайды;
- сұхбатта мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасайды.
69
«Роботтар мен киборгтар әлемі» бөлімі
Оқу мақсаты 9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана
отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздерді қолданып, мақсатты аудитоияға сай ауызша
мәтін құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіз мектебіңізде «Робототехника» үйірмесін ұйымдастырмақсыз. Үйірмеге оқушыларды
қызықтыратындай жарнама мәтінін құраңыз. Мәтін құрауда берілген сөздерді қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: ғылыммен айналысу, пәнаралық байланыс, білімді кеңейту,
халықаралық байқау, қызығушылық, танымалдылық, жоба, т.б.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- тақырыпқа сай сөздерді қолданады;
- аудиторияны (оқушылар) ескереді;
- жарнама талаптарын сақтайды.
70
Оқу мақсаты 9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі
ойы мен көзқарасын анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі
ойы мен көзқарасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, оның кімдерге арналғандығын анықтаңыз.
Азаматтығы бар робот
2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған
сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі
бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының
азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек,
адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» и е
болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд
Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб
мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр
қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан
роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы
қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.
Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн
сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап
құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді»
дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп.
Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол
бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар
қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір
Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті
адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур
технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны
қабырғасында қызмет етеді.
Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару,
ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай
жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін
құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән
қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Сондықтан роботты бәсеке жағдайында
адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам
басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар.
Көзделген аудиториясы кімдер?
2. Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
71
3. Мәтіндегі мәселеге қатысты автор көзқарасын анықтаңыз. Дәлелдер келтіріңіз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіннің көздеген аудиториясын анықтайды;
- мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіреді;
- автор көзқарасын білдіретін дәлелдер келтіреді.
72
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін
2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған
сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі
бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының
азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек,
адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» ие
болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд
Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб
мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр
қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан
роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы
қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.
Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн
сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап
құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді»
дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп.
Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол
бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар
қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір
Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті
адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур
технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны
қабырғасында қызмет етеді.
Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару,
ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай
жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін
құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән
қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Жасанды интеллектіні қауіп көретін
ғалымдар «Роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін
қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкеледі» деген
жорамал айтады.
2-мәтін
Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Әр робот механикалық негізі
құрылғы-рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді.
Мысалы, робот лай мен құмның үстімен жүретін болса, шынжыр тракторлар қолданылуы
мүмкін. Механикалық жағы робот жүретін жердің қоршаған ортасына байланысты.
Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты. Әр робот электр
бөлшектерден тұрады. Сол бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Мысал
ретінде шынжыр арқылы жүретін роботты алсақ, сол шынжырларды жүргізу үшін күш
керек. Сол күш электр қуаты ретінде келіп, сымдар арқылы өтіп, батареяда сақталады.
73
Электр жүйесі роботтың қозғалуында (мотор) қолданылады. Барлық роботтар кішкене
болса да, компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай жұмыс істейтіні
көрсетіледі. Код жазған адам программаның ішінде робот шешімін қалай және қашан
қабылдап, әрекет ететінін жазады. Сол шынжыр арқылы жүретін робот батареядан сымдар
арқылы керек мөлшерде энергия алса да, компьютер программасынсыз орнынан
жылжымайды, өйткені программа роботқа қашан, қайда жылжу керек екендігін айтады.
Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Жанры
Стилі
Жанрға тән тілдік
ерекшеліктер
1.
2.
3.
1.
2.
3.
Салыстыру Ұқсастығы: Айырмашылығы:
Дескриптор Білім алушы:
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- мәтіндердің стилін анықтайды;
- жанрға тән 3 ерекшелікті анықтайды;
- ұқсастығын көрсетеді;
- айырмашылығын ажыратады.
74
«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.6.1. Тыңдалым материалының мазмұны негізінде
көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тыңдалған мәтінге сыни көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген ақпараттар бойынша туризм түрлерін анықтаңыз.
Қазақстанда қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі
қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.
Этнотуризм – Қазақстандағы елдің тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетіне
қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында
болмасын, жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен
танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
Тау туризмі
Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған
деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен
кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар жол-жөнекей жұмбаққа толы
үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.
Емдік-сауықтыру туризмі
Дамушы еліміз – емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі еліміз тек емдік
табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи
шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық
территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделу мен
демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар – түрлі ауруларға ем болатын минералды
су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.
Мәдени-танымдық туризм
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО ұйымның қорғауында.
Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан
жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
Ақпарат Туризм түрі
Саяхатшылар ұлттық ерекшеліктерді
танып-білуге мүмкіндік алады.
Өзен-көлдер мен биік жартас-шыңдарға
шығып, таза табиғатпен тыныстайды.
Шипалы су көздері бар аймақтарда
денсаулығын қалыпқа келтіреді.
Әлемге танымал халықаралық деңгейде
жәдігерлермен танысады.
75
2. Туризмнің бір түрін таңдап, оны елімізде дамыту туралы пікірлеріңізді SWOT талдау
түрінде ортаға салыңыздар.
Дескриптор Білім алушы:
- ақпарат арқылы туризм түрлерін анықтайды;
- таңдалған туризм түрінің мықты жақтарын, әлсіз тұстарын,
мүмкіндіктері мен қауіптерін көрсетеді;
- қорытынды баға береді.
76
Оқу мақсаты 9.2.2.1. Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу
этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жағдаятқа сай сөйлеу этикеті формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұсынылған рөлдерді таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген
сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1. Туристік агенттік қызметкері мен саяхатшы
2. Туризм және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің маманы мен тілші
3. Шетелдік саяхатшы мен гид
4. Эколог пен тілші
Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе, айып болмаса, қарсы болмасаңыз, рұқсат
етсеңіз, мүмкін болса, қалауыңыз білсін, қош келдіңіз, көріскенше күн жақсы, рақмет, оқасы
жоқ, құрметіңізге рақмет, мархабат, қиын болмаса, ғафу етіңіз, сапарыңыз сәтті болсын!
Дескриптор Білім алушы:
- рөлдері бойынша диалогке қатысады;
- сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
77
Оқу мақсаты 9.4.5.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі,
құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды
дұрыс жазады
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі сөздер мен сөйлем ішінде қойылатын тыныс
белгілерді дұрыс қойып жазыңыз.
Мәтін
«Қазақстанда туризм дамуы үшін, айналасындағы елдерде де бұл сала дамуы керек.
Еуропаға барған турист бір елмен шектелмейді. Өйткені бәрі бір-бірімен тығыз орналасқан.
Аз күн ішінде бірнеше қаласын, тіпті бірнеше елді аралап қайтуға болады. Халық тығыз
жерде сервис те жақсы болады. Бізде олай емес, аудан, қалалардың арасы алшақ.
Екіншіден, бізде бар дүние басқа елдерде де бар. Суға шомылу үшін сандалып сервисі
төмен Қазақстанға келу маңызды емес. Табиғат тамашалау үшін де Қазақстан таңдаудан тыс
қалады. Өйткені тұмса табиғаты таңдай қақтыратын елдер жетіп артылады. Универсиада
өткізіп те, ЭКСПО жасап та шетелдіктерді тарту қиын.
Үшіншіден, Қазақстанда музей аралап та ләззат таппайсың. Себебі бізде әлемге қызық
болатындай тақырыптар аз. Өзіміз ғана білетін тұлғалар, өзіміз ғана білетін соғыстар,
өзімізге ғана таныс тарихтың үзінділері ғана. Туризм, жалпы, бірден дамитын сала емес қой.
Кешенді жұмыс жүру керек. Инфрақұрылым, жолдар салыну қажет. Қазақстанда жоқ
дегенде «Атлетико Мадрид» деңгейіндегі клубтар болуы қажет. Қазақстаннан мықты
ғалымдар шығуы қажет. Қазақстаннан мықты әншілер шығуы керек. Медицина мықты болу
тиіс. Тур де франс секілді кемі бір айға созылатын дәстүрлі жарыстар өтуі керек. Арзан әрі
оңтайлы ем-домды Қазақстаннан алу қажет. Осылай сабақтасып кете береді. Туризм – өмір
бойы дамитын сала. Ертең халық саны арта түссе, бұл сала өздігінен дамиды».
Дескриптор Білім алушы:
- бас әріппен жазылатын күрделі сөздер мен сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді (үтір,сызықша) дұрыс қояды.
78
Оқу мақсаты 9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай нұсқаулық
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сіз Қазақстандағы туристік агенттіктің қызметкерісіз. Еліміздегі туристік аймақтарға
саяхаттауды ұйғарған адамдарға арнап нұсқаулық жазыңыз.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
- тапсырма шартын орындайды;
- нұсқаулық жазу талаптарын сақтайды;
- жіктік жалғауының ІІ жағын (сыпайы түрі) қолданады.