ТЖБ ҚЖБ «Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып
1
«Қазақ тілі» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ............. 4
«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау .................................... 4
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау...................................... 9
2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 13
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы
бағалау ........................................................................................................................................... 13
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау ...................... 18
3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 25
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау ........... 25
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша қалыптастырушы
бағалау ........................................................................................................................................... 31
«Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау ...................... 37
4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ........... 44
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау ..... 44
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау ......... 49
4
1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға
болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Сұрақтарға қатысты болжам айтады, түпнұсқамен
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңіз. Түпнұсқа
мәтінмен салыстырыңыз.
Сұрақтар Не туралы сөз болады?
(не болды?)
Шындығында, не
айтылды? (не болды?)
Жолдау деген не?
Жолдаудың мақсаты
қандай?
«Жолдау» сөзі қандай
мағынаны білдіреді?
Жолдаудың негізгі талабы
не?
Президент не үшін жыл сайын жолдау жасайды?
Жыл сайын елімізде Елбасының кезекті жаңа Жолдаулары жолданады. Халық болып
қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді.
Бірақ Жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған
емеспіз. Тек жолданған Жолдауды талдаймыз.
Әр елдің президенті өзінің халқына Жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып
жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары
көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты
туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяси көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі
мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады.
ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстан Жолдауды жыл сайын жолдап қана қоймай,
халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек
істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет
болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың Жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды.
Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол
табу деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау – бұл
халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз.
Президент Жолдауды көлемді әрі шағын түрде жолдайды. Дегенмен көлемді түрі көп
қолданылады. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға болжамын көрсетеді;
- түпнұсқамен салыстырады.
5
Оқу мақсаты 9.2.3.1 Мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы
жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің құрылымы мен ресімделуіне қарай
жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың!
Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге
жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды,
ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу – барлығын бастан
кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп
отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі
тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан
бір мейрам, ақ түйенің қарны жарылған күн болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн
де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге
шүкірлігін айтты...
Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің
кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын
қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының
армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол –
Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен
бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің
тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы –
Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!
2. Мақаланың жанрлық түрлерін анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Түрі Cипаттамасы
Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған
саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске
Кіріспе (негізгі ойға
қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды (негізгі
ойды қорытындылау)
6
асыруға бағыт береді;
Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық
және практикалық мәселелерді көтереді;
Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай
бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен
байланыстырып отырады;
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар
мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен,
көркем тілмен баяндайды.
3. Ұсынылған мәтін кестеде берілген мақаланың қай түрінде жазылған? Дәлелдеңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;
- мақаланың жанрлық түрлерін анықтамаларымен сәйкестендіреді;
- мақаланың жанрын ажыратады.
7
Оқу мақсаты 9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын
ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген тақырыптың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен мәтін құрастырыңыз.
Рөл Аудитория Форма Тақырып
Жазушы Газет
оқырмандары
мақала «Мәңгілік ел» – қазақ елінің ұлттық идеясы
Журналист Жас мамандар сұхбат «Мәңгілік ел» идеясын қалай түсініп жүрміз?
Депутат Кәсіби
мамандар
баяндама «Мәңгілік ел» идеясы – бірлікке бастар жол
Оқушы Қазақстандық
жастар
ойтолғау Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ
ретінде не істеуіміз керек?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- рөлді таңдайды;
- аудиторияға сай жазады;
- форманы сақтайды;
- тақырыпты ашады.
8
Оқу мақсаты 9.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тақтада жазылған сөйлемдерді есте сақтап, жүгіру диктантын (Running dictation)
орындаңыз, жалқы есім, сөз тіркестері мен кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай
жазыңыз.
Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар, бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр
– бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Егеменді дамудың 22 жылында
барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар
жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық
жол тәжірибесі.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген
экономикалық өнім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық,
ұлы жетістіктерімізді еселедік.
Дескриптор Білім алушы
- жалқы есімдерді орфографиялық нормаға сай жазады;
- сөз тіркестерін орфографиялық нормаға сай жазады;
- кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
9
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.
Мәтін бөліктері Мақсаты Мәтіннің негізгі ойы
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ғаламдық проблемалар – әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе
таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады.
Қазіргі танда Халықаралық деңгейде ғаламдық проблемалар жетерлік.
Ғаламдық экологиялық проблемалар – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде
айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық
қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы,
атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы. Олар
тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.
Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін
жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр.
Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, әйтпесе оның дамуы апатқа,
өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін
ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және
үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың
жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бөліктерінің жазылу мақсаттарын көрсетеді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
10
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәліметтерді салыстырып, өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Кестеде берілген ақпаратты түсініп оқыңыз. Берілген сұраққа мәтін мәліметтерін салыстыра
отырып жауап беріңіз.
Қазақстанның жаһандану деңгейі бойынша 82-орынға тұрақтанған. Бұл нені көрсетеді?
Дескриптор Білім алушы
- кестеде берілген мәліметтерді салыстырады;
- ақпараттарды қолданады;
- сұраққа жауап береді.
11
Оқу мақсаты 9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе
жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын
дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
Бағалау критерийі Білім алушы
Құрылымы мен даму желісін сақтап, эссе жазады
(аргументативті эссе)
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Массагет жастар порталында «Жаһандану ежелден келе жатқан тарихи үдеріс пе, әлде бұл
тек қана ХХІ ғасырдың дүбірі ме? » деген сауал қойылған екен. Сіз қалай ойлайсыз? Екі
жақты пікірдің бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды;
- позициясына таңдау жасайды;
- өз ұстанымына сай дәлелдер келтіреді.
12
Оқу мақсаты 9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс
қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген сөздердің ішінен публицистикалық стильге тән тілдік бірліктерді анықтаңыз.
Өтініш беру себебі, жаһандану мүмкіндіктері, терезесі тең, керегесі кең, батыс мәдениеті,
мәссаған, ғылыми техниканың дамуы, бәсекеге қабілеттілік, мемлекеттің болашағы, жер
бедері, шаңырағы биік, заңмен реттелетін.
2. Әл-Фараби бабамыз: «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан
жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Осы идеяны қолдана отырып, мектеп
сайтына «Жастар және жаһандану» тақырыбында мақала жазыңыз. Мақалаңызда стильге сай
іріктеген тілдік бірліктерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- публицистикалық стильге сай тілдік бірліктерді іріктейді;
- идеяны дамытып жазады;
- тілдік бірліктерді стиліне сай қолданады.
13
2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша
қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен
көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Әртүрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Нұрай Сәлібаева, Шымкент:
– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі
айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан жүрегінде Отанына деген
махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын. Бүгін екінші күн
көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шеттегі Ресей, Монака, Германия павильондарын
араладық. Бәрі де тамаша. Павильондардың ішіне кірсең, әлемді аралағандай боласың. Біреу
телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес
пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүниежүзіне
танытатын мұндай ірі халықаралық шаралар елімізде өте берсін деймін. Бұл өскелең
ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан
той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.
а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ә) Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не
үшін қолданды?
Эпитет________________________________________________________________
Теңеу_________________________________________________________________
Метонимия____________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды;
- көркемдегіш құралдарды теріп жазады;
- автордың қолдану мақсатын түсіндіреді.
14
Оқу мақсаты 9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар,
оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел
ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар,
ғылыми еңбектерден дәлелдеме деректерді алып,
авторына сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ғаламтор беттерінен алынған мәтінді түсініп оқыңыз.
Мектепте «EXPO-2017 Халықаралық көрмесі бізге не берді?» деген тақырыпта пікірталас
болып жатыр. Осы пікірталаста сөйлейтін сөзіңізді дайындыңыз. Ғаламтордан алынған
мәліметтерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
Шетелдік БАҚ Елордадағы ЭКСПО туралы не дейді?
Шетелдік басылымдар Елордадағы ЭКСПО көрмесі туралы не жазып жатыр?
Америкалық «FORBES» журналы халықаралық көрме туралы бірнеше жазба
жариялапты. Біріншісі, «Астанада өтіп жатқан көрмеге барудың 5 себебі». Онда қазақтың
ұлттық салт-дәстүрінен бөлек, әлемнің жасыл технология саласында жеткен жетістігімен
танысуға болатындығы айтылған. Сондай-ақ «Астана көрмені өткізіп отырған таңғажайып
қаланың бірі» деп баға берген. Аз ғана уақытта, футуристік стильде жаңа қала бой көтерді.
Мақала авторы қала тұрғындарының қонақжайлылығын ерекше атап өткен. Осы журналда
жарияланған тағы бір материал – «EXPO 2017 Қазақстанның әлемдік аренаға жасаған тағы
бір қадамы» деп аталады.
Ал америкалық «CNN INTERNATIONAL» Елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деп
баға берді. Сондай-ақ Астананың көркем ғимараттарымен қоса, әр нысанның анықтамасын
да көрсетіп өткен екен. «Болашақтың қаласы – ғарыштан қарағанда, Жер ғаламшарының
кереметі іспетті көрінуі ғажап емес. Жергілікті халық өз атауымен атайтын нысандар да
баршылық. Соңғы жылдары Қазақстан астанасы футуристік архитектураның да көркем
үлгісін жасау үстінде» депті агенттік.
Ал қытайлық «CGTN» «Астанадағы ЭКСПО көрмесі көптің назарын аударып жатыр,
әсіресе, болашақ тәуелсіз энергетиканы жасыл технологиямен байланыстырған. Қақ
ортадағы «Нұр әлем» атты нысан «Болашақ энергияның музейі» ретінде таныстырылды»
депті.
Беларусиялық «BELTA.BY» сайты «ЭКСПО көрмесі – Қазақстандағы соңғы жылдарда
ұйымдастырылған ең ауқымды шараның бірі» деп жазады. «Көптен күткен ұлы тойдың
ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Мұндай іс-шараны тамашалайтын қонақтың саны
Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатына келетін туристермен пара-пар» дейді әрмен
қарай.
Әзірбайжанның мемлекеттік «AzTV» арнасы Елордадағы көрме туралы бірқатар
сюжет дайындаған. «EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінің әлемнің экономикалық
дамыған жетекші елдерінен кейін Қазақстанда өтуі энергетика саласындағы
ынтымақтастықтың ары қарай дамып, қатысушы елдерде жүзеге асырылған жаңа
технологиялардың алмасуына мүмкіндік береді» депті әзірбайжандық журналистер.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін деректерін дәлел ретінде қолданады;
- авторына сілтеме жасайды.
15
Оқу мақсаты 9.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз
тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Перифраз тәсілдерін қолданып, жинақы мәтін
жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы
мәтінді ықшамдаңыз.
ЭКСПО-2017 көрмесі қалай өтті?
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «ЭКСПО, ЭКСПО» деп
жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу
барысында қандай дайындық қамы жасалды? Не істеді? Не істелінді? Біз осы сауалдарға
жауап іздейміз.
ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды
жоспарланған болатын. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала
тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының
жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында
аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген
қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды
ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4
миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60
пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78
пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде
қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы
ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса,
барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.
Астана қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ситуациялық орталық
ашылған еді. Оның көмегімен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату арқылы қылмыс
деңгейін төмендетуге жол ашылды дейді аталмыш орталық қызметкерлері.
Осынша ауқымды шара аясында азық-түлікпен қамтамыз ету мәселесінің де туындауы
ықтимал еді. Алдын ала болжам бойынша, көрмеге келетін қонақтардың есебінен азық-түлікке деген сұраныс 20-30 пайызға артып, қалаға күн сайын 1500 тонна азық-түлік әкеліне
бастады. Жаңадан базарлар желісі құрылды. Баға тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін
«Кенмарт», «Астықжан» сауда үйлеріне 300 миллион теңге көлемінде қарыз берілді. Сөйтіп
аталған сауда үйлері 49 азық-түлікке өз бағаларын қойған. Ол жыл соңына дейін сақталды.
Бұл шаралар азық-түлікке деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға өсуіне қарамастан,
бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКСПО көрмесін өткізуге
байланысты ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше салынып, 17,6 шақырым жолға жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Көрме аймағын жылумен және электр жүйесімен қамтамасыз ету
үшін 50,2 шақырымдық жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желісі, үш электрмен
қамтамасыз ету жүйесі, «Жаңа жол» қосалқы электр станциясы салынды. Одан бөлек, қала
қонақтарының саны артуына байланысты жаңадан жеті Shuttle Bus автобусы қосылды. Ол
ЭКСПО көрмесі мен қала сыртындағы ауылдардың арасында қатынап, жолаушыларды
тасымалдап жүрді. Қаланың 142 қоғамдық көлігі күн сайын 55 мың жолаушыны
тасымалдаған. Қала тұрғындары осы қоғамдық көліктер мен олардың қозғалыс бағытын
16
көрме аяқталған соң да, қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуін жалғастыра беруін сұрап,
диспетчерлік орталыққа өтініштерін білдірген соң, ол мәселе де шешілді.
Мыңдаған меймандарға көрсетілетін медициналық көмектің де сапасының жоғары
болуы – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін жедел штаб
құрылды. Көрме аймағында жеті медициналық бөлім мен медициналық орталық жұмыс
істеді. Қала бойынша жеті қалалық медициналық мекеме мен жеті республикалық клиника
қызмет көрсетті. Жедел жәрдем қызметінің жаңа Орталық станциясы ашылды.
Ауқымды шараның сәтті өтуі – ұйымдастырудағы ұсақ-түйек детальдардан
басталатыны белгілі. Соның ішінде еріктілер еңбегінің жұмысы айрықша. Ұлттық
компанияның еріктілерінен бөлек, қаладан 510 ерікті жиналды. Олар күн сайын әуежайдан,
бекеттерден туристерді күтіп алу мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру сынды жұмыстарға
белсене араласты. Көрме аяқталған соң, еріктілердің белсенділері арнайы қала әкімшілігі
тарапынан марапатталды.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- негізгі ақпараттарды табады;
- қосымша ақпараттарды сызып тастайды;
- бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас
сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырады;
- сөздерді синонимдермен алмастырады;
- мәтіндегі негізгі ойды ықшамдайды.
17
Оқу мақсаты 9.4.4.1 Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, түрлерін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын біледі, түрлерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыздар.
1. 1855 жылы Парижде өткен көрме ауылшаруашылығына ден қойды, шөп кесетін
қондырғылар, жанармаймен жұмыс істейтін алғашқы көлік, тіпті сөйлейтін қуыршақ – сол
заманда қонақтардың таңдай қаға тамсанатын экспонаттары қатарын құрады. 2. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы Брюссельде жасалған көрме қайта қалпына келтіру
кезеңін құрып, атом дәуіріне қадам басқанын көрсетеді. 3. Батыс жұртына Шығыстың
қақпасын айқара ашып, жаңа дәуірге қадам басып, алпауыт елдермен бәсекеге түсе алатынын
дәлелдеді. 4. Есік қорғанынан табылған Алтын адам, ежелгі бағалы тастар мен әшекейлер,
ұлттық тұрмыстық заттар жарты миллионнан астам адамның назарын аудартып,
қызығушылығын тудырды. 5. Ондағы экспозициялар жел, жарық және жылу энергиясын
өндіру жолдарын көрсетіп, атмосфераға зиянды заттар бөлмейтін автокөлік түрлері мен
биоэнергетика қондырғыларын қонақтар назарына ұсынды. 6. Осы дәлелдерге сүйене
отырып, ай аунап, жыл жылжыған сайын еліміз ғана емес, бүкіл әлем тұрақты түрде
тоқтаусыз дамудың ең биік үлгісін көрсетті деп нық сеніммен айта аламыз.
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем
Дескриптор Білім алушы
- салалас құрмалас сөйлемдерді анықтайды;
- сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажыратады;
- аралас құрмалас сөйлемдерді табады.
18
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.5.1 Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп,
сыни тұрғыдан баға беріп айту
Бағалау критерийі Білім алушы
Айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп, сыни баға
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі Әсемнің ойына өз көзқарасыңызды білдіріп, сыни
тұрғыдан баға беріңіз.
22 қыркүйек
Бүгін Саматпен тағы шекісіп қалдым. Сіздер мені «өзі бір бұзақы бала екен ғой?!»
деп ойлап қалмаңыздар. Бәрін бастайтын Саматтың өзі. Жоғарыда айтқандай, сыныптағы
балаларға қарадай тиісіп жүреді. Өйтпесе, көңілі көншімейді-ау деймін. Міне, сол
«шошқа» үзіліс кезінде (мен солай атаған соң, барлық бала «шошқа» деп кеткен оны)
менің қаламымды ұрлап алыпты сөмкемнен (Мен жоқта сөмкемді ақтарғанын Әсем көріп
қойыпты. Сол айтқан маған). Ауылда қалған Әлияның сыйға берген қаламы ғой. Басқа
қалам болса ештеңе емес, оны сұраса өзім де бере салармын. Ал сыйлықты қалай беріп
қоярсың?! Содан оған:
– Самат, қаламымды қайтар! Оны ауылдағы Әлия сыйға тартқан, – дедім жаймен
ғана (Әлияның атын не үшін атағанымды өзім де түсінбеймін).
– Оу, балалар, естідіңдер ғой?! Кенжебектің ауылында қалған «сүйікті» қызы сыйға
берген қалам екен. Байғұс қыз алыста жүрсе де қаламды көрген сайын есіне түсіріп,
ұмытпасын деген шығар, – деп, сыныпты басына көтерді. Әрі шиқ-шиқ етіп қояды. Даусы,
тілі неткен ащы еді, пәтшағардың!
Шыдай алмай кеттім. Енді ше, мұндай қорлыққа, мазаққа кім шыдасын?! Өзімді
салмақты ұстағаныммен болмады.
Сөйтіп, Саматты кеудесінен итеріп кеп қалдым. Ол артқа қарай тәлтіректеп кетті.
Басы қабырғаға соғылды, білем, баж ете қалды. Содан соң аз-кем басын ұстап тұрды да,
маған төне ұмтылды. Абырой болғанда, қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіріп келді.
Ал ол қаламымды дереу қайтара қойды. Бірақ оқты көзімен мені бір атты.
«Сабақтан шыққан соң төбелестің көкесі басталар» деп іштей қобалжығанмын. Бірақ
олай болмады, ол маған қайта соқтықпады. Қаймығып қалды ма, ол жағы белгісіз.
Сабақ бітісімен автобус аялдамасына бет алғанмын. Кенет, ту сыртымнан
«Кенжебек» деген таныс дауыс естілді. Сыныптасым Әсем екен. Ол салған жерден:
– Сен дұрыс істедің! – деді.
– Нені?
– Шошқа Саматты айтамын да. Оған қарсы келгеніңді айтамын да. Бұған дейін
оған ешкім қарсы келмеп еді. Соған құтырған ғой ол. Өткенде менің шашымнан
тартқылап қоймап еді. Бәлем, сол керек! Сен дұрыс істедің!
– Жә, Әсем, ештеңе емес, егер шындап келгенде, ол менен әлді, мықты. Бірақ
мықтылық күшпен өлшенбеуі керек, біліммен өлшенуі керек! – дедім. Әсем құдды мені
жаңа көргендей аңтарыла қарап қалыпты. Менің екі бетім ду ете қалды. Әрине, бұлай деп
сөйлегенім бұл жерде орынсыз секілді көрінді. Алайда бұл – шын сөзім еді. «Білекті бірді,
білімді мыңды жығар» дейді ғой?!
Әсем екеуміз үн-түнсіз қалдық. Осы ыңғайсыздықты мен мінетін №10 автобус
бұзды. Әсеммен қоштасып, автобусқа мініп кеттім. «Ал енді мұнда отыру былай тұрсын,
тұрып тұратын сүйемдей жер бұйырса ғой» дедім ішімнен.
19
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі ойға өз көзқарасын білдіреді;
- сыни тұрғыдан баға береді.
20
Оқу мақсаты 9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстырыңыз.
А мәтіні
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева
балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты негізгі мәселелерге назар аударды.
- Балалар дендері сау әрі бақытты болғанды қалайды және солай болуы да керек. Олар
көздеген мақсаттарына тек біздің сіздермен қол ұшын беруіміз арқылы ғана қол жеткізе
алады. БАҚ-тан балаларға қатысты түрлі жағымсыз жағдайлардың орын алып жатқанын
күнделікті байқап жүрміз. Оларды қайталап айтқым да келмейді, өздеріңіз бәрін біліп
отырсыздар. Халықаралық деңгейге сәйкес, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету үшін
адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжаттар қаралды, олардың 15-і
балалар құқықтарын қорғауға қатысты. Бұл – Қазақстандағы баланың құқықтарын
нығайтуға және жүзеге асыруға қосылған маңызды үлес және БҰҰ-ның Бала құқықтары
жөніндегі комитетінің ұсынымдарын жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.
Балалармен жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап беретін министрліктер мен
ведомстволар жағдайға талдау жасап, кәмелетке толмаған балалардың проблемалық
мәселелерін шешу бойынша нақты шаралар әзірледі.
Ең алдымен, отбасылық қарым-қатынас, балаларды тәрбиелеу тәртібі, денсаулық
сақтау мен білім алу құқығын іске асыру мәселелеріне назар аударғым келеді. Уәкіл
ретінде, өтінімдерді қарау кезінде, қолданыстағы заңнаманың талаптарын түсіндіремін,
мәселені шешуге мемлекеттік органдар мен ведомстволарды қосамын немесе биліктің
әрекеттеріне шағым беру тәртібін түсіндіремін.
Ә мәтіні
Балалардың құқын қорғау – бәрінен қымбат. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын
қорғауды қамтамасыз ету – олардың құқығын қорғаумен тікелей байланысты. Ювеналды
(балаларға қатысты) соттар жазалауға ғана емес, жас заң бұзушыларды жолға салуға,
жасөспірімнің қылмыс жасау себептеріне тереңірек үңілуге бағытталған.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі
ұрлау, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстар болып табылады. Бұл санаттағылар көбіне
ұялы телефондар, ойын компьютерлері, ақша, киім-кешектерді жымқырып, істі болып
жатады. Жасөспірімдер мұндай қылмысты көбіне топтасып жәбірленушіге күш көрсету
арқылы жасайды. Сондықтан олардың қылмысы ауыр қылмыс ретінде дәрежеленеді.
Мамандар бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының бірнеше
себептерін анықтап отыр. Ең алдымен, отбасының нашарлығы мен жасөспірімдердің бос
уақытының дұрыс жоспарланбауынан балалар белдері бесіктен шықпай жатып, қылмыскер
қатарынан бой көрсетеді. Тұрмыстық және материалдық сипаттағы проблемалар да, ата-аналар мен оқу орындары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да қылмысқа
итермелейтін факторлар болып табылады.
Әдетте, балалар жасаған қылықтарына жауаптылықты сезінуге қабілетсіз келеді. Олар
біреудің ықпалына да тез ереді. Сол себепті мамандар жасөспірімді қылмыс жасаудан
бойларын аулақ салатындай етіп, қайта тәрбиелеуге болатынын айтады. Жалпы, ювеналды
21
соттың кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты
мәселелерді шешуде мүмкіндіктері көп.
Екі мәтіннің ұқсастықтары
Тақырыбы
Қызметі
Тілдік ерекшелігі
1-мәтін 2-мәтін
Мәтіндердің тақырыбы
Мәтіндердің қызметі
Мәтіндердің құрылымы
Мәтіндердің тілдік ерекшеліктері
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің ұқсастығын анықтайды;
- мәтіндердің тақырыбы мен қызметіндегі айырмашылықты
көрсетеді;
- құрылымы мен тілдік ерекшеліктерін салыстырады.
22
Оқу мақсаты 9.3.6.1 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын
(ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу,
редакциялау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінге логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, абзацтар мен бөліктерге бөліңіз. Мәтін құрылымына сай келмейтін
ақпараттар мен идеяларды алып тастаңыз. Логикалық түзетулер енгізіп, редакциялаңыз.
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын,
тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған.
«Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған
«Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20
қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет
кірген. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісімшарт. Осы Конвенция
негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл
заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – Отанымыз, еліміз,
халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі осы
заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.
Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер.
Н.Ә.Назарбаев: «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің
туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз», – деген.
Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп
бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата
Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері
жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз.
Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы
бар.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді құрылымна сай бөліктерге бөледі;
- логикалық түзетулер енгізеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
23
Оқу мақсаты 9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратып,
түрлендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Есте сақтаңыз!
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Салалас құрмалас
сөйлемнің түрлері
Жалғаулықты Жалғаулықсыз
Ыңғайлас салалас Да, де, та, те, әрі, және
Дүниеде бар жаман да көпте, қызық та
көпте.
Досы жоқпен сырлас,
досы көппен сыйлас
Қарсылықты
салалас
Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда,
әйтсе де, сөйтсе де
Көп уақыт өткен сияқты болды,
әйткенмен мағынасыз өткізген
уақытқа Хакім өкінген жоқ. (Х. Ер.)
Күн суық, үй жылы
Себеп-салдар
салалас
Сондықтан, сол себепті, өйткені
себебі
Ол кісінің өзін кенші деуге болады,
себебі жастардың тегін, түрін жақсы
біледі.
Бұл бетке біз бөгелмек
емеспіз, оны азды-көпті
көрдік.
Түсіндірмелі
салалас
Құрамындағы жай сөйлемдер
жалғаулық шылаусыз іргелес
орналасып, интонация арқылы
байланысады
Саған ашып айтарым
сол: мен осында
қаламын.
Талғаулы салалас Не, немесе, болмаса, не болмаса, я
болмаса, яки, я, әйтпесе, әлде бірде,
біресе, кейде
Кезектес салалас Бірде,біресе, кейде
Тапсырма
1. Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз.
№ Мысалдар
Ыңғайлас
салалас
Қарсылық
ты салалас
Себеп-салдар
салалас
Түсіндірме
лі салалас
Талғаулы
салалас
Кезектес
салалас
1 Қазақстан Республикасында
Конституцияға сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және оларға
кепілдік беріледі;
2 Америкалықтар алғашында адам құқығы
туралы сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері
жоғары бағалаған бостандық туралы
айтты.
3 Адам құқықтары ең жоғары мәдени
құндылықтардың бірі, өйткені олар
барлық қоғамдық даму процестерінің
24
ортасына тұлғаны қояды
4 Менің заңға бағынатыным сонша – оларды
үнемі сақтап жүруге тырысамын.
5 Адам өз құқықтары мен бостандықтарын,
оларды қалай қорғап қалуды білуі керек,
әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі
туралы айтудың мағынасы болмайды.
6 Адам өз қалауы бойынша азаматтықты
біресе қабылдап, біресе одан бас тарта
алмайды.
2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) Аудан орталығында заң туралы тегін кеңес беру орталығы ашылды
_________________________________________________________________________
2) Жастар заңды біледі,
_________________________________________________________________________
3) Біз ұлы мақсатымызды орындаймыз,
_________________________________________________________________________
4) Сізге айтар тілегім
сол:_____________________________________________________________________
5) Не әрекет жоқ,
_________________________________________________________________________
6) Ол біресе өз құқығын қорғайды,
_________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады;
- салалас құрмалас сөйлем құрастырып жазады.
25
3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты
өмірлік мәселелермен байланыстырыңыз.
Орталық азияның демографиялық ахуалы
Серік Қаржаубаев, сарапшы:
- Бүгінгі таңда Қазақстан мен жалпы Орталық Азия елдеріндегі халықтың өмір сүру
деңгейі біршама жақсарып келеді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің арқасында халықтың
өмір сүру ұзақтығы артып отыр. Қарт адамдардың қатары 4,5 пайызға өскен. Бұның бәрі
аймақтағы тұрғындардың көбеюіне оң әсерін тигізуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша,
аймақтағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші артқан.
Мәселен, Өзбекстанда ол – 73,8 жас, Тәжікстанда – 73,7, Қазақстанда бұл көрсеткіш –
72,4 жасқа жетсе, Қырғызстанда – 70,9 жасты құрап отыр, Ал Түркменстаннның орташа өмір
сүру ұзақтығы – 70,4 жас. Жалпы аймақтағы аға буын өкілдерінің үлесі 5 пайызға
артқандығы байқалады. Бұл орайда ең жоғарғы өсім Қазақстанда болса, ең төменгі көрсеткіш
Тәжікстан елінде тіркеліпті. Сондай-ақ отандық сарапшылардың мәлімдеуінше, бүгінде
Орталық Азия елдеріндегі 14 жасқа дейінгі балалардың саны 20,5 млн-нан асыпты. Бұл
аймақтағы бар тұрғындар санының 29 пайызына тең. Осы тұрғыда Тәжікстан елі көш бастаса,
Қырғызстандағы көрсеткіш баяулай түскен.
Егер де бұл өсім бүгінгі қарқынынан таймаса, 2018 жылы аймақтағы балалардың үлесі
30 пайызға жететін болады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Демографтардың айтуынша, қазір
өңірде туу көрсеткіштері өсіп, халықтың негізгі дені жастардың үлесінде. Осылайша, өткен
ғасырдың 80 жылдарындағы қалыпты дамыған демографиялық көрсеткіштердің деңгейіне
жеттік деп сеніммен айта аламын.
Пікір
Мәтінде көтерілген
мәселе бойынша өз
пікіріңізді білдіріңіз
Дәлел
Өз пікіріңізді
дәлелдеңіз
Мысал
Пікіріңізді өмірмен
байланыстырып,
мысал келтіріңіз
Қорытынды
Тақырып бойынша
қорытынды
шығарыңыз
Дескриптор Білім алушы
- тыңдалған мәтіндегі ақпараттарға өз пікірін білдіреді;
- мәтіннен дәлел келтіреді;
- өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;
- тақырып бойынша қорытынды шығарады.
26
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәліметтерді салыстырып, өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 2017-2018 жылдардағы пайыздық көрсеткіштерді салыстырып,
қай себептер бойынша пайыздық көрсеткіш артқан не кемігендігін анықтаңыз. Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердегі деректерді салыстырады;
- ойларын дәлелдейді;
- мәтін ақпараттарын өңдейді.
27
Оқу мақсаты 9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік
мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды
тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып,
маңызды тұстары мен үрдістерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Кез келген мемлекеттің дамуына халық саны ықпал етеді. Ендеше
еліміздегі демографиялық жағдай қандай деген сауалға мәтін ақпараттарын салыстыра
отырып, жауап іздеп көріңіз.
28
Дескриптор Білім алушы
- мәтін құрылымын сақтайды;
- мәтіндердегі деректерді салыстырады;
- маңызды тұстарын анықтап жазады.
29
Оқу мақсаты 9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін
ажыратады, түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Есте сақтаңыз!
1. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.
1. Халық саны біресе көбейеді, біресе азаяды. 2. Не отбасын құруды, не болмаса үй алуды
жоспарлап жүр. 3. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша,
ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 4. Ол әлде халық санының өсуіне
жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы
араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. 5. Мұның басты себебі мынау: халық
саны жылдан-жылға артып келеді.
Түсіндірмелі салалас
құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас
сөйлем
Кезектес салалас құрмалас
сөйлем
2. Жергілікті журналға «Қазақстанда халық санының артуы маңызды ма, әлде бұл
проблемаға алып келе ме?» деген тақырыпта өз пікіріңізді жазыңыз. Жазба жұмысыңызда
түсіндірмелі, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдері түрлендіріп қолданыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
• Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
• Жалғаулықсыз байланысады (сонша, сондай, соншалық, сол,
мынау)
• Мысалы: Менің ырымға сенетінім сонша - оларды үнемі сақтап
жүруге тырысамын.
• Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
• Не, немесе, әйтпесе, я, яки, я болмаса
• Мысалы: Не сен барасың, не мен барамын.
• Кезектес салалас құрмалас сөйлем
• Кейде, бірде, біресе
• Мысалы: Кейде ғарышкер болу қолымнан келетіндей көрінеді,
кейде ол жай орындалмас арман секілді.
30
Дескриптор Білім алушы
- түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табады;
- талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратады;
- кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді анықтайды;
- түсіндірмелі, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді
түрлендіріп қолданады.
31
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша қалыптастырушы
бағалау
Оқу мақсаты 9.1.6.1 Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа
сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді
монолог дайындау
Бағалау критерийі Білім алушы
Тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді
монолог дайындайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. «Ең алғашқы адам клоны» деген тақырыпта мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тақырыпқа қатысты
тиісті сөздер мен фразаларды теріп жазыңыз.
Осыдан 20 жыл бұрын, 1996 жылы Долли қойынан бастап, ғалымдар жер бетіндегі
сүтқоректілерді клондай бастады. Бұл жаңалық бірқатар қиын сауалдар тудырды. Алғашқы
адам клонын қашан көруіміз мүмкін? Жалпы ондай клон жасау қажет пе?
Адамды клондау – келешектің ісі, алайда бүгіннің өзінде бұл мәселе қызу пікірталас
тудыруда. Бедеу жұптардың басқа бар амалы таусылғанда, клондау олардың балалы болуына
жол аша алады. Мұны "репродуктивті клондау" деп атауға болады.
Репродуктивті клондау
Бұл идеяның жақтаушылары клон бала табиғи егіздей болады деп санайды. Бірақ ол
бала бауырларына емес, ата анасының біреуіне өте ұқсас болады. "Клондалған ұл немесе қыз
әулеттің тең мүшесі болады. Оған басқаша қарауға болмайды. Оған да мейірім керек, ол да
бақыт әкеле алады".
Алайда бұл идеяға қарсы адамдар клондауды табиғатқа қарсы, теріс әрекет деп
сипаттайды."Бұл қалай болғаны? Өзімізді-өзіміз көбейтетін конвейер жасаймыз ба? Әр адам,
ерекше, сонысымен де қызық. Басқаша жасау – басымызды үлкен қатерге тігу деген сөз."
Клондаудың тағы бір түрі – паркинсон, сусамыр, тіпті соқырлық сияқты ауруларды
емдей алады-мыс. Мұны "медициналық клондау" деуге болады.
Медициналық клондау
"Мыңдаған адамдар жыл сайын керекті жасуша мен ұлпаларға жете алмай, көз жұмады.
Клондау әдісі – осы зәрулікті қамтамасыз етудің жақсы жолы". Алайда біреуді аман алып
қалу үшін клондалған адам ұрығын қолдан жасау және жою адамгершілікке жата ма?
"Әңгіме емі табылуы ықтимал қатерлі дерттер жайлы. Клондалған ұрық өмірді сақтап
қалатын ұлпа түзеді. Сөйте тұра, біз оған қарсымыз. Бұл көп адамның ақылына
сыймайды"."Біз адамды ұлпа түзетін құрал ретінде сипаттай бастадық. Бұл адамзат үшін
мүлде жаңа түсінік. Болашағымыз не болады сонда?".
Дау-дамай толастар емес. Әзірге клондалған көптеген жануарлар ауырып, кейбіреулері
ерте өліп жатқандықтан, адам клонын жасау қауіпті деп саналады. Алайда көптеген
ғалымдар алдағы бірнеше жыл ішінде адам клонын жасап көру керек дейді, енді біреулері
ондай жұмыстың басталып та кеткенін айтады.
2. «Адамдарды клондау қажет пе?» деген тақырыпта монолог құрастырып айтыңыз. Монолог
құрастыру барысында таңдап алған тиісті сөздер мен фразаларды қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен фразаларды теріп жазады;
- жағдаятқа сай монолог құрастырады;
- тиісті сөздер мен фразаларды қолданады.
32
Оқу мақсаты 9.2.6.1 Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын
тиімді қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Оқылым стратегияларын тиімді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, идеясын анықтаңыз. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек
сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтін бөліктері Тірек сөздер
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Әлем ГМО-ға қарсы
Гендік инженерия медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пайдалануға өте
тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен
қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі әрі климаттық жағдайы нашар аумақтарда
егіннің мол шығуына әсер етіп, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын химикаттар мен су
қажеттілігін азайта түседі. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде азық-түлікті молынан
өндіру үшін гендік модификацияланған ағзаларды қосады.
Гендік модификацияланған организмдер, яғни ГМО дегеніміз – заманауи
молекулалық-биологиялық әдістердің қолданылуымен биологиялық заңнама мен тірі
ағзалардың негізінде пайда болатын ағзалар. ГМО өз кезегінде жан-жануарлардың,
өсімдіктердің ағзалары мен гендік модификацияланған ағзаларды біріктіреді. Қарапайым
тілде түсіндірер болсақ, ГМО бір ағзаның гендік кодына екінші генді «қосу» дегенді
білдіреді. Бұрындары ауыл шаруашылығында өсімдіктерді өсіру барысында түрлі ауру
тасымалдайтын құрт-құмырсқа мен арамшөптерден қорғану үшін арнайы химиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылатын. Бұл тәжірибе қоршаған ортаның, аграрлық экожүйенің
синтетикалық заттармен ластануына әкеп соқты. Аграрлық технологияларды дамыту үшін
адамзат жаңа идеяларды ойлап табуға мәжбүр болды.
Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын
«Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Әзірге
елімізде гендік модификация қызметіне тоқсауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың
айтуынша, азық-түлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен,
қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған
елімізде трансгендік ағзаларды анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып
отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар
балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбегейлі
тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер
ғана кіргізіледі.
Кез келген нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүретіні белгілі. Гендік инженерияның
дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор-ақ, алайда күнделікті тағамға қосылатын геннің қандай
екенін ешкім топшылап айта алмайды. Әйтеуір гендік модификация табиғат заңдылығына
қарсы құбылыс екені аян.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің негізі идеясын анықтайды;
- мәтін бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді теріп жазады;
33
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген
мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін
күрделі жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінге күрделі жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Гендік инженерия мәселесі бойынша оқушылар арасында эссе жазу байқауы өтпекші. Сіз
осы байқауға қатысу үшін «ГМО-дан келер қауіп бар ма?» деген тақырыпта эссе жазамын
деген шешім қабылдадыңыз. Мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, эссеңіздің
жоспарын құрыңыз.
ГМО: Біз әлемді тамақтандырамыз
Гендік модификацияланған организмдер – биотехнологияның ХХ ғасырдағы басты
жетістігі. Халық арасында «ГМО» ретінде танылған бұл өнім гендік инженерия нәтижесінде
алынған жасанды генотип. Кез келген өзгеріс ғылыми немесе шаруашылық мақсаттарға
сәйкес жүзеге асатыны белгілі.
Сіз білесіз бе?
Күнделікті өмірде сүйсініп жейтін картоп өнімдерінің құрамына сарышаян гені
қосылады. Осылайша ол суыққа үсімейтін, төзімді азыққа айналады әрі колорад қоңызынан
зардап шекпейді.
Дүкен сөрелерінде бір пішінді, керемет иісті жемістерді де жиі байқайтын боларсыз.
Ұзақ уақыт бұзылмайтын бұл жемістердің де сақталу құпиясы сол – ГМО.
Статистикалық мәлімет бойынша, 1929 жылы небәрі 2 миллиард адам жер бетін
мекендеген. Соңғы 50 жылдың ішінде адам саны 7 миллиардқа дейін өскен. Болжамға
сүйенсек, 2050 жылға дейін бұл көрсеткіш 9,5-11 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Жердің
табиғи ресурсы барша адамды аштықтан сақтауға жетпесі анық. Оның шешімі – ұзақ
сақталып, тез өсетін өнімдерді дайындау.
ГМО адам ағазасына қаншалықты зиян?
«New York Times» басылымында Нью Йорк Университетінің зерттеушілері ГМО-ға
қатысты «Әлемді жоюдың қайтымсыз үрдісі», – деген пікірді жариялаған болатын. ГМО –
биологиялық қару. Өйткені ағза өзге генмен қосыла отырып, мутация жүргізеді әрі нәруызға
токсиндер бөлетіні белгілі болған. ГМО-ның күші белгілі бір топты, нәсілді, ұлтты жойып
жіберуге жетеді. Қорқыныштысы сол – нәтижесі бірнеше жылдан соң ғана байқалады.
Қазақстанға тигізер әсері қандай?
Кез келген генетикалық өзгеріс, У-жасушасын жояды да, Х-жасушаның артуына
әкеледі. Яғни ер мен әйел арасындағы теңдік жоғалады.
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды пайдалану болашақ ұрпақтың белсіз немесе
бедеу болып тууына әкеліп соғады. Тәуелсіз сарапшы Игорь Папэ: «Қазақстандық
әйелдердің 18%-ы құрсақ көтере алмай жүр. Мұндай мәселе әлем елдерінің көбісінің
басында бар»,– дейді. Демек қауіптің ұшқыны бізге де келіп жеткен.
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «Не жесең, соған тартасың», – деген екен. Ғалымдар да
адамның болмысы жеген азығымен байланысты екенін дәлелдеген. Расында доңыздың гені
қосылып, пішіні өзгерген, татымсыз қиярларды жеп жүріп, жылқы мінезімізден алыстап
кетпейміз бе?
ГМО әлемді аштықтан құтқарады, бірақ өзі де – өлімге бастайтын жол. Ішер асыңызға
сақ болыңыз!
34
Жоспар құруға үлгі схема
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.
2.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дескриптор Білім алушы
- мәліметтерді жинақтайды;
- мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланады;
- күрделі жоспар құрастырады.
35
Оқу мақсаты 9.4.4.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажыратып, түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есте сақтаңыз!
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Түрлері Сұрақтары
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының
жасалу жолдары
Шартты
бағыныңқылы
сабақтас
қайтсе? не етсе?
қайткенде? не
еткенде?
қайтпей? не
етпей?
қайтпейінше? не
етпейінше?
1. Етістіктің шартты рай түрінен болады.
2. Етістіктің болымсыз түріне -йынша, -йінше
жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
3. Есімшеге жатыс септік жалғауы жалғану
арқылы жасалады.
4. -й тұлғалы көсемшенің болымсыз түрінен
жасалады.
Мезгіл
бағыныңқылы
сабақтас
қашан? қашаннан
бері? қашанға
шейін?
1. Есімшеге жатыс септігінің жалғауы жалғануы
арқылы жасалады.
2. Есімшенің барыс жалғаулы түріне – шейін,
дейін шылауының тіркесуі арқылы жасалады.
3. Есімшеге кезде, күнде уақытта, шақта деген
мезгіл мәнді сөздердің бірі тіркесу арқылы
жасалады.
4. Есімшенің шығыс жалғаулы түріне шейін,
дейін, кейін, соң, бері, бұрын шылауларының
тіркесі негізінен болады.
5. -ша, -ше тұлғасы есімшеден болады.
6.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшеден
болады.
7. -ысымен, -ісімен тұлғалы етістігінен болады.
Қарсылықты-бағыныңқылы
сабақтас
қайтсе де? не етсе
де? қайткенмен?
не еткенмен?
1. Шартты райдың болымсыз түрінен жасалады.
2. Шартты райлы етістікке да, де шылауы
тіркесінен болады.
3. Көмектес септік жалғаулы есімшеден
жасалады.
4. -ша , -ше тұлғалы есімшеден болады.
5. -а, -е, -й тұлғалы есімшеден болады.
6. есімшенің болымсыз түріне шығыс септік
жалғауының (-тан,-тен) жалғауының жалғануы
арқылы жасалады.
36
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.
№ Мысалдар Шартты
бағыныңқылы
сабақтас
Мезгіл
бағыныңқылы
сабақтас
Қарсылықты
бағыныңқылы
сабақтас
1 Генетикалық тұрғыдан өзгертілген өнімдер туралы, оның
адам ағзасына әсері жөнінде нақты ғылыми дәлелденген
байлам болмайынша, ГМО бәрібір күмәнді екенін ешкім
жоққа шығара алмас.
2 Тиісті гомозиготамен салыстырғанда гетерозиготалар
тіршілікке қабілетті болса, онда популяциядағы
полиморфизм тепе-тең жағдайда болады.
3 .Құрлық асып келгеніне, үнемі семіз болып май басып
тұратынына, ірілігіне қарамастан, америкалық тауықтар –
қолжетімді.
4 Жаңа ДНҚ синтезделіп біткеннен кейін, ДНҚ-ның екінші
тізбегін синтездеу үшін матрица ретін де пайдаланады.
5 Елдің, өңірдің климаттық ерекшелігіне қарамастан,
шығымдылығы жоғары, ұзаққа шыдайтын азық-түлік өнді-руге болады.
6 Жантүршігерлік осы жағдайды ойлаған кезде, гендік
инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет.
2. Республикалық «Денсаулық» ғылыми-көпшілік журналына гендік модификацияланған
тағамдардың пайдасы мен зиянын сараптай отырып, «Гені өзгерген өнімнен қауіп бар
ма?» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақалаңызда сабақтас құрмалас сөйлемдерді
түрлендіріп қолданыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ажыратады;
- қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді
анықтайды;
- мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табады;
- сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.
37
«Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.5.1 Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни
тұрғыдан баға беріп айту
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінге қатысты өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан
баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде айтылған ойға көзқарастарыңызды білдіре отырып, дебат
өткізіңіздер.
Сынып оқушылары жеребе тастау арқылы үкімет (3), оппозиция (3), әділқазы мүшелері (3),
жүргізуші (1), timekeeper/уақытты есептеуші (1), көрермендер (сыныптағы қалған оқушылар)
болып бөлінеді.
Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма?
Соңғы кезде әлеуметтік желілер БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады.
Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал
елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы
секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті бұл тақырыпқа орай таусылмас дисскуссиялар
жүргізе беруге болатындай.
Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда
дәстүрлі БАҚ құралын басып озды дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың
бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп,
әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды
басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда
пайдаланып отырғаны анық.
Мәселен, әлеуметтік желілерде ашылған медиа-басылымдар (басылымның жеке
парақшасы) БАҚ-тың дамуына мынадай пайда әкелуде:
- Оқырманмен тікелей байланысу үшін қолданушылардың тізімі мен координаттарын
білу;
- Кері байланыстың болуы, белгілі бір оқиғаға қатысты пікірлесу, аудитория жинау, осы
орайда аудиторияның белгілі бір ақпаратқа байланысты орнын білу;
- Қолданушының БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы;
- Онлайн-басылымдар мен блогтарды дамыту;
- Жарнамалық іскерлікпен айналысу, оны дамыту;
- Журналистердің белгілі бір оқиғаға, тақырыпқа сұхбат, пікір, сауалнама жинау
мүмкіндігі, сурет алмасу;
- Тікелей эфирдегі оқиғаға (спорт, мемлекеттік сот отырысы мен билік өкілдерінің
жиыны, төтенше жағдайлар орындары, сайлау және т.б.) трансляция ұйымдастыру
мүмкіндігі.
Ал бірқатар маман әлеуметтік желілердің БАҚ құралына бәсеке келтіре алмайтын
себептерді алға қояды:
- Жарияланатын немесе жеткізілетін ақпараттың рас-өтірігі анық емес. Естеріңізде
болса, «утка-ақпараттар» соңғы кезде халықты абыржытқаны бар. Оның бірі «Голливуд
жұлдызы Леонардо ди Каприоның қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың рөлін сомдайды»
деген ақпарат лезде таралып, бұқараның есін шығарғаны бар.
- Екінші бір себебі ақпарат өз кезінде жылдам берілетін болғандықтан журналистің
ақпаратты дұрыс жеткізбеуі: қате пікірлер, түсініксіз сөйлемдер, грамматикалық, лексикалық
38
қателіктер.
- Негативті ақпараттың лезде таралуы. Қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің
психологиялық ауытқушылықтар туғызатын ақпарат, видео, суреттер көруі. Мұндай
ақпараттар тасқыны БАҚ абыройы мен әлеуметтік желінің брендіне жасалатын «қара
жарнама».
Дескриптор Білім алушы
- берілген ақпаратқа өз пікірін білдіреді;
- сыни тұрғыдан баға береді.
39
Оқу мақсаты 9.2.3.1 Мақала, аннотация, презентация,
тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық
ерекшеліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
БАҚ – ықпалды әрі қозғаушы күш
Ақпараттық қарым-қатынастың дамуы әлеуметтік өмірге үнемі жаңаша сапалық
өзгерістерді әкеліп, қоғамдағы ақпарат ағынының аясын кеңейтті.
ХХ ғасырдағы ақпараттық қарым-қатынастың алғашқы қадамы жоғары дамыған
елдерде ХІХ ғасырдың соңында мерзімді баспасөз өмірінде жасалған шұғыл бетбұрыс
арқылы көрініс тапты. Ат төбеліндей аз ғана оқырманға ғана қызмет еткен, таралу аумағы
тым тар болған мерзімді баспасөз өзінің 300 жылдық тарихында тұңғыш рет бұқараны
жаулап алды да, ғасырлар тоғысында ақпараттың маңызды құралына айналды.
Ақпараттық қарым-қатынастың екінші қадамы ретінде радионың өмірге келуін атап
айтуға болады. ХХ ғасырдың басында дауыс, дыбыспен ауызша ақпарат жеткізетін «сымсыз
хабаршы» радионың байланыс саласындағы жаңа құралға айналуы журналистика
тарихындағы жаңа құбылыс болды.
Ақпараттық қарым-қатынастың үшінші қадамына келсек, бейнелі ақпарат жеткізуге
арналған тәжірибелік істің алыс қашықтықтағы кеңістікке тұрақты түрде телехабар тарата
алатын жағдайға ауысуы еді. Нәтижесінде телевизия атты техника бұқаралық ақпарат
құралына айналып шыға келді.
Ақпараттық қарым-қатынастың төртінші қадамы ХХ ғасырдың соңғы 25 жылында
басталды. Ғарыштық және кабелдік телевизия күшті дамып, аса көп мөлшерде ақпарат
жинауға, сақтауға және бүкіл дүниежүзіне жедел таратуға толық мүмкіндігі бар
компьютерлік жүйенің пайда болуы журналистиканың дамуын жаңа сатыға көтерді.
Бұқаралық ақпарат қарым-қатынасының тарихи дамуы қайшылыққа толы, күрделі
болса да қазіргі өркениет үшін оның алар орны, маңыздылығы ерекше екендігі дау
тудырмаса керек. Журналистика адамзат тағдырына маңызды ықпал жасаумен қатар, оның
ақпаратының жаһандық кеңістігі қалыптасып келеді.
Кіріспе (негізгі ойға
қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды (негізгі
ойды қорытындылау)
40
2. Мәтін қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;
- мәтіннің жанрын ажыратады;
- дәлелдер келтіреді.
41
Оқу мақсаты 9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын
ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Қазақстандағы «БАҚ-тың рөлі қандай?» деген тақырып бойынша берілген жағдаяттың бірін
таңдап, «РАФТ» стратегиясымен жазба жұмысын жазыңыз.
Рөл Аудитория Форма Тақырып
«Егемен Қазақстан» газеті зейнеткерлер хат Қазақстандағы
«БАҚ-тың рөлі
қандай?
«Ұлан» газеті жасөспірімдер жарнама
«Қазақстан ұстаздары» журналы мұғалімдер үндеу
Дескриптор Білім алушы
- рөлді таңдайды;
- аудиторияның қызығушылығын тудырады;
- мәтіннің жанрын сақтайды;
- тақырыпты ашады.
42
Оқу мақсаты 9.4.4.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажыратып, түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Есте сақтаңыз!
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Түрлері Сұрақтары
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының
жасалу жолдары
Себеп
бағыныңқылы
сабақтас
неліктен? не
себептен? неге?
не деп?
1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан
(-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың
қосылуы арқылы жасалады.
2. Есімшенің өткен шақ формасынан соң
шылауы тіркесу арқылы жасалады.
3. көсемшінің -й жұрнағына біткен болымсыз
түрінен жасалады.
4. Ашық рай етістікке деп көмекші етістігінің
тіркесуі арқылы жасалады
Қимыл-сын
бағыныңқылы
сабақтас
қалай? қайтіп? не
етіп?
1. -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден
болады.
2. Есімшеге -дай, -дей жұрнағы жалғану
арқылы жасалады.
3. Есімшеден кейін күйін, күйінде, қалпы,
қалпында, бетте деген көмекші етістіктердің
тіркесуі арқылы жасалады
Мақсат
бағыныңқылы
сабақтас
не мақсатпен? не
етпек болып?
қайтпек болып?
1.-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтар
етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің
тіркесуі арқылы жасалады.
2. Тұйық етістіктен үшін шылауының
тіркесуінен жасалады.
3.Шартты, бұйрық және қалау рай тұлғалы
етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі
арқылы жасалады.
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.
№ Мысалдар
Себеп
бағыныңқылы
сабақтас
Қимыл-сын
бағыныңқылы
сабақтас
Мақсат
бағыныңқылы
сабақтас
1 Мемлекеттік тапсырыстан берілетін қаржы мол
болғандықтан, олардың жаңаға ұмтылуына, оқырмандарды
іздеуге талпынуына әсер етіп жатқан шығар.
43
2 Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, қауіпсіздік
қызмет органдарының иммунитеті Заңға қол қойғанға
дейін болмаған.
3 БАҚ-та теріс ақпарат тарап кетпеу үшін сотқа дейінгі
дауларды жазып, бейнежазбаға түсіру тәртібі де өзгереді.
4 Бұқаралық ақпарат құралдарында жазғандықтан, бұл жолы
оған тоқталып жатпаймын.
5 Осы өзекті мәселе туралы мақала жазбақ болып, бұқаралық
ақпарат құралдарына хабарластым.
6 Тақырыпты тапқаннан кейін материал жазу үшін оған
тиісті мәліметтер жинау кезегі келеді.
2. Өзіңізді «Жалын» журналының редакциясына жаңадан жұмысқа тұрдым деп елестетіңіз.
Сізге атақты журалистен сұхбат алу тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының
қоғамдағы рөлін сараптай отырып, «Бұқаралық ақпарат құралдары: кеше және бүгін» деген
тақырыпта сұхбат жазыңыз. Мақалаңызда сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп
қолданыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді ажыратады;
- қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді
анықтайды;
- мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табады;
- сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.
44
4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен
көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Көлемді мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен
көркемдегіш құралдардың қызметін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?
Соғыс болып жатқан елдер
Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатыр. Қантөгіс тыйылар емес.
Қақтығыстар барған сайын өрши түсуде. Араны ашылған ұлы державалар текетіресі
ешкімді аяп жатқан жоқ. Геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі
айрандай ұйып отырған миллиондаған адамға таудай қайғы-қасірет әкеліп жатыр:
бүтіндей бір елдерді ұзақ жылдар бойына дамуын тежеп, кедейшіліктің жойылуына жол
бермеуде. Ең сорақысы, одан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мысалы, БҰҰ-ның
мәліметі бойынша, бүгінгі күні жер шарында әрбір оныншы адам аш, яғни 1 миллиардқа
жуығы. Оның шамамен тең жартысы Азия елдерінің халықтары.
Бір кездері баршаның назары Украинада болды. Кейбір шетелдік басылымдарда
келтірілген деректер бойынша, Украинадағы әскери қақтығыс кезінің бес айында Ресей
АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен
айрылса, РФ-ның КСРО-ның Ауғанстан жеріндегі 9 жылда құрбан болған үштен бір
бөлігімен тең келетіндей адамы қаза тапқан екен. Қысқасы, «Украинадағы қарулы
қақтығыстың зардабы Ауғанстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей сұрапыл соғыс. Бұл
енді жай шиеленіс емес» дейді сарапшылар. Соңғы ақпарат бойынша (қыркүйек айы)
Украина экономикасына 620 миллион доллар шығын әкелген екен, яғни күніне 6 миллион
доллар. Ал Ресейдегі жағдай тіптен мүшкіл.
БАҚ арқылы Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты жиі-жиі пікір айтып
жүргендердің бірі – Қазақстанның әуе тасымалы қауымдастығының бастығы В.Куропатенко
былай дейді:
-Украинадағы жағдай қарулы қақтығысты қолдан жасап отырған есі ауысқандардың
ақымақтығы. Соншама бейбіт адамның қаны оларды жібермейді.
Иә, бейбіт өмірдің діңгегін ырғап отырған үстемшіл державалардың миллиондаған
жазықсыз жандардың қанын жүктеп отырғандары рас.
Әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстардың себептері әртүрлі: жер дауы,
азаматтық соғыс, тәуелсіздік үшін күрес, билікке наразылық, жікшілдік т.т. Сонымен қатар
аймақтардағы саяси тұрақсыздық кей елдерде қиын жағдайда тұрса, кейбіреуінде әскери
қақтығыстар аракідік. Қалай дегенмен де, соғыстың үлкені мен кішісі болмайды.
2. Мәтіндегі қарамен берілген көркемдегіш құралдарды теріп жазып, түрлеріне қарай
ажыратыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Көркемдегіш құрал Мәтіннен мысал Автор не үшін қолданды?
Тұрақты тіркес
Эпитет
45
Теңеу
Метафора
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мақсатын анықтайды;
- аудиториясын табады;
- көркемдегіш құралдарды ажыратады;
- автордың қолдану мақсатын түсіндіреді.
46
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын
құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінге қатысты талқылау сұрақтарын құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тірек сөздерді қолдана отырып, мәтінде көтерілген
мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын
құрастырыңыз.
Мәтінде көтерілген мәселе Сұрақ
... қалай ойлайсыз?
Неліктен ... мәселе орын алды?
... келісесіз бе? Сіз бұған қалай қарайсыз?
2018 жылы қақтығыс орнауы мүмкін 5 ел
Халықаралық дағдарыс ұйымы әлемде 2018 жылы қақтығыc орнауы мүмкін 10
аймақтың тізімін жариялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1. Солтүстік Корея
КХДР сәтті ядролық сынақтар жүргізіп, зымырандарын ұшырып жатыр. Осыған
байланысты Вашингтон Пхеньянға барған сайын қауіпті жауап қайтаруда. АҚШ
санкцияларын одан сайын қаталдандырып жатыр. Пхеньянды қарусыздандыруға тырысу
сияқты қандай да бір қарсылық әрекет осы аймақта соғыстың болуына әсер етуі мүмкін.
2. АҚШ пен Сауда Арабиясы Иранға қарсы
АҚШ пен Сауд Арабиясының ойынша, Иран өзінің ықпалын Сирия, Ирак, Йеменде
нығайтқысы келеді. Сондықтан, Вашингтон мен Эр-рияд қажет болса, Тегеранға қарсы қол
біріктірмек. Дипломатиялық санкциялар күшке енуі мүмкін.
3. Мяньма мен Бангладеш
Ракха штатындағы әскери қимылдар тамыз айының соңында Рохинжа
мұсылмандарының Бангладешке ойысуына әкелді. Босқындар лагерлерін қаржыландыру
ақпан айында тоқтатылады. Бұл жағдай Бангладештегі саяси және экономикалық жағдайды
ушықтырады. Ал Мьянмада «Ар-ракан Рохинда» қарулы тобы белсенділік танытуы мүмкін.
4. Йемен
Қазір мұнда 8 миллион адам сұрапыл аштықтың қарсы алдында, холера дертімен
ауырып жатқандар саны 1 миллионнан асып жығылса, тағы 3 миллион босқын сергелдең күй
кешуде. Мұның барлығы Йемен президенті мен Хути ереуілшілдері арасында орнаған
қақтығыстың салдары. Йемен президентін Араб коалициясы қолдаса, ереуілшілдерді
Иранның шеиттіктері қолдайды.
5. Ауғанстан
Ауғанстанда Талибтерге қарсы әрекеттер жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап елде
өткен парламенттік, президенттік сайлаулар дағдарысқа алып келген. Талибтермен қақтығыс
үлкен соғыс ошағына айналуы мүмкін.
Дескриптор Білім алушы
- оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақтар
құрастырады.
47
Оқу мақсаты 9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген
мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты
талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп
жазу (аргументативті эссе)
Бағалау критерийі Білім алушы
Құрылымы мен даму желісін сақтап, эссе
(аргументативті эссе) жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген тақырыпта өз ойыңызды дәлелдеп, эссе жазыңыз.
Соғыс жүріп жатқан елдерді қызыл бояумен белгілеп қойса, ғаламшар картасы кәдімгідей
қып-қызыл «қанға» боялатыны анық. Мұндай қара тізімге, өкінішке қарай, әлемнің бірнеше
елі еніп отыр. Қалай ойлайсыз, әлемде болып жатқан қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу
мүмкін бе ? Соғысты қалай тоқтатуға болады? Екі жағдаяттың бірін таңдап, жазба жұмысын
орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды;
- көтерілген мәселе бойынша жағдаятты талқылайды;
- біреуіне таңдау жасайды;
- өз ойын дәлелдеп жазады.
48
Оқу мақсаты 9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу
жолдарын білу, қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын
ажыратып, қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Есте сақтаңыз!
Аралас құрмалас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемнің орналасу тәртібі Схемасы
1. Ағынның күштілігіне көз тұнып, бас айналды,
қандай терең болғанмен, су түбіндегі жүзген балық,
жатқан құм – бәрі алақандағыдай анық көрініп тұр
бағыныңқы, басыңқы,
бағыныңқы, басыңқы
2. Бекей шешесі жақтан отырып еді, Абайлардың жай-жапсарын біліп алған соң, шешесіне бұрылып ақырын
күңкілге басты. (М.Әуезов)
басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
3. Ендігәрі қайталанып жатпас үшін, мен бар
шартымды ресми жазып, мына пакетке салдым да,
сізге өз қолыммен тапсыруды дұрыс көрдім.
(Ғ.Мүсірепов)
бағыныңқы, бағыныңқы,
басыңқы, басыңқы
1. Берілген аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы
қалпына келе бастады. Қазақстан тарихта алғаш рет Орталық Азия елдерінен суырылып
шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, келер жылдан бастап еліміз
аталған беделді ұйымға төрағалық етеді. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Украина
бірігіп, әлемдегі қақтығыстар мен соғыстарды болдырмаудың жолдарын талқылады,
бейбітшілікке шақыратын үндеу қабылдады. Соңғы бес жылда әлемде 15 жаңа қақтығыс
туындап, олардың бірі де шешілмеген және бұл қақтығыстардың көпшілігі ашық қарулы
шиеленіске ұласып отыр.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Ертең мектебіңізде «Жастар соғыссыз болашақ үшін!» тақырыбында жастар форумы өтеді.
Сіз сол форумның қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан
үндеу хат мәтінін жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Жастар лаңкестіккке жол бермейді!»
Үндеу хатыңызда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі;
- аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
49
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыру үшін берілген
кестені толтырыңыз.
Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы
халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешек, т.б. материалдық жағдайлармен
қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Ғылыми-техникалық прогрестің
дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян
келтіруде.
Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – биосфераның
ластануы. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілікке
қауіп төндіретін өзгерістер тудыратын деңгейге жақындады. Апатты құбылыстар бүкіл
ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда.
Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз
деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Ал 25–30 жыл өткен соң, Каспий теңізі деңгейінің
төмендеуі шығанақпен байланысты емес, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді
екені айқындалды.
Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен
Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты
тіршілігіне зиян келтіруде.
1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр
станциясының салынуы Іле-Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Қапшағай су қоймасы өзінің ауқымын кеңейтіп, мыңдаған гектар табиғи
жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. «Қызыл кітапқа» енген ағаштар жойылып,
көптеген аңдар мен құстардың саны азайып кетті.
Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау
мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда
жүргізуді қажет етеді.
Себеп-салдарлар айналмасы
Мәселенің
өзектілігі
Мәселенің
туындау себебі
Мәселенің
салдары
Өмірмен
байланысы
Мәселеге
қатысты
пікір
Мәселенің
шешу
жолдары
50
Дескриптор Білім алушы
- мәселенің өзектілігін, туындау себебін айқындайды;
- мәселенің салдарын анықтап, өмірлік мәселелермен
байланыстырады;
- мәселеге қатысты пікір білдіріп, шешу жолдарын ұсынады.
51
Оқу мақсаты 9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар,
оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел
ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
Деректерді дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көпшілікке арналған «ifreestore» сайтында жарық көрген «Табиғи ресурстардың сарқылуы»
тақырыбындағы мақаласын түсініп оқыңыз.
Сіздің мектебіңіздегі дебат клубында «Сіз ғаламшарды құтқару кеш деп ойлайсыз ба?»
деген тақырыпта пікірталас өтіп жатыр. Сіз өзіңізді осы клубтың белсенді мүшесі ретінде
елестетіңіз. Осы мәселеге қатысты өзіңіздің ойыңызды білдіріңіз. Мәтіндегі деректерді
дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып
келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуын а
байланысты.
Б.Скиннердің мәліметтері бойынша, халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына
1,7% болған жағдайда, ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек.
Мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл,
минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал
екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп
келеді, бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегі қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше
назар аудартады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып
табылады. Сонымен қатар оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект,
қышқыл жаңбырларды туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба
байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек,
жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай
қоры шамамен 30-40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір 70-80 жылға жетеді.
Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы – болашақ
ұрпақтың қамын ойлағаны.
Дескриптор Білім алушы
- деректерді дәлел ретінде қолданады;
- авторына сілтеме жасайды.
52
Оқу мақсаты 9.3.6.1 Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын
(ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу,
редакциялау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінді бөліктерге бөліп, логикалық түзетулер енгізеді,
редакциялайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, абзацтар мен бөліктерге бөліңіз. Ақпараттар мен идеяларды дұрыс
жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіңіз.
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі
төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін
қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері
бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба
байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу
ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су – ластану нәтижесінде уақытша
(сапалық жағынан) сарқылатын, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып
келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына
байланысты
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады.
Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да
сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі әрбір ресурс үшін
пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын
пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп,
термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажыратады;
- логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
53
Оқу мақсаты 9.4.5.1 Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы,
ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге
сай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінге қажетті тыныс белгісін қойыңыз.
Табиғат пен қоғамның өзара әсері
Адамзат өз өміріне қажет материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның
дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты сондықтан адамзат болашақта
күйзеліске ұшырамас үшін табиғат пен толық үйлесімде болып оның байлығын үнемді және
қалдықсыз пайдалануы тиіс.
Адамның өндірістік іс-әрекеті қоғамдық формация өндірісі неғұрлым жылдам
дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы
қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.
Табиғат ресурстарын пайдаланып оны қайта жаңғырту арқылы адамдар белгілі
мөлшерде табиғатқа өзгеріс енгізіп зиян келтіреді. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы
қоғамның материалдық және мәдени байлығын көтерумен қатар қоршаған ортаның
ластануына экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады сондықтан қазіргі
экономикалық өсу жағдайындағы табиғат пен қоғамның үйлесімділік жолын іздестіру
еліміздің негізгі қарастыратын басты мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде экономикалық
ұтымдылық ұғымын экологиялық ұтымдылық ұғымымен алмастыруды ірі өнеркәсіптерде
табиғи ресурстарды сақтап экологиялық жағынан тиімді технологияларды қолдануды
қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруді көздейді.
Адамның бірқалыпты өмір сүруіне таза ауа ауыз су қажет болса шаруашылықта
пайдаланатын су мен табиғат кешендерін қорғаудың да маңызы зор.
Дескриптор Білім алушы
- құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады.