» » ТЖБ ҚЖБ «Математика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4 - сынып

ТЖБ ҚЖБ «Математика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4 - сынып

21 август 2019, Среда
118
0

«Математика» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4 - сынып
Нұр- Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
1А бөлім – Көп таңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау. .................... 4
1В бөлім – Бір таңбалы санға көбейту және бөлу ....................................................................... 9
1С бөлім – Жылдамдық, уақыт, арақашықтық .......................................................................... 12
1D бөлім – Геометриялық фигуралар ......................................................................................... 14
2- тоқсан ............................................................................................................................................ 17
2А бөлім – Көбейту және бөлу.................................................................................................... 17
2В бөлім – Есеп шығару .............................................................................................................. 21
3 – тоқсан .......................................................................................................................................... 24
3А бөлім - Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер .............................................................. 24
3В бөлім - Бөлшектер және пайыз .............................................................................................. 34
3 С бөлім - Шеңбер, дөңгелек ..................................................................................................... 36
4 – тоқсан .......................................................................................................................................... 37
4 А бөлім – Теңдеу, теңсіздік, өрнектер .................................................................................... 37
4В бөлім – Есептер ....................................................................................................................... 40
4 С бөлім- Үшбұрыштар. Симметрия ......................................................................................... 44
4
1-тоқсан
1А бөлім – Көп таңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау.
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты 4.1.1.3 Көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық
құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы
санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға
жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көптаңбалы сандардың құрамын ажыратады
• Разрядтық бірліктердің жалпы санын
анықтайды
• Көптаңбалы сандарды разрядтық
қосылғыштардың қосындысына жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
а) Кластық және разрядтық құрамы бойынша сандарды жаз.
• Екінші кластың 39 бірлігі, бірінші кластың 103 бірлігінен тұратын сан:
__________________
• VI разрядтың 9 бірлігі, V разрядтың 6 бірлігі , IV разрядтың 3 бірлігінен
тұратын сан: __________________
b) Осы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.
2-тапсырма
Сандағы разрядтық бірліктердің жалпы санын анықта.
сан мыңдықтар жүздіктер ондықтар
78 920
8 005
37 060
125 940
Дескриптор Білім алушы
- разрядтық және кластық құрамы бойынша көптаңбалы
сандарды жазады;
- көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
- көптаңбалы сандардың разрядтық бірліктерінің жалпы санын
анықтайды.
5
Бөлімше 1.2 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Кеңістік геометриялық фигураларды атау,
көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен
құралдарды таңдау, текшелермен (1 см3)
өлшеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістік геометриялық денелерді анықтайды
• Көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен
құралдарды таңдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Кеңістік геометриялық фигураларды анықтап, кестеге сәйкес номерін жаз.
Шар
Конус
Призма
Цилиндр
Пирамида
Текше (куб)
Параллелепипед
2-тапсырма
Көлемді өлшеуге арналған құралдарды белгіле (). Сәйкес өлшем бірлігін жаз.
Дескриптор Білім алушы
- кеңістік геометриялық денелерге сәйкес номерлерді
анықтайды;
- көлемді өлшеуге арналған құралды анықтайды;
- көлемнің өлшем бірлігін атайды.
6
Бөлімше 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 4.1.3.3 Ұзындық (мм, см, дм, м, км)/ масса: (г, кг, ц,
т)/ көлем (сыйымдылық) (л, мм 3 , см 3 , дм 3 , м 3 /
аудан:(мм 2 , см 2 , дм 2 , м 2 , ар, га)/ уақыт (сек,
мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін
салыстыру және шамалар мәндерімен қосу/
азайту/ көбейту/ бөлу амалын орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұзындық/ масса/ көлем/ аудан/ уақыт өлшем
бірліктерін салыстырады
• Шамалардың мәндерімен амалдар орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілген өлшем бірліктерін салыстыр.
b) Амалдарды орында.
4 т 320 кг + 5 120 кг = 8 ц 37 кг ∙ 2 = ... ц ... кг
56м 6 см – 34 м 4 см = 749 м 28 см : 7 = ... м ... дм ... см
12 сағ 50 мин – 275 мин = 5 дм 2 7 см 2 – 4 дм 2 3 см 2 =
Дескриптор Білім алушы
- масса өлшем бірліктерін салыстырады;
- уақыт өлшем бірліктерін салыстырады;
- көлем өлшем бірліктерін салыстырады
- аудан өлшем бірліктерін салыстырады;
- ұзындық өлшем бірліктерін салыстырады;
- шамалар мәндерімен арифметикалық амалдар орындайды.
7
Бөлімше 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 4.1.3.5 Уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу ( 1/60 сағ ═
1 мин; ½ сағ ═ 30 мин; 1/7 апта= 1 күн)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Уақыт өлшем бірліктерінің (сағ/мин/апта)
үлесін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілгені бойынша сағаттың минуттық үлесін анықта және циферблатқа салып
көрсет.
????
???? сағ = _____ мин
????
???? сағ = _____ мин
b) Дұрыс тұжырымдарды белгіле « ».
Бір тәулік бір сағаттан жиырма төрт есе артық
Бір сағаттың төрттен бір үлесі он минут болады.
1
7 апта – бұл 7 күн
3 ай – бұл 100 тәулік
1
60 сағ – бұл 1 мин
Дескриптор Білім алушы
- уақыт өлшем бірліктерінің минуттық үлесін табады;
- дұрыс тұжырымдарды анықтайды.
8
Бөлімше 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 4.1.3.6 10 000 тг, 20 000 тг купюраларды және түрлі
мемлекеттің валюталарын (рубль, евро,
доллар) ажырату және түрлі төлем жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі мемлекеттің валюталарын ажыратады
• Берілген купюралармен төлем жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілген купюраларды атауымен сәйкестендір.
рубль доллар евро теңге
b) 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік купюраларды пайдаланып, берілген
заттарды қалай сатып алуға болады? Әртүрлі тәсілін көрсет.
1) ___________________________________________
2) ___________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- валюталарды атауына сәйкес ажыратады;
- берілген соманы жинаудың бірнеше тәсілін көрсетеді.
9
1В бөлім – Бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге
сүйеніп, натурал сандарды топтастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Натурал сандарды бөлінгіштік белгілері
бойынша жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сандарды бөлінгіштік белгілеріне қарай топтарға бөл:
79220, 721608, 64805, 40195, 64180, 64586, 647294, 490860
Дескриптор Білім алушы
- 2-ге ғана бөлінетін сандарды анықтайды;
- 5-ке ғана бөлінетін сандарды анықтайды;
- 2-ге, 5-ке,10-ға да бөлінетін сандарды анықтайды.
10
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.7 Екітаңбалы/ үштаңбалы сандарды біртаңбалы
санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Екітаңбалы/ үштаңбалы сандарды біртаңбалы
санға ауызша көбейту және бөлу тәсілін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Есепте және әр есікке сәйкес кілтті тап.
b) Өрнектерді ауызша есептеу тәсілін көрсетіп жаз және мәнін тап.
46 ∙ 6 = 412 ∙ 4 =
96 : 8 = 384 : 6 =
Дескриптор Білім алушы
- екітаңбалы сандарды бітаңбалы санға ауызша көбейту/
бөлу тәсілдерін көрсетеді;
- үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша көбейту/
бөлу тәсілдерін көрсетеді;
- өрнектердің мәнін дұрыс есептейді.
11
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.10** Көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға
қалдықпен бөлуді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көптаңбалы сандарды біртаңбалы санға
қалдықпен бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
Дескриптор Білім алушы
- толымсыз бөлінділерді анықтайды;
- бөліндінің мәнін табады;
- қалдықты анықтайды;
- бөлуді тексеру өрнегін құрастырады;
- қалдық пен бөлгішті салыстырады.
12
1С бөлім – Жылдамдық, уақыт, арақашықтық
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты
4.2.1.8 ** Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы
арақашықтық формулаларын көрсету және
қолдану (s=v∙t, t=s: v, v=s:t)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есеп шығаруда қозғалыс формулаларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтыр. Әр шаманы табу формуласын жазып көрсет.
жылдамдық қозғалыс
уақыты
қашықтық
900 км/сағ
?
270 00 км
?
6 сағ
480 км
110 км/сағ
5 сағ
?
Дескриптор
Білім алушы
- бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс формулаларын
жазады;
- қозғалыс уақытын есептеп шығарады;
- жылдамдықты анықтайды;
- қашықтықты табады.
13
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.2 ** Есептерді шығару үдерісінде жылдамдық,
арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жылдамдық, қашықтық, уақыт шамаларының
өзара тәуелділігін пайдаланып есептер
шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есепті шығар. Әр өрнекте нені анықтағаныңды түсіндір.
Алматыдан Таразға қарай шыққан автобус 64 км/сағ жылдамдықпен, ал
Тараздан Алматыға қарай шыққан автобус 62 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олар
4 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арақашықтығын есептеп тап.
Дескриптор Білім алушы
- қозғалыстағы денелердің ортақ жылдамдығын анықтайды;
- арақашықтықты есептеп шығарады;
- есептің жауабын жазады.
14
1D бөлім – Геометриялық фигуралар
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың
классификациясы
Оқу мақсаты 4.3.1.3 Тікбұрышты параллепипед көлемінің
формуласын (V=a∙b∙c) қорыту, шығару,
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Формула бойынша тікбұрышты
параллепипедтің көлемін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Формуланы қолданып, тікбұрышты параллепипедтің көлемін тап.
Мұндағы, a= 5см; b= 4см; c= 6см.
Дескриптор Білім алушы
- көлемді табу формуласын қолданып өрнек жазады;
- тікбұрышты параллелепипедтің көлемін анықтайды;
- көлемнің өлшем бірліктерін жазады.
15
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың
классификациясы
Оқу мақсаты 4.3.1.4 Суретте бейнеленген құрама фигуралардың,
қоршаған ортадағы жазық фигуралардың
ауданын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрастырылған фигуралардың ауданын табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген фигураның ауданын тап.
Дескриптор Білім алушы
- берілген фигураны тіктөртбұрыштарға бөледі/
толықтырады;
- фигураның белгісіз қабырғаларының ұзындығын
анықтайды;
- жеке фигуралардың ауданын анықтайды;
- фигураның жалпы ауданын табады;
- есептеулерді дұрыс жүргізеді.
16
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.2** Есептерді шығару процесінде биіктік, ені,
ұзындығы, көлемі ұғымдарының өзара
тәуелділігін пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Биіктік, ені, ұзындығы, көлемі ұғымдарының
тәуелділігін қолданып есептер шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есепті шығар.
Ұзындығы 6 м, ені 4 м болатын
параллелепипед пішіндес бассейнге 48 м 3 су
құйылды. Бассайннің тереңдігі неше метр?
Осы бассейннің табанына төсеу үшін неше
квадрат метр плитка қажет болады?
Дескриптор Білім алушы
- берілген шамалары бойынша бассейннің тереңдігін
анықтайды;
- бассаейннің табанының ауданын табады.
17
2- тоқсан
2А бөлім – Көбейту және бөлу
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.9 Санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге
бөлу мен көбейту ережелерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есептеу барысында санды қосындыға/
көбейтіндіге көбейту және бөлу ережелерін
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өрнек түрінде жаз және мәнін тиімді тәсілмен есептеп шығар.
4- ті 300 және 250 сандарының қосындысына көбейт;
160 және 50 сандарының көбейтіндісін 2 есе арттыр;
3780 санын 7 мен 60 сандарының көбейтіндісіне бөл;
Дескриптор Білім алушы
- санды қосындыға көбейтудің тиімді тәсілін қолданады;
- санды көбейтіндіге көбейтудің тиімді тәсілін қолданады;
- санды көбейтіндіге бөлудің тиімді тәсілін қолданады;
- есептеулерді дұрыс жүргізеді.
18
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.10** Көптаңбалы сандарды екітаңбалы сандарға
қалдықпен бөлуді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көптаңбалы сандарды екітаңбалы сандарға
қалдықпен бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баған түрінде жазып шығар және тексер.
Дескриптор Білім алушы
- бағандап бөлу алгоритмін көрсетеді;
- толымсыз бөліндіні анықтайды;
- бөліндінің мәнін табады;
- қалдықты анықтайды;
- бөлуді тексеру өрнегін құрастырады;
- қалдық пен бөлгішті салыстырады.
19
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.13 Бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көп
таңбалы санды біртаңбалы/ екітаңбалы/ үш
таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда
көптаңбалы санды бір /екі /үштаңбалы санға
бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілген жазбаларға мұқият қара. Мысалды шығару жолдарын түсіндір.
b) Берілген өрнектерді қысқаша жазба түрінде орында.
Дескриптор Білім алушы
- бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайдағы жазбаша
бөлу алгоритмін түсіндіреді;
- бірінші толымсыз бөліндіні анықтайды;
- бөліндінің мәнін табады.
20
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.2.1.8 ** Қалдықпен бөлу формуласын (a=b•c+r)
шығарып алу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есептеу барысында қалдықпен бөлу
формуласын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Қалдықпен бөлу формуласын (a=b•c+r ) қолданып, белгісіз сандарды тап.
Егер b = 387, c = 204, r = 52, онда a = ?
Eгер a = 73604, c = 145, r = 89, онда b = ?
Eгер a = 486045, b = 806, c = 603, онда r = ?
2-тапсырма
Белгісіз санды тап, егер:
a) 10-ға бөлгенде бөліндінің мәні 243-ке тең болса және 7 қалдық қалса
__________________________________
b) 100-ге бөлгенде бөліндінің мәні 72- ге тең болса және 20 қалдық қалса
__________________________________
Дескриптор Білім алушы
- қалдықпен бөлу формуласын қолданады;
- белгісіз бөлінгішті анықтайды;
- белгісіз бөлгішті анықтайды;
- белгісіз қалдықты анықтайды.
21
2В бөлім – Есеп шығару
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.2** Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген
уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік
шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есеп шығаруда уақыт, атқарылған жұмыс,
өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін
пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеге сүйеніп, белгісіз мәліметті есептеп тап.
Өнімділік Жұмыс уақыты Орындалған жұмыс
1-күні
бірдей
20 сағ 2760 бөлш.
2- күні 18 сағ ? бөлш.
Дескриптор Білім алушы
- өнімділікті анықтайды;
- екінші күні орындалған жұмысты анықтайды;
- есептің жауабын жазады.
22
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке/
пропорционал бөлуге/ белгісізді екі айырым
бойынша табуға берілген есептерді талдау
және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген
есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есептің қысқаша шартын немесе кестесін құрады;
- екі бөліктің айырмашылығын анықтайды;
- өнімділікті табады;
- әр бөліктен алынған өнімді анықтайды;
- есептің жауабын жазады.
23
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.9** Кездесу қозғалысына, қарама-қарсы
бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді
арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген
есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сызбаны толықтыр және есепті арифметикалық тәсілмен шығар.
Дескриптор Білім алушы
- сызбаны есептің шартына сәйкес толықтырады;
- есептің шешуін жекелеген амалдар/өрнек түрінде жазып
көрсетеді;
- өрнектің мәнін табады;
- есептің жауабын жазады.
24
3 – тоқсан
3А бөлім - Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.1 Есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма,
график түрінде модельдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есепті сызба/дөңгелек диаграмма,/график
түрінде модельдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есептің қысқаша шартын жаз және шығар. Есептің шешуін Венн диаграммасы түрінде
бейнелеп көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
- есептің қысқаша шартын құрады/сызбасын сызады;
- есептің шешуін өрнек түрінде жазып көрсетеді;
- есепке сәйкес Венн диаграммасын құрады;
- диаграммаға мәліметтерді дұрыс орналастырады.
25
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.2** Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген
уақыт, атқарылған жұмыс; өнімділік/ егіннің
түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық,
ара қашықтық, уақыт шамалары арасындағы
тәуелділікті пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік
шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті шығар. Шәкірттің өнімділігін анықтау үшін төменде берілген сызбаны
пайдалан.
• Сызбаның барлық бөлігі нені білдіреді?
• Сызбаның бір бөлігі нені білдіреді?
Дескриптор Білім алушы
- екі жұмысшының ортақ өнімділігін анықтайды;
- шәкірттің еңбек өнімділігін есептеп шығарады;
- шәкірттің жұмыс уақытын анықтайды;
- есептің жауабын жазады.
26
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.9** Артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып
қою қозғалысына берілген есептерді
арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді
шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есепті шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есепке сәйкес сызба сызады немесе кесте құрады;
- екі күнде жүрілген жолдың айырмашылығын анықтайды;
- саяхатшылардың бір сағаттағы жылдамдығын анықтайды;
- екі күнде жүрілген жолды есептеп шығарады;
- есептің жауабын жазады.
27
Бөлімше 4.2 Пікірлер
Оқу мақсаты 4.4.2.1 Математикалық мазмұндағы пікірлер құру,
олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Математикалық ақиқат және жалған пікірлер
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықта.
Тұжырымдар Ақиқат Жалған
Жұмыс өнімділігі артса, жұмысқа жұмсалатын
уақыт кемиді.
Уақытты табу үшін жылдамдықты жүрген жолға
бөлеміз.
0 саны - натурал сан.
(a+b) ∙ c = a∙ c + b ∙ c - көбейтудің үлестірімділік
қасиеті.
b) Математикалық мазмұндағы бір ақиқат және бір жалған пікір құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
- ақиқат пікірлерді анықтайды;
- жалған пікірлерді анықтайды;
- ақиқат және жалған пікірлерге мысал келтіреді.
28
Бөлімше 4.2 Пікірлер
Оқу мақсаты 4.4.2.2 Кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға
арналған логикалық есептерді шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістіктік ойлауға арналған логикалық
есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Текшенің бос жақтарындағы суреттерді анықта және сал.
Дескриптор Білім алушы
- бос текшеге тиісті суреттерді анықтайды.
29
Бөлімше 4.4 Заттардың комбинациялары
Оқу мақсат 4.4.4.1 «Таңдап алу» әдісімен комбинаторлық
есептерді шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• «Таңдап алу» әдісімен комбинаторлық
есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті сызбаны толтыру арқылы шығар.
Дескриптор Білім алушы
- барлық мүмкін жағдайларды көрсетеді;
- есептің сұрағына жауап береді.
30
Бөлімше 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
Оқу мақсаты 4.3.3.1 Қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана
отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру,
сәйкес есептеулер жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Нысандардың қозғалыс бағытының сызбасын
құрады
• Сызбаға сәйкес есептеулер жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Көгөніс тиелген жүк көлігі ауылдан қалаға қарай шықты. Төменде берілген
тұжырымдарға сүйеніп, жүк көлігінің қозғалыс графигін сыз.
1) Жүк көлігі ауылдан сағ 9.00-де шықты.
2) Ол 80 км/ сағ жылдамдықпен 1сағатта қалаға жетті.
3) Ол 3 сағат қойманың алдында тұрды.
4) Көлік қоймадан сағат 13.00 -де шығып, ауылға сағ 15.00-де жетті.
b) Графикті пайдаланып есептеп шығар.
• Жүк көлігі қайтар жолда қандай жылдамдықпен жүрді? ___________________
• Жүк көлігінің барар жол мен қайтар жолдағы жылдамдықтарының
айырмашылығы қанша? _______________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- есепке сәйкес график құрады;
- график бойынша есептеулер жүргізеді.
31
Бөлімше 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
Оқу мақсаты 4.3.3.2 Нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс
бағытын (бір-біріне қарама қарсы, бірінен -
бірі қарама-қарсы бағытта) анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс
бағытын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Жаяу жүргіншінің қозғалыс графигін пайдалана отырып, ақиқат ақпараттарды
тауып, қоршап сыз.
1) Жаяу жүргінші үйінен сағат 8.00-де шығып, 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді.
2) Ол жолда 4 сағат демалды.
3) Ол үйіне қарай 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді.
4) Жаяу жүргінші жолда екі рет демалды.
32
b) Берілген график бойынша сұрақтарға жауап бер.
1) Балықшы 2 сағаттан кейін үйінен қандай қашықтықта болды? __________
2) Ол неше сағат балық аулады? __________
3) Балықшы 2 км жолды неше уақытта жүріп өтті?___________
4) Ол үйіне сағат нешеде қайта оралды? __________
5) Балықшы қайтар жолда қандай жылдамдықпен жүрді? ________________
Дескриптор Білім алушы
- қозғалыс графигіне сәйкес ақпараттарды анықтайды;
- қозғалыс графигі бойынша сұрақтарға жауап береді.
33
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.2.1.8** Қуып жету қозғалысы мен қалып қою
қозғалысына байланысты формулаларды
шығарып алу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қуып жету және қалып қою қозғалысына
байланысты формулаларды қолданып есептер
шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сызбаны толықтыр. Қуып жету қозғалысының формуласын жаз. Есепті шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есептің шартына сәйкес сызбаны толықтырады;
- қуып жету қозғалысының формуласын жазады;
- формула бойынша есепті шығару өрнегін құрады;
- есептеулерді дұрыс жүргізеді;
- есептің жауабын жазады.
34
3В бөлім - Бөлшектер және пайыз
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.14 Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс
бөлшекті аралас санға айналдыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс
бөлшекті аралас санға айналдырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Бөлшектерді аралас сан түрінде жазып көрсет:
42
8
=
16
12 =
25
20 =
b) сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазып көрсет:
3 5
7 =
1 3
7 =
2 2
5 =
Дескриптор Білім алушы
- аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырады;
- бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдырады.
35
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.3 Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді
талдау және шығару; кері есеп құрастыру,
шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді
шығарады
• Есепке кері есептер құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті шығар.
• Есепке кері есептер құрастыр және шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есептің қысқаша шартын құрады/сызбасын сызады;
- бүтін санның жартысын, ширек бөліктерін анықтайды;
- сатылған заттың массасын есептеп шығарады;
- есептің жауабын жазады;
- берілген есепке кері есеп құрастырады және шығарады.
36
3 С бөлім - Шеңбер, дөңгелек
Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Оқу мақсаты 4.3.2.2** Шеңбер мен дөнгелекті радиусы бойынша
сызу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек
салады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Радиусы 4 см болатын шеңбер сыз. Шеңбердің центрін және радиусын белгілеп
көрсет.
b) Радиусы 3 см болатын дөңгелек сал және боя.
Дескриптор Білім алушы
- берілген радиусқа сәйкес шеңбер және дөңгелек салады;
- шеңбердің центрін анықтайды;
- шеңбердің радиусын белгілеп көрсетеді.
37
4 – тоқсан
4 А бөлім – Теңдеу, теңсіздік, өрнектер
Бөлімше 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын
табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын жаз.
b) Қос теңсіздік түрінде жаз және шешімін тап.
х > 45: 15
х < 90- 83
Жауабы: ________________________
Дескриптор Білім алушы
- қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын анықтайды;
- өрнектердің мәнін табады;
- өрнектің мәніне сәйкес қос теңсіздік құрастырады;
- теңсіздіктің шешімдер жиынын табады.
38
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Санды және әріпті өрнектерді түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Санды және әріпті өрнектерді түрлендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген өрнектерді тең өрнектерге түрлендіріп жаз.
(120 + 150) ∙ 2 =
(820 - 790) ∙ 4 =
400 : х + 160 : х =
110 ∙ х – 90 ∙ х=
Дескриптор Білім алушы
- қосындыны санға көбейтудің үлестірімділік қасиетін
қолданады;
- айырманы санға көбейтудің үлестірімділік қасиетін
қолданады;
- берілген өрнекті қосындыны санға көбейту түрінде
жазып көрсетеді;
- берілген өрнекті айырманы санға көбейту түрінде жазып
көрсетеді.
39
Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.2.1.3 Айнымалысы бар өрнектерді құру және
есептер шығару барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есепті айнымалысы бар өрнектер құрастыру
арқылы шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттер бойынша екі теңдеу құрастыр және шығар.
Дескриптор Білім алушы
- суретке сәйкес теңдеу құрады;
- күрделі теңдеуді ықшамдайды;
- белгісіз компонентті табады;
- -теңдеудің түбірін анықтайды;
- теңдеуді тексеру өрнегін жазады.
40
4В бөлім – Есептер
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке;
пропорционал бөлуге берілген есептерді талдау
және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Пропорционал бөлуге берілген есептерді
шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есептің шартына сәйкес сызба/қысқаша жазба
құрастырады;
- барлық заттың санын анықтайды;
- бір затқа жұмсалған шығынды анықтайды;
- әр күні жұмсалған шығынды анықтайды;
- есептің жауабын жазады.
41
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.6 Әртүрлі құрама есептерді құрастыру,
салыстыру, шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрама есептер құрастырып шығарады және
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Тапсырмаларды орында. Есептерді салыстыр.
а) Кесте бойынша егін жинау туралы есеп құрастыр және шығар.
Егістік Өнімділік Ауданы Жиналған өнім
Бірінші
Екінші
12 ц
7 ц
?
28 га
460 ц
b) Кесте бойынша қияр жинауға қатысты есеп құрастыр және шығар. Бос торкөздерге
қажетті сандарды қой.
Жиналды Жөнелтілді Қалды
кг
І - кг
ІІ - , 5 есе артық
? кг
Дескриптор Білім алушы
- кестеге сәйкес есеп құрастырады;
- есептердің шешуін табады:
- есептеулерді дұрыс жүргізеді;
- есептің жауабын жазады.
- есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.
42
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.7 Үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді
модельдеу және түрлі әдіспен шығару, ең
тиімді әдісті анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрама есептерді әртүрлі әдіспен шығарады
және тиімдісін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті төменде берілген жоспар бойынша екі тәсілмен шығар. Қай тәсілмен шығарған
тиімді? Неліктен?
1-тәсіл:
1) 22200 теңгеге неше метр мата сатып алынды?
2) Неше көйлек тігуге болады?
2-тәсіл:
1) Бір көйлек тігетін мата неше теңге тұрады?
2) Неше көйлек тігуге болады?
Дескриптор Білім алушы
- берілген сұрақтарға сәйкес өрнектер құрады;
- есептеулерді дұрыс жүргізеді;
- тиімді тәсілді анықтайды және негіздейді.
43
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 4.5.1.8** Барлық арифметикалық амалдарға берілген
жай есептердің шешуін санды өрнектер және
теңдеулер түрінде модельдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есепті теңдеу құру арқылы шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
Дескриптор Білім алушы
- есепке сәйкес теңдеу құрады;
- күрделі теңдеуді ықшамдайды;
- белгісіз компонентті табады;
- теңдеудің түбірін анықтайды;
- теңдеуді тексеру өрнегін жазады.
44
4 С бөлім- Үшбұрыштар. Симметрия
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Оқу мақсаты 4.3.1.1** Тікбұрышты үшбұрышты тану және атау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тікбұрышты үшбұрышты анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Тікбұрышты үшбұрыштарды тауып, сәйкес нөмірін қоршап сыз.
b) Суреттен тікбұрышты үшбұрыштарды тап және атауы бойынша жазып көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- тікбұрышты үшбұрыштарды ажыратады;
- тікбұрышты үшбұрыштарды атауы бойынша жазып
көрсетеді.
45
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың
классификациясы
Оқу мақсаты 4.3.1.5 Жазық фигураларды осіне қатысты
симметриялы болатын фигуралармен нүктелі
қағазда толықтыру, бұрыштың шамасын табу;
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оське қатысты симметриялы фигуралар салады
• Бұрыштың шамасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Берілген фигураларды симметриялы етіп толықтыр.
2-тапсырма
Транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлше және градустық шамасын жазып көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- берілген фигураларды симметриялы етіп
толықтырады;
- бұрыштардың градустық шамасын анықтайды.
46
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың
классификациясы
Оқу мақсаты 4.3.2.2** Градустық өлшемі бойынша бұрыш, тік
бұрышқа тиісті екі қабырғасы бойынша
тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты
сызғыштың көмегімен түзуге перпендикуляр
түзу сызу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Градустық өлшемі бойынша бұрыштар сызады
• Тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы арқылы
тікбұрышты үшбұрыш салады
• Берілген түзуге перпендикуляр түзу сызады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілген градустық өлшемдерге сәйкес бұрыштар сал:
b) Тікбұрышты сызғыштың көмегімен берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргіз.
c) Тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы арқылы тікбұрышты үшбұрыш сал.
Дескриптор Білім алушы
- берілген градустық өлшемдерге сәйкес бұрыштар салады;
- берілген түзуге перпендикуляр түзу салады;
- тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы арқылы тікбұрышты
үшбұрыш сызады.
47
Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың
классификациясы
Оқу мақсаты 4.3.2.3 Кеңістік геометриялық фигуралардың
(пирамида, цилиндр, конус) жазбасын ажырату,
фигураларды олардың жазбасымен
сәйкестендіру және олардың моделін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістік геометриялық фигуралардың
жазбасын сызады және моделін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әр фигураның жазбасын анықта және боя. Өзіңе ұнаған фигураның моделін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- кеңістік геометриялық фигуралардың жазбасын
анықтайды;
- жазбасы бойынша кеңістік геометриялық фигуралардың
моделін құрастырады.
48
Бөлімше 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты 4.4.1.2 Түзу сызықтардың, геометриялық
фигуралардың қиылысуын көрсету, қиылысу
және бірігу аймақтарын белгілеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қиылысқан түзу сызықтар салады
• Геометриялық фигуралардың қиылысу және
бірігу аймақтарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Өзара қиылысатын екі түзу сал.
b) Геометриялық фигуралардың қиылысу аймағын бояп көрсет.
c) Геометриялық фигуралардың бірігу аймағын бояп көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- өзара қиылысатын түзулер салады;
- геометриялық фигуралардың қиылысу аймағын
анықтайды;
- геометриялық фигуралардың бірігу аймағын анықтайды.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020